Баяндама тақырыбы:
«Белсенді оқыту әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру»
Мақсаты:Сабақ үрдісіндегі белсенді
әдіс- тәсілдердің оқытудағы маңызын ажырату.Оқушыны дамытатын дағды
мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша
оқушылардың сөздік қорларын дамыту жолдарын
қарастыру.
Күтілетін
нәтиже:Кейбір оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдануды
үйренеді;
Өздерінің де іс-тәжірибелерін
ортаға салады, талқылайды;
Оқытудың белсенді тәсілдерінің
тиімдісін, қажеттісін таңдап,саралап өз сабақтарында
қолданады.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасып, өзін таныстыру. «Орындарымен .... ауысады.»
ойыны
Мақсаты: қолайлы орта
құру.
Шарты: тренер тыңдаушыларға
түрлі нұсқау береді. Мысалы:
-
Кімнің өмірінде жалғыз ғана
досы бар болса, солар орындарымен ауссын.
-
Кімнің өмірінде көп достары
болса, орындарымен ауыссын.
-
Кім осы семинарда өзіне дос
тапса, орындарымен ауыссын.
-
Кім мені де дос ретінде
санаса, оң қолын көтерсін.
-
Кімнің көңіл-күйі жақсы болса,
сол қолын көтеріп, шапалақ ұрсын.
Семинардың тақырыбы мен
мақсатын айту.
Расскажи мне — и я
забуду,
Покажи мне — и, может быть, я
запомню,
Но вовлеки меня, и я пойму.-
демекші, бүгінгі семинарда қарастыратын әдіс-тәсілдерге өздеріңіз
қатысып, оқытудың белсенді тәсілдерінің тиімдісін, қажеттісін
таңдап,саралап өз сабақтарында қолданатындарыңызға
үміттенемін.
«Социометрия»
Әр адам өз білімін белгілі
шкала бойынша өлшей алады. Біз де соны жасап көрейік. Белсенді
оқытудың әдіс-тәсілдері туралы көбілеріңіз хабардар шығарсыздар.
Сондықтан қазір орындарыңыздан тұрып, бұл әдіс жайлы қаншалықты
білетіндеріңізді пайыздық өлшем арқылы көрсетіңіздер. Төменнен
жоғары қарай. Енді кім бұл әдісті жақсы біледі, сол бұл әдіс туралы
аз білетін адамдарға өз білгендерімен бөлісу
керек.
- Қандай әсер алдыңыздар?
Неліктен?
- Қандай қиындықтар
болды?
- Бұл әдісті оқушылармен
орындауға бола ма?
«Социометрия» ойыны арқылы
оқушылар өз туған күндерінің реті бойынша және есімдерінің әліпби
ретімен келуіне қарай сап құрайды. Талдау: сапты құру қиын болды
ма? Неліктен?
Тілдік ортаға енгізу сыныбында
бұл әдіс өте ұтымды. Сыныпта қабілеті әр түрлі оқушылар отыр.
Оқушылар бала тілін тез түсініп, білімді
меңгереді.
Алғашқы тілдік
мағлұматтарды меңгерту, оқу сөйлеу әрекетінің
түрлерін (тындалым, айтылым, оқылым және жазылым) игерту арқылы
оқушылардың коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыру, қатысымдық
құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның
қалыптасуымен дамуына мүмкіндік жасау – бұл бастауыш мектептегі
«Қазақ тілі» пәні оқу бағдарламасының мақсаты болып
табылады.
Оқу материалдарын оқушылардың дайындық
деңгейлеріне қарай сұрыптап ұсыну, сабақтың типі мен түрін,
оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау, мақсаттарды және күтілетін
нәтижені анықтау, оқу біліктілігін жетілдіру мәселелері үлкен
ізденісті қажет ететіні белгілі. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі
ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде
белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны
қалыптастыруды талап етеді.
Оқушылардың қарым-қатынас жасауына
бағытталған шынайы оқу ортасын құру пән мазмұнын игеруге ықпал
етеді.
Байланыстырып сөйлеу, тақырыпқа қатысты өз
білімін көрсету, сөздік қорын толықтыру, сөйлеу мәдениеті мен сөз
әдебін сақтау, өз ойын еркін айту, негіздеп сөйлеу, жағдаятқа
қатысты шұғыл шешім қабылдауға жетелейтін түрлі әдіс-тәсілдер
арқылы қазақ тілі бойынша білім-білік, дағдыларын жетілдіруге,
дамытуға мүмкіндігіміз бар.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының
алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен
оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс
арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі.
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын
дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең
басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең
анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің
арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің
элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару,
оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой
жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес
қосады.
«Жұмбақ сурет»
әдісі
Тілдік ортаға енгізу сыныбы
мұғалімінің қызметі жан-жақты. Қазақ тілін үйретумен қатар басқа
пәндер бойынша да материалдың меңгерілуін қадағалайды. Тілді
меңгеру кіріктіре оқыту әдісімен жүзеге асады, әрбір тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жеке қалыптастыруға болмайды
және бұл тәжірибеде қолданылмайды. Оқылым мен жазылым дағдыларын
қалыптастыру үшін алдымен ауызша сөйлеу (тыңдалым, айтылым)
дағдыларын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Ауызша сөйлеу дағдылары
жақсы жетілсе, оқушы өзінің сезімдері мен қажеттіліктерін айта
алады, сыныпта белсенділік танытады және үнемі іс-шараларға
қатысатын болады.
Сондықтан қазір
әрқайсыларыңыздың алдыңызда сурет қималары бар. Сіздер бір қиманы
алып, толық сурет шығатындай, басқа бөліктерді тауып алыңыз. Кейін
суретке қарап, өз сезіміңізді айтыңыз.
«Суретті
карта» ойынын ауызша әңгіме құрастыру
мақсатында ұйымдастыру. Алдын ала суреттер дайындалады.
Мысалы,
(Т/Ж)Оқушыларға бірнеше сурет
таратылады. Ойынды бастаған оқушы өз суретіне қатысты бір оқиғаны
бастайды. Келесі оқушы өз қолындағы суретті сол оқиғаға байланысты
жалғастырып, сөйлем құрастырып айтуы керек. Осылайша ойын
жалғасады. Оқушылар әңгімені жұпта құрастыра
алады.
«Сөздер
теннисі» ойыны. Тыңдаушылар жұпқа
бөлініп, біреуі өзі қалаған кез келген сөз айтады. Екіншісі сол
сөзге мағынасына қарай сөз қосып, айтады. Мысалы: доп- доп
домалады, үлкен доп домалады-үлкен доп ұзақ домалады. Мақсаты: ең
ұзын сөйлем құрастыру.
Тыңдалым дағдысын қалыптастыру
үшін «Консенсус» ойыны арқылы жетілдіруге
болады. Консенсус- келісімге келу. Тыңдаушылар бір бейнефильм
көреді. Көрер алдында тренер қандай мақсатпен көретінін айтуы
қажет. Себебі мақсатсыз көрген бейнефильм тыңдалым дағдысын
дамытпайды. Тыңдаушылар бейнефильмді көре отырып, негізгі тірек
сөздерді есте сақтау қажет. Кейін топта ортаға А3 формат қағаздың
шетіне 1 минут ішінде есте сақтаған тірек сөздерді жазады. Кейін 1
минут ішінде топ мүшелерімен келісіп, негізгі 5-еуін таңдап,
жазады. Топ алдында қорғайды.
«Жүгіру
диктанты» ойыны
Әр топтан бір жүргізушіні
таңдап, ортаға шығады. Ол қабырғадағы шағын әңгімемен танысады. Әр
сөйлемді оқып, топқа келіп, сөйлемді айтады. Қайтадан келесі
сөйлемдерді де сол тәртіппен
жасайды.
«Жасырынбақ»
ойыны.
Кішкентай мәтінді барлықтары
оқиды. Кейін тренер кез келген жерден бастап оқиды. Тыңдаушылар ол
қай жерде оқып жатқанын 5-ке санағанша табу
керек.
Рефлексия: «жеделхат жазу» немесе «СМС
жазу»
Тыңдаушылар өздері қалаған
адамға тренинг жайлы хабар жазып
жібереді.