Материалдар / Арттерапияның тұлғаның жан-жақты дамуына ықпалы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Арттерапияның тұлғаның жан-жақты дамуына ықпалы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тузеу жұмыстарнына көмек береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2021
272
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мазмұны





1. Кіріспе



2.Негізгі бөлім



3. Қорытынды.



4. Пайдаланылған әдебиеттер.







































































Жоспар







І.Кіріспе.



1.Арттерапия туралы түсінік

2.Арт-терапияның шығу тарихы, негіздері





ІІ.Негізгі бөлім:



Арттерапияның тұлғаның жан-жақты дамуына ықпалы.



Арттерапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану.




ІІІ.Қорытынды.





Пайдаланылған әдебиеттер















































Арттерапия туралы түсінік



Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы..
Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминін алғаш рет ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия термині ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
Арттерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыстарда кеңінен қолданады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі.Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, топтық арттерапия ауруханалық жағдайларда үнсіздікке берілген балалармен жұмыс жүргізуден басталған.Терапия барысында балалар өзге балалардың шығармаларына қызығушылықпен қарай бастаған.Осы қызығушылықтардың арқасында бір-бірімен сөйлесулер көріне бастаған.Невроз ауруына шалдыққан адамдар өз сөздеріне өте ұстамды әрі талдағыш болып келеді.

Америка Құрама Штаттарында өнерді терапиялық мақсаттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумберг болды.Қазіргі кезде арттерапия мамандары тәжірибие жүзінде мойындалған жеке тұлғаны зерттеуге және оны емдеу процестеріне өз үлестерін қоса алады.

Арттерапия жүргізу барысында балаларға бейнелеу өнері мен шығармашылық сипатынан әр түрлі жұмыстар сурет, графика, кескіндеме, сәулет, өнері, мүсін, дизайн, пластика, ойма, күйдірме, бедер салу, батин, гоболен, әшекей ұсынылады. Терапия барысында балалар өзге балалардың шығармаларына қызығушылықпен қарай бастаған.

А.Маслоудың пікірінше- адамның іс-әрекеттердің қайнар көзі,дені сау адамдарға ғана тән өзін-өзі бейнелеуге талпынушылық болып табылады.

Арттерапия жаттығулары адамдардың сезімдерін ойлары мен оқиғаларын жеке адамдардың әдістері мен қарым –қатынастары, өзіне деген сенімі мен өзін-өзі бағалауын арттырып қызмет атқарады.

Арттерпияны жүргізу кең көлемді, яғни ол белгілі бір мөлшерде қолданылады. Оны индивидтің жеке жасырын күйзелістеріне байланысты анықтап алады. Арттерапияға дайындалар алдында балалардың клиникалық көрінісі уайым қайғысы мен эмоциянальдық сферасына қоса, оның ауырып отырған кездегі өнер мен шығармашылыққа деген қызығушылығы және көзқарасына , дайындығына, ақыл ойына ,сонымен қатар тағы басқа фақторларға көңіл бөлу қажет.

Арттерапияны психомоторлы қозу мен агрессивті тенденцияларды басу жолында қолданады.

Қазіргі уақытта арттерапия тек қана аурухана бөлмелерінде емес, оған қоса психокоррекциялық топқа көмекші әдістемелік көмек ретінде қолданылады.

Арттерапияның диагностикалық ерекшелігіне тоқталып кетсем,ол адамның психикалық қасиеті мен күйін көптеген әдіс-тәсілдер арқылы сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыда талдайды.

Арттерапияның психопрофилактикалық қызметі - адамның өмірінде кездесетін қиын-қыстау кезеңдердің салдарынан пайда болатын, адам психикасына кері әсерін тигізетін жағымсыз жағдайларды адамның көңіл күйін көтеріп, ішкі конфликтілер мен күшті эмоцияларды шығаруға

мүмкіндік береді. Арттерапияның әрбір қызметі адамның үйлесімді дамуына өз үлестерін қосып отырады.

Ал, арттерапияның психокоррекциялық қызметі, ол терапия элементтері мен дамытушы-түзетуші жаттығуларды бірлікте пайдалана отырып, анықталған психикалық жағдайға түзету жүргізу болып табылады.



II. Арттерапия түрлеріне тоқталу.


Арттерапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерапия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы,логотерапия,иппотерапия,бейнелеу,маска терапиясы
Музыка терапиясы – бұл психотерапевтик әдіс. Әуен арқылы адам психикасына оң әсер етуді музыкалық терапия деп атаймыз.
Музыканың әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді және адамның көңіл-күйіне әсер етеді.Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы балалардың жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі.
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар.Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына және көңіл-күйіннің көтерілуіне әсер етеді.
Бейнелеу терапиясы

Бейнелеу өнерінің көмегімен арттерапия жүргізудің теориялық негізі- Зигмунд Фрейдтің психоаналитикалық көзқарасынан шығады,бірақ Фридтің өзі арттерапияның психотерапиялық мүмкіндіктеріне қызығып, айналыспаған.К. Юнгтың аналитикалық психологиясынан,ол өзінің суреттерін жеке және әмбебап символдардың идеяларын нақтылауға көмектеседі.
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең болып келеді.
Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады
Бейнелеу терапиясының түрлері:

1.Поролон
2.Сабынмен .
3.Щеткамен
4.Майшаммен
Осы аталған құралдарды пайдаланып сурет салуға болады.

Ойын терапиясы


Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін бірден бір көмек береді.

Ойынмен емдеу

Иә, мінез-құлық кеселдерін емдеуде ойынның да шипалық әсері зор. Ойынмен  емдеу дегеніміз- баланың ой-сезімін ойын арқылы емін-еркін аңғартуға келіп тірейді. Бала ең алғаш келгенде ойыншық толы дәу ыдысты көреді. Не ойнауды немен ойнауды сол ойыншықтарды көріп отырып, оның өзі таңдайды.Мәселен, машинаға машинаны  қосып, үлкен тізбек құрайды. Бірақ сол көліктерінің көбі апаттан соң, апатқа ұшырай бастайды. Немесе  қоян өзінің кішкене көжегін өзін туған ана қоянға яки «әжесіне» беруді ұйғарады., міне, осындай жағдайларда әрі қарай ойынды қалай жалғастыруды, үйлестіруді өзі шешеді. Мұндай ойын түрлері баланың көңіл түкпіріндегі  сезімді сыртқа шығарады. Сөйтіп, мінез-құлықтағы олқылықтың  түзелуіне көмектеседі



«Арттерапия»  емі

Бөбек егер қажет етсе, қолымен де, тіпті аяғымен де сурет сала алады. Ол ермексаздан, әйтпесе басқа да иленетін соқтадан моншақ тізеді. Кейде  сәби қолы жеткен қағазды,  маңайындағы заттың бәріне- бірдеңе шашқысы, бүлдіргісі келіп тұрады



Құммен емдеу  



Үлкен пластик жәшікке құм толтырып, оның үстіне кез-келген ойыншықты қоюға, су құюға, басқа да ойдан шығарылған ойын түрлерін ойнауға болады. Маманның қадағалауындағы бөбек құмға су құяды. Лайды араластырып былғайды, құмның әлде батпақтың арасына қолын тығады-не керек , әшейінде өзіне тиым салатын, істеуге болмайтын «істің» бәрін жүзеге асырып бағады. Мұндай ойын мінез- құлқында ақау байқалған балаға не үшін керек? Себебі, осылай емін-еркін ойнаған кезде оның бойындағы  шошыну, күйзелу, қысылу сияқты кінәратты сезімдердің әсері азаяды. Бұл әрі қарай  түсіністікпен жұмыс істеуіне жол ашады



Ертегімен емдеу



Мінез-құлықтағы ақауға ертегі де ем ретінде қолданылады. Мұндайда баланың өзіне ертегі құрастырып айту ұсынылады. Осындай шығармашылықтың кезінде ол өзін не мазаласа, соны ой-қиялына,  тіліне тиек етеді. Тіпті өзінің проблемасының  шешімін  сол арқылы өзі тауып кетуі де мүмкін. Ал мұндай ертекті  баласымен бірге отырып,  неге ата-ананың өзі құрастырмайды? Себебі,  ертегінің әсері болуы үшін оның мазмұнында әке-шешеге беймәлім бір қатар шарттар  сақталуы тиіс. Сондықтан ата-ананың өз бетінше ойлап тапқан емдік ертегісі пайда емес, зиянын тигізуі де әбден ықтимал.

Мінез-құлыққа қатысты психотерапия .



Бұның мақсаты баланыі көнбіс  мінез-құлыққа үйрету. Мәселен, ешкімге үстемдік жасамай, байланыс ұстай білуге, біреулермен қарым-қатынастағы  жасқаншақтықтан арылуға, үрейден құтылуға не нәрсеге де жайбарақат қарауға қалыптастырады. Бұл орайдағы ең басты нәрсе- өзінің іс-қимылына баланың  өзінің бағдар жасауы. Осы ретте  мінез-құлық үлгілеріне дағдыланады. Соларды ұстануға көндіге бастайды. Осы жолдағы оның жетістіктеріне тиісті баға беріліп, символикалық түрде марапатталып отырылады.     





Библиотеропия



Оқу арқылы балаға әсер ету әдісі. Осы мақсатта баланың қорқыныш,

үрейлері сипатталған әр түрлі әдеби шығармалар тыңдатады.Бұл

әдісті әртүрлі жастағы балаларға өткізуге болады.

Иппотеропия



Грек тілінен аударғанда «һірро» -жылқы,ат)бұл жылқы арқылы

емделу деген мағынада қолданылады. Белгілі бір аурумен ауырған

адам жылқы үстіне отырған кезде,оғанжануардың биотогы әсер етеді.

Логотерапия



Бұл әңгіме терапиялық әдіс ересек пен бала арасында сенім

орнатуға бағытталады. Логотерапия баланы эмоционалдық

сезінулерін, эмоционалдық көңіл-күйін сөзбен бейнелейді. Осы

әдісті қолдану барысында өзіндік конгресум сыртқы сөздік биоемдік

баланың ішкі күйіне сәйкес келуі пайда болады.

Монотипия жаттығуы

Монотипия - бұл қағазға келесі суреттерді бастыру арқылы әйнекке сурет салу, одан кейін материалдармен жабдықтау, көлем беру, коллажбен толықтыру, рама жасау. Бұл әдістемені жеке және топтық жұмыстарда да пайдалануға болады.

Міндеттері: спонтандық өзіндік әрекет, сезімін белсендіру және психоэмоционалдық күшті бәсеңдету, не нәрсенің шегін түйсіну, ойлау, қабылдау вариативтілігінің дамуы.

Материал: әйнектер немесе 15-20см шамасында оргстекло(әйнектермен жұмыс істерде қауіпсіздік мақсатында шеттерін жасаған жақсы), гуашь, қылқалам , парақ , қолды сүрткенге шүберек.

Жұмыс барысы

Балаларға гуашпен әйнекке қандай да бір сурет салу ұсынылады Ары қарай балалар алынған бейнені қандайда бір образ алғанға дейін фломастермен немесе карындашпен суретті аяқтайды, картинаға рамка жасайды, картинаға атау береді. Монотопияны пайдалану арқылы топты ұйымдастыру және өзара ірекетті бақылау мақсатында азайтуға болады.Ватманда топтық бейне құрылып, одан кейін қандай да бір бейнеге дейін бірге бөлшектер салынады. Балалардың түсті қабылдауын дамыту мақсатында біріншіден бір түс, одан кейін біртіндеп басқа түстер қосып, олардың ұқсастықтары талданады. Біртіндеп барлық палитраны меңгере бастайды.

Тұзды қамырмен жұмыс



Жеке және топтық түрде жүргізіледі.

Міндеттері:

Сенсорлы-перцептивтік сфераның, креативтіліктің вербалдық экпрессия дағдыларының дамуына күшті бәсеңдетуге, өзін-өзі бағалауын жоғарылатуға бағытталған.

Материал:

Ұн, су, тұз , бояу, аспаздық формалар (жеміс-жидек, аңдар, адамдар, үйлер), оқтау, тіс тазалағыш,қайшы,жіңішке қамшы.









Жұмыс барысы.

Қамырды келесі рецепт бойынша әзірлеу:

Екі стакан ұнды, төрттен бір стакан ұнды, бір ас қасық майды, жарты стакан суға араластыру керек. Одан кейін осы қоспаға ас немесе көпіршік тәрізді бояуды қосуға болады. Дайын қамырды полиэтиленді пакетте тоңазытқышта ұзақ уақыт сақтауға болады.

Біріншіден, біріңғай символикалық бейнелерді,түрлі тақырыптарға мүсіндік бейнелерді,екіншіден, ролдік ойындар үшін фигураларды құруға болады. Мысалы: тұзды қамырдан бойыңдағы қорқынышты көрсете алады және оны бұза да, безендіре де қандай да бір басқа нәрсеге ауыстыра да алады. Егер қамырдан баланың сүйікті ертегісінің кейіпкерін жасаса, оның көмегімен болашақта оның мәселелік жағдайын ойнауға, баланың қалауынша ертегінің барысын өзгертуге, жаңа кейіпкерлерді қосуға болады.





Пластилинді туынды.





Міндеттері: сенсорлы-перцептивтік сфераның,қиялдың,ойлау шынайылығының,шығармашыл өзіндік бейненің дамуы.

Материал:еңбекке арналған картон,пластилин,макаронды өнімнің түрлері мен жарма-100г.басқада ұсақ-түйектер(моншақтар, түймелер,кнопкалар және т.б.)

Жұмыс барысы: Балаларға бір картон мен пласталин ұсынылады. Бала қалауынша каробкадан өзіне ұнаған түсті пласталинді таңдап, қолымен оны жұмстарқанша мыжғылай алады. Одан кейін пласталинін қолымен мөлшермен 3 мм. шамасында картонға жағады.

Пластилиннің басқа да түстерін пайдалана алады. Сондай- ақ балаға макарондар жинағы, жарма және ұсақ-түйектер ұсынылады. Олар алдын ала жеке сауыттар бойынша іріктелген болуы мүмкін. Осы материалдарды пайдалана, әрі заттарды пластилиндік негізге енгізе отырып, бала өз еркінше немесе белгілі бір тақырыпқа туынды құрастырады. Жұмыстар дайын болғанда, атау беріп, оқиға құрастырып,көрме жасауға болады.

Шумақ жіппен сурет салу



Бұл әдістемені жеке және топтық жұмыстарда да пайдалануға болады.

Міндеттері: суретті нашар салатын балалардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату, креавтілігін дамыту, диагностикалау.

Материал: шумақ жіп.

Жұмыс барысы: жіпті шумақ етіп орап, балаларға еденде немесе үстелде бейнелерді, суреттерді қалай жасауға болатынын көрсетеді.Одан кейін әрбір бала кезектесіп шумақты қолына алып, орап, одан туынды шығарады. Жіпті үзіп, шумақты келесі қатысушыға ұсынады. Барлық тунды аяқталғаннан кейін, не пайда болды, соны талқыға салады. Келесі сұрақтар қойылады:

Бұл жерден қандай да бір әріптерді көре аласың ба? Қандай фигураларды сен көріп тұрасың? Бұл жерден қандай тағамдар суреттелген?

Сен үшін мына сызықтар нені бейнелейді:адамдарды, әсем көріністі, қандай да бір оқиғаны және т.б.? Жеке түрде бұл техниканы агрессивті, шектен тыс белсенді, күйгелек және тұйық балаларға пайдалануға болады















Шимай жаттығуы



Жеке және топтық түрде жүргізіледі .

Міндеттері: сенсорлы- перцептивтік сфераның, қиялдың дамуы, топты ұйымдастыру, эмоционалдық күшті бәсеңдетуге арналған.

Материал: карандаштар,борлар,парақтар.

Жұмыс барысы: Қолдың үш қозғалысының көмегі арқылы алынған бейне салады (үш шимай)

Қатысушылардың әрқайсысы қандай да бір бірыңғай бейнені тудыруға тырыса отырып, кезекпен шимайласа топтық жұмыс тудыруға да болады. Кішкентай балалармен, моторикасы немесе сенсорлық депривациясы әлсіз дамыған балалармен шимайды саусақтарын түрлі бояуға батырта отырып салдыруға болады. Мұндай жағдайда сұйық гуашты пайдаланған жақсы.

Shape1



Сенсорлы-перцептивтік даму, эмоционаллдық күшті бәсеңдету,топтық ұйымшылдық, креативтілікті дамыту

Керекті материал сұйық гуашь балалардың санына қарай йогурттың немесе қаймақтың ыдысы өсімдік майы,ұн,желім,тұз,престелген картон немесе еңбекке арналған картон,

Жұмыс барысы

Бояудың рецепті:150г ұн,шым-шым тұз,ас қасық өсімдік майы ас қасық ПВА желімі,су бояу қаймақ тәрізді қоймалжың болғанша қосылады.Еденге клеенканы төсеп,оған газет жаюға болады.Қақ ортасына банкілер мен бояуға қажетті барлық заттар қойылады.Балалар сол материалдарды айнала отырады..Балалар үстін бүлғаудан қорықпас үшін клеенкалы алжапқыштарды пайдаланған жақсы.

Балалар қолдарына стакандарын алып,оған қажетті ұнды салады.Одан кейін олар қолдарымен стакандағы ұнға біртіндеп тұз, май,су,желім қоса отырып, араластырады.Барлық заттың қолымен дұрыс араласқаны дұрыс. Қоспаларды араластыру үрдісінде балалардан өз сезімдерімен,түйсінулерін талдауларын сүрау қажет.Бояудың негізгі дайын болған жағдайда балаларға өздері алғысы келетін түсті таңдау ұсынылады.Егер жарқын түс қажет болса,онда гуашь көп қосылады,ал ашық түс болса азырақ қосқан дұрыс.Дайын болған бояу ортаға қойылады.Балаларға картон таратылып,жағымды әуенге дайындалған бояды пайдалана отырып ,саусақтарымен бір нарсе салу ұсынылады.Бұл берілген тақырыпта да болуы мүмкін.

Балалар жұмысының барысында психолог бояуларды пайдаланудағы өзара әрекеттерінің тәсілін, балалардың жағдайын, мінез-құлық реакциларын бақылай алады.

Жұмыс дайын болған кезде келесі талдауларды жасай отырып, көрме ұйымдастыруға болады



Қорытынды.





Психолог маманының түзеу сабақтарына келетін балалардың кобінің сөздік қоры,есте сақтау қабілеті, зейіні, көңіл-күйі,ортаға бейімделуі,өзін өзі ұстауы төмен төмен.Өз сабағымда артерапия элементтерін кеңінен қолданып отырамын.Балалар аса қызығушылықпен қатысады.Оз салған суреттерін бір бірімен талқыға салып,өз ойларын ашық айтуға үйреніп келеді.

Түрлі түсті боялар арқылы суеттерді салып, бойларындағы қорқыныш сезімін жеңеді.



Shape2





































Пайдалынған әдебиеттер



1Дефектология



2.Қызықты психология



3.Тіл ашар













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!