«Абай
дана, Абай дара қазақта» оқулары
І-жүргізуші: Құрметті ұстаздар және
оқушылар, мектепішілік « Абай дана, Абай дара қазақта» атты Абай
оқуларына хош келдіңіздер!
Сайыс шарттарымен таныс
болыңыздар. Сайыс 3 бөлімнен тұрады.
1-бөлім: «Өлең - сөздің
патшасы, сөз сарасы » (Абай, шығармаларын жатқа
айту)
2- бөлім: «Көңілім әнді
ұғады» (Абай әндерін орындау )
3-бөлім: «Жүйріктен
жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар
байқауы)
ІІ-жүргізуші:Қазақ халқының ұлы ақыны,
кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын
шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің
досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа
қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.
І-жүргізуші:-Қай елдің болса да,тәңірдей
табынып,құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой.Абайдың
сөзі-халқымыздың,ұлтымыздың ұраны.Абай-алты алаштың,иісі қазақтың
пайғамбары.
ІІ-жүргізуші: Бүгінгі сәулелі мезетте
біз ұлы тұлғамыз-Абай Құнанбаевтың құрметіне арналған кезекті «Абай
оқулары» әдеби-монтажды сыр мен сезім жарысына жиналып отырмыз.
Олай болса Абай атамыздың өмірі жайындағы слайдка назар
аударайық. «Абай өмірбаяны жайлы слайд
көрсетіледі»
І-жүргізуші:Ал, құрметті
халайық,
Жарысты енді
көріңдер.
Әділқазы
алқасы,
Әділ баға беріңдер!
-Сайыскерлердің Абай шығармаларын қаншалықты сезіне алатындығын
талқыға салатын әділ-қазылар алқасын сайлап
алайық.
ІІ-жүргізуші: – Мектеп директоры:
Амралина Құралай Айткеновна
І-жүргізуші:
– Директордың орынбасары: Асем
Батталқызы
ІІ-жүргізуші:- Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі: Арайлым Ерлановна
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі: Шолпан Қабдрашевна -
-Осымен әділ –
қазыларымызда да сайланды.
І-жүргізуші: Сайыскерлерімізге
сәттілік тілейміз!
ІІ-жүргізуші: Жүректен өлең төгіп, қосқан
жырға,
Тұлпардай топтан озған
жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, көрермен,
қол соғыңдар
Сайысқа қатысушы
тұлғаларға,- дей отырып, сайыстың «Өлең - сөздің
патшасы, сөз
сарасы» бөлімінде бақ сынайтын
сайыскерлерге кезек береміз.
ІІ
–жүргізуші: 3-сынып оқушысы Ахметов
Абильмансүрді шақырамыз.
І-жүргізуші: 8 «Ә» сынып оқушысы Мекентаева
Айша
ІІ-жүргізуші: Бөтен сөзбен былғанса
сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз
бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі
надан,
Бұл жұрттың сөз танымас
бір парасы. -дегендей бірінші кезең
сайыскерлерінің ұпайларын көрсетулеріңізді
сұраймыз.
ІІ-жүргізуші: Әсем әннен ғажап ләззатты үн
шығар,
Ойы сергек жан оны
ұғар,
Бар сезіміңді қозғар
ән-күйге
Жастар, тілімді ал, бол құмар,- деп Абай
атамыз да ән өнерін аса жоғары бағалағаны
белгілі. -
келесі «Көңілім
әнді
ұғады» кезеңіне
көшеміз.
І-
жүргізуші: Олай болса, сіздердің
қошеметтеріңізбен ортаға Абай әндерін орындайтын жас
таланттарымызды шақырамыз.
-
11 «Ә» сынып оқушысы
Нажимеден Анар
-
9 «Ә» сынып оқушысы
Қалелқызы Айзада
ІІ-жүргізуші: Әділқазылар алқасынан
сайыскердің ұпайларын көрсетулеріңізді
сұраймыз.
І-жүргізуші: Абай ағам болмаса не бедел
бар өлеңде?
Шақырмаса жолға сап, мен
өлеңге келем бе?
Қиналғанда қияға қанат
қақпай аппақ құс
Басқа біреу қол ұшын
келіп маған берер ме?- деп дүлдүл ақын Тұманбай Молдағалиев ағамыз
жырлағандай, біздің мектебімізде де ұлы ақындардың жырларынан нәр
алып, балғын жырларымен көзге түсіп жүрген жас ақындарымыз аз емес.
Ендігі кезекті «Жүйріктен жүйрік озар
жарысқанда»,
ІІІ наминациясына
қатысушыларымызды ортаға шақырайық.
1. 6 «Ә» сынып оқушысы
Картай Әлимәнсүр
2. 9 «Ә» сынып оқушысы
Бейсенбай Динара
ІІ-жүргізуші:Бойларыңда от бар екен
байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен
байқадық.
Әрқашанда осы шоқты
өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар
әрдайым,- деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын анықтау үшін
қорытынды сөз әділқазылар алқасына
беріледі.
І-жүргізуші:-Иә,бүгін сахнада өнер
көрсетіп жатқан сайыскерлеріміз Абай шығармаларын келесі ұрпаққа
таза күйінде жеткізетіндігі хақ.Сонда ұлы Абай қазақ сахарасында
мәңгілікке ғұмыр кешпек.
ІІ-жүргізуші: Абай атамыз сияқты қазақ
әдебиетін дүр сілкіндірген Мұхтар Омарханұлын атамай өткеніміз
әділдікке жатпас еді.
І-жүргізуші:Абайдың бар болмысын кейінгі
ұрпаққа шынайы қалпында жеткізген Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы»
роман-эпопеясы әлем әдебиетінің таңдайын
қақтырды.
ІІ-жүргізуші: Абай атамыз қазақ
сахарасының бұлаңдап өскен еркесі еді.Құнанбай мен Ұлжандай ақыл
иелерінен туған, Зередей дана анадан тәлім мен тәрбие алған Абай
атамыз дана болмағанда кім дана болмақ.
І-жүргізуші:-Әлем жұртшылығына Абай
атамыз ақындық жағынан ғана емес,композиторлық жағынан да
танылған.
Мен өлеңге сыйғыза алман
Абайды,
Жыр құдайы жоғарыдан
қарайды.
Көлеңкелі кеудесіне
қазақтың
Шымырлаған шуақ болып
тарайды.
ІІ
жүргізуші: Өлең-жырдың көктеткен боз
тақырын,
Анық басып, жүрдің
байқап ақырын.
Қазақ бүгін көтереді
көгіне,
Халық үшін қан жылаған
ақынын – дей отырып бүгін «Абай дана, Абай дара
қазақта» атты Абай оқулары өз мәресіне
жетті.
І-
жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар
бүгінгі «Абай дана, Абай
дара» атты Абай оқуларының қорытынды
сөз кезегін мектеп директоры Амралина Құралай Айткеноваға
береміз.
І –
жүргізуші: Сыныптағы Абай оқуларының
шымылдығын талай жанның жүрегіне үміт отын ұялатып, талай жастың
сезіміне куә болдық. Сайыскерлерімізге өнерлеріңізге нұр жаусын деп
біз сіздермен қоштасамыз!
ІІ-жүргізуші: Келесі кездескенше Қош сау
болыңыздар!