А.Н.Галиева
Гуманитарлық ғылым магистрі, педагог-шебер, тарих пәнінің мұғалімі
Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектеп-гимназиясы,
Алматы облысы, Талғар ауданы, 041623 Қазақстан Республикасы,
E-mail: assem_er.nur@mail.ru
САҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ АЙҒАҒЫ -К.АҚЫШЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ
Бұл мақалада археологтың 1969–70 жылдары Жетісуда жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған «Алтын адам» жөнінде баяндалады. Есік обасынан табылған бұл тарихи жәдігер – сақ дәуіріндегі ханзаданың бай киімдері мен қару-жарағымен жерленген мүрдесі. Онымен бірге 4 мыңға жуық алтын бұйым, ішінде 26 таңбалы жазуы бар күміс тостаған табылған. Алтын адам – қазақ халқының тарихи мұрасы мен ұлттық рәміздерінің біріне айналды. Автор сонымен қатар археологтың көне Отырар, Солтүстік Қазақстан, Бесшатыр ескерткіштерін зерттеудегі еңбектеріне тоқталып, жас археологтарды дайындаудағы рөлін атап өтеді.
Түйін сөздер: Бесшатыр қорымы, «Алтын адам» ескерткіші, археология мұражайы, Отырар қаласына археологиялық зерттеу, Бозоқ қаласы, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Бесшатыр кешенін тұрғызған біздің бабаларымыз – сақтардың асқан еңбекқорлығын атап айта кетпеске болмайды. Жоғарыдағы 31 обаның ішіндегі ең үлкен деген бір үйіндегі 50 мың текше метр тас пен топырақ кеткен. Оның маңындағы қоршау тізбектеріне 3 шақырым карьерден дайындалып әкелген мыңға жуық қалақтас жұмсалған. Осындай ірі обалардың ішіндегі тайпа көсемдері мен қолбасшылар қабірінің қабырғаларын тұрғызуға жұмсалған Тянь-Шянь шыршасының бөренелері бар. Олар қорымнан 200-250 шақырым қашықтықтағы Алатау бөктерінде дайындалып, өзен арқылы аққан салмен жеткізілген. Ал кешеннен табылған археологиялық құндылықтарға келсек, олардың ішінен қоршау қалақтастарындағы қазақтың «көз» таңбасына ұқсас көне тайпа айырымдарына тән күн рәмізін, қабірлердегі көбелек тәрізді бәйнесі бар қысқа семсер – ақинақты, іші қуыс алтын түйіршіктерді қосақтап дәнекерлеген моншақтарды айтуға болады. Бұл заттық деректер Бесшатыр қорымының біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда салынғанын көрсетеді.
К.А. Ақышев Бесшатыр обасындағы археологиялық зерттеуді былай еске алады: «1969 жылдың тамыз айы болатын. Ал, қырқүйекте біз Есікке барып, қорғанның оңтүстік шетіндегі кіші обаны қазуды бастадық. Бірақ көз ашпайтын күзгі жаңбырға ұрынған соң жұмысты тоқтатып, 1970 жылғы жазда оны қайта жалғастырдық. Кіші оба деп отырғанымыз биіктігі 5 метрлік төбе еді. Өкінішк қарай одан ештеңе шықпады.Түк қалдырмай тонап кетіпті. Содан соң уақыт оздырмай екіншісін, яғни биіктігі 6, ал диаметрі 60 метрлік үлкен үйідіні қазуға кірістік. Оның ортаңғы бөлігіне келгенімізде, мұндағы қабірдің де тоналғаны белгілі болды. Біздің тәжірибемізде осындай обалардағы жерлеу рәсімдері біреу ғана екінші не үшіншісі бақилыққа аттанған атақты адамның (егер ол атақты болмаса мынандай үлкен оба тұрғызылмас еді) нағыз өз қабірі болып келетін. Сондықтан да қазба жұмысын одан әрі кеңейте жүргізіп жатқанымызда, алғашқы тоналған бӛлік жанындағы 10 метр қиыс тұстан керемет ағаш қабырға шыға келді. Байқаймыз, бүгін. Бұзылмаған бөренелі бөлме. «Құдай берді!» - дедік ішімізден. Сәйттік те оны топырақтан арши бастадық. Төбесін ашып қарағанымызда не көрдік дейсіз ғой?! Шегенделген табыт. Ал ішінде иә, ішінде еті әлдеқашан ағып кеткен ақсәңке адам сүйегі, оның бойына айнала қоршап жарқ-жұрқ еткен жүз мыңға жуық алтын әшекейлер көзге шалынды. Ғаламат, ғажап көрініс еді?» [1].
К.А. Ақышев Алматыдағы Археология мұражайын да құруғ қатысқан. Ол туралы ол былай еске алады: «Ғылым академиясының президенті Шаһмардан Есенов екеуміз ҚКП Орталық Комитетінің хатшысы Саттар Имашевтің қабылдауына шақырылдық. Онда ол Алматыда Азия-Африка елдері жазушыларының V халықаралық конференциясы өтетіні, жер-жерден 69 мемлекеттен қонақ келмек. Соған мұражай жасау туралы болды». Академия мен Орталық музейде мыңға жуық археологиялық жәдігер тұр. Бәрі де бағалы. Өз салмағы бар дүниелер. Содан арада 4 ай өтіп, конференция ашылуға 15 күн қалғанда бәрі бітті. Музейді көруге ҚКП Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өзі келді.
Тұңғыш танысуы ғой, әйнекпен қоршалған қаракүліңгір бұрыштағы жарқырай сәуле шашып тұрған Алтын адамға қарап таңғалды. Басқа экспонаттарға да зейін қоя үңіліп, зал ішінде өте көңілді жүрді. Бәрін аралап болған соң ұжым мүшелерін жинап алып алғыс айтты. Кетерінде маған бұрылып: «не өтінішің бар, Кемел? Археологиялық жұмыстарға байланысты туындаған проблема бар болса, жасырмай айт» [2]. Мен, Отырар қаласына археологиялық зерттеу жүргізейік дедім. Елдің санасына көне қазақ жерінде қала болған деген ұғымды қалыптастырамыз. Ұлы Жібек жолындағы шаһардың орталығына айналып, өз ақшасын шығаруы, сәулет үлгілерін өмірге келтіріп, су құбырлары жүйесін жүргізуі, қорған мен цитадель салуы -өркениеттіліктің белгісі. Отырарда міне, бұлардың бәрі бар. Енді тек соны қазып, заттай айғақ ретінде орталыққа көрсетуіміз, деректерді ғылыми айналымға түсіруіміз керек. Мәселе осында. Димекең мына сөзді естігенде қатты ойланып қалды. Кетерінде қолымды құшырлана қысып тұрып: «Түсіндім. Бәрі де болады» -деді. Ғылым академиясының президенті Шаһмардан, Есенов кіріп, біздің институтжасаған «Отырар археологиялық кешенді экспедициясының көп жылдық қазба жұмысы жоспарына» Димекеңнің келісімін алыпшықты.Сондағы бәрімізді қуантқан нәрсе, әсіресе,жобадағы Отырарды қазушы мамандарға жыл сайын бөлінуге тиіс деп көрсетілген 100 мың сом ақшаның қысқарылмай қолдау табуы еді. Ол кезде бұл дегеніміз өте мол қаржы болатын. Содан 1975 жылдан 1987 жылға дейін сол сома берілді. Ал 1988 жылдан бастап үздік-создық болып бөлініп беріліп жүрді де 1990 жылы мүлде тоқтады [2]. Бұл кезде біз де Отырардағы экспедиция жұмысын бітірген едік – дейді ғалым. К.А.Ақышев отандық археологияда екі үлкен істі Алматыдағы республикалық археология музейі мен Отырарды қазу жөніндегі көп жылдық кешенді экспедицияны құру мәселесін қоса бітірді [4].
Ал, 2000 жылы К.А.Ақышев ғалымның осыдан 4 жыл бұрын Астана іргесінен мүлде белгісіз көне қаланың орнын тапқандығы еді [5].Археолог қолына бірде XVIII ғасырда өмір сүрген орыс офицері, топограф И.Шангиннің күнделігі түседі. Онда: «Мен Есіл жағасында қирап жатқан қаланы көрдім. Кезінде тамаша елді мекен болғаны байқалады. Бізді әсіресе оның іргесіндегі суы тұщы көлдің ғажайып көрінісі таңғалдырды», - деп жазылған екен. Ақышев осы деректі негізге ала отырып архивтен Целиноград (қазіргі Ақмола) облысын 1974 жылы аэрофотодан түсірген көрінесті тауып алдыртады. Салыстырып қарағанда, топограф И.Шангиннің күнделігінде айтылған көлдің суалған орны мен оның жағасындағы шаһар құландысы қазіргі Астана іргесіне 10 шақырым жерде жатқаны анықталады. Оның үстіңгісі XIII-XV ғасырларға тән десек, астыңғысы X-XII ғасырларға жатады. Шаһардың ортасындағы төбеден 20-дан астам қабір мен 5 мазар табылып, төңіректен қалыңдығы 5 сантиметрлік бөлек формалы кірпіштер, күміс тиын, темір жебе қазып алынды [6]. Қалада шағын кәсіпкерлік орындары болғаны байқалады. Онда қыштан түрлі ыдыс-аяқтар жасалынып, кірпіш күйдіретін арнаулы орын және ұстахана жұмыс істегенін айғақтайтын деректер бар. Әсіресе шаһар халқына қажет су іргедегі көлден тікелей тартылғандығы айрықша әсер қалдырады. Оған дәлел, көлден тұщы су алу үшін екі ортаға шағын канал қазылған екен. Онда жел арқылы айналатын сорап механизмі жұмыс істеп тұрған. Су соның күшімен жоғарыға қарай шығарылып отырған [7]. Міне, осындай жайлар анықталған соң К.А. Ақышұлы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа кіргені бар. Ғалым онда мемлекет басшысына Астана іргесінде X-XII ғасырларда пайда болған Бұзоқ атты қала туралы толық айтып берді. Қазақстанның қазіргі елордасының орнында сол орта ғасырларда-ақ әскери ставка және билік резиденциясы ретінде қызмет еткен қала болған деп есептейді археолог [8]. Сөйтіп ол өмірінің соңына дейін осы қаланы қазуға кіріседі. Қазақтың белгілі археолог ғалымы Кемел Ақышев Отандық тарих ғылымында өз қолтанбасын қалдырған ғалым. Сонау 1950 жылдары қазақтарға археология ғылымы әрі жат, әрі таңсық кезде, ол осы ғылымды қалаған қазақ жастарының бірі болды.
Осы ғылым саласындағы қазақтың тұңғыш археолог ғалымы, ғұлама, академик Ә. Марғұланның шәкірті болды. К. А. Ақышевтың археологя ғылымындағы ерекше орын алған жаңалығына «Алтын адам» ескерткіші жатады. 1969-70 жылдары Жетісу археологялық экспидициясының жетекшісі ретінде Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданындағы, Есік қаласы маңындағы Есік өзінінің жағалауында орналасқан б.з.д. V-IV ғасырдағы сақ обаларын қазып тоналмаған «Алтын адам» қабірін ашты. Есік обаларының көлемі: диаметрі 30-90 м, биіктігі 4-15 м аралығында. Алтыншы обаны қазғанда бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған мүрделер табылды. Оба диаметрі 60 м, биіктігі 6 м болған. Ханзада қабірінен 4 мың алтын әшекей тағылған киім, қару-жарақ, ыдыс-аяқ т.б. заттар алынды. Соның ішінде күміс тостағанға түсірілген 26 таңбалы жазуы бар ыдыс табылды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасы немесе жас көсем әскербасы екенін көрсетеді.[9] Алтын адам қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналды. Оның бейнесі азаттық ескерткішіне, қанатты тұлпары елтаңбамызға енді. Ғалым өз атағын тек осы «Алтын адаммен» тарихта қалдыра алар еді. Бірақ ол тынбай еңбектеніп, көне Отырарды зерттеуге кірісті. Солтүстік Қазақстандағы қола, темір, орта ғасыр ескерткіштерін зерттеуде көп еңбек сіңірді. Астана қаласында жас археолгтардың қалыптасуына, оларға ғылыми жетекшілік жасауда талмай еңбек етті. Ғалым алғашқылардың бірі болып Есіл өзені маңындағы ескерткіштерді зерттей бастады. Бұл маңда адамдар ашель-мустьер заманында-ақ қоныстанып тас қарулар жасағанын дәлелдеді. Ежелгі тұрғындардың аңшылықпен, балық аулаумен және терімшілікпен шұғылданғанын анықтады. Қола дәуірінің ескерткіштерін б.з.д. I мың жылдықтың басы кезінде Орталық Қазақстандағы «Андронов» мәдениетіне жатқыза отырып, ол қазіргі Астана қаласы маңында да тарағанын айқындады.Бұдан басқа Астана қаласы маңында да темір дәуірінде, б.з.д. VIII-Vғасырда сақ тайпаларының ескерткіштері орналасқандығын анықтады [10].
Қорыта келгенде, К.А. Ақышев көне Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. Ол 220-ға жуық ғылыми еңбек, соның ішінде 10монография жазды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қодар Әуезхан. Тектілікке дем берген. // Тамыр 2004 №2. 126-128 бет.
2. Акышев К.А. Эпоха бронзы Центрального Казахстана. // т.ғ. кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайындаған диссертация авторефераты. Л., 1953
3. Акишев К.А. Археологическая наука в казахстане // Наука Советского
Казахстана. 1920-1960. Алма-Ата., 1960 580-594с.
4 . Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алма-Ата, 1963 9-136с.
5. Акишев К.А., Байпаков К.М. Музей археологии Академи наук. КазССР
//Вестник АН КазССР, 1973 №11. 65-67с; Солардікі; Музей археологии Академи наук Казахской ССР.// Советская археология 1975.№2.316-317с.
6. Акишев К.А. Некотрые итоги раскопок городища древнего Отрара (1971-
1975г.г). //Археологческие исследования в Отраре. Алма-Ата, 1975 5-14с;
7. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Отрар XVI-XVIII веков по
итогам раскопок 1971-1973. // Древности Казахстана. Алма-Ата, 1975 3-48с.
8. Акишев К.А., Хабдулина М.К. Из средневековой истории города Астаны. //Қазақстан музейлері. Музей Казахстана.
9. Акишев К.А. К проблеме средневековой городской культура Сары –Арки.//Степнойкрай Евразии: историко-культурные современность. Междунарнодной Евразийский форум. 3 науч. Конф. Астана,Омск, Томск, 2003 10-13с.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз