«Вокалдық ән айту өнері»
«Вокал» сабағының мақсаты мен
міндеттері:
— Оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен
таланттарын дамыту
— Ән
өнерінің қадір-қасиетін ұқтыру
— Ән
айту ережелерін үйрету
— Музыканы тыңдау,есту қабілеттерін
қалыптастыру
— Әнді таза,мәнерлі,әсерлі орындауға
үйрету
— Музыканың мазмұны мен сөзін түсіне білуге
үйрету
— музыка мен сөз аралығындағы бірлікті
сезіну
— Шығарма мазмұнын түсініп,ажырата
біліп,қызығушылықпен орындай білуге үйрету
— Музыкадағы дыбыс жоғарылығын,ырғақ
мәнерін,түсініп,ажырата білу
— Дауыстың табиғи таза шығуына,әнді мәнерлі орындау
шеберлігін дамыту
— Екі
дауыста орындауға үйрету.- Үйірме мүшелерінен хор ұжымын
ұйымдастыру
— Балалардың музыкалық білімін
жетілдіру
— Музыкалық сауаты,эстетикалық және рухани ой-өрісі
дамыған,музыка өнерінің адам өміріндегі мәнін жете түсіне алатын
ұрпақ тәрбиелеу.
Ән
өнері-ықылым заманнан бері көптің ортасына жылдам жетіп, кең
таралатын өнердің ең түсінікті және көне түрі.
Әншілік өнер- әншінің дауыспен орындауы,
музыкалық шығарманың образды-идеялық мазмұнын әнші дауысыньң
мәнерімен, күшімен жеткізу және ашу өнері.
Адамзат ән мен күйдің кереметіне, ләззатына
бөленіп, кейінгі ұрпағын адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке,
парасаттылыққа тәрбиелеп, эстетикалық талғамын байытып келді. Адам
шыр етіп дүниеге келген күннен бастап бесік жырымен басталған
ән-күй өмірінің соңына дейін адаммен бірге өтетіні табиғи
заңдылық.. Әнші болып жаратылу сол адамға «Алла-тағаланың мейірімі
түсіп», табиғаттың берген үлкен сыйы деп түсінуіміз
керек.
Әншінің ерекшелігі басқа музыканттардай емес,
«әншілік аспабы» үнемі өзімен бірге болатындығында. Әнші болу үшін,
ең алдымен, дауыс болу керек. Екінші, тыңдау кабілеті ерекше
жетілген болуы керек.
Әншінің ерекшелігі дауыс пен есту қабілеті
музыкалық ерекшелігінде. Әнші кәсіби немесе әуесқой болуы мүмкін,
бірақ екеуі-де тыңдаушы көңілінен шығу үшін табиғат берген
таланттың сыртында ән айтудың қарапайым, оңай, алғашқы шарттарын
білгені жөн.
Ән
айту физиологиялық құбылыс болғандықтан, ағза қызметіне, оның
функционалдық қабілетіне байланысты құбылыс. Ән айтуда ми, жүйке
жүйелері, дыбыс аппараттары, көмей, ауыз қуысы, тіл, таңдай,
кеңірдек, кеуде, өкпе сияқты, ағзалар бір-бірімен өзара тығыз
байланыста қызмет атқарады. Осы, ағзаларға жүйелі талдау жасамасақ
та, әнші үшін келешекте «дауысты тәрбиелеу», баптау, дамыту,
сақтау, аялау сияқты маңызды қадамдар кезінде жиі кезігетін
болғандықтан кейбір қарапайым ерекшеліктері жайлы дыбыс аппаратының
құрылымына қатысты айта кеткен жөн.
Дауыс шығару органдарының орналасуы, олардың
құрылымы мен қызметіне байланысты адамның дауысы әр түрлі үнді,
реңкті болып келеді. Сол үнді «тембр» дейді. Тембр «тимпанс» деген
грек сөзінен шыққан. Ол дегеніміз бір биіктіктегі естілетін әрбір
дыбыстың өзіндік үні, өңі мен реңк өзгешелігін білдіреді. Қандай
бір биіктіктегі дыбысты әртүрлі аспапта ойнап немесе дауыспен
айтқанда қайсысы қандай дегенді сол аспаппен немесе дауыстың
өзіндік үнінің ерекшелігімен айтуға болады деген сөз. Тембр құлаққа
жағымды, жағымсыз болып келеді.
Адамның физиологиялық ерекшелігі, дыбыс
аппаратының орналасу жағдайына байланысты дауыс құбылысы әр түрлі.
Сондықтан, ән айтқанда дауыс қуысын реттеп беретін дауыс
сіңірлерінің қатысы өте зор. Дауыс сіңірлері музыкалық аспаптардың
ішегі тәрізді ұзынды-қысқалы, жуанды-жіңішкелі болып келеді және
соған сай әртүрлі дыбыстар шығарады.
.
Дауыс — әншінің құралы болып табылады. Әншілік өнер құр дауыстың
сыртында мағыналы сөз арқылы адамның ішкі жан дүниесіндегі әртүрлі
толқуларды, эмоциялық құбылыстарды көркемдеп, бейнелеп беруге тиіс.
Әнші әнді көркемдеп, мәнерлеп айту үшін соған жеткізетін техникалық
процесті, әдістемелерді «вокал» дейді.
Вокал – хор техникасының негізі болып, әншінің
дұрыс тыныс алу дағдысы болып табылады. Дыбыс сапасы осыған
байланысты.
Әнді айтқанда келесі нотаны жеңіл айту керек.
Темп жылдамдаған сайын дыбыс жеңіл болу керек. . Негізгі вокалдық
дағдыларға: Дыбыс қалыптастыру. Әнші тынысы. Артикуляция. Слухтық
дағды. Орындаудағы мәнерлі эмоционалдық дағды. Дыбыс қалыптастыру –
жалпы процесс, тыныс және артикуляциялық органдардың көмеймен
байланысында туындайды..
Дауыстыларды мүмкіндігінше сезу, ал дауыссыздарды
қандай ритм, темпте болсын жеңіл айту. Тыныс ұстап жіберу. Ақырын
және үнемді фонациялық тыныс алу. Тынысты бүкіл музыкалық фразаға
бөлу. Дыбысты біртіндеп күшейтіп, әлсіздендіру үшін тынысты
қолдану. Негізгі слухтық дағдыға: Слухтық назар және өзін — өзі
қадағалау. Әнші дауысының дыбысталуының сапасы, эмоциялық
мәнерлілік. Әншілік дыбыс және оның қалыптасуын елестете
білу.
Дикция – дауыс арқылы бөлек дауыстыларды,
буындарды, содан соң бұкіл фразаны айту.
Өңірдің қай саласы болмасын, ең алдымен, оның
технологиясын — әдістемесін ұғу, түсініп меңгерудің маңызы зор.
Сондықтан кәсіби әнші болу үшін вокалдық өнердің қыр-сырын ұғып,
негізгі технологиясын еркін меңгеру абзал.
Дауысты дұрыс жолға қою үшін ең бірінші бақылау
қажет, бақылау тек қана сырттан емес, әнші өзін-өзі сезіп бақылай
алатын халде болуы керек.
Әншінің дауыс аппараты қолға ұсталмайды, көзге
көрінбейді, тасада болғандықтан тыңдау арқылы және бұлшық еттерінің
сезімі арқылы ғана бақылауға тура келеді. Дыбыс қай тұстан
шыққанын, ол дыбыс сырылдап тұр ма, шырылдап тұр ма, көмескі,
күңгірт естіле ме, дауыс жоғарылап, төмендеп интонациясынан айрылды
ма немесе құлаққа жағымды, жұмсақ жинақталған дауыс па дегенді тек
қана тыңдау арқылы анықтай аламыз. Әдеттегі осы белгілердің
арқасында тәжірибелі ұстаздар дауыстың кемшілігі неден болып
тұрғанын анықтап, диагноз қойып, дауысты дұрыс жолға қоюға
кіріседі. Ұстаздың ақыл-кеңесін ынта қойып тыңдап, тез арада іске
асыру қажет. Шәкірт пен ұстаз арасындағы түсінушілік пен сыйластық
қатынасы, келешектегі қиындықтарды бірігіп шешуге ықпалын
тигізеді
Оқушыларға тікелей вокалдық міндеттер қойып,
айқын нұсқаулар беріп, оны шешу үшін басты мәселе не дегенді
түсіндіріп, мән-мағынасын ашып ұғындыру арқылы мүмкіндік тудырып
беру қажет.