
Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 3 материал
Бұл мақалада түркі халықтарының ежелгі эпостары мен жазба мұраларының тарихи, әдеби жалғастығы мен өзара ықпалдастығы сипатталады. «Күлтегін» мен «Тоныкөк» жырлары – сақ, ғұн дәуірінен жеткен «Алып Ер Тоңға», «Оғыз қаған» сияқты дастандардың тарихи-мәдени сабақтастығын жалғастырған туындылар ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, бұл жырлар түркі халықтарының VI–VIII ғасырлардағы қоғамдық өмірі мен рухани дүниесін шежіре ретінде баяндайды. «Қорқыт ата кітабы» оғыз-қыпшақ дәуірінің өмір салтын, поэзиясы мен наным-сенімін жеткізсе, ондағы философиялық ойлар кейінгі дидактикалық әдебиеттің, әсіресе Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки мен Ахмет Ясауи шығармаларының қалыптасуына ықпал еткені баяндалады.
Түйін сөздер: «Қорқыт ата кітабы», Қорқыт, оғыз-қыпшақ тайпалары
Қазақстан тарихы
Мақала
10 сынып
Бұл мақалада археологтың 1969–70 жылдары Жетісуда жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған «Алтын адам» жөнінде баяндалады. Есік обасынан табылған бұл тарихи жәдігер – сақ дәуіріндегі ханзаданың бай киімдері мен қару-жарағымен жерленген мүрдесі. Онымен бірге 4 мыңға жуық алтын бұйым, ішінде 26 таңбалы жазуы бар күміс тостаған табылған. Алтын адам – қазақ халқының тарихи мұрасы мен ұлттық рәміздерінің біріне айналды. Автор сонымен қатар археологтың көне Отырар, Солтүстік Қазақстан, Бесшатыр ескерткіштерін зерттеудегі еңбектеріне тоқталып, жас археологтарды дайындаудағы рөлін атап өтеді.
Түйін сөздер: Бесшатыр қорымы, «Алтын адам» ескерткіші, археология мұражайы, Отырар қаласына археологиялық зерттеу, Бозоқ қаласы, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстан тарихы
Мақала
10 сынып
Бұл мақалада түркі халықтарының мәдениетінде жақсы зерттелген салалардың бірі – олардың жазу жүйесі, яғни әліпбиі туралы баяндалады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Орталық Азиядағы түркі халықтары руна, ұйғыр жазулары негізінде таңбалы ескі жазуларды қолданған. Ал ислам дінін қабылдағаннан кейін олар араб әліпбиіне көшті.
Көне түркі жазулары ғалымдар тарапынан үш негізгі топқа бөлінеді: Енисей, Талас және Орхон ескерткіштері. Бұл жазбалардың ашылуы тек лингвистика саласына ғана емес, сонымен қатар барлық көшпенді халықтардың рухани мұрасын зерттеуге үлкен бетбұрыс болғандығы талқыланады.
Түйін сөздер: Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері, руна, ұйғыр, араб жазулары, В. В. Радлов, Вильгельм Томсан
Қазақстан тарихы
Мақала
10 сынып