Материалдар / БАЯНДАМА. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАЯНДАМА. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құңдылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш- қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Қазіргі білім беру мазмұнының негізгі өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын, сонымен қатар айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2021
286
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Исабаева К.К

(қ. Екібастұз, Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі2)


ӘОК 37.022

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ


Бұл мақалада қазақ әдебиетін оқытуда оқушылардың бойындағы құзыреттіліктерін арттыру туралы баяндалады. Жұмыста жеке тұлғаға қойылатын талаптарды қалыптастыру сөз етіледі.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құңдылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш- қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген.

Қазіргі білім беру мазмұнының негізгі өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын, сонымен қатар айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады:

- креативтілік

- белсенділік

- әлеуметтік жауапкершілік

- ой-өрісінің кеңдігі

- танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.

Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз керек.

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр.

Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш –жігердің болуы.

Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды.

Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.

Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

Оқыту үрдісінде оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады.

Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.

Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, сауалнама толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың нақты нысаналарының қажетті және жеткілікті саны және олармен жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс.

Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті мұғалімінің міндеті – жас буынды жан-жақты дамыту, қиялы жүйрік тұлға ретінде баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» дегендей, мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен анықталады:

Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің мұғалімінің міндеті – жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейте отырып, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.

Мұғалім оқушыны шығармашылыққа баулу арқылы шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Оқушыларды шығармашылыққа бағыттауда мынадай мәселелерді қарастыру тиіс:

  • бағдарламалық-мотивациялық;

  • ізденушілік-зерттеушілік;

  • тәжірибелік;

  • рефлексиялық- бағалаушылық.

Мұғалім оқушыларды келесі жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулиды:

- сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме, ойтолғау жазу;

- берілген суреттерді көркем тілмен суреттеу;

- шешендік, нақыл сөздердің мәнін ашу;

- мақал-мәтелдер, әңгімелер негізінде әңгіме жазу;

- жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;

- өз сыныптастарының, достарыңның портретін суреттеу, мінездеме беру;

- автордың ойын өз идеясымен өрбітіп жазу;

- бес жолды өлең құрастыру;

- жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;

- еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;

- топпен ертегі құрастыру;

- ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар қою, пікір айту;

- ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;

- оқыған кітаптары бойынша ойтолғау, эссе жазу;

- қоғамдағы болып жатқан әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;

- баспасөз материалдары бойынша пікір айту;

- өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;

- ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;

- іс қағаздары үлгілерін жаздыру;

- тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;

- оқиғаға қатысты өз ойларын айту;

- автордың көзқарасы туралы айта білу;

- көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:

- оқушыларды өз бетінше талдауға

- өз қызметіне мақсат қоюға

- жоспарлауға, жинақтауға

- қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге

- сыни тұрғыдан шешім қабылдауға

- өзін-өзі бағалауға

- өзін-өзі реттеуге

- өзін-өзі түсінуге

- өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге

- нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға

- өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету.

Құзыретті оқушы тұлғасы – өз ана тілін, мемлекеттік тілді, шет тілін, ақпараттық технология тілдерін жетік меңгерген тұлға, үйреніп жүрген қазақ тілін қарым-қатынаста қолдану құзыреттілігіне ие, ол арқылы мәдениеттанымдык, рухани, шығырмашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, саналы, белсенді, өзін-өзі дамытушы таным субъектісі.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008

2. Егемен Қазақстан. 26.12.2003ж. №332-333 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

3. Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005

4. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі» (ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!