Ашық
тәрбие сағаты 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстар.Үй құстары және
оларды күту.
Сабақтың мақсаты: 1) Қанатты
жануарлар-құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде
жабайы құстар мен үй құстары туралы,олардың тіршілігі,дене
бітімі,дамып өсуі туралы түсінік беру.
2) Құстар
әлемі туралы құстарға қатысты халық болжамдары туралы,құстардың
емдік қасиеттері,үй құстарының пайдасы туралы айта
отырып,тілін,ой-қиялын,ұштау,дүниетанымын қалыптастыру,құстар
әлеміне деген қызығушылығын арттыру,өз ойларын ашық айтуға,еркін
сөйлеуге дағдыландыру.
3) Табиғаттың
жаршысы-құстарды қорғауға,олар туралы білімдерін
кеңейтуге,үй
құстарын асырай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі : интерактивті тақта,слайд,
«Құстар әлемі»суретті көрме,кітап көрме.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың жүру
барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық
дайындық./амандасу/ 2.
«Армысын асыл
Күн,
Армысын асыл Жер,
Армысын жан досым
Жылуыма жылу қос,міне менің
қолым»
2. Үй
тапсырмасын тексеру: «Көктем»/өленің тындату
/компьютерден жіберу/3.
- Көктем
туралы сұрақтар.Жыл мезгілдері нешеу?
-Көктем айларын кім
айтады?
3.
Сұрақтары бар қорап
4.
Жаңа
сабақ Құстар,үй құстары туралы әңгіме.
Көктем келді.Жыл құстары да
өз мекеніне оралды.Құстар қанатты жануарлар деп аталады.Олар өз
бетінше өмір сүреді.Дамиды,көбейеді.
Құстардың
түрлері өте көп.Құстардың тек кейбіреулері болмаса барлық түрі
ұшады деуге болады.Құстардың көбі пайдалы.Мысалы:егістікке зиян
келтіретін құрттарды жейді.Оларды еті үшін
аулайды.
Ұзақ қарға,ала қарға өз
ұяларын ағаш бұтақтарына салады.
Қарлығаш ұясын шатыр астына
балшықтан салады.
Көкек ұя салама?
Аққу ұясын су жағасындағы
қалын қамыстын арасына салады.
Орманның
сұлу және ең әнші құс –ол бұлбұл.
Үй
құстарына қандай құстар жатады? Дұрыс,енді мынандай жұмбақтардың
шешуін табайық.
Үй құстарыда
тауық,қаз,үйрек,күркетауық көктемде жұмыртқа басады,Жұмыртқадан
балапан шығады.
Жұмбақ шешу.
5.
Бала
қарға: - Сәлеметсіңдер
ме,балалар? 6.
Мен аспанда ұшып
жүріп,сендерді көріп,қонаққа келдім.
Сендер менің анам мен әкемді
көрдіңдер ме?
-Жоқ, көрмедік.
Бала қарға,өзімен бірге
тапсырма алып келіпті /ұяда/
Тапсырма сұрақтары.
7.
Бала қарға жауаптарын
алып ұшып кетеді
Оқулықпен жұмыс
8.
Балалар естерінде ме өткен
жұма күні «құстарға арналған және табиғатты қорғуға
арналған
апталық басталды. Осыған байланысты сендер тақпақпақ,мақал-
мәтел
білесіндер ме?
1.Көктем,көктем,көктемде /оқушы/
Құстар келіп
жеткенде
Қуанып бір
қаламыз
Әнмен қарсы
аламыз
2. Ала
қанат сауысқан /оқушы/
Құртты көрсе
жабысқан
Бір томардан
томарға
Секең-секең
ауысқан
3.Торғай,торғай,тоқылдақ /оқушы/
Жерден тары шоқып
ап
Бөтегесі бұлтиып
«Шиқ-шиқ»
етіп отырмақ
4.Жақын
түгіл,шалғайды /оқушы/
Оятудан талмайды
Төбелеске
келгенде
Алдына жан
салмайды
5.Балапанын тауық /оқушы/
Қызғанады жаман
Қанатымен жауып
Санатпайды маған
6.Шығып
ауыл шетіне /оқушы/
Жайылады бетімен
Қызықтырар ол
бізді
Жұмыртқамен,етімен
Мақал-мәтел
1.Бұтаға паналаған торғай да
аман қалады /Дильназ
2.Қаз аққуға
қосылмас,Қыранға бүркіт қосылмас. /Айзар
3.Қара құс басып жейді.
Сұңқар шашып жейді /Инкар
Тыйым
сөз.
1.Құстың
ұясын бұзба,құсқа тас лақтырма /Артур
2.Құсты атуға болмайды
/Дильназ
-Балалар айтады.
Сергіту сәті 9. /Компьютерден қосу/Қызыл
өрік/
Топпен жұмыс Коллаж жасау
суреттерде желімдеу. 10.
Құстардың қандай пайдасы
бар екенін дәлелдеу.
Дәптермен жұмыс.
11.
Көктемнің үш хабаршысын
жазу.
1. Ұзақ қарға
2.Қараторғай
3.Бозторғай
4. Бір мақал мәтел жазу.
/оқушы/
Құстар қалай дыбыстайды
екенін тыңдау. 12.
Халық болжамдары. Балалар
айтады.
1.Қарға қарқылдаса қыс
шақырады /Динара
2.Қаз қаңқылдаса –жаз
шақырады /Сабина
Халық болжамдары
13.
Сабақтың
қорытындысы.
Тақпақтар.
Жылы
жаққа ұшпайтын /оқушы/
Біздің
жақта қыстайтын
Құстар жүрер
жуықта
Жем шашуды ұмытпа
Біз
әдепті баламыз /оқушы/
Жайнай берсін
даламыз
Табиғатты сүйеміз
Қамқорлықпен
қараймыз
Бағалау. 14.
Үйге тапсырма:106-107 бет.
мазмұндау. 15.