А.Н.Галиева
Гуманитарлық ғылым магистрі, педагог-шебер, тарих пәнінің мұғалімі
Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектеп-гимназиясы,
Алматы облысы, Талғар ауданы, 041623 Қазақстан Республикасы,
E-mail: assem_er.nur@mail.ru
«Қорқыт ата кітабы» — түркі руханиятының әлемдік деңгейдегі жауһары
Бұл мақалада түркі халықтарының ежелгі эпостары мен жазба мұраларының тарихи, әдеби жалғастығы мен өзара ықпалдастығы сипатталады. «Күлтегін» мен «Тоныкөк» жырлары – сақ, ғұн дәуірінен жеткен «Алып Ер Тоңға», «Оғыз қаған» сияқты дастандардың тарихи-мәдени сабақтастығын жалғастырған туындылар ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, бұл жырлар түркі халықтарының VI–VIII ғасырлардағы қоғамдық өмірі мен рухани дүниесін шежіре ретінде баяндайды. «Қорқыт ата кітабы» оғыз-қыпшақ дәуірінің өмір салтын, поэзиясы мен наным-сенімін жеткізсе, ондағы философиялық ойлар кейінгі дидактикалық әдебиеттің, әсіресе Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки мен Ахмет Ясауи шығармаларының қалыптасуына ықпал еткені баяндалады.
Түйін сөздер: «Қорқыт ата кітабы», Қорқыт, оғыз-қыпшақ тайпалары.
Кітапта Түрік қағанаты дәуірінен сан ғасырлар бұрын орын алған кейбір тарихи оқиғалар қамтылған. «Қорқыт ата кітабы» — түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы — VII-VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық т. б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды. Ал, Қорқыт атаның өзі туралы бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә. Марғұлан төмендегідей пікір айтады: «Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады» [1].
Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт — VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан екені мәлім. Міне, сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Ал, оның тендесі жоқ күйші-композитор болғандығын халық жадында сақталған «Қорқыт ата күйі», «Қорқыт сарыны» т. б. музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір-ұстаз тұтқан.
Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, ғүмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді.
Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан секілді. Қорқыт атаның жан тебірентерлік сиқырлы күйлері, ұлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келе жатыр. Қорқытты асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты жырау деп, мазар-күмбезіне (қорым, ұйық жер, пантеон) бас ию сонау оғыз-қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, оны Қорқыт атаның күй тартатын жері деп басына күзетші, шырақ жағушы адам қойып жүрді. Қорқыт ата күмбезі шамамен ІХ-ХІ ғасырларда салынған. Қорқыт — жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпшақ және қаңлы тайпаларын басқарған данышпан кісі бейнесінде VIII-IX ғасырларда-ақ аңыз кейіпкері болған жан. Қорқыт ата жөніндегі жыр-дастан алғашта қыпшақ даласы мен Сыр бойында туып, халық эпосының дәстүрі бойынша сан ғасырлар бойы ауызша айтылып келген. Тек XVI ғасырда ғана Қорқыт есімімен байланысты бұл дастан қағазға түсірілген.
Қорқыт туралы аңыздар тарихта болған шын оқиғалармен тығыз байланысып, ұштасып жатады. Мәселен, Қорқыт есіміне байланысты ел арасында көп айтылатын сиқырлы шаһарлардың бірі — Баршынкент. Бұл қала шынында да Сыр бойындағы сол дәуірдегі ең көрнекті қала болғанын тарихшы-археологтар дәлелдеп отыр. Баршынкент – сұлудың қаласы деген сөз. Оны қазақтар соңғы кезге дейін Қыз қала деп атап келді. Аңызда Алпамыс батырдың сүйген жары Баршын-сұлу (яғни Гүлбаршын) осында тұрған делінеді. Ал, тарихшылар XII ғасырдың атақты ғалымы өз жырларын түркі, араб және парсы тілдерінде жазған дарынды ақын X.Баршынұлығының осы қалада туылып, осыңда өмір сүргенін дәлелдейді. Сөйтіп, күй атасы, жыр атасы, данышпан қарт Қорқыт ата туралы қазақ арасында ежелден-ақ сан қилы аңыз-әфсаналар кең тарағаны жақсы мәлім. Соның өзінде мұндай аңыз-хикаялардың бірқатары сол дәуірдің тарихи шындығына жақын тұрады. Енді он екі жырдан немесе он екі қаһармандық дастанынан тұратын «Қорқыт ата кітабының» өзіне оралайық. Алдымен «Қорқыт ата кітабының» қолжазба нұсқаларының табылуы, зерттелуі және басқа тілдерге аударма жасалуы туралы қысқаша айта кетелік.
Біздің дәуірімізге дейін «Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталып келген. Солардың бірі қазір Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Бұл қолжазба кітаптың мұқабасында көрсетілген аты: «Кітаби дедем Қоркут ғали лисани таифаи у огузан» яғни «Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі кітабы». «Қорқыт ата кітабының» осы Дрезден қолжазбасы он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз-намеден тұрады. Ал, «Қорқыт ата кітабының» екінші қолжазба нұсқасы Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба алты жырдан құралған, ол «Хикаят оғыз-наме Қазанбек уа ғайри» деп аталады. Мұны осы кітапханадан тауып, итальян тіліне тұңғыш рет аударған ғалым Этторе Росси болды. «Қорқыт ата кітабының» Дрезден қаласында сақталған толық нұсқасын зерттеу, Еуропа тілдеріне аудару ісі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында басталған еді. 1815 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Г. Ф. Диц бұл шығарманың бір тарауын — сегізінші хикаясын неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады.
Екінші бір неміс ғалымы Теодор Нельдеке «Қорқыт ата кітабын» неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ ол бұл істі аяғына дейін жеткізе алмады да, барлық материалдарын өзінің шәкірті В. В. Бартольдке тапсырды. В. В. Бартольд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен ондаған жылдар бойы айналысты. Сөйтіп, ол «Қорқыт ата кітабын» 1922 жылы орыс тіліне аударып шықты. Бірақ ғалымның көзі тірісінде аудармасы жарық көрген жоқ. Бұл аударма 1962 жылы академик В. М. Жирмунский мен А. Н. Кононовтың редакциясымен басылып шықты. Сондай-ақ оғыз-қыпшақ дәуірінің ғажайып әдеби ескерткішін зертгеуге А Н. Самойлович, В. В. Вельяминов-Зернов, К. А. Иностранцев, А. Ю. Якубовский сияқты көрнекті орыс ғалымдары да мол үлес қосты. Оғыздардың қаһармандық эпосын әдеби, тарихи және тілдік тұрғыдан комплексті түрде зертгеген белгілі ғалым, көрнекті түрколог X. Г. Көроғлы болды. Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухаррем «Қорқыт ата кітабының» толық текстін латын әрпімен транскрипция жасап бастырып шығарды. Бұл кітапқа қосымша ретінде шығарманың Дрезден және Ватикан қолжазба нұсқаларының факсимилесі де енгізілді
«Қорқыт ата кітабы» он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз-намеден тұрады. «Қорқыт ата кітабын» оқи отырып ғұндар мен Көк түріктер дәуірінің өзіндік салт-санасын, наным-сенімін, моральдық-этикалық нормаларын пайымдауға болады.
Ежелгі түркілер бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Оны әскери өнерге үйретуді әкесінің міндеті санаған. Ол кезде әрбір адамның азаматтық мәртебесі оны ел қорғау ісіне қосқан үлесіне қарай бағаланған. Демек, бұл жырдың негізгі тақырыбы — оғыз бен қыпшақ бектерінің бала тәрбиесі мәселесіне арналған. Оғыз-қыпшақ дәуірінің дәстүрі бойынша, он бес-он алты жасқа толған ер балалар міндетті түрде әскери өнерді үйренетін болған. Мұндай бала-жігіттерді ересектер өздерімен бірге қан майданға ертіп барып жүрген. Қолына қару ұстап, жаудың қанын төкпеген жігіттерді ешкім сыйламаған, тіпті адам санатына қоспаған. Ең жаман қасиет — қорқақтық, опасыздық саналған. Жаудан қорқып қашқандарды өз әкелеріақ қатал жазалап отырған.
Сонымен, «Қорқыт ата кітабы» Көк түріктер дәуірінің сан қилы қоғамдық-әлеуметгік көріністерін, салт-санасын, діни сенімін, ғұрпын, көркем сөз үлгілерін, ертегі аңыздарын біздің заманымызға жеткізген ғажайып туынды болып табылады. Л.Н. Гумилевтің сөзімен айтқанда, «Көктүріктердіңі өздері туралы» [2] жазған дастандары саналатын «Күлтегін», «Тоныкөк» жырлары және «Қорқыт ата кітабы» жөніндегі ойымызды жинақтай келіп, төмендегідей қорытынды жасауға болады.
Біріншіден, Түркі қағанаты тұсында жазылған «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары – одан сан ғасырлар бұрын, яғни сақтар, ғұндар мемлекеті гүлденіп тұрған дәуірде өмірге келген «Алып Ер Тоңға», «Шу», «Оғыз қаған», «Аттила», «Көкбөрі», «Ергенекон» дастандары негізінде қалыптасқан, солардың жаңа тарихи жағдайда қайта туындаған көркемдік, қисынды жалғасы болып табылады.
Екіншіден, «Күлтегін», және «Тоныкөк» жырлары — түркі елінің VI – VIII ғасырлардағы қоғамдық-әлеуметтік өмірін, түрлі түркі тайпаларының әдет-ғұрпын, наным-сенімін, өзіндік поэзиясын, тілін тарихи негізде танытатын көркем шежірелер.
Үшіншіден, «Күлтегін», «Тоныкөк» жырлары Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі кезеңде өмірге келген қаһармандық дастандарының идеялық, көркемдік, композициялық тұрғыдан ерлік эпостары ретінде қалыптасуына негіз болып қаланды.
Төртіншіден, «Қорқыт ата кітабының» оғыз-қыпшақ дәуірінің көркем сөзбен бейнеленген көне тарихын, әдебиет үлгілерін, ақындық дәстүрін, қанатты сөздерін, наным-сенімін, салт-санасын, тағы басқаларын біздің заманымызға жеткізген қаһармандық эпосы деуге болады.
Бесіншіден, «Қорқыт ата кітабындагы» философиялық толғаныстарға толы нақыл-өсиет сөздер, афоризмдер, мақал-мәтелдер т.б. бертін келе дидактикалық әдебиеттің қалыптасуына, дәлірек айтсақ, Х-ХІІ ғасырларда Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» және Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы») атты шығармаларының өмірге келуіне өзінің игі ықпал-әсерін тигізді.
Қорыта келгенде, түркі халықтарының әдеби-мәдени мұралары – олардың тарихы мен дүниетанымының айнасы. «Күлтегін», «Тоныкөк» жырлары мен «Қорқыт ата кітабы» – тек өткеннің көркем шежіресі ғана емес, бүгінгі ұрпаққа тәлім беретін рухани құндылықтар. Бұл мұралар түркі елдерінің ерлік дәстүрін, ұлттық бірлігін, даналығын дәріптеп, кейінгі әдебиет пен ой-сана дамуына негіз болды. Сондықтан оларды зерделеу – ұлттың рухани іргетасын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, «Жазушы», 1985. 135-б.
-
Қорқыт ата кітабы. Алматы, «Жазушы», 1986. 7-б
-
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. Москва, 1993. Стр. 34
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз