Материалдар / Ашық сабақ Қазіргі заман психологиясының міндеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Қазіргі заман психологиясының міндеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
психология өз даму жолында жан туралы ғылым екенін түсіндіру, психикалық ерекшеліктерін сипаттай отырып, жан-жақты ашып ұғындыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
478
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қазіргі заман психологиясының міндеттері

Үйірме мақсаты:психология өз даму жолында жан туралы ғылым екенін түсіндіру

Білімділік:психикалық ерекшеліктерін сипаттай отырып, жан-жақты ашып ұғындыру.

Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін арттыру.

Дамытушылық: пәнге деген қызығушылығын арттыру, психологияның айналадағы өмірмен байланысын көруді үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Оқыту әдістері: хабарлау, дамыту

Негізгі ұғымдар:социометрия, сұрақ-жауап, әңгімелесу, сауалнамалар, тірек-сызбалар

Әдебиеттер: Негізгі:

Қосымша:

Көрнекі құралдар: суреттер ,Шаталовтың тірек-сызбалары, схемалар.

Пәнаралық байланыс: педагогика және жас ерекшелік педагогикасы

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ(45мин)

  1. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, кабинеттің сабаққа дайындағы.

Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

2 . Жаңа тақырып бойынша оқушылардың оқудағы белсенділігін арттыру (2 мин)

Адам танымының жеке бір саласы ретінде кез келген ғылымның өзі зерттейтін ерекше пәні болады. Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні- психика.Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Сонымен, Психология-психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Дамудың қазіргі кезеңдегі психологиялық ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Психология жеке салаларымен тығыз байланысты. Зерттеу обьектісі-адам.

Психика -обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі.Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері (мысалы, мұғалім сабақты оқушылардың бәріне бірдей айтады, ал оқушылар әр қалай қабылдайды, яғни әртүрлі түсінеді). Белгілі бір сыртқы әсердің әр түрлі екенін міне осы мысалдан көруге болады. Сонымен психиканың мазмұны реалды бізге тәуелсіз және бізден тыс өмір сүретін болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда, оның өткен тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына т.б. байланысты өзіндік ерекшелігімен пайда болады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тіл, қабілет, қызығу, мінез, әдет, т.б.) Психикалық құбылыстарды біз өз бойымыздан немесе өзгелерден көреміз.



  1. Жаңа тақырыпты меңгеру :(30 мин)

Сұрақтары:

  1. Жан туралы ғылым

  2. Психологияның әдістері

  3. Психология қызметі


  1. Жаңа материалды бекіту(5 мин)



II- сабақ

Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі – барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.

Сонымен, психология – психика және оның қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым.Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған.Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің «Жан туралы» атты еңбегінде алғаш рет психикалық құбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды. Аристотелді психологияның негізін салушы деп атауға болады. Екінші жағынан, психологиялық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталдік түрде зерттеу шын мәнінде XIX ғ. ортасынан бастап, қалыптаса бастады.

Психикалық құбылыстарды 3 үлкен топқа жіктеуге болады:

Психикалық үрдістер – бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім және эмоция, ерік.

Психикалық қасиеттер –бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.

Психикалық жағдайлар (қалып)психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің негізгі саласы болып табылады. Мәселен, белсенділік немесе енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. Барлық психикалық құбылыстар бір-бірімен өзара байланысты.


5. Жаңа білімді бекіту.


Сабақты қорытындылау.


Психология — психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!