
Жарылгасова Гулжамал Тукпатовна
Мен жаңа білім алуға, тәжірибе жинауға және өзімді дамытуға әрдайым дайынмын.



Барлығы: 4 материал
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал "Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс" тақырыбы бойынша құрастырылған және 8-сынып химия пәні мұғалімдеріне арналады.
Химия
Барлық материалдар
8 сынып
Бұл сабақ "Заттардың суда еруі" тақырыбына арналған және оқушылардың ерітінділер, олардың түрлері мен маңызын терең түсінуіне бағытталған. Сабақ барысында «№5 зертханалық тәжірибе: Заттардың ерігіштігін зерттеу» жүргізіледі.
Өткен сабақты пысықтау – «Иә/Жоқ» әдісі арқылы оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдері тексеріледі.
Тақырыпты ашу – «Мюнстерберг» әдісі арқылы жаңа тақырыптың негізгі ұғымдары анықталады.
Топтық жұмыс:
1-топ – Ерітінділер мен олардың түрлерін зерттейді.
2-топ – Заттардың суда еру қасиеттерін зерттеп, оларды еритін және ерімейтін заттар ретінде жіктейді.
3-топ – Ерітінділердің табиғаттағы және тұрмыстағы маңызын зерттейді (теңіз суы, жаңбыр суы, медицинада, тұрмыста қолданылуы).
Жұптық жұмыс: №5 зертханалық тәжірибе барысында оқушылар әртүрлі заттардың ерігіштігін тәжірибе жүзінде зерттеп, бақылау жүргізеді.
ЕБҚ тапсырмасы – «Терминдерді аяқта!» тәсілі арқылы оқушылар ерітінділерге байланысты терминдерді толықтырады.
Қорытынды – Оқушылар «learningapp
Химия
Ашық сабақ
8 сынып
Бұл сабақта "Күкірттісутек және сульфидтер" тақырыбы қарастырылды. Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін "Комплимент шеңбері", "Адасқан әріптер", "Сағат-дос", "Рандомус", "Бес саусақ" әдістері қолданылған.
Сабақ барысында:
✔️ Теориялық бөлімде H₂S-тің химиялық қасиеттері түсіндірілді.
✔️ Тәжірибелік жұмыс арқылы сульфид ионын анықтау жүргізілді.
✔️ PISA тапсырмасы негізінде экология және өндірістегі күкірттісутектің әсері талқыланды.
Химия
Ашық сабақ
11 сынып
Бұл материал хлордың қасиеттері, химиялық реакциялары және қолданылуы туралы түсінік береді. Ол оқушыларға хлордың металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуін үйренуге көмектеседі. Негізгі ой – хлордың жоғары реакциялық қабілеті мен оның күнделікті өмірдегі маңыздылығын көрсету. Материал интерактивті тапсырмалар, топтық және жеке жұмыстар арқылы түсіндіріледі. Бұл формат оқушылардың қызығушылығын арттырып, білімді бекітуге ықпал етеді.
Химия
Ашық сабақ
9 сынып