Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор
байлық. /Дұрыс тамақтану/
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жақсы денсаулығының, жан-жақты дамуының
кепілдігі – тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын
түсіндіру,олардың дұрыс тамақтануының негізгі
принциптерін:
- тамақтану сауаттылығының бес
негізімен;
- тамақтану тәртібін,тамақтану мәдениетімен
таныстыру.
Көрнекіліктер: ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы; «Дұрыс тамақтану
пирамидасы»
І. Кіріспе бөлім.
Мұғалім: Балалар сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ
жіберіпті.Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар,өмірдегі басты
байлықтың не екенін түсінесіндер және бүгінгі тәрбие сағатымыз да
сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
Жұмбақ.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. /денсаулық/
Видео «Ай мектеп»
Барлығы: Денсаулық ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке-тамыр жүйесі.
-Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға
қойып,бірінші байлық денсаулық деп санаған.Дені сау,еңбекқор,ақылды
азамат болып өсу үшін,дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз
құнарлы,пайдалы,дәрумендерге бай болу қажет.Сонымен қатар,тамақтану
ережелерін де сақтауымыз қажет.
Слайд дұрыс тамақтану
ережелері
Бүгінгі сабақты осылар туралы толығырақ білетін
боламыз.
Денсаулық туралы мақал –мәтелдер білеміз
бе?
1-оқушы: Бірінші байлық – денсаулық.
2-оқушы: Дені
саудың – жаны сау.
3-оқушы: Басты
байлық – денсаулық.
Дұрыс тамақтанбау салдарының неше түрлі аурулар
пайда болады.
-Мен сіздерге дұрыс тамақтануды ұйымдастыру
үшін «Дұрыс тамақтану
пирамидасымен » таныстырамын.
Ол мынадай 4 деңгейден тұрады.
1-деңгей – Бидай өнімдері.Нан,жарма бұйымдары,мақарондардан
тұрады.
2-деңгей- Жемістер мен көкөністерден тұрады.Бұл тағамдарда дәрумендер
мен минералды заттар көп.
3-деңгей – Ет,балық,жұмыртқа және сүт өнімдері.
4-деңгей- жануарлар майы мен өсімдік майы бар
тағамдар,тәттілер,құрамында майлылығы жоғары өнімдер
(соустар,колбаса,тәтті тоқаштар),қант,құрамында канттың мол мөлшері
бар өнімдер (тәтті сусындар ,сироптар,кондитерлік тағамдар
кіреді)
Денсаулығымызды сақтау үшін және дұрыс тамақтану
үшін осы пирамиданың барлық деңгейіндегі тамақтарды мөлшермен
пайдалану керек.
Ал,балалар,күніне неше рет тамақтану
керек?
1-оқушы: Ең
тиімдісі 4 рет тамақтану:
Таңертеңгілік –құнарлы тамақ, /Е.Мирас/
Түске дейінгі-жеңіл тамақ.
Түс кезіндегі –күшті тамақ,
Және кешкі –жеңіл тамақ.
Адам ағзасындағы әр-түрлі ауруларға қарсы тұру
қабілетін арттыратын ол –дәрумендер.Адам ағзасына дәрумендер
жетіспегенде адамның күш-қуаты кеміп,әлсіреп шаршайды, әр түрлі
ауруларға шалдығады.
А дәрумені В1
дәрумені
Дәрумендер

В2 дәрумені Д
дәрумені
С дәрумені
Егер нан жемесек, «В»дәрумені мен басқа да
пайдалы заттарды ағзамыз ала
алмайды. «А» дәрумені балалардың бой
өсіруі және дамуы үшін қажет.Ең жақсы тағам –жеміс.
Жеміс- адамға ең жұғымды тамақ.Жас жеміс
те,кептірілген түрі де басқа азық-түлікке үстеме ретінде
пайдаланылады. /оқушы/
Көкөністер – дәрумендер көзі.
/оқушы/
Көкөністер мен жемістерде «С» дәрумені көп
кездеседі.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа
/оқушы/
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық –терең бақыт»
деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз
да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
/оқушы/
Денің сауда сұлусың жер
бетінде.
Сол мықты денсаулықтың
арқасында,
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін
де.
Денің сауда жетерсің
арманыңа, /оқушы/
Жоспарлап алға қойған
мақсатыңа.
Денің сауда көрерсің бұл
дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын
да.
Көрініс: Тісім ауырып
барады.
Қоян. -Ой,
тісім қақсап барады
-Жанымды қоярға жер жоқ
Мұғалім. -Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты
-Қоянға не болған?
-Қоян жылама, жылама.
Қасқыр. -Не
болды жасырма, айтшы өзің
-Неліктен ісінген бас – көзің
Қоян.
-Енді не істеймін
-Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қасқыр.
-Онда дәрігер шақырайық
-Дәрігер дәрімен емдейді
-Ауырса адамды, аңды да емдейді
-Кәдімгі мейірімді дәрігер
-Шақырсақ қалай келмейді.
Дәрігер.
-Кәне аузыңды аш көрейін
-Кәмпит жесең көбірек
-Тісің жүрер мазалап
-Не жесең де күніне
-Екі рет жу тазалап
-Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін
-Тістеріңді күнде жуып күтіп
жүріңдер.
1-оқушы: Дәрумендер тірегің,
А,В,С,Д деп
аласың
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып та қаласың.
2-оқушы: А-сы
қажет көзіңе,
В-жүйкені тоғайтар.
С-дан микроб безінер,
Д-сүйекті нығайтар.
3-оқушы: Денсаулық- ол күлуің,
Болсаң да әлі қаршадай
Көңіл күйің жадырай,
Ойнау үшін шаршамай.
4-оқушы: Басты
байлық - денсаулық,
Құру үшін сен сауық.
Бабам айтқан даналық,
Керек жақсы денсаулық.
Ән: «Қазақ дастарқаны»
-Балалар,біздер дұрыс тамақтана аламыз
ба?
Тамақтану ережелерін назар аударайық.
1.Асықпай тамақтану керек
2.Асты дұрыс шайнау керек
3.Белгілі тамақтану мезгілін ұстану
керек.
4.Кітап оқып отырып,теледидар көріп отырып тамақ
ішпеу керек.
5.Зиянды тағамдардан аулақ бол.
Коллаж жасау.
І топ-Денсаулыққа пайдалы...
ІІ топ – Денсаулыққа зиянды...
ІІІ топ – Денсаулықты нығайту
іс-шаралары
Оқушыларға арналған сауалнама
1. Нансыз тамақ ішесің бе?
2. Қандай көкөністерді күнделікті
жейсің?
3. Қандай жемістің шырынын ішесің?
4. Күніне неше рет сүт ішесің?
5. Сен балықты жақсы көресің бе?
6. Шайға қантты көп саласың ба?
7.Күніне неше рет тамақтану керек?
8.Дәрумендер деген не?
9.Қандай дәрумендерді білесің?
10.Өзің неше рет тамақтанасын?
Артық
болмас,білгенің....
Сондықтан да балмұздақ,газдалған сусындар,чипсы
т/б зиянды тағамдардан
бойымызды аулақ ұстаған жөн.
Чипсы -,сухарики,коко-кола сияқты сусындарды
жемеген жөн.
Әсіресе,қазіргі уақытта оқушылар көп жейтін
чипсылар,қытырлауықтар,жылдам дайындалатын
сорпалар,(роллтон),
Газдалған сусындар туралы айтпай кетуге
болмайды.Чипсы –адам ағзасына өте қауіпті.Оның құрамында адам
денесіне әсері мол тітіркендіргіш заттар бар.Олар әр түрлі
бас,кеуде ,іш ауруларын тудыратын зиянды қоспалар бар.
Газдалған тәтті сусындар
(кока-кола,пепси-кола,фанта,спрайт, буратино,макси-чай).Олардың
құрамында аса көп мөлшерде қант бар.
Мысалы:1л колада 25 ас қасық немесе 125 гр қант
қосылады.
Шамадан көп қантты пайдалану қант
диабеті-сусамырға алып келеді.
Сондықтан да денсаулыққа пайдалы,табиғи,химиялық
қоспасыз таза тағамдарды пайдаланайық.
Мұғалім: Енді
балалар,тағамға байланысты халқымыздың қандай мақал-мәтелдерін
білесіңдер?
Оқушы:
1.Ас тұрған
жерде ауру тұрмайды.
2.Соғым басы
–елдің асы,Наурыз асы –жердің асы.
3. Арпа,бидай
ас екен,Алтын,күміс тас екен.
4.Ас үстінен
аттама,Астан үлкен емессің
5.Бауыр
шырын,бас тәтті,Ағайынмен ас тәтті.
6.Барында батып
іш,Жоғында сатып іш.
7.Нан –тамақтың
атасы,Ынтымақ-көптің батасы.
Мұғалім: Тәрбие
сағатымызды аяқтай келе,дұрыс тамақтану денсаулығы-
мызды сақтауға зор үлес қосатынын
білдік.Өздеріңіз айтқандай,тамақ құрамындағы қоректік
заттар,дәрумендер,минералды заттар ағзамыздың өсуіне,дамуымызға
қажет.
Тамақтың пайдалы жағымен қатар,кейбір тамақ
түрлерін шектеу қажет екенін білдік.Осы сабағымыз осы отырған
оқушыларға үлкен тәрбиелік маңызы зор деп ойлаймын.
Бәрі бірге:
Денсаулық – ол жүруің,
Оқу үшін мектепте
Ешбір жерің ауырмай,
Дұрыс тамақтану үшін де.
Оқушылар сабақ сәтті өткенін білдіріп
смайликтерді көтереді.

Сауалнама:
1. Нансыз тамақ ішесің бе?
2. Қандай көкөністерді күнделікті
жейсің?
3. Қандай жемістің шырынын ішесің?
4. Күніне неше рет сүт ішесің?
5. Сен балықты жақсы көресің бе?
6. Шайға қантты көп саласың ба?
7.Күніне неше рет тамақтану керек?
8.Дәрумендер деген не?
9.Қандай дәрумендерді білесің?
10.Өзің неше рет тамақтанасын?
Сауалнама:
1. Нансыз тамақ ішесің бе?
2. Қандай көкөністерді күнделікті
жейсің?
3. Қандай жемістің шырынын ішесің?
4. Күніне неше рет сүт ішесің?
5. Сен балықты жақсы көресің бе?
6. Шайға қантты көп саласың ба?
7.Күніне неше рет тамақтану керек?
8.Дәрумендер деген не?
9.Қандай дәрумендерді білесің?
10.Өзің неше рет тамақтанасын?
Сауалнама:
1. Нансыз тамақ ішесің бе?
2. Қандай көкөністерді күнделікті
жейсің?
3. Қандай жемістің шырынын ішесің?
4. Күніне неше рет сүт ішесің?
5. Сен балықты жақсы көресің бе?
6. Шайға қантты көп саласың ба?
7.Күніне неше рет тамақтану керек?
8.Дәрумендер деген не?
9.Қандай дәрумендерді білесің?
10.Өзің неше рет тамақтанасын?
Сауалнама:
1. Нансыз тамақ ішесің бе?
2. Қандай көкөністерді күнделікті
жейсің?
3. Қандай жемістің шырынын ішесің?
4. Күніне неше рет сүт ішесің?
5. Сен балықты жақсы көресің бе?
6. Шайға қантты көп саласың ба?
7.Күніне неше рет тамақтану керек?
8.Дәрумендер деген не?
9.Қандай дәрумендерді білесің?
10.Өзің неше рет тамақтанасын?