Материалдар / Алаш көсемі - Әлихан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алаш көсемі - Әлихан

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Алаш көсемі Ә.Бөкейханның Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрудағы мақсаты жан-жақты талданған және бүгінгі Ә.Бөкейхан туралы мектептегі атқарылып жатқан іс-шаралар сөз болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
221
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Аңдатпа

Бұл мақалада Алаш көсемі Ә.Бөкейханның Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрудағы мақсаты жан-жақты талданған және бүгінгі Ә.Бөкейхан туралы мектептегі атқарылып жатқан іс-шаралар сөз болады.

Тірек сөздер: Алаш идеясы, Тәуелсіз Қазақ елі, Алашорда үкіметі

АЛАШ КӨСЕМІ - ӘЛИХАН

Касенов Нуркен Мажлисович,

Қарағанды облысы білім басқармасының

Шахтинск қаласы білім бөлімінің

«Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.
С.Торайғыров

Қазақстан өз Тәуелсіздігін алып, өз алдына егеменді ел болғаннан кейін, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлтымыздың басынан кешкен тарихи оқиғаларының ақтаңдақ беттері ашыла бастады. Сонымен қатар, бұрын есімі айтуға тыйым салынып келген тарихи тұлғаларымыздың да аты- жөндері жарыққа кеңінен таныла бастады. Алаш ардақтыларының арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан еді. Өйткені Алаш идеясы – ұлттық идеология болатын. Олар үнемі отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндеді. Екі ғасыр тоғысында бодандықтың бұғауындағы бейқам халқын өркениеттің өріне сүйреген көсемдер мен серкелердің көзге ерек шалынар басты қасиеті – олардың қай-қайсысы болмасын жан-жақты, «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғалар-тұғын. Алаш қайраткерлерінің қайсысын алсақ та, бірі саяси күрескер, бірі экономист, бірі заңгер, бірі лингвист, бірі жалынды жаршы-публицист, бірі ғалым, бірі киелі өнер иесі, бірі педагог, бірі қаламгер т.б. болған. Әрқайсысы түрлі салада еңбек етсе де, қайтсем халқымның көсегесін көгертемін деп, осы жолға бүкіл өмірлерін арнады.Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруды, тығырықтан шығар жолды іздеумен болды . Бірақ, халқымыздың маңдайына біткен осы үркердей шоқжұлдыздардың ғұмыры кеңестік кезеңнің басшылық құрған кезінде күреспен өтті. Ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер бастаған ұлт зиялылары қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлы мұрат жолында ұланғайыр қайрат көрсетті. Солардың бірі әрі бірегейі алаш жұрты үшін аянбай еңбек еткен аяулы ұлы - Әлихан Бөкейханов.

Биылғы жыл Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойы тойланғалы отыр.  Халқының жарқын болашағына, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен алаш көсемінің тарихтағы алар орны ерекше. Жеке тоқталып айтар болсақ, Әлихан Бөкейханов көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы болған. Өзіміздің жерлесіміз қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымынан тараған.

Білімі толысып, оңы мен солын тани бастаған Ә.Бөкейхановты елінің ауыр тағдыры толғандыра бастайды. Ол кезде Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болып, толық қалыптасқан болатын. Сол себепті, қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Елдегі мал шаруашылығы, төрт түлік малы мен саны, табиғаты мен ауа райын зерттеген төрт ғылыми экспедициясының жұмысына да белсене қатысып, еліміз үшін теңдесі жоқ мол мағлұматтарды жинастырады. Қазақ халқының тарихы, мәдениеті, саяси экономикасы, шаруашылығы, жері көлемі мен оның еркшеліктері туралы бірнеше ғылыми еңбек, очерк, мақалаларды жазып, жариялайды. Бүгінгі күнде атамыздың ерен еңбегі 16-18 томдық жинақты құрап, еліміз үшін, еліміздің тарихы мен мәдениеті барысындағы құнды дүниелер болып отыр.

Ұлт көсемі өзінің әрбір еңбегінде ең бірінші ұстаным етіп, қазақ жерін қояды. «Жерсіз Отан жоқ» дей келе : «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді,» - деген ұйғарымды алға тартумен болады. Жерді Отанға теңеп, жерді сату - Отанды сатумен бірдей деген пікірді айтады. Сонымен қатар, жердің астын­дағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек екенін нақтылай отырып, «Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек!» - деген болатын. Бұл жолдарда қазақтың жеріне тек қазақтар ғана ие дегенді емеурінімен білдіріп тұғандай . Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың пікірінше, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек, яғни, «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы тиіс» - деп, ешкімнен қаймықпай ашық айтады.Тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құруды армандайды. Егер, бабамыздың алға қойған мақсат, мүддесі орындалған болар болса, бүгінгі күнде біз де экономикалық ахуалы озық Жапония мемлекетіндей күй кешер ме едік?!

Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев айтқанындай, [1] қазақ қоғамының Сун Ят Сені мен Махатма Гандиі – Әлихан Бөкейханов болатын. Қазақтың ғасырлар бойы жинаған рухани қазынасының таусылмас қорынан нәр алған Ә.Бөкейханов бабамыздың мүмкіндігі мен қабілеттері жеткенінше қазақтың азаттығы, еркіндігі, тәуелсіздігі үшін көздеген мақсатына үнемі айтып жариялаудан, қазақ ұлтының болашағы үшін арпалыстарынан еш уақытта қайтпаған жан болғанына тағы да бір көз жеткіздік. «Ғалымның өзі өлсе де, сөзі өлмейді» дегендей, алаш көсемі өмірден өтіп кеткенімен, бүгінгі күнде кейінгі ұрпақ көсемнің есімін ұлықтап жатыр. Атап айтсақ, қаламызда Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицей бар, аталған оқу орында Әлихан Бөкейханов атындағы мұражай ашылған. Мұражайда алаш көсемі туралы барлық мәліметтер мен материалдар жинақталған және күн сайын толықтырылып отырылады. Сонымен қатар, мектеп-лицей мұғалімдері Әлихан Бөкейхановқа қатысты барлық іс-шараларға белсене қатысып жүреді. 2019 жылы «Мұражайға виртуалды саяхат» атты облыстық байқаудан

2 орынға ие болса, 2021жылғы байқаудан 1орынға қол жеткізді.Сонымен қатар, биылғы оқу жылында «Смарт-мұражай» атты мұражайға қатысты жоба жүргізіліп отыр. Жобада жәдігерлердің 3 өлшемді моделін жасау көзделген.

«Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру - тығырықтан шығар жол» деп сенген Алаш қайраткері, ұлт көсемінің арманы тек бірнеше жылдардан соң ғана орындалды. Арманда кеткен арысымыздың дара жолына ешқашан дақ түспесінші деп тілеймін...


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Абдрахманұлы О. Бар ғұмырын тәуелсіздікке арнаған. Орталық Қазақстан; 2012 жыл,№ 88

2. Бөкейхан Ә. Таңдамалы, Алматы; Қазақ энциклопедиясы ,1995 жыл, Б- 31.

3. Кәрібай Ш. Алаштың ағайынды арыстары. // Орталық Қазақстан, 2009 жыл, № 41. Б-4.

4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы; Санат, 1995 жыл,Б-23-28.







2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!