
Тюлюп Рашида Темертасовна
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 5 материал
1. Оқушыларға сабырлық, шыдамдылық, ұстамдылық туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекетті қабылдауға үйрету;
2. Оқушылардың бойындағы сабырлылық, шыдамдылық, ұстамдылық жайлы дұрыс ойлау қасиеттері арқылы адами-қарым-қатынасын дамыту;
3. Оқушыларды әңгіме арқылы шыдамды, сабырлы, ақылды, байыпты, ұстамды болуға және дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.
Бастауыш сынып
Сабақ жоспары
4 сынып
Қазіргі таңда жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру үрдісі өте маңызды болып келеді. Дүниеде адамдар рухани құндылықты бойларынан жоғалтып барады, жауапсыздық, әділсіздік, зұлымдылық себепші болады. Мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру – біздің міндетіміз. Сол мәселелерді қарастырып, атақты педагог-психологтар қаншама еңбек жазып қалдырған: Януш Корчак, В.Сухомлинский, Ш.А.Амонашвили және т.б.
Басқа
Эссе, шығарма, мазмұндама
Барлық сыныптар
1) Қанатты жануарлар-құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы,олардың тіршілігі,дене бітімі,дамып өсуі туралы түсінік беру.
2) Құстар әлемі туралы құстарға қатысты халық болжамдары туралы,құстардың емдік қасиеттері,үй құстарының пайдасы туралы айта отырып,тілін,ой-қиялын,ұштау,дүниетанымын қалыптастыру,құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру,өз ойларын ашық айтуға,еркін сөйлеуге дағдыландыру.
3) Табиғаттың жаршысы-құстарды қорғауға,олар туралы білімдерін кеңейтуге,үй
құстарын асырай білуге тәрбиелеу.
Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты
1 сынып
: Cу тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесіңдер. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз үш күнде өмір сүре алмайды. Су күнделікті тұрмыста, егістікте, өндірісте пайдалануға қажет. Жер бетінің 23-нен астамын су алып жатыр. Бірақ оның 98%- ы пайдалануға жарамсыз. Теңіз, мұхит сулары ащы. Жер бетіндегі судың 2%- ы ғана тұщы су. Жер шарының 60%-нда тұратын адамдар тұщы су аз болуынан зардап шегуде. Мысалы, Грецияның Афины және Персияға жақын аудандарда ауыз су жеткіліксіз. Югославияға су кемемен жеткізіледі. Біздің елімізде су жеткілікті. Бірақ сол суды біз ластанудан қорғауымыз керек. Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздан ауыз су бүлінуде. Суда улы заттар өте көп. Судың ластануы денсаулыққа зиян.
Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты
2 сынып
Бұл тәрбие жоспарында оқушылардың дұрыс тамақтануына байланысты,оқушылардың жақсы денсаулығының, жан-жақты дамуының кепілдігі – тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын түсіндіру,олардың дұрыс тамақтануының негізгі принциптерін:
- тамақтану сауаттылығының бес негізімен;
- тамақтану тәртібін,тамақтану мәдениетімен таныстыру.
Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты
3 сынып