Материалдар / Бала тәрбиесі-қоғам жемісі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бала тәрбиесі-қоғам жемісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздың рөлі,ата-ана жіберетін қателіктер.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала тәрбиесі-қоғам жемісі

Жолдасбаева Шаһизада Нсаналықызы

В01301-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Мамандығының 2 курс студенті,Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Жетекші: Айтжанова Эльмира Нұрмаханқызы

п.ғ.м. аға оқытушы, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Алматы қаласы.

Термин сөздер:бала,ата-ана,тәрбие,ұлт жемісі,мұғалім,білім,кітап.

Аңдатпа:мақалада бала тәрбиесінің қазіргі таңдағы өзектілігі,ата-ананың бала тәрбиесінде жіберетін қателік тері жайында,XXI- ғасыр баласының бойындағы қасиеттер жайында айтылады.

Бала тәрбиесі әр ата-ана, ұстаз үшін күрделі де үлкен жауапкершілікті талап ететін күрделі процесс.Әбу Насыр Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі…» дегендей балаға бірінші кезекте білім емес дұрыс тәрбие бере алу басты орында болуы тиіс.Тәрбиесі мықты бала-ұлт болашағының жемісті негізі.

Соңғы 5 жылдықта қоғамдағы бала тәрбиесі, балалардың ойлау жүйелері мен қызығушылықтарын мүлдем өзгеріске түсуде.Бастауыш сынып оқушылары да ұлттық құндылықтарымызды ұмыт қалдырып, үлкендерден бұрын даму үстінде.Мүмкін, жаңадан шығып жатқан технологиялардың әсерінен де болар оқушылар көп нәрседен хабардар.Әрине бұл жақсы, алайда таяқтың екі ұшы болады дегендей жаңа технологиялардың да өзіндік кері әсерлері бар.Балалардың тәрбиесінде кері әсерлер байқалады.Әр смартфонды құшақтаған бала смартфондағы бейнелерді көріп санасы улануы да ғажап емес. Балалар айналасынан көрген барлық мінез-құлықтарды көшіріп алады және бұл әрекетті орындау барысында олар жақсы мен жаманды ажыратпайды, барлық көрген мінез-құлқына еліктейді.Өзімен қатарлас оқушылардың зиянды заттар қабылдағанын көре отырып, өздерінің сол нәрсеге қалай әуес болып, қабылдағаның да білмей қалып жатады.Ал бұл жағдайдың болып жатқанына ата-ананың да хабары болмауы мүмкін.Ата-ана мұғалімге сенеді, мұғалім ата-анаға бар жауапкершілікті табыстайды.Ананың көңілі балада,баланың көңілі-смартфонда болып тұрған заманда баланың тәрбиесіне аса көңіл бөлген жөн.Ата-анасы баласы тынышталсын деп телефон беріп қояды,ал телефон балаға дәру емес ауру болатынында ата-ананың шаруасы жоқ.Бала тыныш болса,ата-ана да тыныш.Ал сол кезенде балаға өз қолымен қару беріп қойғанда ешқандай хабары жоқ ата-анаға қалай мін таға аламыз?!Қазақ халқы баланы жастан демекші баламыздың тәрбиесі мен біліміне ерте жастан ақ көңіл бөлуіміз қажет.Өткенге көз жүгіртетін болсақ, қазақ халқы салт дәстүрлерді өте жоғарғы деңгейде ұстанған. Сонау құрсақ тойынан бастап, отау тігіп, шаңырақ көтергенге дейін сан алуан ғұрыппен атасқан.Баланың тәрбиесіне құрсақтан бастап көңіл бөлген.Ал қазір қалай?Бәрі басқаша.Мүмкін дамыған заман деп барлығы жаһандану үстінде болар, бірақ ұлттық құндылықтарымыз бен жаһандануды бірге ұстаған жөн.Қазір баланың сана сезімін улайтын телефон мен телеарнадағы түрлі бағдарламалар жетерлік.Ұлттық құндылықтарымызға мүлде сай келмейтін жаңалықтар қаптап жатыр.Осының барлығын бойына сіңіріп өскен баладан қандай болашақ күтеміз,кімге ренжіп,өкпе-назымызды айтамыз?

Ата-анамен ұстаз арасындағы одақты жаңа дейгейде қалыптастырып, баланың білім алуы мен тәрбиесіне аса көңіл бөлетін уақыт келгендей.Баламызды телефонға телміртпей, кітапқа қызықтырсақ,ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп,салт-дәстүрімізді жаңғыртсақ еліміздің жас буынының іргетасы мықты болмақ.Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек.Балаға тәрбие берер кезде барлық жауапкершілікті беріп қоюға болмайды.Себебі, балаға барлық білім мен тәрбиені бере отырып оны тас секілді қылып жіберуміз мүмкін.Тасқа қанша су құйсақ та сіңбей,сыртқа ағып кететіні секілді бет алды үйрете бермей,аз-аздан топырққа су құйған секілді сіңімді бере білуіміз қажет. Топыраққа су сіңімді сіңген сайын гүл де жайқалып өсетіні секілді, сіңімді тәрбие бере білсек еңбегіміздің жемісін көрерімізде күмән жоқ.Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс екенін әрқашан есте сақтау қажет.

Бастауыш сынып оқушылары арасында оқушылары тәрбиелік,жауапкершілік, адалдық қасиеттерге үйрете отырып, іргетасы мықты білім бере аламыз.Әр ұстаз балаға бірінші білім емес, тәрбиесін түзеу арқылы іргетасы мықты білім көзін береді.Баланың бойына жақсы қасиеттерді дамыта отырып, елдің жарқын болашағына бір түп жемісті ағашты гүлдендіреді. Осы арада тек ұстаз ғана емес ата-ана да баласының тәрбиесіне толықтай назар аударуы тиіс.Педагогикалық білім ала отырып,баланың дамуына барынша көңіл бөлген абзал.Қарапайым мысал ретінде:бала сабақ оқып отырғанда ата-ана теледидар көріп жатпай,қандай да бір кі ап немесе журнал оқып жатса,баланың да зейіні кітапқа бөлініп,сабағын ынта-ықыласымен жасайтыны сөзсіз.Ата-ана балаға тәрбие бере отырып өзін тәрбиелеу қажет. Балаңыздың қандай болуын қаласаңыз, өзінізді солай ұстауға тырысыңыз. Мұғалімнің «айтқандай емес, айтқанын істе» тактикасы бұл жерде қолданылмайды. Балалар көбінесе еліктеу арқылы үйренеді. Үйде ата-анасының оқып, сабақ оқып, бір тақырып бойынша пікірталас жүргізіп жатқанын көрмей, «Үнемі бөлмеңде оқы» дейтін баладан жоғары оқуға деген қызығушылық пен үлгерім күту баланың санасына қаншалықты сәйкес келеді және қаншалықты оның өмірінде алатын орны бар ма,осыны есте сақтау қажет.

Баланы тәрбиелеу үшін бірнеше мақсатты қағидаларды орындау керек. Олар:

1. Мінез-құлықты қалыптастыру: Балаға қарым-қатынасына, себептеріне және мақсаттарына сай болуға көмек көрсету.

2. Кедергілерін байқау: Баланың кедергілері мен мәселелерін түсіну және оларды шешу үшін өзге бақылау көрсету.

3. Әріптестік: Балаға әр түрлі көмекті көрсету, содан кейін оған әріптестік және осы мәселенің шешімі туралы байқау көрсету.

4. Өзге адамдармен, қоғамдық мекенжайлармен байланыста болу: Балаға өзінің қарым-қатынасын байқау және бірлескен іс-шараларды орындау.

5. Білім беру: Баланы біліммен толық таныстыру және оны балалар ойыны және біріктік ойындар арқылы әлсірей болуға көмек көрсету.

Бұлар бала тәрбиесінің негізгі принциптері, бірақ ақпаратты адаптациялау және қолдану керек.

Қорытындылай келе,бала тәрбиесінің іргетасы қаншалықты мықты,терең болса-қоғам да сондай мықты мемлекет болады.Баланың бойындағы шырағын жаға отырып,дұрыс тәлім-тәрбие беру әр адамның қолынан келе бермейтін іс.Сондықтан да, әр ата-ана баласына педагогикалық білім алу арқылы өнегеге толы тәрбие берсе,қоғамның да болашағы жемісті болары сөзсіз!



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Асылов Ұ.,Нұсқабайұлы Ж.Әдеп.А.,1998
2.Бала мен балабақша журналы, 2005 №8
3.Жұмабаев М.Педагогика.1992 №4





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!