Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
АХМЕТТІҢ МЫСАЛДАРЫ - ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
У.Т. Жолшибекова
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп- лицейдің қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
АХМЕТТІҢ МЫСАЛДАРЫ - ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Аңдатпа: мақалада Ахмет Байтұрсыновтың жалпы білім беретін мектептерде оқытылып жүрген мысалдарының тәрбиелік мәніне талдау жасалынған.
Тірек сөздер: мысал жанры, бала тәрбиесі, тәрбиенің алтын діңгегі, жақсы мінез-құлық, тәлімдік ойлар
Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте бастан мән беріп, ұрпағының бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан. Баланы тәрбиелеуде жан-жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп қалыптастыруды әуел бастан ескергендігіне көз жеткіземіз. Дүниеде ең маңыздысы – «артта қалған із» екендігін айтып, «ұрпағымен мың жасайтынын» жақсы білген. Сондықтан да бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, ертегі, аңыздары, мақал-мәтелдері, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары - барлығы да айналып келіп тәрбиеге тірелген. Ал заманынан озық туған кемеңгер Абай ақын болса:
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
− деп, өлеңмен өрнектеп, перзент сүю – адамзат тарихымен бірге жасасып келе жатқан ең керемет құбылыс әрі баға жетпес байлық екендігін паш еткен. Өйткені, бала − өмірдің сәні, отбасының шаттығы.
Есімі мен еңбегі баршаға мәлім, ғалым, ағартушы, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы да де осы тақырыпты ең өзекті санап, тәрбиеге көп мән беріп, өз еңбектеріне арқау еткен.
А.Байтұрсынұлының еңбектеріндегі бала тәрбиесі жөнінде, осы аралықта қаншама заман өтсе де еш құндылығын жоғалтпаған, керісінше жас ұрпақтың дамуына керек рухани қажеттіліктерді беріп отыр. Шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Шығармаларың негізгі қайнары - халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтқан. Жеке тұлғаны оқу мен өнерге, мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеуде аса бағалы, бай қор - қазақ фольклорына ерекше назар аударған. Ұлы ағартушының істеген ісі мен шығармаларынан бала тұрғысынан қалыптастыру мен тәрбиелеуде қазақ отбасының тәлім аларлық ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергендігін көреміз. Қазақ халқының санасын ояту, жүрегіне, сезіміне әсер ететін шығармаларды іздегенде Абай тапқан соқпақ - орыс әдебиетінің үлгілерін пайдалану, аударма жасауды таңдаған. Жаңа өлеңдік форма-мысал арқылы әлеуметтік санаға ықпал ету мақсатында аудармаға ден қойды. Мысал-оқиғалы, адамға сабақ болар өсиеті бар шығарма. Мысал өлеңде ақын жануарлар, құстар, өсімдіктер арқылы адамға тән қасиеттерді көрсетеді, сол арқылы адам бойындағы жаман қылықтарды, кемшіліктерді сынайды. Аударған мысалдарында айтар ойды бірде тұспалдап берсе, бірде ашық әрі өзіндік қорытынды тұжырымын жасап отырды. Мысалдарды қазақ тұрмысына ет жақын суреттермен бергендіктен, халыққа төл дүниедей әсер етті. Жазған мысалдың астары тұнып тұрған тәлімдік ойларға толы болды. Әлеуметтік - қоғамдық жағдайларды меңзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тұшымды, ғибратты ойлар топтастырылған. Адам бойындағы тәккаппарлық, менмендік, өзімшілдік, т.б. мінездерден аулақ болу керектігін айта отырып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керектігін ғибрат етеді. Мысалдарын тақырып жағынан: еңбек пен бірлікке, ұйымшылдыққа баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін мысалдар деп қарастыруға болады. Болашақ ұрпақтың ақыл-ойын дамыта отырып, жеке тұлғаның бойына адамгершілік, жақсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Бала тәрбиелеуде қазақ отбасының тәлім аларлық ең жақсы дәстүрлерімен ұштастыра отырып, қазақи нақышқа сай байланыстыра білді.
Жалпы білім беретін мектептерде А.Байтұрсынұлының шығармаларынан көбінесе мысал жанры оқулыққа енген. Атап айтсақ, «Аққу, шортан һәм шаян», «Өгіз бен бақа», «Қара бұлт», «Егіннің бастары». Мысал жанры арқылы Ахмет Байтұрсынов бүкіл ағартушылық еңбегінің негізгі сырын, әлеуметтік тенденциясын айқын ашып береді. «Қара бұлт» мысалы арқылы «мақтаншылық», «қуыс кеуде», жұмыстың жөнін ретін таба білмейтін, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмайтындарды, жатып ішер болуға әдеттенген, өзінің не істей алатынын, несі жоқ екенін жақсылап айыра алмайтындарды анық көрсетеді. Осы жерде қорытынды жасай кететін болсақ, мұндай балалар қазірдің өзінде де кездесіп отырады. Олар әке-шешелерінен көмек күтіп, ата-анасына сеніп, таңнан кешке дейін отырудан тайынбайтындар кездессе, керісінше бос уақыттарында пайдалы іспен айналысып , ата- аналарынан көмектерін аямайтын, мейірбан балаларды да жиі кездестіруге болады. Осы әңгіме арқылы мектеп оқушыларына жақсы мен жаман, қайымдылық пен қатыгездік, еңбекқорлық пен жалқаулық, кішіпейілдік пен менмендік туралы біраз мағлұматтар беруге болады. Жақсы мінез-құлықтың адамның сана – сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жан-жақты талдауға болады. Барлық мысалдар оқушының оқуына, түсінуіне жеңіл, түсінікті тілмен жазылған және үлгі аларлық тәрбиелік мәні өте зор мысалдар. Мен мектепте сабақ беріп жүрген мұғалім болғандықтан, А.Байтұсынұлының бір сабағын ұсынып отырмын.
Мысалы: 5- сыныпта Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. «Әке өсиеті. Ахмет атаға хат» түрінде беріледі. Осы сабақта оқу бағдарламасына сәйкес қол жеткізілетін оқу мақсаттары: мысал-өлеңіндегі кейіпкерлер іс-әрекеті мен образын өмірден мысалдар келтіре отырып, образын ашу, көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу. Оқушыларды адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, жақсы, жаман әдет - қылықтарды ажырата білуге бағыттау. Сабақтың тақырыбын оқушылардың өзіне ашқызу үшін оқушыларға суреттер ұсынамын. Суреттер: егін даласы, бидай. Оқушыларға түрткі сұрақтар қойылады: «Балалар, суреттен нені байқадыңдар?» Оқушылардың жауабы: «Бидайды». Мұғалім: «Сендер бидай туралы қандай мәлімет білесіңдер?» – деп, тақырыпты оқушыларға ашқызамын. Бидайдың бүкіл әлемдегі негізгі азық көзі болып табылатындығын, азық-түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген бағалы қасиеті бар екендігін, оның ішінде бидай дәні аса құнарлы да қуатты азық екендігін айтады. Сонымен қатар, бидайға қатысты қандай мақал-мәтел білетіндерін сұраймын. Оқушылар: «Арпа,бидай ас екен, алтын, күміс тас екен»,- деп, білетін мақал-мәтелдерін де айтып жатады. Қазақстанның қай өңірінде бидай өсіріледі. Оқушылар: Батыс, Орталық, Шығыс, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсетіндігін де айтады. Мұнда басқа пәндермен бірге қатар жүретін тақырыптың ортақтығы мен пән аралық байланыс қоса жүріп отырады. Тыңдалым алды тапсырма осылай жүргізілген соң, аудиотаспадан «Егіннің бастары» мысалын тыңдатамын. Өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқыту, тақырыбын анықтап, яғни онда қандай мәселе сөз болып отырғанын айтқызу, шумақтағы негізгі ойға талдау жасатамын.
«Сұрақтар жаңбыры» әдісі қолданылады. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойылады, оқушылар мәтіннен тауып оқиды.
1. Баласы мен әкесі қайда барды? ( Егін еккен жерге барды)
2. Бидайлар қандай болып тұр? ( Бастары дәнге толы, тағзым етіп тұрды).
Олар неге тағзым етіп тұрды? Оларға Алла Тағала дән берген үшін.
3. Бала неге таңданды? (Жалғыз бір бидай көкке қарап тұрғанына).
4. Ол әкесінен не туралы сұрады? (Соншама бұл бидайдың дәні көп пе,неге басқаларына қарағанда ол басын көкке қарап тұр,басқаларды менсінбей тұр ма?)
5. Әкесі не деп жауап берді? (Түрін қарап таңданба оған,өзгесі төмен қарап бүгілгенге, басқаларынан кем екен деп ойлама)
6. Бидайдың иілуінің себебін қалай түсіндіреді? (Оның себебі ол Аллаға тағзым етіп,оған дән берген үшін ,ол кішірейіп тұрғанға қарағанда дәнге толы,сондықтан ол ауыр болғандықтан иіліп тұр.)
7. Автор әке мен бала диалогында қандай тұжырым жасайды? (Тауып оқиды)
Г) Өлеңнен жаман қасиеттер мен жақсы қасиеттерді теріп жазу.
Кейіпкерлердің іс-әрекетінің дұрыс-бұрысына талдатып, осы образдарға өмірден мысалдар келтіртемін.
«Сөз маржан» айдары бойынша жаңа сөздермен
жұмыс жүргізіледі.
Сайран ету, қыдыру, тағзым ету, көкке
қарау, қайран қалу,тәкаппар, көпке балау,
шікірею
Әдебиет теориясы
Өлеңге сатылай талдау
жасалады
1. Авторы - А.
Байтұрсынов
2. Тақырыбы – мақтаншақтық,
қайырымсыздық.
3. Жанр түрі -
мысал
4. Идеясы - мейірімді, рақымшыл болу
5. Шумақ - 4
6. Тармақ -
16
7. Бунақ -
3
8. Ұйқас – ААБА - қара өлең
ұйқасы
9. Әдеби - теориялық ұғымдар - мысал,
аллегория
«Ахмет атаға хат» түрінде көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат жазады.
Ахмет Байтұрсынұлы - өз заманының ірі ойшылы, ірі қоғам қайраткері. Қазақ педагогикасының дамып, өркендеуіне белсене ат салысып, мол үлес қосты. Қоғамның алға жылжуы, халықтың ағартушылық деңгейінің көтерілуі және дамуына білім мен тәрбие арқылы мүмкін екенін өзінің еңбектері мен іс тәжірибесі арқылы дәлелдеп, көрсетіп берді. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат» деген нақыл сөздің мәнін тағы бір дәлелдеп берді. Өйткені, тәрбиелі ұрпақ – ата-ананың мақтанышы, елдің ертеңі. Кез келген халықтың болашағы, оның өміршеңдігі рухани қайнардан сусындаған, ұлттық рухы кемел, жақсы тәрбиеленген ұрпақтың қолында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
А. Құнанбаев. Екі томдық шығармалары . Алматы.1988
-
Ж. Асықова. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы. 2013
-
Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Алматы. 2003
-
М.Абикеева «Қазақ ағартушыларының ой-пікірлерінен». Қазақстан мектебі. 2010 (№10)