Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Әбіш Кекілбаев энциклопедиясы" хақында
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Әбіш Кекілбаев энциклопедиясы хақында
Заманауи энциклопедияның 2-ші томын қарадым. Тарихта талай энциклопедиялар болған. Ежелгі Египетте, ежелгі Гректе, ежелгі Римнен шыққан энциклопедиялардан бастап, әр түрлі елде әр түрлі энциклопедиялар шыққанын білесіздер. Қазақ елінде де шүкір, энциклопедиялар сирек те болса, баршылық. АЛ БҮГІНГІ ЭНЦИКЛОПЕДИЯНЫҢ ЖӨНІ БӨЛЕК. Энциклопедия басылымының бұрынғы сүрлеумен жазылмағанын өздеріңіз бағамдап отырсыздар.
Қазір ХХІ ғасыр. Энциклопедияға деген заманауи талап, көзқарас мүлдем өзгерді.
1. Ерекшелігі көркемделуінде. Оқырманға түсінікті, қысқа, нақты, әсерлі де қызықты болу үшін, көзге күш түсірмейтін бояулы айғақты суреттері, деректі дәлелді, қосымша мәліметтерімен берілген;
2. Көлемінің ауқымдылығында. Қазақ тарихында мұндай энциклопедия шыққан жоқ. Авторлар, шығарушы редактор жанкешті біраз дайындықпен келген. 3 томдық, әрқайсысы мың бетке таяу: 1-том-796, 2-том- 760; 3-ші томдығы әзірленуде. Құдай біледі. Айта млмаймын. Сегіз шартараптан хабарланған телегей Әбіштей бір томға сия ма?
3. Энциклопедия дегенде бұрынғы қарабайыр «А мен Я-ның» арасындағы тізбелер емес, танымдық, анықтамалық, кітаптар қоры, мұрағаттық деректер жетерлік, арасында еркін көсілулер де бар. Әдеби, тарихи, география, көркемөнер, қоғамдық саяси тақырыптар, т.б. молынан қамтылған. Бұрынғы қалыптасқан тыйым шеңберден шығып кеткен;
4. Жеке ғылым саласындағы (салалық энциклопедия) ғылыми басылым деп те атауға болады. Белгілі бір тақырып бойынша білім топтастырылып, яғни «Әбіш Кекілбаев шығармашылығы» хақында аспатөк мағлұматтар жинақталған. Әбіш-шапағаты мол адам еді. Соның да әсері болғанына шүбә жоқ. Маңдайалды ғалымдардың ғылыми пікірлері, онымен қанаттас еңбек еткен және жастық – студенттік шағын бірге өткізген айналасының бәрі күнделік жүргізген адамдар. Жазушылар: Ә. Сарай, Мұхтар Мағауин, О. Сәрсенбаев, А. Сүлейменов, С. Әбдірахманов, Қ. Көшербаев, С. Назарбеков, Ж.Мұқанов күнделіктері - баяғы көркем де келісті күнделіктер. Әбіштің жастық шағын мөлдіретіп жайып салып тұрған жоқ па? Кезінде барлығы хатқа түскен. Ол жағынан Әбіш ағам бақытты;
5. Қанша жақсы еңбек болғанымен, тақырыпты 100 пайыз қамтымайды. Энциклопедияға қойылатын талаптар бар. Баспа мүмкіндігі де шектеулі. Соған қарамастан, авторлар Ә. Спан, Ғ. Әнес, Л. Сәдуақасұлы жанын салған;
6. Қаламгер қызметінің әр саласынан анық мағлұмат беретін материалдар іріктеліп алынған. Шығармалары хронологиясы сақталып, құрылымды жүйемен жылдар бойынша топтастырылған. Ол материалдар алфавит тәртібімен орналастырылған. Еліне, мемлекетке, туған жеріне ерекше қызмет еткен «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, жариялауды Елбасы ұсынған. Сол негіз - мемлекеттік бағдарламаға сүйеніп, авторлардың тынымсыз жұмыс жасағаны анық аңғарылады, ол 4-5 жылдың жұмысы емес. Бұл – мазмұны тағылымды әмбебап энциклопедия. Тарихта болған энциклопедиялар авторлардың сүзгісінен екшеліп, жіті көз жеткізгендігі байқалады;
7. Қазіргі кезде үрдісте энциклопедиялар жаңа материалдармен үнемі жаңартылып отырады. 1-ші кітаптың алғысөзінде беріпті ғой, заманауи энциклопедия деп. Дұрыс. Интернеттің мол мүмкіндігін де пайдаланған. Әр кездегі облыс басшылары да үлесін қосқан. Жақсы! Қарымды қаражат болмаса, қайдан?! Жалпы алғанда, бұл энциклопедия - ғасырдың жұмысы. Ғасырдың сұранысын толық қанағаттандыра алған озық еңбек деп тануға әбден болады.
«...Еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет», деген Елбасы талабына сәйкес, олардың халық санасындағы бейнелерін мәңгілік қалдыру үшін, әдеби-мемориалдық ескерткіштерді көбейтіп, төл тарихымызды тың мәліметтермен толықтырып, ғылыми, мәдени, әдеби айналымға ендіру – күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Әсіресе, тарихи тұлғалардың тағылымына тәуелсіз ой-сана тұрғысынан қайта қарап, олардың ұлт руханиятындағы қадір-қасиетін бағалау бүгінгі ұрпақтың борышы болса керек. Сол тұрғыдан келгенде, Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы толық жауап бере алады.
Бүгінгі мінбедегі осы сөйлеуді пайдаланып, кітапты шығарушылардың қаперіне мына жайларды бергім келеді:
1-ші кітаптың 16-бетінде жазушының алғашқы туындысы «Алтын шуақ» берілген. Оған дейін де оның көптеген өлеңдері мен әңгімелері, қысқа хабарламалары 1954-1955 жылғы «Сталин жолы» газетінде басылған. Зерттеулерде қазақтың ақын-жазушыларының бала кезіндегі алғашқы өлеңдері беріледі. Мысалы, С. Торайғыров алғашқы өлеңін 4 жасында, Шәкерім 7 жасында, ал Абай, Махамбет 10 жасында жазған. Ал Ә. Кекілбайұлының 10 жасында жазған 20 жуық туындылары энциклопедияға неге енгізілмеген?! Ол бала Әбіштің ақыл-ойының жемісі, бұлақтың бастау көзі. Аз тиражбен шыққандықтан, сіздердің қолдарыңызға тимеген сыңайлы. Мына кітапқа: «Қаламгер құпиясы мен шығарма шырайы» жариялап едім. Ұсынысым-осы бала кезінде жазған еңбектері енгізілсе;
2-ші кітаптың 32-бетінде жазушының әулеті берілген. Осы әулеттің ішінде Теңге шешем жоқ. Мүмкін, 3-томға енетін шығар, бірақ лайықты, дұрыс орыны-32-бет. Үйірінен қалып қойып тұр. Осы адам ұмытылмаса екен деймін. Себебі бұл адам -Әбішке аталары жөнінде 65 пайыз жанды деректерді беруші және шығармаларындағы күрмеуі қиын шешімін кез келген адам таба алмайтын ел мен елдің, жер мен елдің арасындағы бітімгер әңгімелерді шебер жебеуші. Суреткер өз арғы төркінімді танытқан кісі деп қастерлейді. Ол туралы былай деп еске алады: «Жақын шешем - Теңге деген кісі. Атамыз жер ауып кетті... екеуміз каникулда ана ауылды, мына ағайынды түйеге мініп алып аралайтынбыз. Жол бойында айтатын әңгімесі-біздің бабалардың кім болғаны, олардың қайсысынан кім қалғаны, қандай жағдай болғаны, ол өзінің жанға айта алмайтын ел ортасында жүргендегі әңгімесін айдалада кетіп бара жатқан бала маған айтатын».
Теңге бейіті Форт Шевченкодағы Иса-Досан ескерткіші тұрған жалдың астында. Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің әдебиетке қызығушылығын оятқан күтуші тәрбиешісі Арина Радионовнаны ақынның өзі өмір бойы қастерлеп өткен. Қарапайым ғана шаруа әйеліне орыс елі аса құрметтеп ескерткіш қойды. Біздің Теңге шешеміз де содан артық болмаса кем емес. Бала Әбіштің ол –қазақ тілінің барлық бояуы мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін, аталардың басынан өткен қияметті қилы заман, ұшан теңіз аңыз-әңгімелерін құлағына құйған ерекше орны бар жан екенін ескерткім келеді. Құйма құлақ баланы рухани нәрлендіруші.
2-ТОМ 40 - БЕТТЕ Совет үкіметіне бағынбай өткен Бағдабай жақсы енгізілген. Компьютерде терілуде баспадан баласының атын атауда 1 әріпке қате кеткен. Басқа еңбектерден де осыны байқаймын. Артында қуғыншы қылшылбыры бар Бағдабай байыз тапай, Түрікмен жерінен Иранға өтеді. Екеуінің арасын Қызыл Этрек өзені бөліп тұр. Басында болдым. Шығыс әңгімелерінде айтылатын Иран бақ дәл осы жерде. Өзеннің жағасында жайқалып, қызыл гранат-кәдімгі анар жемісі өскен. Анардың қызылы күн сәулесімен шағылысып, өзен суының бетіне түсіп, қып-қызыл болып тұрады. Сондықтан өзен Қызыл Этрек атанған. Қазақтар Ертерек атаған –Бағдабай ұлы Этрек осы өзеннің жағасында туған. Есім балаға осы өзеннің құрметіне қойылған. Біздердегі-Еділ, Жайық сияқты. Жанында Бағдабай шоқысы бар. Дұрысы-Этрек (Етрек).
2-том, 363-бетте Бопай ханым моласын іздеу. Әбілқайыр ханның жерленген жері мен суреттері берілген. Оған қатысты мына мәліметтерді қосар едім:
Ғылыми жетекшілерімнің талабы бойынша, жерді аяқтай барып, көруге тура келді. Ақтөбеден Тұзтөбеге жетуге болады. Тұзтөбе-Маңғыстаулықтарға жақсы таныс. «Орынбор, Тұзтөбенің тұзын көрсең»..., - деп келетін өлең жолдарында аталады. Тұзтөбенің көлі қазір үлкен үш бөліктен тұрады. Ірі бизнес орны. Емделушілерге жағдай жасалған. Қолшатырымды ұмытып кетіп, 500 теңге төлеп, қайта кірдім. Ең сапалы тұз осында. Құяңы күштілері тұзы мен балшығы көбіне түседі. Ал ауруы енді басталып келе жатқандары тұзы әлсізіне түседі. Бұл өндіріс орнын зерттеген-орыс ғалымы- Петр Иванович Рычков. Ол жөнінде қаламгер жазған. Жағасында оған қойылған ескерткіш пен тақта бар. Осы Тұзтөбеден 70 шақырым қашықтықта, оңтүстікке қарай, Орал облысының Шыңғырлау ауданымен шекаралас жерде әскери полигон бар. Ханым осы полигон аясында жерленген. Жанында Бопай сайы бар. Сайға қатысты алуан әңгімелер айтылады ел аузында. Кітапқа беруге суреттерін әкеліп тұрмын.
3-томда кейіпкерлерге тоқталады деп ойлаймын. «Үркер», «Елең-алаң» романдарының антқа ұсталатын аянышты кейіпкері Ералы ханның қылышы сақталған. Ресей тарихында суық қарумен марапаттау дәстүрі болған. Бұрын Әбілқайыр ағаммен осы қылыштар туралы мақала жазып едім. Солар менде сақтаулы: 2 қылыш-құнды жәдігер. Оның қазіргі иесі - Қазақстан. Сол мұраны елге қайтару - біздің елдің міндетті жұмысы.
2-томда Қара батырдың өмірі, оған қоса деректер
берілген. Бейітінің суреті бар. Маңында бірнеше шыңырау құдықтар
бар. Есболай көлі дәл осы жерде. Кезіндегі Есболай көлі – қазір
Қараның соры деп аталады. Маңайының барлығы алып жатқан сор, мол су
болған сыңайлы. «Есболай екі үй
екен ере келген,
қалғаны қар
кеткесін жаз келіпті»,-деген жолдардағы Есболай - Қараның атасы.
Тарихи тұлғалардың негізгі табаны-Қаракөл-Қарабау. Олар
Маңғыстаумен аралас-құралас. Адайдың атақты батыры ер Төлеп -
Қараның да, Табылдының да қызын алған күйеу
баласы.
Ә. Кекілбаев шығармашылығын қорғауда оның теориясы мен әдістемесі қатар жазылды. Ізденушілер тек теорияны ғана қорғайды. Менің бір ғылыми жетекшім-ғалымдығының үстіне, оқулықтардың авторы еді. Олар ұрпақ қамын ойлаған шын ғалымдар болатын (Серік Мақпыров, Қансейіт Әбдезұлы). Менен негізгі оқиғалардың орнын қалайда көзбен көріп, оқушыларға түсіндіру оңай болу үшін, кейбірінің әдістемесін теориясымен байланыстыра қатар жасауды талап етті. Соның нәтижесінде, қаламгер шығармашылығына қатысты түсіндірмелі 80 плакаттар-сериясы жасалып, «Өлке» баспасынан жарыққа шықты. Оның 40 данасы - плакат. Қалған 40-ы «Әбіш Кекілбаев және замана шындығы» тақырыбындағы кітапқа енгізілді. Осы плакаттар ішінде сіздерге қажетті нәрселер көп деп есептеймін. Барлығын енгізу керек деп айтпаймын. Кейбірі енгізілсе, құдықшы Бейнеубай, оның қызметі, құдықтары, ұрпақтары, Нәдіршах өміріне қатысты тың мәліметтер, Қобылан Зоранов өміріне қатысты бірталай мәліметтер қамтылған және бір жерден таба алатын мүмкіндіктер бар. Қазір уақыт тығыз, барлығын айтып тұра алмаймыз. Сондықтан кейбірін жазып алып келдім. Керектілерін аларсыздар.
Алдағы уақытта 3-ші том жарыққа шықпақшы. Тағылымды, құнды кітаптың жарыққа шығуына сәттілік, авторларға бас амандығын тілеймін.
Ж. Дүйсенбаева, филология ғылымдарының докторы