Материалдар / Акробатикалық элементтер кешені
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Акробатикалық элементтер кешені

Материал туралы қысқаша түсінік
7.3.2.1 - жалпы дене жаттығуларын өткізу және ағзаны қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету 7.1.2.1 - қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен қорытындылау Барлық оқушылар келесіге қабілетті болады: гимнасатика сабағының қауіпсіздік ережесін ұғындыру. Көптеген оқушылар келесіге қабілетті болады:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
466
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектеп: № 67 гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бимаганбетов Адил Болатбекович

СЫНЫП: 7 сынып

Қатысатындар саны:

Сабақта жоқ:

Сабақтың тақырыбы

Акробатикалық элементтер кешені

Бұл сабақ қатыстыратын танымдық мақсат(тар)

7.3.2.1 - жалпы дене жаттығуларын өткізу және ағзаны қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету

7.1.2.1 - қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен қорытындылау


Барлық оқушылар келесіге қабілетті болады:

гимнасатика сабағының қауіпсіздік ережесін ұғындыру.

Көптеген оқушылар келесіге қабілетті болады:

Басқа оқушыларды байқау және оларға сындарлы пікір айту.


Кейбір оқушылар келесіге қабілетті болады:

Динамика мен кеңістіктегі айқын өзгерістерді көрсететін жаңартпашыл және бір қалыпты реттіліктерды ойлап шығару.

Топтық жұмысты сенімді жүргізіп, өз серіктестерімен бірлесіп жұмыс жасау

Жетістік критерийлері

Акробатикалық жаттығуларды орындайды

Тілдік мақсат


  • өздерінің когнитивтік және физикалық білімдерін, гимнастика контексінде түсініктері мен дағдыларын көрсете және талқылай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

бұрылулар, аударылып түсулер, тік тұрулар

дене бөліктері


Диалог/жазу үшін сынып ішіндегі пайдалы тіл:

  • Сендер денелеріңді ширыққан күйде ұстаған кезде, мысалы, снарядтарда жаттығулар орындаған сәтте, бұлшық еттеріңді қалай сезінесіңдер?




Алдыңғы білімдер

Жалпы дене тәрбиесі сабағына шолу жасау.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Құралдар






басы


Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу,рапорт беру. Сабақтың мақсатын түсіндіру .

Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, түзу аяқты көтеріп жүгіру ,аяқты артқа түзу жүгіру, екі жаққа аяқты көтеріп жүгіру.Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Жер үстіне жайылған маттар бар үлкен, таза алаң. Бастау-тоқтау дабылы ретінде барабан.


Ортасы




ортасы






(С) Берілген элементтер саны тапсырылады (мысалы, 4, 6, 8). Олардан жаттығу ойластыру қажет. 2 немесе одан артық оқушылар топтары қатыса алады. Тапсырманы топ таңдаған оқушы орындай алады. Мысалы, акробатика элементтері берілген: алға аударылып түсу, артқа аударылып түсу, жауырынға тұру, көпір, бұрыш жасап отыру, жартылай шпагат, аяқта тепе-теңдік ұстау, 180 градусқа

(С, Ф) Командалардан 10 м арақашықтықта екі оқушы тұрады және тік қалыпта еденде құрсау шеңбер ұстап тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша командалардағы ойыншылар жүгіреді, алға қарай аударылып түсіп құрсауға секіреді, одан әрі бағандарды айналып жүгіріп, кері қарай құрсаудан өтеді де (жүгіріп өтеді), эстафетаны келесі ойнышыға береді.


(С, К, Т) Комбинацияларды орындау сәтінде дененің тепе-теңдігін сақтау маңыздылығын зерттеңіз. Барлығы бірнеше секунд бойы ұстап тұруға болатын жаттығулар комбинациясын орындап, бір аяқпен тепе-теңдікті сақтауға тырысады.

Мұғалімге ысқырық.



Конустар. Бағалау криерийлері үшін Негізгі қимыл қабілеттері ресурсын қараңыз (2-кітап, қашықтыққа секіру, 21-24 бб):



Соңы


  • Жабдықты топпен ақырын орнына қою және басқа топтар бұны аяқтамағанша, орын тауып, жату және тізенің жерде жатуы үшін бұрылу. Оқушыларды қолы жерге созуды, тізелерді ақырын бір жақтан екінші жаққа бұруды және салмақты ақырын жерге түсіруді сұраңыз. Кең созылған қол берік ұстайтынын түсіндіру. Оқушыларды екінші жаққа ақырын бұрылып, тізіге отыруды сұраңыз. Қолды дененің бір жағынан екінші жағына қарай бұрап, омыртқаны ақрын созу. Иықты үш рет алға және үш рет артқа айналдыру жәе бұл кезде жақсылап тыныс алу. Көзді жұму және бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану. Қимылдар алаңынан кеткенде бұл жағымды сезімді сақтауды сұраңыз.

Спорт алаңы.


Қосымша ақпарат

Түрленім – көбірек көмек беруді қалай жоспарлайсыз? Көбірек қабілетті оқушылар үшін жаттықтыруды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық пен қауіпсіздікті



тексеру
АКТ байланыстары
Мәндік байланыстары






  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

  • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

  • Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу.

  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?

  • Оқушылар алаң мен динамикадағы өзгерістер қалай көрінеді және қалай сезілетінін біле ме?

  • Топтық композиция мен талқылау сапасы.

  • Ғылыммен байланыс денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

  • Математикамен байланыс: айналу осьтері, кеңістік, бағыт және бұрыштар.

  • Басқалармен жұмыс істеу, пікірлерді құрметтеу.

  • Бірігіп оқу, зерттеу және коммуникация НЗМ құндылықтарын көрсетеді

Сын-пікір

Сабақ мақсаттары/танымдық мақсаттар жүзеге асатындай болды ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Оқу ортасы қандай болды?

Жоспарланған түрленім пайдалы болды ма?

Уақыт жоспарын орындадым ба? Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!