Материалдар / Бағдарлама "Фонетика - тіл дыбыстарының ғылымы,10-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бағдарлама "Фонетика - тіл дыбыстарының ғылымы,10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрастырылған бағдарлама арқылы 5-сыныпта алған білімдерін қайта толықтыру мақсатында, оқушыға терең, тиянақты білім беру мәселесін дамыта түсуді талап етеді. Фонетика саласы орфоэпиямен тығыз байланысты болғандықтан, оны жақсы меңгерген оқушы өз ана тілінде дұрыс, анық, түсінікті, әрі мәнерлі сөйлеуге үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2018
975
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ключевой орта мектебі» ММ







Бағдарлама

Фонетика – тіл дыбыстарының ғылымы (10-сыныпқа арналған қолданбалы курс)
























2010-2011 оқу жылы






Түсінік хат

Мектепте білім беруде ең негізгі болып саналатын пән – қазақ тілі. Қазақ тілі маңызды, әрі күрделі пән болып келеді. Адамзаттың тілі – дыбыстық тіл. Әрбір тілдің өмір сүруінің әдісі – тіл дыбыстары. Сөздер дыбыстардың өзара тіркесуі түрінде айтылмаған кезде, тілдің қатынас құрамы да, пікір алысу құрамы да болуы мүмкін емес. Тілдің дыбыстық жүйесі оның ғасырлар бойы өмір сүруіне, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік туғызады. Біз ұсынып отырған фонетика саласына қолданбалы курс жаңа білім жүйесінің басты негіздерін жүзеге асыру жөнінде бағыт береді. Мектепте дұрыс оқытудың да, дұрыс жазудың да әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделді. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру, ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғат пен фонетикалық саланы білуді қажет етеді.

Әрбір ұлттың өзіне тән ана тілі бар. Тіл халыққа үздіксіз қызмет етеді. Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Нақты әдеби тіліміз бар. Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының ұлттық құндылығы. Осы байлықтың қадір-қасиетін бағалай білу – келешек жас ұрпақтардың зор міндеті. Ана тіліміздің қыр-сырын, қадір-қасиетін кеңінен тану үшін қазақ тілін терең білудің маңызы зор. Осы тұрғыда жұмыс жүргізу қолданбалы курстың негізгі мақсаты болып табылады.

Құрастырылған бағдарлама арқылы 5-сыныпта алған білімдерін қайта толықтыру мақсатында, оқушыға терең, тиянақты білім беру мәселесін дамыта түсуді талап етеді. Фонетика саласы орфоэпиямен тығыз байланысты болғандықтан, оны жақсы меңгерген оқушы өз ана тілінде дұрыс, анық, түсінікті, әрі мәнерлі сөйлеуге үйренеді.





















Бағдарламаның мақсаты:

  • Фонетика тарауы бойынша тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы, дыбыстық тілдің басқа да мәселелерін тереңірек білу.



Бағдарламаның міндеті:

  • Тіл дыбыстарының фонетикалық қасиеттерін білу, дыбыстардың өзара байланысын түсіну;

  • Фонетикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, тілдік категориялардың мәнін ұғыну;

  • Қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің байланысын орынды пайдалану;

  • Орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.

  • Тілдік-эстетикалық сезімге баулу, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

  • Оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.





Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың фонетика саласы бойынша білімдері кеңейіп, дыбыстық ерекшеліктерді, заңдылықтарды білген соң қазақ тілінде дұрыс жазып, дұрыс сөйлеуге машықтанады. Ұлттық бірыңғай тестілеуде фонетика, орфография, орфоэпия сұрақтары бойынша қиындық туғызбай, жақсы сапа көрсетуге бағыттайды. Оқушылардың өз ана тіліне деген қызығушылығы артады. Өз бетінше тереңірек іздену қабілеттері оянады. Қазақ тілінің бір бағытын алып, зерттеп ізденудің арты ғылыми жұмыспен айналысуға көздейді. Осындай қолданбалы курстардың, қосымша пәндердің мектепте болуының маңызы зор, сондай-ақ олар әр пәннің тереңірек оқытылуына жағдай жасайды.

Қолданбалы курстың тақырыптық жоспары 34 – сағат


Тақырыптың мазмұны

Сағат саны

Сабақтар

1.

Фонетика – тіл дыбыстары туралы ғылым

Фонетика салалары, заңдары Фонетика саласына байланысты термин сөздердің шығу тегі

Тіл дыбыстары

3

1-3

2.

Дауысты дыбыстар Жуан және жіңішке дауыстылар Ашық және қысаң дауыстылар Еріндік және езулік дауыстылар Дауыстылардың жазылу емлесі (а,е,ё,о,ө,ұ,ү,ы,і) Жаттығу жұмыстары

8

4-11

3.

Дауыссыз дыбыстар, оның түрлері Дауыссыздардың жазылу ережелері (я,ю,л,р,у,ф,х,в,ч,ц,б,р,д,һ,ғ) Жаттығу жұмыстары

6

12-17

4.

Буын. Буынның түрлері Тасымал

2

18-19

5.

Тіл үндестігі Үндестік заңы Буын үндестігі Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар Дыбыс үндестігі. Дыбыстардың алмасуы Ықпалдың түрлері, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы Сингармонизм

10

20-30

6.

Орфография, орфоэпия Қазақ орфографиясының ұстанымдары (морфологиялық, фонетикалық, дәстүрлік) Орфографияның негізгі ережелері

2

31-32

7.

Жаттығу жұмыстары

1

33

8.

Қорытынды сабақ

1

34




«Фонетика – тіл дыбыстарының ғылымы» атты қолданбалы курсының негізгі мазмұны

1-3-сабақ.

Фонетика - тіл дыбыстары туралы ғылым екендігіне жалпы түсінік. 5-сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Фонетика салаларымен, заңдарымен танысу. Фонетикалық термин сөздердің қай тілден енгені жайында түсінік беру. Тіл дыбыстарының жасалу жолдарына тоқталу. Қазақ әліпби құрамына байланысты тапсырмалар орындау.

4-11-сабақ.

Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін білу. Тілдің қатысына қарай, еріннің қатысына қарай, жақтың қатысына қарай түрлерін тапсырмалардан ажырату. Дауыстылардың жазылу емлесіне тоқталу, сатылай-кешенді талдау, дыбыстық талдаулар жасату.

12-17-сабақ.

Дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін еске түсіру. Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері: үн мен салдырдан тұратындығы, созуға келмейтіндігі, буын құрай алмайтындығы мысалдармен дәлелденеді. Дауыссыз дыбыстардың жазылу емлелеріне 5-сағат бөлу. Осы тақырыпқа сай тапсырмалармен қатар сатылай кешенді талдау, фонетика-математикалық талдау, дыбыстық талдау жүргізу. Тест тапсырмаларымен бекіту.

18-19-сабақ.

Буынның түрлерін, жасалу жолдары тақырыбын ашу, оларға мысалдар келтірту, талдаулар жасап үйрену. Буын мен тасымалдың бір-бірімен байланысын анықтау. Берілген сөздерді буындарға бөлгізу, тасымалданбайтын сөздерді тапқызу, себебін айтқызу. Тест тапсырмаларымен бекіту.

20-30-сабақ.

Тіл үндестігі тақырыбы бойынша оқушылар жалпы түсінік алады. Буын үндестігін, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды атайды, білмегендерін жазады, мысалдар келтіреді. Қазақ сөздерінде буын үндестігінің сақталуы тілдік заңдылық екендігін ерекше атау. Басқа тілдерде буын үндестігінің сақталмауы туралы айтып кету. Еріндік, езулік дауыстылар арасындағы үндестік: о-ы, ө-і, ұ-ы, ү-і әріптерінің емлесіне тоқталу, тапсырмалар орындау. Дыбыстық талдаулар жасау. Оқушылар тақырыпқа сай тест тапсырмаларын орындайды.

Дыбыс үндестігі бойынша білімдерін толықтыру. Сөз қолданысындағы дауыссыз дыбыстардың өзара үндесетіндігі, дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстарға әсер ететіндігі туралы мысалдар келтіре отырып түсіндіру. Ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдарға жеке-жеке тоқталып, жаттығу, тапсырмалар арқылы жүзеге асыру. Оқушылар дыбыстық талдаулар жасайды. Сөз құрамындағы, сөз тіркестеріндегі дыбыстардың үндестігін берілген мысалдардан, мәтіннен табады. Тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениетімен байланыстыру. Тест тапсырмалары арқылы білімдерін тексеру. Сатылай кешенді талдау жүргізіледі.


31-32-сабақ.

Орфоэпия мен орфография ережелерін еске түсірту. Сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу нормаларына байланысты сөздіктермен жұмыс жасату. Фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлік ұстанымдарды білу, тақырып көлемінде тапсырмалар, тест жүргізу.

33-34-сабақ.

Өтілген тақырыптар төңірегінде әр түрлі тапсырмалар, жаттығулар орындау. Фонетика-математикалық талдау, дыбыстық талдау, сатылай-кешенді талдау жүргізу. Бірнеше тест тапсырмаларымен бекіту.









































Қ азақстан Республикасы «Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Ключевой орта мектебі»ММ












10-сыныпқа арналған

«Фонетика - тіл дыбыстарының ғылымы» бағдарламасына сай қосымша тапсырмалар жинағы






















Карбузова Мейрамкүл Тұяққызы

2011 ж







Алғы сөз

Қолданбалы курс ретінде Фонетика саласы бойынша құрылған бағдарламаға сай 10-сыныпқа арналған жаттығу жұмыстары 5-сыныпта алған білімдерін қайта толықтыру мақсатында құрастырылды. 10-сыныпта қазақ тілі пәні аптасына 1-2 сағатқа «Сөз мәдениеті» деп аталатын курс түрінде жалғасып, оқушылар тіл құдіреті, сөзді дұрыс қолдану,сөз шеберлігі сияқты тақырыптар тұрғысынан дәріс алады. Ал орта буында алған білімдері толығымен қайталанбағандықтан ұмыт қалып жатады. Ұлттық бірыңғай тестілеуде орта буында алған білімдері бойынша тақырыптар қамтылады. Осындайда қолданбалы курстарды өткізу, қосымша тапсырмалармен жұмыс жасау керек және тиімді жол.

Қандай да бір сабақтың мақсатына жетуі, тақырыптардың мағынасының жан-жақты ашылуы қызықты да ұтымды жаттығудың болуына байланысты. Бұл жаттығулар, тапсырмалар сабақтарда оқушылардың ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын дамытып, фонетикалық ережелерді түсіндіруге, өз беттерімен жұмыс істеп, өткен сабақты пысықтауға пайдаланылады.

Ұсынылып отырған Фонетика саласы бойынша қолданбалы курс жаңа білім жүйесінің басты негіздерін жүзеге асыру жөнінде бағыт береді, ал сол тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар бір-бірін толықтыра түседі.

Мектепте дұрыс оқытудың да, дұрыс жазудың да әдістемесінің көптеген мәселелері Фонетикаға негізделеді. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру, ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғат пен фонетикалық саланы білуді қажет етеді.

Қорыта келгенде, тақырып көлемінде құрылған жаттығулардың түрлері оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлықтарын, сөйлеу шеберліктерін, сауаттылығын, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Тілдің дыбыстық жүйесін меңгерген оқушы өз ана тілінде сауатты жазып, таза, дұрыс сөйлеуге машықтанады.















Фонетикалық тақырыптарды оқытумен оқушының тілін, білімін дамытуға бағытталған тақырыптық жаттығулар


Фонетика – тіл дыбыстары туралы ғылым

Фонетика туралы мәлімет

Фонетика – тілдегі сөздердің дыбыстық құрылысын тексереді. Дыбыстарды акустикалық жақтан білу оны дұрыс қабылдауға, дұрыс айтуға мүмкіншілік береді. Өкпеден келе жатқан ауа қысымының тербеліс диапазоны 82 герцтен 1100 гертцке дейін жетеді.

Shape1

Фонетика


Фонетикада дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері, сөздің буын жігі, олардың айтылуы, буын мен дыбыстардың үндесуі қарастырылады.



Shape2 Shape3

Shape6 Shape5 Shape4

Дыбыстар және олардың жіктелуі






Shape7

Буынның түрлері, тіл үндестігі







Shape8

Дыбыстық заңдылықтар



Shape9





Shape10

Орфография, орфоэпия, графика.


Shape11




Адамзаттың тілі – дыбыстық тіл. Әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі – тіл дыбыстары. Тілдің дыбыстық жүйесі оның ғасырлар бойы өмір сүруіне, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасайды.

Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл


дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық құбылыстармен әрдайым байланыста, қарым-қатынаста болады. Лексикалық элементтер болсын, грамматикалық элеметтер болсын, белгілі бір дыбыспен немесе дыбыстардың тіркесімен айтылады, сол арқылы өмір сүреді. Мұнымен бірге тілдің дыбыстық жағынан өзіне тән қасиеттері мен ерекшеліктері және әр түрлі заңдары болады, сондықтан тіл дыбыстары, дыбыс заңдары тіл білімінің арнаулы бір саласы – фонетиканың зерттеу нысаны болып саналады.


Фонетика салалары, заңдары.



Shape17

Фонетика

Shape16 Shape15 Shape14 Shape13 Shape12

Тарихи фонетика

Сипаттама

Жеке фонетика

Shape19 Shape18 Shape20

Жалпы фонетика

















Жалпы фонетика жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде адамның сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайды, тіл дыбыстары жіктелуінің классификациясының ұстанымдарын (принциптерін) белгілейді.

Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама фонетика және тарихи фонетика болып бөлінеді.

Сипаттама фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Сөзді және сөздің тұлғасын ажырататын дыбыс типі, дыбыстың айтылу түрі көп, шегі жоқ, бірақ олар орайласып бір дыбыс типін құрайды, оны фонема деп ұғамыз.

Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихынан әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді.


1-жаттығу. Мәтіндегі бас әріптен жазылуға тиісті сөздерді бас әріптен жазу, тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріңдер, мәтіндегі негізгі ойды айтып беріңіз...





Мазмұны


1. Алғы сөз .....................................................................................................1

2. Фонетика – тіл дыбыстары туралы ғылым .............................................2

3. Фонетика салалары, заңдары ................................................................... 3

4. Тіл дыбыстары ...........................................................................................4

5. Дауысты дыбыстар.................................................................................... 6

6. Дауысты дыбыстардың жазылу емлесі ................................................... 9

7. Дауыссыз дыбыстар....................................................................................12

8. Буын. Буынның түрлері..............................................................................17

9.Тасымал.........................................................................................................19

10. Тіл үндестігі ...............................................................................................23

11. Қазақ орфографиясының ұстанымдары....................................................28




Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Сауранбаев Н. Қазақ тілінің дыбыстары жөнінде, 1958ж.

  2. Жүнісбеков Ә. Қазақ тілінің дауыстыларын артикуляция-спектралдық жағынан талдау. А., 1969 ж.

  3. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері, 1995 ж. 6-31- беттер

  4. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің фонетикасынан лекциясы, 1932-1933 ж.

  5. Құрманғалиева С. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, 1995ж. 34-40-беттер

  6. Ш. К. Бектұров. Қазақ тілі, 2006 ж. 23-52-беттер

  7. М. Жүнісова. Қазіргі қазақ тілі, 2008 ж.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!