«Бала жанының бағбаны
тәрбиеші»
Балабақша–балаға тәрбие негіздерін
қалыптастыратын тұңғыш мектеп.
Баланың екінші үйі. Бала – ұрпақ, бала – қуаныш, бала –
болашағымыз. Балабақшадағы тәрбие мен білім балалардың мінезін,
кабілетін ерте дамытады.
«Тәрбиеші – балаларға ересек әлемге есік ашатын
сиқыршы. Тәрбиешінің білімі мен біліктілігіне
тәрбие алушы
балалардың болашағы тәуелді»,деген екен бір сөзінде. Педагог
К.Гельвеций
Адамның өмірдегі орны -өзіңнің
артыңда сенің ізіңді жалғастыратын тамаша бір
«ұрпақ» қалдыру.
Сол саналы «ұрпақ» артымыздан ерген балаларымыз. Осы балаларға
деген сүйіспеншілік маған осы мамандықты таңдауыма себепкер болды.
Сондықтан тәрбиеші болу, менің өмірімдегі орным деп санадым.
Әртүрлі еркеліктер мен тәтті сөздер, пәк сезімдер тобысатын, әрі
мектепке дейінгі оқу-іске дайындық дағдысы қалыптасатын құтты мекен
–ол балабақша.
Отбасы мен балабақша бірлесіп тәрбиеленген бала
жеміс берген ағашпен тең. Бұлай деуімнің себебі, жаңа отырғызылған
бұтақ пен бала бойындағы қасиеттер ұқсас келеді.
Бағбан — өз ағашына үлкен күш-жігерін жұмсаған секілді тәрбиеші де
баланы шын мәнінде сүйе білуі керек. Бағбан үлкен еңбектен
кейін ағашы жеміс берген секілді балабақшаның да атқарған жұмысының
нәтижесі көрінеді, ол, бүлдіршін балабақшамен қоштасарда– ес біліп
— әріп таниды, түс ажыратып – санау біледі, ертегі мазмұндап – өлең
оқиды, ән айтып — би билейді. Міне, осы айтылғандар балабақша
жұмысының нәтижі іспеттес. Халқымызда «Жас
келсе - іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық
жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт
тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік
белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп
жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші-ұстаз, бақытты жанмын деп
білемін. Тәрбиешінің жұмысы әрине күрделі де
қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты
шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой
елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған
үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен
айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір
«Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды
өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір
бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде
жылы жүрек, аялы алақан
және тәрбиешіге тән ең бірінші
қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін
түсіндім. Тәрбиешінің әрбір
өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей,
баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері артары
сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін,
ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер
ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің
бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды.
Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші
бойындағы асыл қасиет –
ақыл-парасат болуы
шарт. Ұлы ойшыл Ризаэтдин Фахреддин жазғандай: «Баланы
тәрбиелеу кезінде кеткен қателікті өмір бойы түзете алмайсың.
Тәрбиелі бала ата –ана үшін зор байлық, ал қоғам үшін үлкен бір
игілік». Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда
басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта
құрамыз. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып,
қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты
міндеті деп түсіндім. Еліміздің ертеңі болып табылатын жас
бүлдіршіндерге жан-жақты біліммен қатар, ұлттық тәрбиені басшылыққа
алып, ұлтжанды, Отан сүйгіш, болашақ патриот азаматтардың мықты
фундаментін салуға үлес қосып жүрген мектепке дейінгі мекемелердің
орыны ерекше.
Мен балаларды жанымдай жақсы
көремін… Өйткені,бала мен үшін тазалық пен пәктіктің,
шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжіме
шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді,
не айтса да әділ, шындықты айтады. Тәрбиеші мамандығының киесі де,
қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге,қанаты қайырылмайтындай
етіп даярлауда емес пе?!
Шын білімдінің зейін - зердесі кең, алыстан қарасаң кербез,
жақыннан қарасаң кішіпейіл. Жүзіне үңілсең мейірімді, жанына
үңілсең шуақты көрінетіндей.
Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам
— адами парызымның орындалғаны болар.Тәрбиешінің кәсіби
шеберлігінің негізі, біріншіден, өмірге көзқарасы, оның идеялық
нанымы; екіншіден, өз ісін жетік білуі, ойын балалары үшін өз ойын
толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді сіңіруі; үшіншіден, оқыту
мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі
тиіс.
Менің негізгі мақсатым - балаларға жақсы көңіл -
күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс
барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл
балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс -әрекеттеріне деген
тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай
туғызады. Тәрбиеші болу барлық мамандықтың иесі болумен
тең: сен мұғалім, дәрігер, биолог, эколог, сәулетші, заңгер,
спортшы, сахнагер, әнші де боласың. Өйткені, бала әлемімен өмір
сүресің, олардың барлық сұрақтарына жауап тауып, қиын жағдайда
көмек көрсетіп, жарақаттарын емдеп, барлық проблемаларды әділ
шешуге тырысасың.
ТӘРБИЕШІ! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға
тиіс мағыналы сөз деп танимын. Өйткені, осы сөзде қаншама мағына,
қаншама мән жатыр. Тәрбиеші – бала жан дүниесін қалыптастыратын
және оның жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын және баланың
сана-сезімін, жүрегін, жанын азықтандыратын адам. Менің әр күнім
бала өмірімен өтеді. Күнде бала қуанышына, шаттығына шомыламын. Бұл
мен үшін үлкен бақыт. Балалардың былдырлаған сөздері, қойған
әртүрлі қиял ғажайып сұрақтарына жауап беру үшін кей жағдайда мен
энциклопедияға жүгінемін.
Қорыта келе, тәрбиеші болудың ең басты міндеті-
өз еліміздің тұғырын биікке көтеретін азаматтарды тәрбиелеп шығару
деп ойлаймын.
Автор: Сергазинова Айжан
Асимхановна
177 бөбекжай-балабақшасы