Материалдар / Әлемге әйгілі – Әуезов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлемге әйгілі – Әуезов

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемге әйгілі – Әуезов Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің, оған сірә.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2024
63
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлемге әйгілі – Әуезов


Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,
Қазақтың қос арысы, қос данасы.
Қалайша бас имессің, оған сірә.

Ия, осы бір шумақ өлеңнің астарында қаншама терең ой, қаншама мағына,қаншама ұлылық жатыр десеңші! Қазақ десеАбайды танытқан, Абай десе, қазақты танытқан М. Әуезовтің бар болмысы осы өлең жолдарына сыйып тұрғандай.

ХІХ ғағырдың соңында дүниеге келіп, ХХ ғасырдың орта шеніне дейін өмір сүрген М. Әуезов - атасы Әуез бен ағасы Қасымбектің керемет тәрбиесінің арқасында заңғар биік, қайталанбас тұлға, әлем таныған ұлы жазушыға М. Әуезовке айналды. Жастайынан Абай өлеңдерімен сусындап өскен Мұхтар атасы туралы «Атамыз бізге таң атқаннан кеш батқанға дейін кітаптан бас алғызбайтын» деп жазады.

М. Әуезов шығармашылығы - ғажайып әсерлілігімен, таңғажайып терең мағынылығымен ХХ ғасырдың қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Әуезов мұраларынан алатын тәлім-тәрбие - телегей-теңіз. Жазушы шығармаларынан өз халқының тыныс-тіршілігін, қам-қарекетін, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер екенін таныдым. Қазақтың ұлы жазушысы, ғалым және қоғам қайраткері, М.Әуезовтің есімі бүкіл әлемге әйгілі де ардақты. Жазушылық шеберліктің мұндай биігіне Әуезов толассыз іздену, көп еңбек ету арқылы және орыстың классик жазушыларының. сондай-ақ әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің реалистік дәстүрлерін шығармашылық тәжірибесін дамыта игеру, солардан үйрену арқылы көтеріле алды деп ойлаймын. Ұзақ жылдарға созылған терең шығармашылық ізденістердің, қажыр-қайратының нәтижесінде күллі әлемге ұлы Абайды танытып қана қойған жоқ, қазақ халқы «Абай жолы» арқылы өзін де тереңірек түсініп таныды. «Абай жолынсыз» қазақ әдебиетін, халқымыздың рухани-көркемдік әлемін көзге елестету мүмкін емес» деп халық жазушысы Ә.Кекілбаев бағалағандай, тек қазақ халқының ғана емес, көшпелі түркі жұртының өткені туралы ең алғашқы кең ауқымдағы шығарма.

«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы.. «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты.
«Абай жолы» - ұлы жазушының ұлы туындысы - бас кітабы, ол өзінің өлшеулі ғана ғұмырында өлшеусіз шығармашылық ерлік жасап, өзінің осынау мәңгілік кітабын жазып үлгіріп кетті. Дананың өз ортасынан әрқашан озық, оқшау тұратын даралығы да осы арада жатыр.

«Абай жолы » эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.

«Абай» романын француз тіліне аудартып, редакциясын басқарған Луи Арагон «Совет әдебиеті» деген арнаулы еңбегінде: «Мен оның (М.Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман «Абай» менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығарманың маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, ондай шығарманы    табу    қиын» деп  бағалады.  Андрей Стиль «Юманите» газетінің бетінде Луи Арагон пікірін қуаттай келіп былай деген: «М.Әуезовтің романын алар болсақ, мұнда ең алдымен поэзияның легін сезінесің, қиыр кеңістіктің кереметін сезінесің».деп баға береді.

Ойымды жинақтай келе, Мұхтар Әуезов қазақтың басына біткен бағы десем еш қателеспеймін. Ол «Абай жолындай» дүниені дүниеге әкеліп, жер жаһанға қазақтың қасиетті болмысын, асқақ мәдениетін, терең пәлсапасын Абайдай кемеңгер тұлға арқылы ашып берді. Оның өшпес еңбектерінен әлі талай ұрпақ жігерін қайрап, баба сөзінен тамыр жайып, болашаққа бой түзері анық.

Дана Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі, дүние жүзі әдебиетіндегі алып тұлғалардың бірі. Оның халық даналығынан нәр алған, өмір өзенінің тұнығынан суарылған тағылымы мол тартымды шығармалары қайталап оқыған сайын рухани дүниемізді байытып, баға жетпес жан азығы бола бермек.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!