«Әулиекөл ауданы білім
бөлімінің
№2 Құсмұрын жалпы білім
беретін мектебі» КММ
Ахмет Байтұрсыновтың 150
жылдығына орай
«Қазақстанның болашағы қазақ
тілінде»
пікірталас
6-А
сынып
Өткізген:Жантлесова
М.Х.
2021-2022 оқу
жыл
Күні: 29 қыркүйек 2021
жыл
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың
150 жылдығына орай «Қазақстанның болашағы қазақ
тілінде»
пікірталас
Мақсаты: мемлекеттік тілді құрметтеуге
, қазақ тіл білімінің негізін салушы, мемлекет қайраткері – Ахмет
Байтұрсынұлының тілді түрлеген ғалымдығын, қысқа ғұмырын халқына
арнаған дарабоз дарын иесі екендігін сезіне білуге, оның
шығармаларын сүйсініп оқуға тәрбиелеу
Түрі: пікірталас
Көрнекілігі: А.Байтұрсынұлының портреті,
бейнефильмдер
Барысы:
Бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет
Байтұрсынсұлының рухы мен бізге қалдырған ұлы мұрасына арналған.
Ахмет Байтұрсынұлы-дарабоз дарын иесі, бір басында асыл
қасиеттері тоғысқан ұлы тұлға.Өткенсіз бүгін жоқ. Саналы ұрпаққа
тарихты білмеу ұят. Өткеннен беймағлұм елдің келешегі күңгірт.
Болашағы нұрлы елдің ертеңі-сендерсіңдер. Ендеше бабалар рухына бас
иіп, келешекті болжап, ғасырлар көшіне жіті көз
салыңдар. Сонда ғана елім деген ұрпақ қалыптасады. Ахмет
Байтұрсынұлының тағдыры-қиын, бірақ кісі қызығарлықтай. Ғұмыры ащы
арманға толы, алайда адамзатқа өнеге боларлық
ғұмыр.
«Ахмет Байтұрсынов - ұлт
ұстазы» бейнефильм
Ахмет Байтұрсынұлы ашқанг
қазақ мектебі, ол түрлеген ана тілі ол салған әдебиетіміздегі
елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газеті, «Оқу
құралы», «Әліппе кітабы», «Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш» сияқты
еңбектері қазақ баласының өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған
қайраты болып табылады. Енді кезекті Ахмет Байтұрсынұлының
өлеңдеріне кезек береміз.
Ахмет Байтұрсынұлы
«Адамдық диқаншысы», «Анаға хат»
өлеңдері
Білім нәрін сеуіп, оқу-ғылым
жолын бағыттаған ұлы ағартушы-педагог, әдіскер-ғалым Ахмет
Байтұрсынұлының ширек ғасырға жуық ғұмыры ұстаздыққа, бала оқытуға
арналған.
«Ахмет Байтұрсынұлы
-адамдық пен білім диқаншысы» адалдық
сағат
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ
халқын білімге, оқуға шақырған және «Қазақстанның болашағы қазақ
тілінде» деген ұғымға сенген. Осы тақырыпқа пікірталас ұйымдастырып
көрейік.
1
оқушы:
Қазақстан - өз ұлты, халқы,
діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар іргелі ел. Қазаққа
тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас
қанат, мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Қазақ халқы
-ертеден өз дәстүрін, өз мәдениетін, өз тілін, өз ұрпағын қадірлеп,
қастерлеп келеді. Көненің көзі болған, елдің ұйытқысы болып,
қаймақтай ұйыған,туған тілді қадір тұтқан, ағаларымыздың қазақ
әдебиетінде орны бөлек, әрі зор. Ал ұлт қазынасы болған,
халық санасыздығын жойған, білімдіні шыңға шығарып, «Қазақ» деген
сөзді қанға құйған ол әрине- тіл. Ұлт тілі, қазақ тілі, халық
тілі!
2
оқушы:
Ел басына күн туғанда
даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын,
тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі
жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай
Қазақ халқының үнін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса
іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау
өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп
жармады.Жауын өткір тілмен торғайдай тоздырып, тарыдай шашып,
ірімшіктей іріткен, қайсар рухпен -қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың
қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың
даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан-
Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл
мұрасы.
3
оқушы:
Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы,
жан дүниесінің айнасы.Ол қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі,
құдыретті. Міне сондықтанда ұлттың болашағы - оның ана тілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай
отырып-«Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен
қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Ана тілі – тағдырдың
басымызға жазған тылсым күші. Ол- ең ұлы , тамаша тіл. Қазақ
тілі - мемлекеттік тіл. Осыдан кейін өркениетке құлаш ұратын елдің
өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі
қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты
сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз,
өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Сондықтанда бұл -қазіргі, көкейкесті мәселенің бірі. Шындығын
айтсақ, тәтті өтірікті айтқанша, ащы шындықты айтқан дұрыс болар.
Себебі елдің ертеңгі тұтқасы бүгінгі
жастар.
4
оқушы:
Кейбір дүкендер, жұмыс
бөлімдерінің тақтайшаларындағы сөздер, сонымен қатар ресми
құжаттарда қарапайым «Қазақстан» деген сөздің теріс жазылуы.
Бұл үлкен қателік. Қазақ тілін біле тұра өзге тілде сөйлеу ол
бүгінгіге сән, кешегіге ұят нәрсе болған. Тарихқа үңіле отырып:
«Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ
бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген
әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Ал осыған қарап жас
ұрпақтың бойына , ойына түзері көп.Солай дей тұра қазіргі
күні қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыруға үлкен жұмыс
жасалынуда. Бұл ана тіліміздің кішкентай болсын бүршік жарғанының
белгісі.
5
оқушы:
Кез келген мемлекет өз
шекарасы шеңберінде көп этносты мәдениеттің әр текті сипатына
қарамай, өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастыратыны сөзсіз. Ал
ұлттық мәдениеттің өзегі — ұлттық тіл, ол халқымыздың
тәуелсіздігінің тұғыры! Әдебиеттің де, тарихтың да белгілі тұлғасы
әрі сыншысы Ахмет Байтұрсыновтың биыл тіл жанашырының 150
жылдық мерейтойы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс
келген бұл тіл жанашырының мерекесі себептен себепсіз болуы мүмкін
емес.Біз жалпы ұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді,Мәңгілік тілді басты
бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға
айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы
Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік
Ел, Мәңгілік тіл - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат
көзі. Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел,
Мәңгілік тіл! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы
құндылығы.
«Қазақстанның болашағы
қазақ тілінде! Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін еш уақытта
ұмытпайық!» деген сөздермен пікірталасты
аяқтайық.