Шығыс Қазақстан облысы Білім және ғылым
министрлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»
КМҚК
Тақырыбы:
«Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты
арысы»
Орындаған:
Жарылқасынова
Толқын
Жетекші: Табилтайқызы
Серікгүл
2018
жыл
«Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты
арысы»
Бүгінгі таңда батысшыл зиялылардың атқарып
кеткен қызметі «Алаш» ұранды ұлт-азаттық қозғалысы ретінде танылса,
Әлихан Бөкейхановты оның идеялық негізін қалаушы, бас идеологы,
саяси жетекшісі деп бірауыздан
мойындайды.
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны
ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін,
салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды
өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі
дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең
алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда
күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу
үдерісінің бастауында тұрғандар да – солар
болды.
Тарихымыздың ХХ ғасыр басындағы кезеңін Алаш
көсемі Әлихансыз елестету мүмкін емес. Өйткені, ол осы кезеңдегі
қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жер, тіл мен
діл тағдыры, дін мен дәстүр тұтастығын сақтау үшін жұрт жұмысының
жауапкершілігін мойнына жүктеп, басын бәйгеге тіккен тарихи тұлға.
Иә, бұл кезеңде елге адал қызмет еткен ұлт зиялыларының
әрқайсысының тарихымыздағы өзіндік орны, ұлтымыздың оянуына,
өркендеуіне сіңірген зор еңбегі бар. Ол айдан анық. Алайда,
солардың арасында қайсар мінез, табанды қайраткерлік болмысымен,
саяси күрескерлік рухының биіктігімен және жан-жақты
білімділігімен, бүтін бір елдің тағдыры мен оның алдыңғы қатарлы
зиялы қауымын қалыптастыру, азаттық үшін бірігіп күресу жолында
көшбасшылық қасиетімен ерекшеленіп, дараланып тұрған ең көрнекті
тұлға – Әлихан.
Ал, Бөкейханов еш уақытта
ұлттық идеядан табан аударып, кеткен емес.
Бүгінгі ұрпақтың бақытына
бұйырған ел Тәуелсіздігі жолындағы ұзақ та, тағдырлы күрестің
маңызды белесі ол 20 ғасырдың басындағы Алаш қозғалысымен тікелей
байланысты екені белгілі. Осы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті
қайраткері, сол замандағы ұлт зиялыларының көсемі осы - Әлихан
Бөкейханов.
Сарбаздар Алаш гимнін
шырқағанда Әлихан мен Анненковтың есімін де әнге қатар қосқан
көрінеді:
Анненков –
атаман,
Қолдай гөр
жасаған
Алашпыз
жауынгер,
Қорықпаймыз жауыңнан, – деп
келсе, әрі қарай:
Біз Қали
Арыстан,
Долданса
қоймайтын.
Алға ұмтыл, ер
алаш,
Елің бар
қорғайтын!
Әлихан, Әлихан – Алаштың
серкесі
Ел қамын ойлайтын!» –
делінген.
«Ұлтына, жұртына қызмет ету –
білімнен емес, мінезден» деп жазады Әлихан Бөкейханов. Ұлттың
намысын алға қойған Әлихан ел мен жер мәселесіне келгенде мінез
танытудан тайынбаған. Рухы биік, өресі жоғары Әлихан Бөкейханов «не
ойы, не білімі көлемді емес», деп есептейтін Сталинмен кездесуден
бас тартқан. Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай Әлихан Бөкейхановтың үш
түрлі мінезін ерекше атап өтуге болады дейді. - Біріншісі оның
турашылдығы. Екіншісі болмысынан алдына келген жанның мысын басатын
өзгеше жаратылыс иесі екендігі. Үшінші қасиетін айтар болсақ,
сондай Ұлы тұлға нәзік жанды, адамдарға бауырмал, жаны ашығыш,
сезімтал болған. Міне, осыдан барып біз Әлекеңнің ұлы адам
болғандығы тағы бір мәрте көз жеткізе
аламыз.
Елбасының тапсырмасына сәйкес
Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай үлкен шаралар ұйымдастырылды.
Соның бірі Қазақтың рухани астанасы - Семей шаһарында Ұлт көсемі
Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші ашылды. «Бұл ескерткіш өскелең
ұрпақтың болашағы үшін, еліміздің бостандығы үшін жанын пида еткен
көсемдердің рухтарына тағзым ететін, Тәуелсіздіктің қандай ұғым
екенін түсінетін, бостандықтың не екенін білетін адамдардың киелі
орнына айналары сөзсіз», - деп облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет
Сақтағанов сөз сөйлеген еді. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық
алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше
сол мақсат жолында жасаған қызметі сан
қилы.
Әлихан Бөкейханов – жұртшылықтың, халықтың
қаламгері. Оның публицистік шығармашылығы ұлт тағдыры мен
болашағының, оның ғұмырнамасының айнасы. Ол сол жолда, сол
бағыт-бағдарда, сол мұрат-мақсатта еңбек етіп келе жатқан
публицист. Ол өз буын, өз ғұмырнамасын жазушы ғана емес, сол арқылы
тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі
тұлға. Ғұлама ғалым - ормантанушы,
экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы,
этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ
халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпестей із
қалдырған ұлы тұлға.
Қорыта айтқанда,
Ә.Бөкейхановтың публицистикасының басты қасиеттері мынадай:
біріншіден, қандай жанрда қалам тербесе де ұлттық идея,ұлттық рухты
нысанаға алуы, екіншіден, публицистикасы тақырыбының проблемалығы
және ондағы заман мен қоғамның ащы
шындығы.
Ә.Бөкейханов публицистикасы
қазақ баспасөзінің дамуына ғана емес, қоғам санасының өрлеуіне де
зор үлес қосты.
Ешкімнің Әлиханға бар ма
сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң
көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс - бар
қазақтан,
Талассыз
жеке-дара тұр ғой өзі, –
деп
С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара
тұлға болып қала бермек. Кешегі ақ
ұрпақтың қандай асыл ойлары олардың бойларына сіңіру керек. Ертең
ол ұрпақ билік басына барғанда нені қолға алу керек деген мәселерді
олардың бойына тамшылап болсын жеткізе беру баршамыздың парызымыз.
Алаш идеясын елге жеткізуде бұл үлкен міндет болу керек деп
ойлаймын.