Күкірттісутек және сульфидтер.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күкірттісутек және сульфидтер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта "Күкірттісутек және сульфидтер" тақырыбы қарастырылды. Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін "Комплимент шеңбері", "Адасқан әріптер", "Сағат-дос", "Рандомус", "Бес саусақ" әдістері қолданылған. Сабақ барысында: ✔️ Теориялық бөлімде H₂S-тің химиялық қасиеттері түсіндірілді. ✔️ Тәжірибелік жұмыс арқылы сульфид ионын анықтау жүргізілді. ✔️ PISA тапсырмасы негізінде экология және өндірістегі күкірттісутектің әсері талқыланды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: А. Жарылғаған

___ Күкірттісутек және сульфидтер. ____________

(сабақтың тақырыбы)


Бөлім:

11.3 Азот және күкірт

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жарылгасова Г.Т.

Күні:

18.02.25

Сынып: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Күкірттісутек және сульфидтер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.1.10 - күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру;

11.2.1.11 - сульфид - ионын тәжірибе жүзінде анықтау

Сабақтың мақсаты

Күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіреді.

Сульфид - ионын тәжірибе жүзінде анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(2 мин)













Үй тапсырмасын тексеру

5 мин















































Қызығушылық

тарын ояту

(2 мин)

Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушыларды түгендеу

- Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

«Комплимент шеңбері»

Әр оқушы жанындағы сыныптасына 1 жағымды сөз айтады.



Үй тапсырмасын тексеру. Тест тапсырмасы

1-сұрақ: Азот оксидтері атмосфераға қандай теріс әсер етеді?
A) Топырақтың құнарлығын арттырады
B) Қышқыл жаңбырлардың түзілуіне себепші болады
C) Озон қабатын қалпына келтіреді
D) Атмосфераны ластамайды

2-сұрақ: Нитраттардың топыраққа артық мөлшерде түсуі қандай мәселеге алып келеді?

A) Өсімдіктердің тез өсуіне көмектеседі

B) Топырақтың құнарлығын төмендетеді және су көздерін ластайды

C) Жануарлар мен адамдарға пайдалы болады

D) Ауаның ластануына әкеледі

3-сұрақ: Азот қосылыстарының артық мөлшері су экожүйелеріне қандай әсер етеді?
A) Су экожүйелерінің жақсаруына көмектеседі
B) Су жәндіктері мен өсімдіктерінің көбеюіне әкеледі
C) Эвтрофикация процесін тудырады, судағы оттегінің азаюына себеп болады
D) Су экожүйесіне әсер етпейді

4-сұрақ: Азот оксидтерінің қоршаған ортаға әсерін азайту үшін қандай шара қолдануға болады?
A) Көмір мен мұнайды көп пайдалану
B) Автомобильдерде сүзгі орнату және экологиялық отын қолдану
C) Химиялық тыңайтқыштарды шексіз қолдану
D) Өнеркәсіптік қалдықтарды көбейту



Адасқан әріптер

Оқушы шығып шатасққан әріптерден сөз құрайды. Жаңа тақырыпты атайды.

К,К,К, С,С,Ү,У,У,Е,Е,Е,І,Ә, И,Ф,Л,Д,Т,Т,Т,Р,Р



Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқушылар сабаққа дайын екенін байқатады (оқу-құралдарын дайындайды).



Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтеріледі, сабаққа белсенділіктері артады.



Тест сұрақтарына жауап береді.

Дұрыс жауап:

B) Қышқыл жаңбырлардың түзілуіне себепші болады

B) Топырақтың құнарлығын төмендетеді және су көздерін ластайды

C) Эвтрофикация процесін тудырады, судағы оттегінің азаюына себеп болады

B) Автомобильдерде сүзгі орнату және экологиялық отын қолдану







Кері байланыс:

  • Оқушылар бір-бірінің жауабын тексергеннен кейін, қателескен сұрақтары бойынша түсіндірме береді.

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнің көмегімен талқылау жүргізіледі.























Оқушылар тақырыпты дәптерлеріне жазады. Сабақтың мақсатын атайды.









Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Бір-бірінің жауаптарын дайын дұрыс жауаптармен салыстырып, бағалау критерийіне сәйкес бағалайды.

Дескриптор:
Тест сұрақтарына дұрыс жауап береді.



  • Барлық 4 сұраққа дұрыс жауап берсе – 1 ұпай беріледі
    ❌ Кемінде 1 сұрақ қате болса – 0 ұпай беріледі.

























ҚБ:

Белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру



















Тест тапсырмалары жазылған парақша

















































Презентация





Жұмыс дәптері


Сабақтың ортасы Мағынаны тану кезеңі

33мин

Жаңа сабақ

1. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқу.

2. Видеокөрсетілім қарау.

Сабақ «Сағат-дос» әдісі арқылы өтеді.



Жұптық жұмыс

Оқушыларға өздеріне ыңғайлы серіктес таңдауға мүмкіндік береміз.. Егер белгілі бір оқушылар жұп таба алмаса, оларға көмек көрсетеміз.

1-тапсырма:

А) Неліктен күкіртсутек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіріңіз? Мысал келтіріңіз.





























Ә) Өзгерістің қайсысында күкірт тотықсыздандырғыш қасиет көрсетіп тұр?

  1. S+6 → S0

  2. S–2 → S+6

  3. S0 → S–2

  4. S+6 → S+4

Қажет болған жағдайда мұғалім бағыт-бағдар береді.



ЕБҚ тапсырмасы « Астын сыз»

Төмендегі сөйлемдерден дұрыс жауапты тауып, астын сызыңыз.

  1. Күкіртсутек H2S – (тотықтырғыш / тотықсыздандырғыш ) қасиет көрсетеді.

  2. Күкірттің H2S қосылысындағы тотығу дәрежесі ( -2 / +2 ).

  3. H2S күкірт диоксидімен әрекеттескенде ( күкірт / су ) түзеді және ( тотығады / тотықсызданады ).

Мұғалімнің немесе сыныптасының қолдауын алады.



Жұптық жұмыс

«Рандомус» қосымшасы арқылы жұпқа бөлу.

2-тапсырма: Сульфид иондарын сапалық анықтау бойынша сөйлемді толықтыр.

Суда жақсы еритін сульфидтерді сапалық анықтауда .................. қолданады. Ерітіндіге сапалық реагентті қосқанда ........................ түзіледі. Ал ерімейтін сульфидтерді сапалық анықтауда ................... қолданады. Қатты күйдегі тұзға сапалық реагентті қосқанда ................... бөлінеді.









Топтық жұмыс (Топ 3 оқушыдан құралады)

«Рандомус» қосымшасы арқылы топқа бөлу

3-тапсырма:

Тізбектер айналымын жүзеге асырып, сұрақтарға жауап бер.

Тұжырымдарға жауап беру үшін сызбадағы XY және Z таңбаларын қолдан.

  1. Cульфид иондарының гидролиздену реакциясы – 

  2. Суда ерімейтін сульфидтерді сапалық анықтау реакциясы – 

  3. Қай реакцияда бейтараптану реакциясы жүргізілген?

  4. Қай реакцияда түзілген тұздың ортасы негіздік ортаны көрсетеді?











Жеке жұмыс

4- тапсырма:

Зертханалық жағдайда сульфид ионын (S²⁻) анықтау үшін тәжірибе жасаңыз. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Сульфид ионын анықтау үшін қандай реагенттер қолданылады?

  2. Химиялық реакция теңдеуін жазыңыз.

  3. Тәжірибе кезінде байқалатын өзгерістерді сипаттаңыз.







ЕБҚ тапсырмасы

  1. Сульфид ионын анықтау үшін қандай зат қолданылады?
    a) NaCl
    b) AgNO
    3
    c) H₂O
    d) K₂SO₄

  2. AgNO3 ерітіндісін Na₂S ерітіндісімен араластырғанда қандай өзгеріс байқалады?
    a) Газ бөлінеді
    b) Ерітінді түссіз болып қалады
    c) Қара тұнба түзіледі
    d) Ешқандай өзгеріс болмайды



























PISA тапсырмасы: «Күкірттісутек және Кулсары қаласының экологиясы»

9 «А» сынып оқушылары Алма мен Динара экологияға байланысты ғылыми жоба орындап жатыр. Олардың зерттеу тақырыбы – "Күкірттісутек және Кулсары қаласының экологиясы." Жетекші мұғалім оларға келесі текст пен тапсырмалар берді.

Кулсары – мұнай өндірісі қарқынды жүретін қала. Қала тұрғындары соңғы жылдары ауадағы жағымсыз иістің күшеюіне, бас ауруы, демікпе секілді денсаулық мәселелерінің артуына шағымдануда. Мамандар бұл иістің күкірттісутек (H₂S) газының артуынан болуы мүмкін екенін айтады. Күкірттісутек – улы, өткір шіріген жұмыртқа иісі бар газ. Ол көбіне мұнай өңдеу, бұрғылау жұмыстары кезінде бөлінеді. Егер ауадағы H₂S мөлшері 0,01 ppm-ден асса, адам иісін сезе бастайды, ал 100 ppm-ден жоғары концентрацияларда ол денсаулыққа аса қауіпті. Экологтар қаланың әртүрлі аймақтарында ауа сапасын зерттеп, төмендегі мәліметтерді жинады:



Аймақ Күкірттісутек концентрациясы (ppm)

Өндіріс аймағы 0,12

Қала орталығы 0,05

Тұрғын аудан 0,08

Мектеп маңы 0,09



Тапсырмалар:

  1. Қауіпті аймақты анықтау

Кестедегі мәліметтерге сүйене отырып, қандай аймақта күкірттісутек концентрациясы ең жоғары екенін анықтаңыз. Бұл аймақтың тұрғындарына қандай қауіптер төнуі мүмкін?

  1. Экологиялық шаралар

Қаладағы күкірттісутек деңгейін төмендету үшін қандай шаралар қолдануға болады?

  1. Химиялық реакцияны талдау

Күкірттісутек ылғалмен әрекеттесіп, күкірт қышқылын (H₂SO₄) түзуі мүмкін. Бұл процесс қандай экологиялық мәселелерге әкеледі?

  1. Тұрмыстағы сақтық шаралары

Егер сіз Кулсары қаласының тұрғыны болсаңыз, күкірттісутектің зиянды әсерінен қалай қорғанар едіңіз? Тұрмыста қандай қауіпсіздік шараларын қолдану қажет?


Оқулықты оқып танысып шығады.

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады





Оқушылардың бірлесіп тапсырманы орындайды



Күкірттің H₂S қосылысындағы тотығу дәрежесі -2, бұл оның ең төменгі мәні.

Сондықтан ол ары қарай электрон қабылдай алмайды, тек электрондарын бере алады. Күкірт электрондарын жоғалтып, жоғарырақ тотығу дәрежелеріне өте алады (0, +4, +6). Осылайша, H₂S электрондарын бере отырып, тотықсыздандырғыш рөлін атқарады.



Күкіртсутектің оттегімен тотығуы:

2H2S + O2 → 2S + 2H2O

Бұл реакцияда H₂S күкіртті (S) бөле отырып, тотығады.

Күкіртсутектің хлормен әрекеттесуі:

H2S + Cl2 → S + 2HCl

Мұнда H₂S электрондарын беріп, тотықсызданады, ал хлор тотықтырғыш қызметін атқарады.







Жауабы: S–2 → S+6











Өзінің мүмкіндігіне қарай тапсырманы орындайды.

Топ жетекшісі ЕБҚ оқушысының жұмысын қарап, оқушыны бағалай алады.

? Екі жақсы орындалған тұсты көрсетеді

? Бір жақсартуға болатын нәрсені ұсынады



Жауабы:

  1. тотықсыздандырғыш

  2. -2

  3. күкірт, тотығады





Қосымша арқылы оқушылар кездейсоқ жұптарға бөлінеді.

Жұптық жұмыс барысында оқушы сыныптасымен бірлесе отырып, тапсырманы орындайды.

Бірлесе отырып, шешім қабылдайды.

Пікір алмасып, бір-бірінің ойларын толықтырады.



Күміс нитраты, қара тұнба, тұз қышқылы, шіріген жұмыртқа иісі



ЕБҚ бар оқушы белсенді оқушыменен бірге тапсырмаларды орындайды.

ЕБҚ бар оқушы қиындық тудырған сұрақтарға жұптағы оқушының көмегімен және мұғалімнің көмегімен орындайды

ЕБҚ бар оқушы жалпы оқушылармен бірге бағаланыды









Оқушылар «Рандомус» қосымшасы арқылы топқа бөлінеді.

Бірлесе отырып, тапсырманы орындайды.

Пікір алмасып, бір-бірінің ойларын толықтырады.



Жауабы:

1- Z, 2- X, 3-Y, 4-Z

FeS + 2HCl → FeCl2 + H2S

2NaOH (aq) + H2(g) → 2H2(l) + Na2(aq)

Na2S + H2O NaOH + NaHS



Тапсырмаларды орындайды

ЕБҚ бар немесе үлгерімі төмен оқушы топпен бірге жұмыс жасайды , тапсырмаларды орындау барысында қиындық тудырған тапсырманы оқушылардың көмегімен орындап шығады.

ЕБҚ бар оқушы жалпы оқушымен бірге бағаланады.







Жауабы:

Реагент:

Сульфид ионын анықтау үшін күміс нитраты ( AgNO3 ) ерітіндісі қолданылады.

Реакция теңдеуі:

2AgNO3 + Na2S = Ag2S↓ + 2NaNO3

Немесе: 2Ag+ + S2− = Ag2S↓.

Бақыланатын өзгерістер:

  • Ерітіндіге AgNO3 қосқанда қара түсті тұнба ( Ag2S↓) түзіледі.

  • Ag2S↓. – ерімейтін қара зат, бұл сульфид ионының бар екенін дәлелдейді.













Жауабы:

b) AgNO3

c) Қара тұнба түзіледі

































Оқушылар тапсырманы мұқият оқып, кестедегі мәліметтерді талдайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар ең жоғары концентрациясы бар аймақты анықтап, оның адам денсаулығына әсерін сипаттайды. Күкірттісутек деңгейін төмендету шараларын ұсынып, қышқыл жаңбыр түзілу реакциясын жазады және қауіпсіздік шараларын түсіндіреді.





Қосымша:

? 1 ppm = 1 миллиграмм/килограмм (мг/кг) немесе 1 миллиграмм/литр (мг/л)

? 1 ppm = 0,0001% (процентпен көрсеткенде)


















Дескриптор: Жалпы - 2 балл

*Неліктен күкіртсутек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіреді.

*Мысал келтіреді.































Дескриптор: Жалпы - 1 балл

Өзгерістің қайсысында күкірт тотықсыздандырғыш қасиет көрсетінің анықтайды.







ЕБҚ "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы бағалау.



















Дескриптор: Жалпы - 1 балл

Сульфид иондарын сапалық анықтау бойынша сөйлемдерді толықтырады.









































Дескриптор: 2 балл

*Тізбектер айналымын жүзеге асырып, теңдеу реакцияларды жазады.

*Сұрақтарға жауап береді.





































Дескриптор: 3 балл

*Сульфид ионын анықтау үшін қажетті реагентті дұрыс таңдайды.
*Химиялық реакция теңдеуін дұрыс жазады.

* Реакция кезінде байқалатын өзгерістерді сипаттайды.

Бағалау критерийлері:

Критерий

Ұпай

1

Дұрыс реагентті таңдады

1

2

Химиялық реакция теңдеуін дұрыс жазды

1

3

Реакция белгілерін толық сипаттады

1

Барлығы:

3ұпай




ЕБҚ

Дескриптор:

* Сульфид ионын анықтау үшін қажетті реагентті дұрыс анықтайды.
*Реакция нәтижесінде байқалатын өзгерісті сипаттайды.



Бағалау критерийлері:



Критерий

Ұпай

1

Дұрыс реагентті анықтады

1

2

Реакция нәтижесін дұрыс таңдады

1

Барлығы: 2 ұпай



Дескриптор:

*Күкірттісутектің ең жоғары концентрациясы бар аймақты дұрыс анықтайды .

*Ауаның ластануының адам денсаулығына әсерін түсіндіреді. *Күкірттісутек деңгейін төмендетуге арналған шараларды ұсынады.

*Күкірттісутектің ылғалмен әрекеттесуі нәтижесінде қышқыл жаңбыр түзілуін сипаттайды.

*Химиялық реакция теңдеуін дұрыс жазады.

*Күкірттісутектен қорғану әдістерін сипаттайды.

*Тұрмыстық қауіпсіздік шараларын дұрыс түсіндіреді.



"Бес саусақ" әдісі ?️

Оқушылар жауаптарын саусақтармен бағалайды:

? Бас бармақ – Жауап толық, өте жақсы түсіндірілген.

? Балаң үйрек – Жауап дұрыс, бірақ қосымша толықтыру керек.

? Ортаң қол – Жауап негізінен дұрыс, бірақ нақты мысалдар жетіспейді.

Шылдыр шүмек – Жауапта қателіктер бар, қайта қарастыру қажет.

? Кішкентай бөбек – Жауап түсініксіз немесе толық орындалмаған.

Оқулық §44

https://okulyk.kz/himija/708/

Жұмыс дәптері

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/kukirt-kukirtsutek-kukirtsutek-qyshqyly-zhane-onyng-tuzdary?mid=f4e548f4-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Презентация

Тапсырмалар жазылған парақша





































Карточка























Тапсырмалар жазылған парақша



https://randomus.ru/split



https://okulyk.kz/himija/708/





























https://randomus.ru/split



https://okulyk.kz/himija/708/



































https://rutube.ru/video/6b7e40376320b7716123494976a801a9/?r=plemwd











































































https://docs.google.com/document/d/1oeKOtnQW37oI5nzVjrOKuFWpoo10KVVe/edit?usp=drive_link&ouid=115963838536078873649&rtpof=true&sd=true

Сабақтың соңы

3мин

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім «Бір ауыз сөз» әдісін қолдана отырып, оқушылардан сабақ туралы әсерін бір сөзбен сипаттауды сұрайды.



Үйге тапсырма: §44, № 2есеп 25 бет

PISA тапсырмасын орындауды жалғастыру.



Оқушылар сабақтан алған әсерін, жаңа білімдерін немесе сезімдерін бір сөзбен (мысалы, «қызықты», «пайдалы», «күрделі» және т.б.) білдіреді.





Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін ауызша бағалайды және қысқа кері байланыс береді.

Тақта, стикерлер







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2025
248
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі