Материалдар / Бастауышта оқыту педагогикасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауышта оқыту педагогикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына педагогикалық әдіс тәсілдерді меңгерту
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОӘК-7.011.26


Бастауыш сынып оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулуда мұғалімдерді кәсіби даярлаудың шығармашылық құрылымдық моделі


«Білім патшалығы - 2» мектебі

Түркістан облысы., Жетісай ауданы

Сүттібаева Жанар Қалмахамбетқызы


Резюме

Структурная модель профессиональной подготовке учителей в воспитаний труда учеников младших классов.

Summary

Structural model of teacher trainind in educabion of labor of primary school students.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету – оқу тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі болып келеді. Қолөнерге оқушыларды баулу өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы жә­не  байқағыштығы артып, дағдыландырады. Сондықтан,  тарихи сан ғасырлық мәдениет үлгісін сақтап, дамып, оның ұлттық қадір-қасиетін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қазақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылып  өзінің тек сипатымен емес, сұлулық сырымен, сәніменен ерекше көзге түсіп, өз мағынасын жоймай жас ұрпақ арасында өзектілігін жоғалтпады. Қазақ халқы өзінің ұлттық өнерін эстетикалық талғамның көрсеткіші ретінде бағалап, сұлулығын сүйсіне білуге, өз тамырларын ұмытпай, патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында, айшықты сөз өнерімен суреттеп отырған. 

Бүгінгі кезде оқушыларды еңбекке даярлау технологиясына оқыту процессінде ғана емес, сонымен қатар мектептің бүкіл оқу-тәрбие іс-әрекеті процесінде жүзеге асатыны белгілі. Дегенмен оқушылардың жалпы еңбектік политехникалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда еңбек технологиясына оқыту жетекші роль атқарады. Оқушыларды еңбекке даярлау мектепте ғылым негіздері бойынша білім және кейінгі тіршілік әрекетінің саласын таңдап алудың интеграциялау кезеңі ретінде әрекет етеді.

Жалпы орта білім беретін мектептерде еңбек технологиясына оқытудың бұл тұжырымдамасында ғылым негіздері бойынша оқушылардың білім деңгейінің төмен екендігін бірыңғай ұлттық тестілеу мәліметтері қорытындыланған ресми құжаттарда келтірілген.

Сондықтан, еңбек технологиясына оқыту мұғалімі ғылым негіздері пәндері мұғалімдерінің берген және оқушылардың осы пәндер бойынша алған білімдері мен іскерліктеріндегі кемшіліктерінің орнын толтыруына тура келеді. Әйтпесе, ол еңбек даярлығының алдында тұрған мына мәселелерді шеше алмайды: оқушылардың әрбірінің мүддесіне, қабілеттері мен бейімділіктеріне сәйкес олардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған еңбекке оқытудың дамытушылық сипатын қамтамасыз ету; оқушылар мүдделі болған әртүрлі материалдар өңдеудің техникасы мен технологиясы жөнінде білім алуға мүмкіндік беру; мектептердің өндірістермен экономикалық серіктестікке негізделген өзара қарым-қатынасының формаларына көшу.

Технологиялық білім беру өзінің мәні жағынан оқу пәндерінен тыс әртүрлі білімдер мен іскерліктерді, нақты практикалық жағдайларда әрекет ету, өмірлік мәні бар проблемаларды шешу қабілеттерін қалыптастыруды қажет етеді. Жобалар әдісі міне, нақ осыған бағытталған.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық, педагогикалық ережелерін басшылыққа алып қарастырғанда мұғалімнің дидактикалық дайындығына мына компоненттер кіруі керек:

  • педогогикалық қызметті толық берілуі, оны дұрыс атқаруы;

  • ақыл – ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясын білу;

  • бала психологиясының жасқа байланысты ерекшеліктерін білу;

  • шығармашылық процестің негізін меңгере білу;

Психологтардың зерттеуі бойынша оқушыларды әрбір жас кезеңінде шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.

Қабілеттілік – оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол жалаң білім мен дағды емес, соны тез игеру жолындағы табандылығы. Ол адам бойындағы жақсы қасиеттер, яғни олардың жиынтығы. Өзбек ғұламасы Әлішер Науаи өзінің «Ғажайып мәжілістер» атты еңбегінде адам тек рухани қабілеттіліктен туады. Оның негізі еңбек деп тұжырымдады.

Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйесінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре келе, бала қабілетінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді,тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді.

Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктің келешектегі олардың қабілетінің көрсеткіші екенін ескеріп, оқушының бейімділігін дер кезінде көре біліп, соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Оқушының шығармашылық қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір нәтиже алуы. Баланың жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты.

Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген процесс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс. Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс-әрекетке оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты. Сонымен қатар шәкірттің танымдық іс-әрекетте ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асады. Оқу үрдісіндегі ең негізгі қайшылықтармен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі, дағдысы, дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық. Бұдан тағы да оқушының білімі мен біліктілігі арасындағы және шығармашылық ойлауы мен репродуктивті ойлау арасындағы т.б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу оқушының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді.

Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.

Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады.

Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің қалыптасуына оқу-танымдақ тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.

И.Д.Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Біздің пайымдауымызша, кәсіби шығармашылық тұлғасы қалыптасқан мұғалім ғана, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың пәнге деген қызығушылығын, ынта-ықыласын қалыптастырып, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа бағдарлай алады. Білім мазмұнын ақпарат көзіне, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналдыру, шығармашылықты дамыта білу әр мұғалімнің міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілермен, ережелермен шектеліп қалуға болмайды, өздігінен іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын қолдану қажет.

Мұндағы басты мәселе – тақырыпқа байланысты білім деңгейін анықтай отырып, жаңа өтілетін тақырыптан нені білу қажеттілігі туралы оқушыны да, оқытушыны да ойландыру. Әрине, бұл оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануды талап етеді. Яғни, шығармашылық сабақты оқушылар бұрыннан білетін және сол сабақта білуге тиісті мәліметтер арасында байланыс орнататын сұрақтарды қоюдан бастау орынды және құнды. Тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда шығармашылық тапсырмаларды жүйелі пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Осы айтылғандардың бәрін ескере отырып, біз болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың құрылымдық моделін жасадық және олардың даярлығының қалыптасу деңгейлерін (репродуктивтік, эвристикалық және шығармашылық) анықтау үшін сол деңгейлерді бағалауға мүмкіндік беретін өлшемдер мен көрсеткіштерді анықтадық. Ұсынылып отырған құрылымдық модельді болашақ мұғалімдердің «шығармашылық іс-әрекет», «шығармашылық қабілет», «шығармашылық қабілетті дамыту» және т.б. ұғымдары бойынша алған білім, іскерлік, дағды және біліктіліктерін олардың даярлығын тұтастық бірлікте қалыптастыратын барлық пәндерге пайдалануға болады. Сонымен бірге, оқушылардың алғашқы кездегі даярлық деңгейін зерттеп білуге және болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлығын қалыптастырудың кезеңдерін айқындауға септігін тигізеді:

- бірінші кезең - мұғалімдерді педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық тұрғыда бағдарлау, педагогикалық іс-әрекетке қызығушылығын айқындау, осы мамандықты таңдаудағы мотивін анықтау.

- екінші кезең - мұғалімдерді шығармашылық іс-әрекет қызметіне араластыру, шығармашылықтың мәні мен мазмұнын түсіндіру, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін жинақтау.

- үшінші кезең - мұғалімдердің оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға арналған білімдері мен іскерліктерін қорытындылау, педагогикалық технологияларды тиімді қолдану және жаңа технологиялық элементтерді құрастыру мен енгізу.

- төртінші кезең - мұғалімдердің кәсіби қызметін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жүзеге асыру, білім мен іскерлікті түрлендіру, өзіне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыру.

А.Н.Лук шығармашылық қабілеттің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді үш негізгі топқа бөліп қарастырады:

1) ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылық және икемділік)

2) темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй)

3) ақыл-ой қабілеттері.

А.Н.Луктың оқушылылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатысты айтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіруге болады:

  1. оқушы кез-келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі бір қабілет түрін дамыту үшін алдымен осы іс-әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса, оның нәтижесі де төмен болатыны сөзсіз.

  2. көңіл-күй бұл кез-келген істі орындауға негізгі, қажетті көрсеткіш деуге болады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекеткедеген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ олардың жұмысының нәтижелілігіне әсер ететіні белгілі.

  3. кез-келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен оны ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.

Я.А.Пономарев «Знание, мышление, умственное развитие» атты еңбегінде кез-келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгісі-шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериі ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе «ойша» әрекеттену қабілеттерін алады.

Автор пікіріне қосылуға болады, себебі ешбір іс-әрекеттің, соның ішінде шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің «ойша» әрекеттенуінсіз іске аспайтыны анық. Сондай-ақ балалардың «ойша» әрекеттенуі, яғни ойша санауы, талқылауы, жоспарлауы және т.б.- бұл адам интеллектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады. Біріншіден, адам ойша әрекеттене отырып нәтижесінде не алатындығын, яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете алады. Екіншіден, қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы нәтижеге жету тәсілін ойша құрастыра алатындығын көреміз.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп, яғни негізгі оқу іс-әрекетті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғасының анықтауына өз қабілетін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады деп есептейді.В.В.Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: «Оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі нұсқаларын салыстыра алады және есептің шешуін

бақылай алады.»

Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екенін ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда алғашқы рет байқаған гуманистер социал-қиялшылдар Томас Мор және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі- жалпыға бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп өзінің бұл пікірін Утопия кітабында сипаттайды. Ал Кампанелла адам баласының дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты, сондықтан баланың ақыл-ойын, қабілетін дамыту үшін игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді.

ХІХ ғасырдың басында қиялшыл соцтализмнің ілімін жасаушылар

Ш.Фурье, Роберт Оуэн және Сен-Симон балаларды жан-жақты қабілетті дамыту, яғни оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау тәрбиеге байланысты деп түсінді.

Бала үнемі оқу әрекетінің нәтижесінде еңбек етуге, ізденушілікке, келешекте арнаулы оқу орнына түсуге қабілнтті болып шығады.

Адамның рухани дамуының көзі-еңбек. Ф.Энгельс еңбектің тарихи рөлін қарастыра келіп, белгілі жағдайда адамдыжаратқан еңбек деген қорытындыға келді. Олай болса, еңбексіз даму жоқ, еңбексіз кері кетушілікке ұшырауға болады. Еңбек- адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Қоғамда қабілетіне қарай еңбек етуәрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне айналады. Еңбекке жарамды әрбір адам өзінің өмірі мен қызметіне, қоғамдық әл-ауқатын арттыруға, қажетті нәрселерді жасауға тиіс.

Педагогикалық тұрғыдан еңбек – баланы жан-жақты дамытып, қалыптастырудың күшті құралы. Бала жастайынан еңбек етуге талпынады.Оны еңбек дағдыларына үйрету үшін үйірмемен мен мектепте еңбек тәрбиесі қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастырылып жүргізілуі керек. Мектепте бұл іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Олар: баланың өзіне-өзі қызмет етуі, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбек. Әрекеттің мұндай түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іске асырылады. Еңбек әрекеті жүйесінде оқушылардың өзіне-өзі қызмет етуінің мәні зор.

Қоғамдық пайдалы еңбек түрі оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттарына сәйкес жүргізіледі.

Оқушылардың өнімді еңбекке қатысуының үлкен тәрбиелік мәні бар.Олардың өнімді еңбек барысындағы жауапкершілігі артады, іскерлік қабілеті дамиды.

Сонымен қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысу оқушыларды іскерлікке ғана үйретіп қоймай, олардың дене күштері мен ақыл-ойын дамытуға ықпал жасайды, сабақта алған білімдерін тереңдетіп жетілдіреді.Еңбек іс- әрекетін оқумен ұштастырып отырса, баланың әлеуметтік тәжірибесі молаяды.

Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші фактордың бірі. Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді. Еңбек сапасы негізгі көрсеткіш ретінде алынды. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды.

Мектепте еңбек біліктіліктерін арттырудың басты міндеттері: біріншіден, еңбек сүйгіштік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.

Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау – бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету. Бұл өте күрделі процесс- мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады.

Еңбек етуге әдеттену- бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу,- деді Н.К.Крупская.

Оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқушыларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.

Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы. Онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді.

Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, практикалық дағдылар мен іскерлікті игереді. Осындай шығармашылық жұмыстың барысында әр түрлі пәндер бойынша оқушылардың білімі байымды тереңдейді, ғылыми-зерттеу ісіне машықтанады

Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, инемен құдық қазғандай, ақыл – ойдың кемелденуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін К.Д.Ушинский ескерткен болатын.

Оқу іс-әрекетінде қажетті бақылау, өзін-өзі бақылау, сондай-ақ есептің шешуін ауызша түсіндіруді талап ету, бағалау қажеттігі бастауыш сынып оқушыларында ішкі жоспар бойынша әрекеттенуге және ойша жоспар құруға жағдай туғызады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері, әсіресе, ән-күйде, ойын үстінде, еңбек сабақтарында жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді.

Қазіргі мектепте әлеуметтік тапсырыс - терең ойлай білетін шығармашылық бағытта әрекет ететін адам даярлау. Заттық нәрселер мен іс жүзінде әрекет ету бастауыш мектеп оқушыларының шынайы болмысты сезім арқылы танып білуін қамтамасыз етеді. Мұның өзі заттық нәрселермен әрекет ету барысында оларды оқушылардың өз қолдарымен ұстап, сипап көруі, қарап шығуы, тыңдап байқауы арқылы жүзеге асырылады. Бұл сезімдік таным ақыл-ой үшін нақты ақпарат болып табылады, яғни айнала қоршаған дүние туралы алғашқы білім түйсіктерін қалыптастырады. Мұның салдары - ойлау қабілеттерінің дамуы. Баланың іс жүзінде өзгеріс енгізуші қызметі заттың өзін және оның бөлшектерін неғұрлым мұқияттылықпен терең зер сала қарап шығуға бағыт-бағдар береді, яғни заттың «неғұрлым мұқият әрі терең ой жүгірте қарап шығуын» қажет етеді.

Оқуды еңбекпен ұштастыру арқылы оқушылардың ынтасын, қызығушылығын еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді түрде дамытуда рөлі өте зор. еңбек біліктілікті іске асыруда бірқатар педагогикалық шарттарды есте ұстаған жөн:

  • еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты:

  • балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық-өнегелік негізі болуы керек:

  • еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның болымды нәтижесі баланың өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым еңбек нәтижелі болса, соғұрлым оның ықпалы күшті болады:

  • еңбек баланың психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуы қажет. Еңбегінің негізгі түрі ойын болып табылатын кіші мектеп жасындағы баланың еңбегі ойынмен ұйымдастырылуы керек. Еңбектегі сияқты ойында да ойға күш салу және жауапкершілікті сезіну бар:

  • еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап қоймай, өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренуі керек.

Оқушының ойлау қызметі оның моторикалық іс жүзіндегі өзгеріс енгізуші қызметімен ұштасып бір-бірімен қосылған кезінде оңатайлана түседі. Бұл жерде «өзгеріс енгізуші қызмет» деген ұғымға баса назар аудару керек. Өйткені, таным дамуының алғашқы кезеңінде моторикалы, затты қолмен ұстап көру қызметі басым болып келеді. Егер оқушыларға берілетін тапсырмалар оларға ешқандай қиындық келтірмейтін болса, онда ойлану қажетсіз деген сөз.

Кейбір оқушының ойлау жүйесі мен зерделеу деңгейінің өзгеден жоғарырақ тұратыны шындық. Бірақ оның барлық пәндерден бірдей үздік болуы екіталай. Яғни, ол өзі ерекше қадір тұтатын пәніне ғана қабілет-қарымы ашылып, бүкіл болмысымен жарқырап көрінеді де, өзге пәндерге белсенділігі тежеліп қалады. Мұндай жағдайда мұғалім оқу-тәрбие жұмысын психологиялық ерекшеліктер мен педагогикалық ерекшеліктер мен педагогикалық заңдылықтарды үйлестіре, сабақтастыра атқаруы тиіс. Сонда ғана жұмыстың нәтижелі болары ақиқат.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ж.Б.Қоянбаев, «Педагогика» Алматы. 2000 жыл. 278 бет

  2. Еңбек технологиясы пәні мұғалімінің конструкторлық-технологиялық даярлығы // «Білім-Образования» ғылыми-педагогикалық журнал №4 (34) 2007.

  3. Еңбек технологиясы пәні мұғалімінің конструкторлық-технологиялық іскерліктері // «Білім-Образования» ғылыми-педагогикалық журнал №5 (35) 2007.

  4. «Мектептегі технология» журналы. №9. 2015жыл.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!