«Адамгершіліктің шуағы сөнбесін»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Адамгершіліктің шуағы сөнбесін»

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың бойында ең маңызды адамдық қасиеттерді – адамгершілкті, аяушылықты, төзімділіекті, мейірбандықты, шыншылдықты, ар, ұятты, намысты асыл қасиеттерге тәрбиелеу; түзету- балалардың ойларын анық, толық жеткізе білуге, тіл байлығын дамытуға, өзіндік ой айтуға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Адамгершіліктің шуағы сөнбесін»

Мақсаты: адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау.

Міндеттері: білімділік- сабақ уақытында алған білімдерін кеңейту, жатқа айта білуге дағдыландыру; тәрбиелік - балалардың бойында ең маңызды адамдық қасиеттерді – адамгершілкті, аяушылықты, төзімділіекті, мейірбандықты, шыншылдықты, ар, ұятты, намысты асыл қасиеттерге тәрбиелеу; түзету- балалардың ойларын анық, толық жеткізе білуге, тіл байлығын дамытуға, өзіндік ой айтуға дағдыландыру.

Көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат,нақыл сөздер, кемпірқосақ суреті, күн, бұлт суреттері, үнтаспа.

Нақыл сөздер: «Адамгершілік-асыл қасиет», «Адамның адамшылығы –ақыл, ғылым, жақсы тәрбиешіден болады»

Музыка ойналып тұрады.

- Балалар сабағымызды бастамас бұрын көңіл -күйімізді көтеріп алайық. Әркім өзінің есімін айтып, сол есімнің ішінен кез келген әріпке өзінің жақсы қасиетін айту керек. Балалар айтып шығады.

Айсұлу: Мен ұялшақпын. Ұялшақтық та жақсы мінез деп ойлаймын.

Тәрбиеші: Олай болса, балалар бүгін бізде ерекше күн, ашық тәрбие сағатымызға қадірлі қонақтар келіп отыр. Бүгінгі «Адамгершіліктің шуағы сөнбесін» тақырыбында өтетін тәрбие сағатымызға өз ой- пікірлеріңді айтып, ой түйіндеуге атсалысады деп үлкен үміт артамын.

Мына күнге қараңдаршы! Осы жарық күнді біз мейірман шуағын төгетін тәрбиешіге теңейік. Бірақ күніміздің бетін жартылай бұлт басып тұр. Яғни, бұл тәрбиеші жүрегіндегі көлеңке сезімі. Сондықтан күннің бетіндегі бұлттарды ашып тәрбиеші көңілін сергітуіміз керек. Ол үшін әр бұлтта берілген тапсырманы бұлжытпай орындау керек болады.

Бірінші бұлт тапсырмасы. «Білегі күшті бірді жығар,білімі күшті мыңды жығар» дегендей нақыл сөздер, тақпақ , өлеңдер айтып беруіміз керек.

Айсұлу: Сабыр деген әр іске шыдамдылық

Қатты керек адамға бұл бір қылық

Қолы жетпей талай жан ызаланады

Осыдан кеп шығады адамшылық.

Күнсұлу: Өтірік айтып жағынғанша

Шыныңды айтып жалын

Катя: Ар демек адамшылық намыс деген

Арың кетпес жағыңа қарыс деген

Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу

Сөз емес күншіл болып алыс деген.

Лида: Еңбек етсем ертеңгі

Бақытыма сенгемін

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін

Ақбота: Достық іс пен қасты да

Жеңеріме сенемін

Ақыл, сана, біліммен

Өнеріме сенемін

Абыройлы ақ ниет

Адалдыққа сенемін.

Мерей: Әдептілік ар ұят

Адамдықтың белгісі

Тұрпайы мінез тағы жат

Надандықтың белгісі.

Диана: Ақылы бар баласың

Айтқан тілді аласың

Намысты боп өссең сен

Нағыз адам боласың!

Бірінші бұлттан балалардың білімділік қасиеттерін байқадық.

(бір бұлт алынып тасталынады)

Екінші бұлттың тапсырмасы. Сұрақтарға жауап бер.

Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (бәйшешек)

Қазақша жыл басы қай айда және қай күні? (22 наурыз)

Басты байлық не? (денсаулық)

12 ай? (бір жыл)

Ұлыс күнде жасалатын тағам? (наурыз көже)

(екінші бұлт алынады)

Тәрбиеші: Өнері бардың ары таза, ожданы биік болатынына ешқандай күмәніміз жоқ. Сендердің өнерге жақын боп, нәзік жүректі сезімтал боп өсе берулеріңе тілектестік білдіре отырып, бәріміз бірге әуелете ән шырқап жіберелік.

Ән. «Бір тілек»

Кеспе таратылады. № 1. Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы келмейді.Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал, сен істер едің?

2.Бұзық бала қараторғайдың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарып жатыр. Сен оған қандай ақыл айтар едің? № 3.Өзіңнің жеке пайдаң үшін жалған сөйлер ме едің? Осы қасиет неге апарып соғады.

Біз қолайсыз жағдайлардан түзу жолмен өтерін байқадық.

(Үшінші бұлт алынады)

Сергіту сәті. Би. «Қара жорға»

Ойын. Дайын қағаз бетіне әп- сәтте өз көңіл күйлеріңді бейнелі суреттер арқылы бейнелесін.

Азды- көпті ойларыңды, ішкі жылы сезімдеріңді жақсы көрсете білдіңдер!

(Төртінші бұлт алынады)

Би. «Аққу»

Тәрбиеші: балалар, ең соңғы бұлтты ашу үшін сөзжұмбақты жасырамын. Бұл сөз сендердің бүгінгі сабағымыздан не үйренгендеріңді қорытындылайды.

«Аманат» сөзі жасырылады.

Осы қасиеттердің ішінде имандылықтың бір ерекшелігі-аманатқа қиянат жасалмайды. Аманат дегеніміз- ата бабамыздан келе жатқан өте қасиетті әдет, дағды, яғни біреудің тапсырылған тапсырмасын уақытылы орындау.

Балалар, мінеки күніміз жарқырап шыға келді. Ашылған бұлттың соңында әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық. Кемпірқосақ жеті түстен тұрады. Ендеше сөз кезегін сол түстерге берейік. (балалардың мойнында жеті түрлі галстук болады)

Айсұлу: Әр күнді жақсы ойлар ойлауменен бастаңдар.

Күнсұлу: Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпенойлай жүр.

Мерей: Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, күлдірткеніңді аз да болса еске түсір.

Настя: Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

Катя: Ән тыңдағанды әдетке айналдыр, жаныңды жадыратар.

Лида: Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

Диана: Қыз балаға тән ар мен намысты ойлай жүр.

(Бесінші бұлт алынады)

Тәрбиеші: Жақсы рахмет балалар. Енді осы тәрбие сағатымыздан қандай әсер алдыңдар? Несімен ұнады? Қорытындылайық.

Балалар сөзі

Бүгін үйрендім...

Білдім...

Есімде қалды...

Жадымда сақтадым...

Әрдайым есімде ұстаймын...

Болашақта қолданамын...

Өмірімде қажет деп есептеймін...

Тәрбиеші:

-Шыда, шыда!

Шыдай түс, шыда тағы

Шыдамдыны мына өмір ұнатады

Үміттің құлан иек құла таңы

Әйтеуір бір атады, бір батады

Өкінбе, өкпелеме бүгініңе

Өмір өмір болмайды түңілуге

Мәңгі сені жазбаған түңілуге

Қайта тұрып қақың бар жүгіруге –дей отырып, барлығыңның бойыңнан адамгершіліктің асыл қасиеттері ар-ұят, намыс, адалдық, достық, татулық, мейірімділік, шыншылдық, сенімділік бола беруіне тілектеспін. Адамгершілік деген сөздің әрбір әрпінен күн сәулесәндеә шуақ шашып тұрғандай. Мен сендердің бойларыңда осы қасиеттердің болуын тілер едім. Оған сендер лайықсыңдар! Қатысқандарыңа, рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2021
321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі