"Мен өмірді таңдаймын"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен өмірді таңдаймын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг: “Мен өмірді таңдаймын” Мақсаты: өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қажетті құралдар: қағаз,қаламсап, музыка. 1. Сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме, балалар? Қазір біз сіздермен жұмысымыздың алдында бір бірімізбен сәлемдесіп алайық. Сәлемдесу тәсілін мен сендерге ұсынамын: Орталық алаңда ескі бір сағат бар екен. Сол сағат 1 рет соққан кезде біздің қаланың тұрғындары бір- бірінің алақанын уқалайды екен. Ал сағат екі рет соққан кезде олар бір-бірінің арқаларымен үйкелеседі екен., ал егер 3 рет соқса бір-бірінің тізелерімен тізелерін тигізеді екен, 4 рет соққан кезде бір-бірінің құлақтарымен тигізіп амандасады екен. 1,2,3,4 деп сағаттың соққанын келтіу. 2. “Менің көңіл-күйім қандай? Мен қандай сезімдемін? Әрбір балаға дөңгелек қағаздар таратылады, балалар смайлик салады. Яғни әркім өзінің қазіргі көңіл-күйін суреттеп, сол смайлик бойынша әңгімелеп айтып береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг: “Мен өмірді таңдаймын”

Мақсаты: өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Қажетті құралдар: қағаз,қаламсап, музыка.

1. Сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме, балалар? Қазір біз сіздермен жұмысымыздың алдында бір бірімізбен сәлемдесіп алайық. Сәлемдесу тәсілін мен сендерге ұсынамын:

Орталық алаңда ескі бір сағат бар екен. Сол сағат 1 рет соққан кезде біздің қаланың тұрғындары бір- бірінің алақанын уқалайды екен. Ал сағат екі рет соққан кезде олар бір-бірінің арқаларымен үйкелеседі екен., ал егер 3 рет соқса бір-бірінің тізелерімен тізелерін тигізеді екен, 4 рет соққан кезде бір-бірінің құлақтарымен тигізіп амандасады екен.

1,2,3,4 деп сағаттың соққанын келтіу.

2. “Менің көңіл-күйім қандай? Мен қандай сезімдемін?

Shape2 Shape1


Әрбір балаға дөңгелек қағаздар таратылады, балалар смайлик салады. Яғни әркім өзінің қазіргі көңіл-күйін суреттеп, сол смайлик бойынша әңгімелеп айтып береді.


3. “Ақиқат орындығы”

Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға шақыру.

Психолог: Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын. Карточкадағы сөйлемдер:

  • Ең үлкен қорқыныш - бұл...

  • Мен мынадай адамдарға сенбеймін...

  • Мен ренжимін, егер...

  • Мен ұмытпаймын, егер...

  • Маған көңілсіз,егер...

  • Егер маған дауыс көтерсе, мен....

  • Мен қарсыласқанда...

  • Егер мен сенімсіз болсам...

  • Мен ашуланамын, егер...

Психолог: Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгінгі өзімізге қолдау ойлап табамыз.


4. “Менің таңбам”

Психолог: 15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба –негізгі қалқан болып табылған. Қалқан-қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазіргі әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінше нені істей аласыңдар, екіншіден- өздерің жақсы сезінетін жер (отбасы,мектеп, достарыңның ортасы, т.б) Үшіншіден – ең үлкен жетістігім. Төртіншіден-сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншіден – өзің туралы естігің келетін үш сөз.

Біз дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:

-ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;

-жалғыздықты сезінгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;

-өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы да қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;

-өзіңді нашар сезінгенде,ренжіп,қорыққанда,қапаланған кезда рухыңды көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.

5. “Өмірдің мәні неде?” – сауалнама.

Балалардың өмір туралы пікірлерін, ойларын білу. Олар үшін ең құнды нәрсе не екендігі жайында сұхбат, пікіралмасу ұйымдастыру.


6. сергіту: “Атомдар мен молекулалар”

Жүргізуші: сіз – жалғыз атомсыз. Жай қозғала бастайсыз. Бір-бірлеріңізбен қақтығысып, соғылуыңыз мүмкін. Менің командам бойынша 1,2 жұп болып қосыласыздар. Жалғыз қалған мына сұраққа жауап береді: Менің ең үлкен жетістігім, Мен...... жақсы орындай аламын.т.с.с

Атомдар мен молекулалалар еркін қоғалады, команда бойынша 1,2,3,4 –тен молекулалар болып топтасады. Бұл жаттығу бала бойындағы қысымды тарқатады, көңіл-күйді көтереді, қарым-қатынастың нығаюына, сенімділіктің артуына жағдай жасайды.


7. “Ыстық орындық”

Балалар әрбір бала туралы өз пікірлерін ,жақсы қасиеттері туралы ойларын айтады, бір-біріне кеңестерін береді. Балалардың бір-біріне деген көзқарастары, сенімі күшейе түседі.

8. Су асты патшалығына ойша саяхат”

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

9. Қорытынды. Рефлексия.

Маған не ұнады? Қандай тәлім алдым? Қандай ой түйіндедім? Т.С.С. сұрақтар қою арқылы балалардың пікірлерін сұрау. Қорытынды тілектер айту.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2025
159
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі