Материалдар / Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге көңіл бөлу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2021
300
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау

ауданы бойынша білім бөлімі Ажы ауылының негізгі орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Космуканова Нуржайнат Муратовна

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігі.

АннотацияӨз іс-тәжірибеде жаңа технология арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлінді. Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашылудаОсы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Педагогикалық технология терминінің анықтамаларын көптеген авторлар өз түсінігі мен өз санасында қалыптасқан көзқарастарын қалыптастырған:

Педагогикалық технологияның тиімділігі:

  1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;

  2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;

  3. Іштей бір бірінен қалмауға тырысып, талпынады;

  4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.

  5. Өзін өзі тексеруге дағдыланады.

  6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.

  7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда оқу үрдісін дамыту.

Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40-тан астам түрлері бар.

Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар: баланы оқи білуге үйрету; баланы ойлауға үйрету; баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс тәсілдерін қолданамын:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру (ой қозғау, «инсерт» кестесі);

  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс (эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б. стратегиялар);

  • әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға (Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы);

  • Қиялдау арқылы сурет салғызу (сурет салу стратегиясы);

  • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу (авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы);

  • Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау (қарама-қайшы элементтер стратегиясы);

Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:

  • Сабаққа қызығушылығы артады;

  • Нақты өз деңгейінде бағаланады;

  • Жеке қабілеті айқындалады;

  • Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

  • Даму мониторингі айқын көрінеді;

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:

  • Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;

  • Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

  • Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;

Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;

  • Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;

  • Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;

  • Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Өз іс-тәжірибемде жаңа технология арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін. Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңілкүйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Қорыта келгенде, қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялар ойлауды дамыту, қабілетті қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Иманбекова Б.Әбдіреймова К. Сабақ – оқытудың негізгі формасы. Алматы, 2003.

  2. Садыбекова Ж. Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық коммуникациялы технологияны қолдану қажеттілігі. №4, 2008 жыл

  3. «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (30 сәуір 2008 ж.)

  4. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. – 2006. №5.

  5. Абдрахманова К. Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. – 1989. №9.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!