Ата аналарға тренинг

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата аналарға тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата – анамен тренинг Тақырыбы: «Отбасым - қорғаным» Қатысушылар: Ата – аналар Көрнекілік: музыка жазылған үнтаспа, А4 форматты қағаз, түрлі – түсті қаламдар, доп. Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің құндылығын, бала тәрбиесіндегі ата – ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, отбасы мен балабақша арасындағы қарым – қатынасты ынтымақтастыру. Балабақша өмірімен таныстыру, ата – ана мен баланың дұрыс қарым – қатынаста болуы, психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата – анамен тренинг

Тақырыбы: «Отбасым - қорғаным»

Қатысушылар: Ата – аналар

Көрнекілік: музыка жазылған үнтаспа, А4 форматты қағаз, түрлі – түсті қаламдар, доп.

Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің құндылығын, бала тәрбиесіндегі ата – ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, отбасы мен балабақша арасындағы қарым – қатынасты ынтымақтастыру. Балабақша өмірімен таныстыру, ата – ана мен баланың дұрыс қарым – қатынаста болуы, психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу.

Міндеті:

1.Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;

2.Баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;

3.Баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

4.Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының жоғарлауына ықпал ету;

5.Ата – ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау.

Тренинг бағдарламасы:

1.Сәлемдесу рәсімі

2. Танысу: «Есімдер аллитерациясы»

3. Сергіту сәті «Кім жылдам?»

4. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі

5. «Үй, жол, жылан, шалбар және орамал» диагностикасы.

6.Қорытынды

1.Тренинг барысы. Сәлемдесу рәсімі.

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Бүгінгі біздің «Отбасым - қорғаным» атты тренингке қош келдіңіздер! Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін – өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін – өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Әке – шаңырақ иесі, ана – отбасының ұйытқысы, баланы өсіріп – тәрбиелеу – ата – ананың тікелей міндеті, әке мен шеше – отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.

2. Танысу: «Есімдер аллитерациясы»

Ата – аналар шеңбер бойымен тұрып, әр ата –ана өзін таныстыру керек. Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек. Мысалы: Мен ақкөңіл – Ақмаралмын. Мен гүлдей – Көркеммін. Осы қасиеттерді әрқашан өздеріңізге жолдас қылып, тек жақмы қасиеттерімізді қабылдап жүріңіздер.

3. Сергіту сәті «Кім жылдам?» доп арқылы сұрақтарға жылдам жауап алу

1.Балаңыздың туған күні?

2.Тәрбиешілердің толық аты – жөні?

3.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.Балаңыздың сүйікті тамағы қандай?

5.Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

6.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

7.Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

8.Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?

9.Балаңыздың топтағы достары?

10.Балаңыздың балабақшада үйренген қандай тақпағын білесіз?

Ата – аналар берілген сұрақтарға тез жауап береді.

4. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі

- Мен өз отбасымды жақсы көремін, себебі............

- Отбасы бұл...................

- Отбасым бақытты болу үшін...............

- Отбасымда зорлық – зомбылыққа жол жоқ, себебі............

- Мен қалар едім отбасымның...............

5. «Үй, жол, жылан, шалбар және орамал» диагностикасы.

Ата – аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі. Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар. Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын?», «Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды. Өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек. Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға 10 минут уақыт беріледі. Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды. Осыдан кейін ата – аналарға үй, жол, жылан, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек. Әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата – аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн. Ата – аналар салынып біткен суреттерін бір – біріне көрсеткеннен кейін, олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады.

Үй – адамның өзін – өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата – ана өзін – өзі бағалау деңгейін жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік – терезелері бар болса, онда бұл ата – ана қарым – қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жайт ата – ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым – қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым - қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым – қатынасқа огңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Шалбар мен орамал – ата – аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата – ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

6. Қорытынды. «Суретті тест».

Құрметті ата- аналар тренингтен алған әсерлерімізді осы суретті тест жаттығуы арқылы білетін боламыз. Қатысушыларға күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.

Талдау. Күннің суреті – тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені. Бұлттың суреті – алған әсері төмен. Жаңбырдың суреті – ешқандай әсер алмаған. Жасыл шөптің суреті – көңілді, жақсы әсер алғаны.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2025
189
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі