Материалдар / «Зиятында ауытқуы бар оқушылардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың ерекшеліктері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Зиятында ауытқуы бар оқушылардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың ерекшеліктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада қысқаша, зиятында ауытқуы бар оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу үрдісі мен байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмысы туралы айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1176
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











«Зиятында ауытқуы бар оқушылардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың ерекшеліктері»

(баяндама)











Дайындаған: логопед Наурузова Н.К.













2016 жыл

Зиятында ауытқуы бар оқушылардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың ерекшеліктері.

Зиятында ауытқуы бар оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу үрдісі баяу темппен өтеді және негізгі ерешеліктерімен мінезделеді:

  • Көп уақыт сұрақ – жауапты және жағдайлық сөйлеу тілі деңгейінде тежеліп қалады;

  • Өзбетімен сөйлеу тіліне ауысуы өте күрделі және көп жағдайда жоғарғы сыныпқа дейін созылады;

  • Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту уақытында зиятында ауытқуы бар оқушыларға үнемі педагог тарапынан түрткіні қажет етеді, ол сұрақтар, сыбырлап айту (подсказка) түрінде жүреді;

  • Ерекше қиындықты мәтіннің желісін айту кезінде кешіреді;

  • Жағдайлық сөйлеу тілі, көрнекілікке сүйене отырып сөйлеу, нақты бір жағдайды айту оларға оңайға түседі;

  • Зиятында ауытқуы бар оқушылар кез – келген бір жағдайдың мазмұнын нақты айта алмайды, яғни әңгімелесушіге бағдарлана алмайды;

  • Диалогтық және монологтық сөйлеу тілінің қалыптасуының жетіспеушілігі болады;

Зиятында ауытқуы бар оқушылардың сөйлеу тілі толық емес, кедей, фрагментарлы. Әңгіме айту барысында логикалық бірізділік, оның жеке бөліктерінің арасындағы байланысы бұзылған. Бірақ балалар әңгіменің тақырыбына қызығушылық білдірсе, онда сөйлемдегі сөздердің саны көбееді, толықтырылып, байланысы жақсарады.

Осыдан біз байланыстырып сөйлеу тілінің дамуына түрткінің (мотивация) рөлі үлкен, ал зиятында ауытқуы бар оқушыларда жиі түрткінің қалыптасуы жеткіліксіз деңгейде болатынын көреміз.

Байланыстырып сөйлеу тілінің дамыту бойынша жұмыс – ұзақ үрдіс, ол қарапайым: сөз қорын молайту, сөздің мағынасын нақтылау; предикативті сөздікті (етістік пен сын есім) дамытудан басталады.

Жұмыс барысында мынандай дидактикалық ойындар қолдануға болады: «Кім, қалай қозғалады», «Кім, қалай дауыс шығарады», «Кім, қалай тамақтанады», «Кім немесе не қандай дыбыс шығарады», «Кім не істейді?» және тағы басқа.

Сөз қорын молайту есімдік, сан есім және басқа сөйлем мүшелері арқылы жүреді.

Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмысты алдымен диалогтық, жағдайлық сөйлеу тілін материалымен, ал кейін мәтіндік, монологтық мынандай бірізділікпен жүреді:

  • Көрнекілікті жағдайды талдай алуы, негізгісін анықтай алуын дамыту;

  • Мағыналық компоненттерді нақты бірізділікпен орната алу қабілетін қалыптастыру;

  • Мағыналық бағдарламаны есінде ұстай алу қабілетін дамыту (суреттің бірізділігін, мәтіннің мазмұнын айтуын есте сақтау, ол баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты);

  • Әр мағыналық бағдарламаның элементін сөйлеу тіліне аудару.

Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бойынша, келесі іс – шаралар жүргізілу керек:

  • Сериялық сюжетті суреттерге сүйене отырып мазмұнын айту (пересказать);

  • Сюжетті сурет бойынша айту;

  • Көрнекілікке сүйене отырып айту;

  • Бұзылған мәтін негізінде айту;

  • Сериялық сюжетті сурет бойынша әңгімелеу;

  • Өзбетімен айту.

























Қолданылған әдебиеттер:

1. Логопедия – М., «Просвещение»1989 г., под редакцией Л.С. Волковой;

2. Логопедическая реабилитация детей с отклонениями в развитии – М., «Владос» 2004 г., С.А. Игнатьева, Ю.А.Блинков.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!