Эссе ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖАҒУ ӨНЕРІ(МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖАҒУ ӨНЕРІ(МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖАҒУ ӨНЕРІ(МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ) Білім беру мазмұнын жаңару оқу технологияларды үнемі меңгеруді оқушылардың білім сапасын жоғарлатуды талап ету, сабақ беру үрдісін күрделендіру – осының бәрі мұғалімнен білім қорын жаңартып, кәсіби біліктілігін арттырып, әдістемелік шеберлігін шыңдап отыруын талап етеді. , мұғалім өз пәнінен оқушылардың ойлау әдісін, өз бетімен білім алып, оны қолдану білуін қалыптастырып,талдау және білімді бағалау сияқты ғылыми-зерттеу әдістерімен қаруландыруы қажет. Осыдан келіп, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар өрбиді. Ол тек жан-жақты дамыған маман ғана болып қоймай, өздігімен іздену жұмыстарының тәсілдерін меңгерген, зерттеу дағдысы қалыптасқан маман болуы шарт. Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып тұрған ең басты талап – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру ісі болып отыр. Соңғы кездері оқушылардың дарындылығын дамыту өзекті мәселеге айналып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Б.Соқпақбаев атындағы №48 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы

Кенегес Балжан Үмбетқызы


Эссе


ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖАҒУ ӨНЕРІ(МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ)

Білім беру мазмұнын жаңару оқу технологияларды үнемі меңгеруді оқушылардың білім сапасын жоғарлатуды талап ету, сабақ беру үрдісін күрделендіру – осының бәрі мұғалімнен білім қорын жаңартып, кәсіби біліктілігін арттырып, әдістемелік шеберлігін шыңдап отыруын талап етеді. , мұғалім өз пәнінен оқушылардың ойлау әдісін, өз бетімен білім алып, оны қолдану білуін қалыптастырып,талдау және білімді бағалау сияқты ғылыми-зерттеу әдістерімен қаруландыруы қажет. Осыдан келіп, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар өрбиді. Ол тек жан-жақты дамыған маман ғана болып қоймай, өздігімен іздену жұмыстарының тәсілдерін меңгерген, зерттеу дағдысы қалыптасқан маман болуы шарт. Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып тұрған ең басты талап – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру ісі болып отыр. Соңғы кездері оқушылардың дарындылығын дамыту өзекті мәселеге айналып отыр.

Дарынды адам деп, басқалардан ерекше, қиын жағдайлардан күтпеген жолдар табатын, жоғарғы жетістіктерге талпынатын адамды айтады. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгеше. Олар сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қоя біледі.Физиологиялық тұрғыдан ерекшелігі: дамытудағы шапшандылық, ауызекі сөйлеу, жиі-жиі ойға берілу, қиял-күшінің басымдығы. Дарынды оқушылар көп көлемде білім меңгереді және ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.

Шығармашылық – баланың бойындағы дамыған сана белсендігі мен таным белсендігі, тума қабілет. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады.

Дегенмен де, сөз әрбір  қайталанбас талантты, өзінше жеке тұлға әрбір мектеп оқушысы жайында болмақ.

Шығармашылық қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір факторлар ықпал жасайды:

  • мектеп өмірі, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастырылу деңгейі;

  • оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас;

  • отбасы жағдайы;

  • физиологиялық даму үлгісі;

  • балаға қажет білімнің берілу сапасы.

Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту гимназия педагогтары көңіл аударып келе жатқан мәселе. Педагогикалық ұжым әрекетінің өзектілігі – дарынды оқушылардың өзін-өзі жетілдіруде жайлы жағдай туғызу. Дұрыс тәрбие беруде танымға сүйіспеншілікті арттыру және оның жоғарғы шыңы – танымдылық тұтынушылығын оятуы мүмкін. Сезімді, ерікті, ойды не нәрсені терең меңгеруге бағыттау, үнемі көп білуге талпынуды ояту, белгілі жайда жаңа бір қырын ашу, әлемді танып білуде ізденіске ұмтылуды қалыптастыру – бұл мұғалімнің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту баланың табиғи қасиеті мен жаратылысына бағыттауы қажет. Сондықтан да білім беру мазмұнын құруда ең басында жеке тұлғалық талаптары, тілектерімен бірге бала тұруы қажет. Бала – оқыту үрдісінің негізгі бейнесі. Оның анықталған, қызығушылығы қанағатталған, қабілеті дамыған болуы қажет.
























































«Б.Соқпақбаев атындағы №48 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы

Кенегес Балжан Үмбетқызы


Эссе

Не себебті қазіргі балаларға сабақ беру қиын?

Хакім Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» десе, «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» дейді Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан. Демек елге қызмет етуде қажыр-қайраттан туған өрелі еңбектерімен халқының рухани кемелденуінің күретамырына қан жүгіртуде мемлекеттік қызметшіге өршіл рухты мінез қажет. Қашанда ұлттық мұратты ұстанған тұлға бойындағы ар-ожданы, елдік мінезі үкімет пен халық арасындағы сенімді байланысты қалыптастырады. Жалпы мемлекеттік қызметші қоғамның айнасы деуге болады.

Егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, қызметтік мансап жүйесін ендірді, әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрған болатын. Осының арқасында 2000 жылдардың басында Дүниежүзілік банк Қазақстанды ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы деп таныды. Осылайша еліміз 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімдік басымдылықтарының бірі кәсіби мемлекет құруды жоспарлады. Ал бұл міндетті жүзеге асыру мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Бұл туралы Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында «Өте жоғары этика мен кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады» деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.

Иә, әр өңірдің деңгейін мемқызметшіге қарап-ақ бағамдай беруге болады. Сөзі өтімді, ісі кесімді, адамға жұғымды қызметкерлер бар. Сауал жолдаса жауап қатып, кемшін тұсын келешекте жөнге келтіретінін жеткізіп, әдептен әрі аспайды. Сөз құдіретін түсінетін жан дерсіз оны. Алайда, мемлекеттік қызметке келген жастарға осы тәрбие жетіспей жатқан сыңайлы. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітедінің» кері келмес үшін алдыңғы буын ағалар жол көрсетпеуші ме еді? Беттен алып сөз бақпайтын, айтқан ойды ұқпайтын, ауызбен орақ орып, іске келгенде ізін таппайтын мемлекеттік қызметші халықпен қалай жұмыс істемек? Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет. Сондықтан кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Әсіресе, қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялар мен БАҚ еркіндігі туған шақта мұндай қасиет өте керек-ақ.

Президент Қ.Тоқаев билік пен халық арасында ашық қарым-қатынас орнатуды көздеп отыр. Яғни әрбір қызметкер атқарған жұмысын халыққа ашық, түсінікті түрде жеткізуі қажет. Мұң-мұқтажын айтқан қарапайым бұқараға тиісінше жауап беру де мемлекеттік қызметшінің әдебін білдірсе керек. Алайда, істеген ісін көрсетпек түгілі керек ақпаратты алудың өзі аптаға созылатын кездер бар. Сондай-ақ өзін-өзі ұстау, сөз саптау, жауап қату сынды мәселеге келгенде аудандағы мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаға сай ма деген ойға келесіз? Елбасы Н.Назарбаев «Мемлекеттік қызметке біз жұмыс істеу үшін шақырамыз. Себебі, халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жалдайды. Сондықтан біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі