
Кенегес Балжан Үмбетқызы
педагог - психолог
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 4 материал
Ата – анамен тренинг
Тақырыбы: «Отбасым - қорғаным»
Қатысушылар: Ата – аналар
Көрнекілік: музыка жазылған үнтаспа, А4 форматты қағаз, түрлі – түсті қаламдар, доп.
Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің құндылығын, бала тәрбиесіндегі ата – ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, отбасы мен балабақша арасындағы қарым – қатынасты ынтымақтастыру. Балабақша өмірімен таныстыру, ата – ана мен баланың дұрыс қарым – қатынаста болуы, психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу.
Психология
Ата-аналармен жұмыс
Барлық сыныптар
Эссе
ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖАҒУ ӨНЕРІ(МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ)
Білім беру мазмұнын жаңару оқу технологияларды үнемі меңгеруді оқушылардың білім сапасын жоғарлатуды талап ету, сабақ беру үрдісін күрделендіру – осының бәрі мұғалімнен білім қорын жаңартып, кәсіби біліктілігін арттырып, әдістемелік шеберлігін шыңдап отыруын талап етеді. , мұғалім өз пәнінен оқушылардың ойлау әдісін, өз бетімен білім алып, оны қолдану білуін қалыптастырып,талдау және білімді бағалау сияқты ғылыми-зерттеу әдістерімен қаруландыруы қажет. Осыдан келіп, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар өрбиді. Ол тек жан-жақты дамыған маман ғана болып қоймай, өздігімен іздену жұмыстарының тәсілдерін меңгерген, зерттеу дағдысы қалыптасқан маман болуы шарт. Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып тұрған ең басты талап – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру ісі болып отыр. Соңғы кездері оқушылардың дарындылығын дамыту өзекті мәселеге айналып отыр.
Барлық пәндер
Эссе, шығарма, мазмұндама
Басқа
Тренинг: “Мен өмірді таңдаймын”
Мақсаты: өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Қажетті құралдар: қағаз,қаламсап, музыка.
1. Сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме, балалар? Қазір біз сіздермен жұмысымыздың алдында бір бірімізбен сәлемдесіп алайық. Сәлемдесу тәсілін мен сендерге ұсынамын:
Орталық алаңда ескі бір сағат бар екен. Сол сағат 1 рет соққан кезде біздің қаланың тұрғындары бір- бірінің алақанын уқалайды екен. Ал сағат екі рет соққан кезде олар бір-бірінің арқаларымен үйкелеседі екен., ал егер 3 рет соқса бір-бірінің тізелерімен тізелерін тигізеді екен, 4 рет соққан кезде бір-бірінің құлақтарымен тигізіп амандасады екен.
1,2,3,4 деп сағаттың соққанын келтіу.
2. “Менің көңіл-күйім қандай? Мен қандай сезімдемін?
Әрбір балаға дөңгелек қағаздар таратылады, балалар смайлик салады. Яғни әркім өзінің қазіргі көңіл-күйін суреттеп, сол смайлик бойынша әңгімелеп айтып береді.
Психология
Басқа
7 сынып
КЕРН-ЙЕРАСЕКТІҢ «МЕКТЕПКЕ ҚАЛЫПТАСУЫН БАҒДАРЛАУШЫ» ТЕСТІ
1. Адамның суретін салу (Керн-Йерасек тесті)
Нұсқау: Ер адам суретін сал.
Тестті балаларды алғашқы мектепке қабылдау кезінде қолданған тиімді. Біріншіден, оны жүргізуге көп уақыт кетпейді, екіншіден, жеке балаға да, топқа да қолдануға болады, сондай-ақ арнайы нормативті құжатты, құрал-жабдықты қажет етпейді.
Тест үш графикалық және бір ауызша тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма – ер адамның сыртқы пішінін салу, екіншісі - әріптердің жазба түрін көшіріп жазу, үшіншісі – нүктелер тобын көшіріп жазу. Әр тапсырманың нәтижесі бес ұпайлық жүйемен бағаланады (1-жоғары, 5-төменгі ұпай). Содан кейін үш тапсырма бойынша жиынтық баға шығарылады: 3-6 ұпайға дейін ортадан жоғары, 7-11-ге дейін орта, 12-15 ұпай нормадан төмен. 12-15 ұпай алған балаларды тереңірек зерттеу қажет. Өйткені, олардың ақыл-ойының дамуы төмен болуы мүмкін.
Психология
Барлық материалдар
1 сынып