400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

«Апта күндері. Ай аттары» Сабақ жоспары 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтың сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: 04.02.2021

Сыныбы: 2 сынып

Пәні: Түзету-дамыту сабағы

Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: «Апта күндері. Ай аттары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың уақыт мезгілдері туралы білімдерін қалыптастыру. Апта күндері мен ай аттары түсінігін беру.

Түзету-дамытушылық: Оқушының сөйлеу дағдысын дамыту, қисынды, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Уақытты жоспарлай білуге баулу, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу..

Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, қалам, жұлдызқұрттың суреті, құрастырмалы тапсырмалар, сергіту сәтінің видеосы, есептер, презентация, апта күндері мен ай аттарын ажыратуға арналған тапсырмалар, тақырыпты түсіндіруге арналған плакаттар.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, көрсету, түсіндіру, ойын.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

Күннің нұрын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік жарық мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.



ІІ. Негізгі бөлім.

Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы:

Апта күндері

-Балалар сендер апта күндері туралы не білесіңдер?

Бұл сабақта біз бір аптада неше күн бар екенін, олардың қалай аталатынын және ретін білетін боламыз. «Апта» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жеті» деген мағына береді. Яғни бір аптада 7 тәуліктің болуы осыған негізделсе керек. Ал бір тәулікте 24 сағат бар. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды. Оны күнделікті өмірде қолданамыз. Ендеше біз «Жұлдызқұрт» тапсырмасын орындап жіберейік. (оқушыларға апта күндерінің аттары жазылған жұлдызқұрт денесін таратып беремін. Олар апта аттарының ретін сақтай отырып жұлдызқұртты құрастыруы керек.) Енді сендер тапсырманы дұрыс орындағандарыңа көз жеткізу үшін тексерейік.



ІІІ. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма.

- Балалар, барлығымыз тақтаға назар аударайық! Тақтада ай аттары және орналасу реті берілген. Әрқайсысымыз берілген сұрақтарға жауап берейік!



2-тапсырма.

Балалардың қолдарына тапсырма беріледі. Әр мезгілге сай ай аттарын орналастыру керек.

Picture 3

3-тапсырма.

Есептерді шығару

Күнтізбе бойынша анықта

1.Талғаттың туған күні- 9 сәуір.

Бұл аптаның қай күні?

2.Оқушылар сенбі және жексенбі күндері демалады. Сәуір айында оқушылар неше күн демалады?

3. Әмір сейсенбі және бейменбі күндері қазақша күрес үйірмесінде жаттығады. Ол сәуір айында неше рет жаттығуға қатысады.



ІV.Сергіту сәті.

Саусақ жаттығуы. Нейрожаттығулар.

Тақтада видео ретінде көрсетіледі.



4-тапсырма.

Апта күндерін бос кестеге жазу керек.



5-тапсырма

Оқушыларға апта күндерінің реті бойынша тапсырма беріледі.

Shape1

Дүйсенбі ................................... күн

Сейсенбі ................................... күн

Сәрсенбі ................................... күн

Бейсенбі ................................... күн

Жұма ........................................ күн

Сенбі ........................................ күн

Жексенбі .................................. күн

























6-тапсырма

«Адасқан әріптер» ойыны. Оқушыларға қате жазылған ай аттары белгілерімен ұсынылады. Балалар сөздің астына ай аттарын дұрыс жазу керек.



V. Кері байланыс

Сұрақ-жауап әдісі арқылы.

  • Аптаның бірінші күні дүйсенбі? ИЯ

  • Бір жылда он үш ай бар? ЖОҚ

  • Қазір жылдың қыс мезгілі ма ? ИЯ

  • 3 ай демалыс қыста ма? ЖОҚ

  • Қаңтар жаз айы ма? ЖОҚ

  • 1 аптада 7 күн ба? ИЯ

  • Ертең дүйсенбі күн бе? ЖОҚ

  • Желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс айлары ма? ИЯ



VІ. Қорытынды

  • Міне, оқушылар, сіздермен бірге апта күндері мен ай аттары туралы біраз ақпараттар білдік. Ай аттары мен апта күндерін ұмытпай, әрдайым біліп жүрейік!

  • Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі