ТҮРКІЛЕРДІҢ ӨРКЕНИЕТ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ЖАЗБАЛАРЫ.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӨРКЕНИЕТ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ЖАЗБАЛАРЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада түркі халықтарының мәдениетінде жақсы зерттелген салалардың бірі – олардың жазу жүйесі, яғни әліпбиі туралы баяндалады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Орталық Азиядағы түркі халықтары руна, ұйғыр жазулары негізінде таңбалы ескі жазуларды қолданған. Ал ислам дінін қабылдағаннан кейін олар араб әліпбиіне көшті. Көне түркі жазулары ғалымдар тарапынан үш негізгі топқа бөлінеді: Енисей, Талас және Орхон ескерткіштері. Бұл жазбалардың ашылуы тек лингвистика саласына ғана емес, сонымен қатар барлық көшпенді халықтардың рухани мұрасын зерттеуге үлкен бетбұрыс болғандығы талқыланады. Түйін сөздер: Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері, руна, ұйғыр, араб жазулары, В. В. Радлов, Вильгельм Томсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Н.Галиева

Гуманитарлық ғылым магистрі, педагог-шебер, тарих пәнінің мұғалімі

Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектеп-гимназиясы,

Алматы облысы, Талғар ауданы, 041623 Қазақстан Республикасы,

E-mail: assem_er.nur@mail.ru


ТҮРКІЛЕРДІҢ ӨРКЕНИЕТ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ЖАЗБАЛАРЫ.


Бұл мақалада түркі халықтарының мәдениетінде жақсы зерттелген салалардың бірі – олардың жазу жүйесі, яғни әліпбиі туралы баяндалады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Орталық Азиядағы түркі халықтары руна, ұйғыр жазулары негізінде таңбалы ескі жазуларды қолданған. Ал ислам дінін қабылдағаннан кейін олар араб әліпбиіне көшті.

Көне түркі жазулары ғалымдар тарапынан үш негізгі топқа бөлінеді: Енисей, Талас және Орхон ескерткіштері. Бұл жазбалардың ашылуы тек лингвистика саласына ғана емес, сонымен қатар барлық көшпенді халықтардың рухани мұрасын зерттеуге үлкен бетбұрыс болғандығы талқыланады.


Түйін сөздер: Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері, руна, ұйғыр, араб жазулары, В. В. Радлов, Вильгельм Томсан


Көне түркі өркениетін екі дәуірге бөлуге болады. Біріншісі – ҮІ–ІХ ал, екіншісі – ІХ–ХІІ ғасырлар арасы.

Бірінші кезеңде саяси тұрғыдан бір орталыққа бағынған империя құрамындағы түркілер, рухани тұрғыдан – тәңіріге табынды.

Екінші кезеңде – көшпелі түркілер бірнеше шағын мемлекеттер құрды, отырықшылыққа бейімделген түркі тайпалары рухани жағынан ислам дініне енді де, түркілер ислам өркениетінің үздік үлгілерінің негізін салды.

Қай қоғамның болсын рухани мәдениетінің түп негізінде тіл тұрады. Тіл – халықтың, этностың маңызды белгілерінің бір. Түркі дәуірінде тіл өзінің даму шыңына жетіп, Еуразия континентінде қуатты әрі беделді тілдердің бірі ретінде қалыптасты.

Орыс ғалымы В.М. Носилов және қазақ зерттеушісі С.А. Аманжолов көне түркі тілдерін зерттеп, олардың Орхон–Енисей ескерткіштерімен тығыз байланысын растады. Белгілі көне әдебиет зерттеушісі Х. Сүйіншәлиев “тілдік құрылысы жағынан ескерткіш жазуы ескі қазақ тіліне мүлде жақын” дейді [1]. Өкінішке орай, Карпат пен Алтай таулары арасында орналасқан ұлы даланы мекендеген түркі халықтарының тілдік ерекшеліктері туралы толыққанды ғылыми зерттеу әлі де жоқ екені белгілі. Көшпелілер мәдениетінің жақсы зерттелген аспектілерінің бірі – олардың жазу жүйесі, яғни әліпбиі. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, Орталық Азияның түркі халықтары руна, ұйғыр жазуы негізінде таңбалы ескі жазуларды қолданған, ислам дінін қабылдауға байланысты араб алфавитіне көшкен.

Көне түркі жазулары ғалымдар тарапынан үш негізгі топқа бөлінеді: Енисей ескерткіштері, Талас ескерткіштері және Орхон ескерткіштері. Орналасқан жерлері әртүрлі болғанымен, таңбалардың қолданылуы арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ.

1. Енисей ескерткіштері — Енисей өзені маңынан, Тува, Хакас, Алтай республикаларынан (барлығы Ресей құрамындағы түркі республикалары) және Ресейдің батыс Сібірінде табылған жазулар, қазіргі кезде 150-дей шамамен.

2.Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазбалар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сырдария аймағы мен Қырғызстанда кездеседі, оның ішінде ең көп шоғырланған орын қазіргі Жамбыл облысы болып табылады. Бұл жазулардың қолданылу кезеңі біркелкі түрде ҮІІІ ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20-ға жуық.

3.Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің жағалауларынан және Ресейдің Минусинск ойпатынан табылған жазбалар осы топқа жатады. Бұл жазулардың қолданылу кезеңі ҮІІ–ҮІІІ ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 30-ға жуық. Дегенмен, ең үлкен және ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа кіреді. Бұл топтағы ескерткіштердің ішінен тарихи маңызы бойынша «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше.

Осылайша, ежелгі Түркі жазулары Сібірде, Моңғолияда, Шыңжаңда, Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейдің оңтүстігінде кеңінен қолданылған деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезең V-VIII ғғ. және ұлы дала аумағында батыс және шығыс Түркі Қағанаты, Түргеш, Хазар қағанаттары сәйкес келеді. және олардың осы кезеңдегі өмір сүру кезеңі. Сонымен қатар, қазіргі ғылыми зерттеулерде Тибет өлкесі мен Еуропа даласының ежелгі Түркі жазуының нұсқалары да белгілі.

1721-1722 жылдары Сібір аймағына барған Д.Е Мессершмидт экспедициясы руникалық жазудың кейбір элементтері туралы қысқаша мәлімет қалдырды, ал швед офицері Ф. и. Табберт-Страленберг жер аударылып Сібірде қызмет еткен, лингвистикадағы Орал-Алтай ағымының жаңа теориясының авторы, 1730ж Орхоно-Енесей жазуының бірнеше үлгілерін тапқан. Скандинавиялық руна жазуының ұқсастығына назар аударып, оны "руна жазуы" деп атады. Бұл атауға ғылыми тұрғыда дәл болмаса да, ол қолайлы болып шықты және бұл атау ғылымға енген. 1793 жылы П.С. Паллас Орхон–Енисей жазуы туралы материалдар жариялады.

Осындай алғашқы зерттеулерден кейін Орхон–Енсей жазуының ескерткіштерін іздеуге баса назар аударылды. 1818 жылы Г.Спасский "Сібір Хабаршысы" журналында жазудың бірқатар нұсқаларын жариялады. Оны Ф.И.Круг латын тіліне 1828 жылы аудара бастады. Бұл жұмысты сол кездегі көрнекті ғалымдар А.Гумбольд пен Р. Ремюза жоғары бағалады. 1847 жылы Енисей губерниясы, Минусинск округі, Шушинск болысынан М.А. Кастрен руникалық құпия жазу ескерткіштерінің жаңа түрін тапты да оны Г.Спасский 1857 жылы басып шығарды.Бұл ескерткіштің мәтіні 1859 жылы қайтадан басылды. 1887-1888 жылдары фин ғалымы Ж.Аспелин арнайы экспедицияға аттанды, Онда Енесей өзеніндегі жазуларды зерттеді. Оның материалдары 1889 жылы жарық көрді. Ж. Аспелин 1884 жылы Одессада өткен археологиялық конгресстегі баяндамасында Орхон–Енисей жазуының құпиясын ашу үшін оны оңнан солға қарай оқу керек деп шешті. Содан кейін руникалық жазудың әртүрлі үлгілерін жинау жұмыстары басталды. 1881 жылы зерттеушілер И.С. Боголюбский, ал 1885 жылы И. В. Савенков Орхон—Енисей жазуы бар көптеген тастарды тапты. Өзінен бұрынғы жазушылардың пікірін талдай келе, Н.М. Ядринцев 1885 жылы ауқымды мақала жазды. 1889 жылы Н.М. Ядринцев қазіргі Ұлан-Батыр қаласынан батысқа қарай 400 км жерде, өзен аңғарында жатқан тас ескерткіштерді тапты.

Бұл оқиға сол кездегі Лингвистикада ғана емес, барлық көшпенділердің руханиятын зерттеудегі алғашқы үлкен бетбұрыс болды. Фин (1890), орыс ғалымдары (1891) арнайы экспедициялар ұйымдастырды, басқа ескерткіштерді тапты. Осылайша түркологиялық зерттеулер түркітану ғылымның негізі қалады.Фин ғалымы Аксель Олай Гейкель мен неміс ғалымы В. В. Радлов екі атлас жасап, оларға қосымша алты жинақ шығарды.

Белгілі дат ғалымы Вильгельм Томсан 1893 жылы кездейсоқ табылған тастағы жазудың көшірмесін алып тастады және оны алғаш рет сол жылдың желтоқсанында Дания корольдік Ғылым академиясының отырысында оқылуын жариялады.

Түркі халықтарының біраз жазба мұралары біздің заманымызға араб жазуымен де жеткен. Түркі халықтарының бұл жазуды қолдануының да тарихи себептері бар. Оның алғашқы бастамасы араб мәдениетінің Қараханидтер дәуірінде ене бастауы. Араб алфавиті XI ғасырдан бастап түркі тілдерінде пайдаланыла бастады. Араб алфавитіндегі алғашқы түркі жазба ескерткіштері Юсуф Баласағұнидің «Құдатғу біліг» (1069 ж.) дастаны, Махмуд Қашғаридің «Диван лұғат ат түрік» сөздігі, Ахмет Югнекидің «Хибат ал-анбия» (XII ғ.), Насретдин Рабғузидің «Қисса ал-анбия» (XIV ғ.) атты туындылары, т.б. Махмуд Қашғаридің «Диван лұғат ат түрік» сөздігі қазіргі түркітану ғылымы үшін аса маңызды.

IX ғасырдан бастап көптеген ескерткіштер ұйғыр жазуынан араб жазуына ауыса бастады. Бұл туралы М.Қашқари өз еңбегінде ұйғырлар өз жазуларынан басқа да жазуды пайдалана бастағанын, бірақ ол жаңа жазуды көпшілігі түсіне бермегенін ескертіп өткен.

Қорыта келгенде,түркі жазба мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы – түркі халықтарының тарихы мен рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Көне түркі жазбалары – біздің ата-бабаларымыздың өркениетті, терең ойлы, жазу-сызуға қабілетті болғанын дәлелдейтін құнды мұра. Бұл жазулардың зерттелуі арқылы түркология ғылымы қалыптасып, кеңінен дами бастады. Ежелгі жазбалар тек тарихи дерек көзі ғана емес, сонымен бірге ұрпаққа рухани тәрбие беретін баға жетпес қазына ретінде маңызды рөл атқарады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Х. Сүйіншәлиев Алматы, Қазақстан баспасы, 1967. — 149 б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.00.2025
91
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі