Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 352 бұйрығына 152-
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115
бұйрығына 370-қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің
5-сыныбы үшін «Емдік дене шынықтыру»
пәнінен үлгілік оқу
бағдарламасы
1 - тарау. Түсінік
хат
1.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012
жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына сәйкес және жеңіл
ақыл-ой кемістігі бар білім
алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере
отырып әзірленген.
2. Оқу пәнінің мақсаты –
тұлғаның дене бітімін жан-жақты дамыту, білім алушылардың
қимыл-қозғалыс белсенділігін және жинақылығын арттыру, дене
дамуындағы ауытқушылықтарды емдік дене шынықтыру (бұдан әрі - ЕДШ)
құралдарымен жеңу.
3. Оқу пәнінің
міндеттері:
1) балалардың омыртқа мен
сүйек жүйесінің, бұлшық ет жүйесінің атқарымдық жағдайын, бұлшық ет
күшінің дене жүктемелеріне төзімділігін
зерттеу;
2) жаттығуды орындау
техникасына баланың денсаулық жағдайын, оның жынысын, дене дамуын,
қимыл-қозғалыстық дайындығын, психикалық қасиеттері мен сапасының
ерекшеліктеріне сәйкес дербес мөлшер таңдалып, оны біртіндеп
арттыра отырып үйрету;
3) омыртқа және барлық сүйек
жүйесі мен бұлшық ет жүйесіндегі кемшіліктердің патологиялық
процесін тұрақтандыруға көмектесу;
4) дұрыс мүсінді және
қимыл-қозғалыстық үйлесімділік дағдыларын үнемі жетілдіру, өзін-өзі
бақылауды жүзеге асыру;
5) балаға сауықтыру шараларына
белсенді қатысуға ынталандыратын жайлы психологиялық көңіл күй
тудыру;
6) ерік сапасын тәрбиелеу,
білім алушының өзінің жеке тұлғалық жетілуіне, нәтижені жақсартуға
деген ұмтылысын ынталандыру;
7) сауықтырудың қол жеткізген
нәтижелерін бекіту;
8) білім алушыларды дене
шынықтыру, сауықтыру әрекеттерін өздігінен меңгерген тәсілдерімен
жүзеге асыруға (білім мен икемділіктерін қолдануға)
ынталандыру.
4. Оқу бағдарламасы түзету
процесін тиімді құруға, ағзаны дамытуда жағымды нәтижеге қол
жеткізуге және білім алушыларда олардың мүмкіндіктеріне сәйкес
қимыл-қозғалыстық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін
теориялық және практикалық мәліметтерді жинақтайды және
жүйелейді.
5. Сабақта қолданылатын оқыту
тәсілдері:
1) практикалық тәсіл
(бөліктерге бөліп үйрету);
2)
ойындық;
3)
жарысу;
4) көрнекілік қабылдау
тәсілі.
6. Оқыту
түрлері:
1) ЕДШ нұсқаушысының
бақылауымен қимыл-қозғалыстық әрекеттерді
жаттау;
2) ЕДШ нұсқаушысының
бақылауымен қимыл-қозғалыстық әрекеттерді
жетілдіру.
7. Емдік дене шынықтыру
бойынша арнайы сабақтар жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім
алушылардың дене мүмкіндігін дамыту бойынша шаралар жүйесінің
ажырамас бөлігі болып табылады.
8. Білім алушылар ЕДШ сабағына
арналған медициналық арнайы топқа білім алушыларды дәрігерлік
бақылау туралы қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жыл сайын
өткізілетін тереңдетілген тексеруден кейін ғана
жіберіледі.
9. Бағдарлама жүйелі
сабақтарға есептелген. Сабақтар әртүрлі заттармен (резенке немесе
толтырылма доп, құм салынған дорбалар, шеңберлер мен гимнастикалық
таяқшалар) немесе оларсыз да өткізілетін дайындық бөлімінен
басталады. Сабақтың негізгі бөлімі ойын түрінде құрылған, бұл
кеңістікте бағдарлауды дамытуға, вестибулярлық аппаратты нығайтуға,
мүсінді дұрыс қалыптастыруға, тепе-теңдікті сақтау қабілетін
жаттықтыруға, бейнелік ойлауды, сондай-ақ білім алушылардың сөйлеу
тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сабақтың қорытынды бөлімі
релаксациялық, би, ойын түрінде болады, бұнда балалар бойын еркін
ұстайды, қарым-қатынас, емін-еркін қимылдау дағдыларын
алады.
10. ЕДШ сабақтарының
бағыттары:
1) кең жайылған кемшіліктерді
(мүсіннің, жүрістің бұзылуы, құрсақ тығыршықтарының, дененің,
аяқ-қолдыңбұлшық еттерінің әлсіздігі)
түзету;
2) білім алушылардың үйлестіру
қабілеттерін, олардың жаттықандарының деңгейі, жаттығуларды орындау
тәсілдерін (белсенді, көмекпен, енжар)
дамыту;
3) дене даму кемшіліктерін
(жалпақтабандылық, бойының, салмағының өспеуі, дисплазия) түзету
және өтеу;
4) қимыл-қозғалыстағы
бұзылыстарды (үйлесімділіктің, кеңістікте бағдарлаудың, қимылдың
нақтылығының, тепе-теңдіктің бұзылыстары)
түзету;
5) қимыл-қозғалысындағы және
басқа да қасиеттерінің (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік,
икемділік, секіргіштік) дамуындағы кемшіліктерді
жою;
6) салауатты өмір салтын және
әрі қарай әлеуметтенуді қалыптастыру.
11. ЕДШ сабақтарын
жоспарлағанда және өткізгенде білім алушылардың ағзаларының
ерекшеліктері, олардың атқарымдық мүмкіндіктерінің төмендеуі, дене
жүктемелеріне бейімделудің баяулығы ескеріледі. Дене жаттығулары
тірек-қимыл аппаратының, атқарымдық мүмкіндіктерінің бұзылуына
байланысты әртүрлі дәйектілікте және мөлшерде
ұсынылады.
12. Бағдарламаға ендірілген
тараулар:
1) білім
негіздері;
2) тыныс алу
жаттығулары;
3) мүсінді дұрыс
қалыптастыруға арналған жаттығулар;
4) майтабандылықтың алдын
алуға арналған жаттығулар;
5) тепе-теңдікке,
вестибулярлық аппаратты нығайтуға берілген
жаттығулар;
6) қимыл үйлесімділігін
дамытуға арналған жаттығулар;
7) релаксацияға арналған
жаттығулар.
13. Білім алушылардың сабаққа
деген қызығушылығын арттыру үшін сабақты музыкалық сүйемелдеумен
өткізуге болады. Бұл ырғақ сезімін, қоршаған ортамен үйлесімділікті
дамытады.
14. ЕДШ бойынша барлық
сабақтар спорт залында немесе санитарлық-гигиеналық талаптар
сақталған жағдайда таза ауада өткізіледі.
15. Оқу жүктемесінің
көлемі:
1) 5 сынып – аптасына 1 сағат,
оқу жылында 34 сағат.
16. ЕДШ нұсқаушысы әрбір білім
алушыға немесе даму бұзылыстарының құрылымы ұқсас балалар тобына
арналған жаттығулар кешенін білім алушылардың психофизикалық даму
ерекшеліктерін ескере отырып, өзі
таңдайды.
17. Сабақты ұйымдастыру
түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жаппай. ЕДШ нұсқаушысы білім
алушының хал-жайын, жүктемеге деген әсерін, жасын, жыныстық және
жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жаттығулардың көлемін, мөлшерін,
ұзақтығын және қарқынын өзі
анықтайды.
18. ЕДШ сабақтарында баға
қойылмайды.
2 - тарау. Оқу пәнінің 5 -
сыныптағы базалық білім мазмұны
19. Білім негіздері (4
сағат):
1) омыртқа деген не және оның
құрылысы қандай;
2) дұрыс тамақтану және
салауатты өмір салты;
3) ЕДШ, классикалық массаждың
емдік әсерінің механизмі;
4) сабаққа ендірілген спорт
ойындарының қарапайым ережелері.
20. Тыныс алу жаттығулары (5
сағат):
1) Бутейко жүйесі бойынша
тыныс алу жаттығулары;
2) Стрельникова жүйесі бойынша
тыныс алу жаттығулары.
21. Мүсінді дұрыс
қалыптастыруға арналған жаттығулар (5
сағат):
1) қабырғаның жанында тұрып,
басына дорба қойылған қалыпта қолды жоғары көтеру, жүрелеп отыру.
Қарқыны баяу;
2) басына дорба қойылған
қалыпта тізерлеу, өкшемен отыру және тұру. Қарқыны
баяу;
3) басындағы дорбамен алға
қарай тура жүру, арқамен кейін бұрылу. Осыны көзін жұмып қайталау.
Қарқыны баяу;
4) басындағы дорбамен еденде
жатқан жіп бойымен жүріп, содан кейін көзін жұмған қалпында жүру.
Қарқыны баяу;
5) басындағы дорбамен
орындыққа отыру және тұру. Қарқыны баяу;
6) басындағы дорбамен
орындыққа шығу және оның үстімен жүру. Қарқыны баяу. Орындықтан
түсу;
7) басындағы дорбамен тізерлеп
отыру, қол алға және тұру. Қарқыны баяу;
8) басындағы дорбамен
орындыққа шығу, отырғыштан ұстану, аяғын түзулеп тұру. Қарқыны
баяу.
22. Майтабандылықтың алдын
алуға арналған жаттығулар (5 сағат):
1) табанның ішкі және сыртқы
жақтарымен жүру (қол белде, бағыттаушының
артынан);
2) «аю» табанның ішкі жағымен
тұру;
3) «балерина» табанның сыртқы
жағымен тұру;
4) табанның ішкі және сыртқы
жақтарымен жүру (қол белде, бағыттаушының
артынан).
23. Тепе-теңдікке,
вестибулярлық аппаратты нығайтуға арналған жаттығулар (5
сағат):
1) басты алға, артқа, оңға,
солға қарай бұру. Көзін ашқан, жұмған қалыпта
орындау;
2) аяқтың ұшымен
тұру;
3) биіктікте (орындық, бөрене)
тұру;
4) белгіленген нысандар
бойымен, әртүрлі заттардың үстімен (құм, поролон, гимнастикалық
таяқшалар, арқан, гимнастикалық қабырға) бойымен
жүру;
5) тепе-теңдікті сақтауға
арналған жаттығулар: өкшемен, аяқтың ұшымен тұру, бүгілген
бақайлармен тұру. «Қарлығаш» тепе-теңдік. Көзін ашқан, жұмған
қалыпта бекіту:
6) бұрылыстармен жүгіру,
қозғалыс бағытына арқасын бере жүгіру. Қарқынды
ыршулар;
7) еңкіш, жазықтықта,
биіктікте, залда бар биіктіктері әртүрлі орындықтардан,
бөренелерден, гимнастикалық орындықтардан және басқа да спорт
жабдықтарынан құрылған шытырман бойымен
жүру;
8) бөрене бойымен жүру,
серіктестерімен орын ауыстыру;
9) екеулеп үш аяқпен (екі
аяқты байлап қояды) жүгіру;
10) жұппен орындалатын
жаттығулар, қол ұстасып оңға (солға) қарай айналу, екеулеп
секіру;
11) биіктіктен секіру: биіктік
30-60 см. 45-90⁰
бұрыла секіру. Аяқты бүгіп,
алшақ қойып секіру.
24. Қимыл-қозғалыс
үйлесімділігін дамытуға арналған жаттығулар (5
сағат):
1) заттармен (жалауша, доп,
шеңбер, секіртпе) орындалатын, күрделі қимыл-қозғалысқа арналған
жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеумен (даңғара, даң) бірнеше
қарапайым ырғақтық көріністерді, бір мезгілде алақан шапалақтау мен
аяқты тыпырлатуды орташа және жылдам қарқында
орындау;
2) доппен орындалатын
жаттығулар, допты лақтыру, нысанаға ату, ұстап алу. Доптар –
кішкентай, үлкен. Доппен ойындар: «Қозғалмалы нысан», «Нысанаға дөп
тигізу», «Допты көршіге лақтыру»;
3) допты 2 м биіктікте
керілген, волейбол торы арқылы лақтыру, берілген шаршыларға
(нысана) лақтыру.
25. Релаксацияға арналған
жаттығулар (5 сағат).
3 - тарау. 5 - сыныпты
аяқтағанда күтілетін нәтижелер
26. Пәндік
нәтижелер.
27. Білім алушылар
:
1) дұрыс тыныс алу негіздері
мен салауатты өмір салтын;
2) өзінің омыртқасының
денсаулығын сақтау ережелерін;
3) қарапайым спорттық
ойындардың ережелерін;
4) қарапайым өзіне-өзі
массаждың ережелері мен тәсілдерін біледі деп
күтіледі.
28. Білім
алушылар:
1) аяқтың ұшымен, өкшемен,
табанның ішкі және сыртқы жақтарымен
жүруді;
2) түзету және жалпы дамыту
жаттығуларын орындауды;
3) өзін-өзі реттеудің (ширығу
және босаңсу) негізгі тәсілдерін;
4) аурудың алдын алуға
арналған тыныс алу гимнастикаларын
орындауды;
5) майтабандылық пен мүсінді
түзетуге арналған жаттығуларды орындауды меңгереді деп
күтіледі.
29. Тұлғалық нәтижелер. Білім
алушылар:
1) дене шынықтыру
жаттығуларының қажеттіліктерін;
2) жаттығуды орындағандағы
тәртіп пен дербестік;
3) әсершілдік, өзіне деген
сенімділік;
4) серіктестік, өзара көмек
сезімін танытады деп күтіледі.
30. Жүйелік-әрекеттік
нәтижелер білім алушылардың:
1) дұрыс тыныс алу тәсілдерін
орындауынан;
2) мүсінін
бақылауынан;
3) әдемі және кербездікпен
қозғалуынан көрініс табады деп күтіледі.