Материалдар / "Асық ату" сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Асық ату" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ ұлттық ойындарын дәріптеп әріптестермен бөлісіп тәжірибе алмасу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2019
15888
90 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән:

Дене шынықтыру

Сынып:

Күні:

Сағат:

Тақырыбы:

Қазақтың ұлттық «Асық» ойыны.

Мақсаты:

1) Ұлттық «Асық» ойынын оқушылармен кеңінен талқылау

2) Оқушылардың асық ойынына деген қызығушылығын арттыру

3) Дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеу

Міндеті:

1)асықтың атауларынмен және ойын түрлерімен таныстыру

2) асықты қолда ұстауды үйрету

3) ойын техникасын жетілдіру

Өтетін орны Спорт зал

Құралдар:

Асықтар, бор, проектор, ноутбук бейне таспалар.

Сабақтың мазмұны

Жүктеме

мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

I

Дайындық бөлімі

13 минут


Сапқа тұру, рапорт беру, сәлемдесу.



Орнында және қозғалыста орындалатын

саптық жаттығулар.




Тақырыпты жасыру. Дорбаның ішінде асықтар.

Мұғалімнің проблемалық сұрақтары:

  1. Бұл не? (дорба)

  2. Қалай ойлайсыз дорбаның ішінде не бар?

  3. Неге? Дәлелдеңіз.

Иә дұрыс. Біздің бүгінгі тақырыбымыз

«Асық ату» (презентация- тақырыбы мен мақсаты)



2 минут



3 минут




3 минут








3 минут



2 минут

Оқушылардың киген киімдеріне мән беру, толық сапқа тұруын қадағалау. Тез, әрі нақты

орындау.


Зейін қойып

тыңдау.

Жұмбақ шешу.








Зейін қойып

тыңдау.


Оқушылар топтың атын өздері қояды.

Ұлттық асық ойынының тарихымен танысу. Оқушының баяндамасы (Томирис) презентация


Топтарға бөлу: 1 топ қыздар және 1 топ ұлдар

Оқушыларды топтарға бөліп, Топтардың атын қою.


ІІ

Негізгі бөлім

23 минут


  1. Асық түрлерімен таныстыру (видео )


Мұғалім: презентация асык ойының түрлері бойынша

1.Кеней, кентай - асық ойынында ұпайға тігілетін асық. «Кішкентай» сөзі «кіші» және «кентай» сөздерінен шыққан. 
2. Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі. 
3. Ешкімер - ешкінің асығы. 
4. Қойлақ - қойдың асығы. 
5. Құлжаз - құлжаның асығы. 
6. Топай, сомпай - сиырдың асығы. 
7. Шүкейт - киіктің асығы. 
8. Пүш - тәйке түспесін деп алшы жағы жонылған асық. «Пұшайман болу» деген сөз осыдан шыққан. 
Оңқай - малдың оң жақ аяғының асығы. 
Солақай - малдың сол жақ аяғының асығы. 


  1. Мұғалім: Қолда асықты үстау техникасын үйрету:

- асықтың өзіндік болмысына және жату қалпына сай атаулары: алшы, тәйкі (тәуке, тәйке), бүк, шік. (омпа және томпа).

- асықтың ойын түрлеріне сай қолға ұстау әр түрлі:

көбіне асықпен ойналатын ойындар иіру арқылы ойналады. Асықтың тәйкі тұсы – басбармаққа, алшы жағы – сұқ саусаққа, бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады. (Бұл оңқай асықтарды дұрыс ұстау). Ал солақай асықты ұстағанда: алшы тұсы – басбармаққа, тәйкі тұсы – сұқ саусаққа, бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады.


Бес асық және Бес табан ойындарын ойнау

4) Қойылған міндетті орындау үшін қолданатын жаттығулары:

- арнайы дайындалған шеңбер ойынын ережеге сай оқушыларға ойнату.


5 минут




















3 минут
















15 минут















Оқушылардың зейін қойып тыңдауларына мән беру.

















Оқушылардың зейін қойып тыңдап, қолдарындағы асықтарымен көргендерін қайталап отыруларын қадағалау.







Оқушылардың асық ойынының түрлерін дұрыс ойнауын қадағалау, ұпай бойынша бағалау


ІІІ

Қорытынды бөлімі

9 минут


  1. Сабақты қорытындылау. Постер жасау. Сабақта не түсінгенін жазады.(ватман, түрлі түсті маркерлер)

  2. Бағалау.

  3. Рефлексия. Стикер арқылы сабақ туралы өз пікірлерін айтады


  1. Асықтардан жасалған бұйымдар көрсету (презентацияда бар)


3 минут



2 минут


2 минут


2 минут

Түгел тыңдауын қадағалау.


Сабаққа қатысуына байланысты бағалау.

Мұқият қарауларын бақылау.

Қонақтарға сыйлық тарату

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!