"Алаштың ардақты азаматы" мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алаштың ардақты азаматы" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбегі туралы жазылған кең көлемді мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаштың ардақты азаматы

Адамзат мәдениеті тарихында алфавит пен жазудың маңызы ерекше. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс ретінде жазу - өткен мен бүгінгіні, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Еліміздің бүгінгі жеткен биігіне шығуы жолында жазу мәдениетіміздің де өз үлесін қосқанын жоққа шығармаймыз.Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы есімі қазақ үшін қасиетті есім. Ол өзінің емес, өз ұлтының бағы жануы үшін жан аямай еңбек еткен тұлға. Өмірдің барлық саласына араласты, бар салаға қалам тербеді. Соның ішінде, публицистика саласында замана шындығын жаза білді. Қазақстандағы публицистика саласының ең бір шарықтаған кезі 20 ғасырдың басы болып табылады. Себебі, бұл кезең Қазақстандағы саяси ахуалдың шиеленіскен ғасыры. Алаш зиялыларының ішінде публицистика саласында ең бір өзекті мәселелерді атап өткен публицичт ғалымдардың бірі - Ахмет Байтұрсынұлы.

Ахмет Байтұрсынұлын Мұхтар Әуезов «оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі болған» дей келе, «... кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ахаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр. Ахаңның бұл істеген қызметі қазақтың ұзынырғақ тарихымен жалғасып кететін қызмет істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш – мәңгілік ескерткіш», - жазған болатын. Мұны біз Байтұрсынұлының алғашқы мақаласынан байқай аламыз. 1913 жылы «Қазақ» газетінің №1 санында «Хурметлу окушылар» атты мақаласында газеттің қоғам өмірінде атқарар рөлін айқындайды. Онда газет атқарар «қасиетті саралаған: әуелі газета халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Бүтін дүния жүзіндегі халықтар газета арқылы дүнияда болып жатқан сөздер кімге пайдалы, кімге зардалы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса шаттанып, зарарлары болса сақталып тұрды...» деген болатын.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ғылымына сіңірген еңбегі орасан зор. Мәселен, зерттейтін салаларының негізгі терминдеріне қазақ тіліндегі баламасын дәлме-дәл бере білген. Ол музыканы әуез, афоризімді ділмәрсөз, публицистиканы көсемсөз деп атаған. Ал, өзі айтқандай, көсемсөз- өнер атаулының алды. Осы негізге сүйене отырып, біз Ахаңды «көсемсөздің» атасы дей аламыз. Бұлай атауымыздың себебін, оның зерттеулерінен түбегейлі түрде көз жеткіземіз. 1914 жылы «Қазақ» газетіне жариялаған «Аңдаспаған мәселе турасында» мақаласында жерге қатысты түйіткілді мәселені тілге тиек еткен болаты. Мақаласында «Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл қазақтың тірі я өлі болу мәселесі. Бұл турасында түсініп жетпей қаталасып, қазақты теріс жолға салғанымыз – 5 млн. адамның обалын мойынымызға жүктегеніміз. Сондықтан бұл турада қазаққа ақыл айтқанымыз, қазақты һәм басқалар да қате ұқпастай етіп, анықтап ашып сөйлегеніміз абзал...», -дейді.

Мінекей, күллі қазақтың сауатын ашу, көзін ашып, көкірегін оятуда сындарлы сөздерін құнды ойымен жалғаған, енді бірде туған жердің топырағын тәу етіп, байтақ даланың өзгенің жетегінде кетпеуіне ұранды сөзімен қасқая қарсы тұрған ұлттың ұлысын көреміз. Бұл әрине, іргесі берік, бірлігі бекем елді көксеген ұлтжандылықтың ұраны.

Ғалым Ахмет Байтұрсынұлының барлық мақалалары - мешеу қалған халқының шаруашылығын, мәдениетін ілгері сүйреуді мақсат етіп қойған, халқының қамын ойлап, түн ұйқысын төрт бөлген от жалынды қоғам қайраткерінің, білікті ғалымның, көсемсөз атасының келешек буынға қалдырып кеткен баға жетпес мұрасы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2024
117
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі