400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Сабыр түбі-сары алтын"

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Оқушыларға сабырлық, шыдамдылық, ұстамдылық туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекетті қабылдауға үйрету; 2. Оқушылардың бойындағы сабырлылық, шыдамдылық, ұстамдылық жайлы дұрыс ойлау қасиеттері арқылы адами-қарым-қатынасын дамыту; 3. Оқушыларды әңгіме арқылы шыдамды, сабырлы, ақылды, байыпты, ұстамды болуға және дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«­Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: «Парасат» мектеп-лицейі

Мұғалім: Тюлюп Рашида Теміртасқызы

Сынып: 4 Сабақ: № 25

Тақырып: Сабыр түбі – сары алтын

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сабырлық, шыдамдық, ұстамдылық


Мақсаты: Оқушылардың сабырлық туралы ұғымдарын кеңейте отырып, Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Міндеттері:

  1. Оқушыларға сабырлық, шыдамдылық, ұстамдылық туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекетті қабылдауға үйрету;

  2. Оқушылардың бойындағы сабырлылық, шыдамдылық, ұстамдылық жайлы дұрыс ойлау қасиеттері арқылы адами-қарым-қатынасын дамыту;

  3. Оқушыларды әңгіме арқылы шыдамды, сабырлы, ақылды, байыпты, ұстамды болуға және дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар,

мәліметтер)



АҚТ,оқулық,дәптер,музыка,магниттер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті.Нұрға бөлену



Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.





2.Үй тапсырмасын тексеру.

25 сабақ. «Жастарға» өленің жаттап келу 113 бет.





3.Дәйексөз.

Асығыс түбі өкініш,

Ойланып алмақ-сабыр сол.

Абай

3.1.Дәйексөзді оқыту

-қыздар

-ұлдар

-жұппен

-бір-біріне сыбырлап

-хормен

3.2. Дәйексөздің мағынасын ашу

- Сабырлық деген не?

3.3. Дәптерге жазу


Сабырлық-адам бойындағы сезімнің,ойлаудың тереңдігі.

Сабырлы адам-ақылды,шыдамды,байыпты,ұстамды болады.

Сабырлылық адамның дұрыс шешім қабылдауына,мұратына жетуіне мүмкіндік береді.



4.Әңгімелеу. Асыл шөп

Ы.Алтынсарин

Зылиқа мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп,қалаға сатуға келе жатыпты-мыс.Зылиқа аһлап-уһлеп,шаршадым деп,Бәтима күліп,әзілдесіп келе жатыпты. Сонда Зылиқа айтыпты:

-Сен неге мәз болып қуанып келесің?Төбеңдегі жәшіктің

ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес.Өзің де менен күшті емессің.

-Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір асыл шөп салдым,- депті Бәтима.

-Ай,ондай болса,шөбіңнің атын айтшы,мен де жүгімді жеңілдетейін,-депті Зылиқа.

-Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, ал іздегің келсе,аты «сабыр» деген, - депті Бәтима.


Сұрақтар:

1.Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

2.Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?

3.Зылиқаның «сабыр»атты шөпті таба алуы қандай болады?

4.Қай қыздың әрекеті дұрыс?

4.Өзіңнің сабырлық танытқан кезің болды ма?


5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.


5.1.Сыныпты топқа бөлу.

оқушыларды үш топқа бөлу.

5.2.Шығармашылық жұмыстың мазмұнымен таныстыру

І-топ.Жақсылық тамшысы алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі,әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып жеткізеді тақтаға топпен талқыланады.

ІІ-топ. Мақал-мәтел құрастыру (түсіп қалған сөздерді орнына қою)

ІІІ-топ.Кеспе қағаздарға (жақсы адамдар туралы) жазылған сөздерді таңдап, күннің көзін құрастырамыз.

5.3.Шығармашылық жұмыс топпен талқыланады

5.4.Жұмысты қорытындылау

5.5.Балаларды мадақтау.


6.Топпен ән айту.



Бала тілегі. Сөзі: С.Молдасанұлы

Әні: Ф.Жолдасова



  1. Бал-балалық балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел достарым әндетіңдер, билеңдер

Гүлденсін деп атамекен қара орман


2. Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік, ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.


3.Қалықтасын көгершінім көгімде

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы отаны тілегім сол менің де.




7. Үй тапсырмасы

25 сабақ, Сабырлыққа тән қасиеттерді пайдаланып шағын әңгіме жазып келу.

26 сабақ, «Мөлдір бұлақ» ертегісін оқу, мазмұнын ашу.114 бет.



8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті (баяу әуен қосып қою)



Балалар,денелеріңді түзу ұстап,көзімізді жұмамыз.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді еске түсірейік.Жүрек әр түрлі сезімдерге толы.Сол сезімдердің арасында сабырлық,шыдамдылық,ұстамдылық сезімдері басым екенін сеземіз.Әрбір істі ойланып,ақылға салайық. Енді осы қасиеттерді жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Көздеріңізді ашуға болады.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі