Материалдар / Зерттеу жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зерттеу жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: а/ білімділік мәні: жылқы туралы толық ғылыми деректерді жинақтау, білімді өмірде пайдалану ә/дамытушылық мәні: жылқының биологиялық ерекшеліктері мен экономикалық , экологиялық маңызы жөнінде білік – дағдыларын және танымдық қабілеттерін арттыру. б/тәрбиелік мәні: экологиялық ,патриоттық тәрбие беру. Типі: зерттеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2019
586
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жылқы – малдың патшасы

Мақсаты: а/ білімділік мәні: жылқы туралы толық ғылыми деректерді жинақтау, білімді өмірде пайдалану

ә/дамытушылық мәні: жылқының биологиялық ерекшеліктері мен экономикалық , экологиялық маңызы жөнінде білік – дағдыларын және танымдық қабілеттерін арттыру.

б/тәрбиелік мәні: экологиялық ,патриоттық тәрбие беру.

Типі: зерттеу

Бұл қазаққа қанат болған жүйрік ат.

Қазір міне , арман болды, байқаймысың ,

жамағат?

Атакәсіп ұранымен төрт түлікті өсірсек,

Жан серігі Құлагердің ізін басар талай ат.


«Жылқы - малдың патшасы» атты ғылыми конференция.

Конференцияға қатысушылар:

-дәрігерлер,

-тарихшылар,

«Құлагер» тобы және қонақтар


Мұғалім:

Жылқының биологиялық ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.

Малдың дене құрылысын , сыртқы пішінін эстерьер деп атайды. Жылқы шаруашылығы жөніндегі күнделікті жұмыста эстерьердің маңызы өте зор.

Жылқыны өсіру үшін іріктеп алу, жұмысқа пайдалануға тағайындау, сатар кезде бағалау жылқы эстерьеріне жатады. Жылқының жұмысты сапалы істеуі эстерьермен тығыз байланысты. Мысалы, желгіш аттар , ауыр жүк тартатын аттардан сыртқы түрі жағынан мүлдем басқаша келеді.

Жылқының денесін қарап шығу үшін атты жайымен түзу жерге тегіс,тыныш тұратындай етіп байлап тұрғызып қойып, 6-8 қадамдай алшақ тұрып, көзге көрінетін белгілерін, сондай-ақ басының, мойының, кеудесінің және аяғының бітісін сынайды. Жан – жақты сынап болған соң жылқының эстерьері, сыртқы түрі жөнінде жалпы қорытынды шығарылады.

Бүгінгі сабақта жылқы эстерьерін бағалау үшін оның әрбір мүшелерін жеке – жеке сипаттайтын «Құлагер» топ мүшелерінің зерттеу жұмыстарын ортаға салмақпыз.

Басы. Жылқының басы етті және етсіз ашаң деп бөлінеді. Басы етсіз жылқының қан тамырлары , әсіресе көзінің алдындағы және танауының үстіндегі тамырлары жақсы білінеді. Ондай жылқылардың көзі үлкен, танауы кең, құлағы қайшыланып тұрады. Осының бәрі жылқы денесінің ширақ, күшті, әрі төзімді екенін көрсетеді.

Сағақ арасының , яғни астыңғы екі жақ арасының кеңдігі де адамның жұдырығы сыйғандай болуы керек; сағағы тар жылқының тыныс алысы нашар болады.

Мойны. Мойынның негізгі сүйегі 7 мойын омыртқадан құралған . Бас пен мойын тұрғысының өзгеруі жылқының ауырлық түсетін інің ауысуына әсер етеді. Ауыр жүк тартып келе жатқан аяғына қарай басын шұлғиды., сөйтіп өзінің жұмысын жеңілдетеді.. Салт мініп келе жатқан кенет және шұғыл бұрылғанда, секіргенде, т.б.жерде ауырлық түсетін жері өзгереді. Мұнда да салмақты тек бас пен мойын арқылы реттейді. Сондықтан мойынның ұзындығы мен икемділігі ерекше орын алады. Жылқының мойны ұзын, орташа және қысқа болып үшке бөлінеді. . Салт мінетін аттар мен желгіш аттардың мойны ұзын әрі икемді болғаны жақсы. Ауыр жүк тартатын аттардың мойнының ұзындығы орташа, жалпақ, бұлшықетті келеді, ол оның күштілігін дәлелдейді. Жылқының мойны әр түрлі болып келеді: әдемі имек мойынды- мұны қаз мойын дейді, тамағы шығыңқы мойынды – бұғы мойын дейді. Ал мойынның тұрқы да әр түрлі болады.

Мойын шоқтықтан қия жоғары көтерілсе, оны – биік ,ал мойын көтерілмей біткен болса – еңкіш дейді.Дұрыс жетілмеген , жас кезінде нашар азықтандырылған жылқының басы етті, үлкен, мойны әрі қысқа, әрі салыңқы келетіні белгілі.

Шоқтығы. Шоқтықтың негізі-білікті ұзын сербегі бар төс сүйегі. Шоқтық бұлшықетті, биік және кең болса, жақсы болады.Қушық, шошқа шоқтық жарамсыз, өйткені ондай шоқтықты жылқының арқасы мен иығының бұлшықеттері нашар тірек болады, әрі мұндай шоқтықтың жауырыны қысқа келеді, сондықтан ол да олқы болып саналады.

Арқасы . Жылқының арқасы түзу болғаны жақсы. Ал енді арқасы бүкір , жұмсақ не салыңқы келсе, жылқының қай тұқымы болмасын , оның кемшілігі болып табылады.Мұндай кемшілік кәрі жылқыларда болады.

Белдің жалпақ болуының да маңызы бар. Белі қушық ,бұлшықеті нашар болса ,ондай жылқының кеудесі тар , әрі әлсіз ,ал белі жалпақ жылқы жұмысқа төзімді болады.

Белі. Белі босаң, бұлшықеті нашар жетілген жылқының сауыры мен белінің жалғасатын жері шұқыр болады. Мұндай бел жылқы экстерьерінің кемістігі болып табылады.

Сауыр. Мұның негізі – жамбас пен құйымшақ сүйегі.Сауыр ұзын , кең, етті болуы тиіс.Сауырды – сербекті , дөңес , түзу, салыңқы деп бөледі.

Сербекті сауыр ауыр жүк тартатын жылқыларда болады.Салт мінетін аттардың сауыры түзулеу , дөңгелек болғаны жақсы. Ал жылқының сауыры шатырша , салыңқы болса, бұлшықеті нашар жетілгендіктен және жылқыны жасынан нашар азықтандырудан боады.

Кеуде. Кеуденің таянышы қабырға , төс омыртқа және төс сүйегі.Кеуденің кеңдігі көбіне қабырғаның ұзындығына байланысты. Қабырға неғұрлым иілген болса, кеуде соғұрлым кең болады. Қабырғасы жеткіліксіз иілсе , жылқының омырауы тар болады.

Кеудесі кең , ойымды болса, жоғары бағаланады.Ал кеудесі тар болса жылқының өкпесі мен жүрегінің көлемі де кіші болады Мұндай аттардың күші де жеткіліксіз, алдыңғы аяғы бір –біріне жақын болады да жүргенде қағыса береді. Ауыр жүк тартатын жылқының кеудесі кең келеді.

Шап. Жылқының ең соңғы бұғана қабырғасынан сербекке дейінгісі – шап.

Оны үлкен және кіші шап деп екіге бөледі. Салт мінетін аттардыңшабы үлкен болғаны дұрыс.

Иықтың негізі – жауырын мен тоқпан жілік. Иықтың аласа не биік болуы жауырынның ұзындығына байланысты. Ауыр жүк тартатын жылқылардың

Жауырыны орташа және тіктеу. Мұндай аттар ауыр жүк тартқанда көп күш жұмсайды.

Алдыңғы аяқтар. Алдыңғы аяқта – шынтақ буыны, сан, тізе , жіліншік, тұсаулық , бақай , құндыздық , тұяқ болады.

Алдыңғы сан. Мұның негізгі сүйегі - кәрі жілік пен алдыңғы шынтақ.

Жіліншік - алдыңғы тізе буыннан, тарамыспен өзара жалғасқан жеті сүйектен құралады.Алдыңғы тізе буыны дұрыс бітпесе жылқының тізесі маймақ болады.

Жылқыны нашар азықтандырғанда немесе жұмысқа дұрыс пайдаланбағанда олардың жіліншігі маймақ болып бітеді. Алдына қарай шығыңқы болып біткен алдыңғы тізе буынын – бүккіш тізе , ал артына бүгіле біткенін - шор тізе , аяғы қисық болса - алшақ тізе деп атайды.

Бақай дұрыс болмай , сыртқа қарай шығып тұрса - маймақ деп аталады.Еңкіштігі бақайдың қалыпты болмаған аяқты - тік бақай дейді..Мұндай бақай жер басқанда қатты тиеді де, буыны мен сіңіріне қатты зардап келеді.Бақай қалыптан тыс еңкіш болса, оны жұмсақ не қайқы бақай деп атайды.Мұндай ат тез ақсағыш келеді.

Артқы аяқтар. Артқы аяқтарда – сан , шынтақ буыны , тілерсек буыны, жіліншік , шідерлік , бақай құндыздық және тұяқ болады.

Сан - оран жілікте. Тілерсектің негізі - тоқпан жілік пен асықты жілік.Жылқының артқы аяғының түзулігі оны артынан қарап тексергенде анықталады.

Артқы жіліншік сіңірлері жақсы жетіліп, білеуленіп тұрса, жақсы болғаны.

Бақай. Алдыңғы аяқтың бақайына қарағанда артқы аяқтың бақайы жалпақ келеді.

Тұяқ. Тұяқ қалыпты болса, ол теп – тегіс жалтырап тұрады. Қабыршақтанып , жарылмайды.


Кезек тарихшыларға келеді.

Жылқының конституциясы.

Организмнің , оның жеке бөлшектері мен органдарының құрылысын , сол организмнің өмір сүруі мен өнімділігіне байланысты жағдайын конституция дейді.

Жылқының дене құрылысын былайша бөледі: кесек, нәзік , қағылез ,ашаң , болбыр.

Кесек . мұнда жылқының ерні мен танауы жалпақ, терісі, жүні, құлағы қалың әрі қатты болады.


Онда тер астындағы қан тамырлары білінбейді.Дене құрылысы мұндай жылқы сылбыр , кейде жалқау болады.

Қағылез жылқының терісі жұқа , жүні тықыр , нәзік болады. Оның терісінің астындағы қан тамырлары білеудей болып , жақсы білініп тұрады.

Ашаң. Бәрінен де ашаң, берік денелі жылқы жақсы болады. Бұл жылқының өзгешелігі. Кеудесі бір қалыпты, терісі тығыз , жүні жібектей жылтыр, тері астындағы қан тамырлары анық білініп тұрады. Ашаң жылқылар мықты , жұмысқа төзімді. Оған буденный , дон , қостанай жылқылары жатады.


Жылқыдан асқан мал бар ма?!

Бір сыр бар ежелден балам білген ,

Қазаққа ат мінбесе алаң кірген.

Малдың патшасы боп саналатын төрт түліктің бірі – жылқы.

Тарихи деректер бойынша адам жылқыны жыл санауымызға дейінгі 3-4 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Жылқының мәдени шыққан орталығы – Шығыс Еуропаның далалы аймағы,Орталық Азия және Қазақстан болып саналады.

Қолға үйретілген жылқы малының арғы тегі жабайы жылқылар – тарпан , жолат болып табылады. Ертеде қазақ халқы жабайы тарпандарды жылқы малының тұқымын асылдандыру үшін де пайдаланған. XYIII ғасырда қазақ жерінде болған саяхатшы П.И.Рычковтың жазбаларында қазақтар тарпанды жылқы үйіріне қосып , оның етін пайдаланғаны жайлы да деректер бар.

Қазіргі кезде дүние жүзінде түрлі мақсатқа сай қолдан сұрыпталып шығарылған 250-ден астам жылқының қолтұқымдары қолда өсіріледі.


Қазақстан жеріндегі жылқы тұқымдары


Қазақы жылқы негізінен еті мен сітін пайдалану және көлік ретінде пайдалану үшін өсіріледі.Қазақы жылқының негізгі тобын – жабы деп те атйды. Ол алыс жолға шыдамда.Тез семіреді, жұмысқа төзімді, әрі салт мінуге де ыңғайлы. Биелері тәулігіне 18-20 литр сүт береді.Жабы жылқысының негізгі тобы өз облысымыздағы «Мұғалжар » жылқы зауытында өсіріледі.

Адай жылқысы да қазақы жылқылар қатарына жатады. Оны жергілікті халқа «дала көркі » деп ерекше дәріптейді.Ол негізінен салт мінуге негізделген.Орташа салмағы 420 кг .Биелері тәулігіне 12-15 литр сүт береді.

Көшім жылқысы қара жұмысқа шыдамды және ұзақ жүріске дес бермейді.Биелерінің салмағы 280-390 кг, ал айғырлары 450-480 кг.

Қостанай жылқысы Қостанай жәнеЧелябі облыстарында өсіріледі.Ол өз алдына жеке қолтұқым болып бекітілді.Тебінге төзімсіз.Олар қыста қорада ұсталып, жазда жайылымға шығарылады.Олар қара жұмысқа төзімді,салт мінуге де

Көлік ретінде жегуге қолайлы.

Буденный жылқысының денесі ірі, басы ұзын, қағылез, мойны ұзын, етті, арқасы түзу, қабырғасы дөңгелек, белі мықты.Буденный тұқымын таза қанды , салт мінетін жылқының айғыры мен дон тұқымының биелерін шағылыстырып шығарған. Жылқы Кеңес Одағының маршалы С.М.Буденныйдың есімімен аталған.

Себебі маршал аталмыш жылқыны шығаруда тәжірибелі мамандарды басқарған.

Дон жылқысының шыққан жері Дон өзенінің маңайы. Жергілікті жердің ауа райына төзімді болып келген.Дон тұқымының басы ашаң , мойны томпақ, танаулары делдейген, етті, толық болады.Ол салт мінуге қолайлы.

Ахалтеке жылқысы араб жылқысынан бұрын шығарылған ең ескі тұқым болып саналады.Ол жайылымда баққанды ұнатпайды, қатты суықты көтере алмайды.Шөлді шөлейтті жерлерге мініске өте төзімді , жүйрік ат.

Кезек дәрігерлерге келеді.

Қымыздың емдік қасиеттері

Бие сүтінен адамға өте пайдалы сусын- қымыз жасау көшпенді халыққа белгілі болған.

Қымыз адам ағзасына тек сіңімді ғана емес, сонымен қатар тамақ құрамындағы белоктар мен майларды сіңіруді жеңілдетеді. Қымыз өкпе ауруларын , асқазан ауруларын, бүйрек ауруларын емдеп, тәбетті жақсарту үшін пайдаланған.


Жылқы етінің пайдасы

Жылқы еті, қазы – қартасы ағзаға жағымды, пайдалы тағам.Жылқы еті жүрек, қан тамыры ауруларына , бүйрек жұмысын жақсартуға , буындардың қалтылдауына қарсы қолданылады.

Жылқы еті жуылған суға шашты жуып тұрса, теміреткінің салдарынан шаштың ағаруы тоқтайды.

Жылқының жүрегін қуырып жесе ұмытшақтық тоқтайды.

Жылқы етін қақтап пісіріп, сүтпен жеп, ішсе бүйрекке қуат бітеді.

Жылқы етін ұзақ жесе холестеринді төмендетеді.

Буындар дұрыс түспесе жылқының майын жағады.

Кейбір емшілердің айтуынша , аттың терін жыланның аузына тамызса, тіл тартпай өледі екен.

Жылқы етін боршалап кептіген соң отқа күйдіреді, оны қақтап жесе, іштің өтуі тоқтайды.

Жылқы сүйегін күйдіріп талқандап, сірке суына араластырып, таз немесе денедегі жараларға жақса, ем болады.

Қорытынды:

Атқа жақын адамның ары мен абыройы биік болатынын Балуан Шолақ дәлелдеген екен.

Азаматтардың абыройын асқақтатқан жылқылар : Қобыландының – «Тайбурылы» , Ертарғынның - « Бозтарланы » , Қамбар батырдың -« Қарақасқасы» , Төлегеннің - « Бозжорғасы» , Ақан серінің - « Құлагері» .

Бүгінде ұлттық құндылығымыз қайта қалпына келе жатыр.

Жастарды қызықтыру үшін , ұлттық өнерді дәріптеуіміз керек.Ұлттық ат спортының жандануына үлес қосу керек.


Үйге: Жылқы шаруашылығы және оның салалры

Жылқы туралы аңыз - әңгіме негізінде хабарлама дайындау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!