Білім мен ғылымды ұштастыру арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім мен ғылымды ұштастыру арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Кенелер жататын класты атаңдар. A. бунақденелілер B. өрмекшітəріздестер C. шаянтəріздестер D . басаяқтылар 2. Кенелердің дене бөлігі неден тұрады? A.бас, көкірек, құрсақ B. баскөкірек, құрсақ C. бас, аяқ D. тұтасып кеткен дене Бүгінгі таңдағы білім беру саласындағы басты мақсат - қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарда жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге бейімделген жан – жақты мәдениетті, шығармашыл, өзіндік ұстанымы мен дәлел-уәждерін еркін жеткізе алатын жеке, құзіретті тұлғаны қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ҰШТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Бүгінгі таңдағы білім беру саласындағы басты мақсат - қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарда жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге бейімделген жан – жақты мәдениетті, шығармашыл, өзіндік ұстанымы мен дәлел-уәждерін еркін жеткізе алатын жеке, құзіретті тұлғаны қалыптастыру.

Жаратылыстану ғылымдарының мемлекет ұстанған білім саясатын іске асыру, қоғам сұранысын қанағаттандырудағы маңызы зор. Оның айқын дәлелі Қазақстан үкіметі еліміздің әл-ауқатын, экономикасын арттырып, әлемдік кеңістікке еркін шығу үшін Қазақстан ғылымын дамытудың 6 бағытын ұсынды. Оның 5-еуі жаратылыстану-математикалық бағытына байланысты. Олар нанотехнология, биотехнология, ғаламдық зерттеу, атомдық технология, кен байлығы және мұнай химиясы. [1] Сондықтан жаратылыстану бағытындағы химия және биология пәндері бойынша оқыту жүйесін ғылымиланған, әрі берілетін білім қарапайымнан күрделіге бағытталып, «табиғат – адам - қоғам» арасындағы байланысты аша алатындай, білім мен біліктілікті күнделікті өмірде, практикалық іс-әрекете қолдана білетіндей етіп ұйымдастырудың маңызы зор.

Халықаралық РІSA ( Progrfmme for International Student Assessment)

және TIMSS (Third international and Science Study) зерттеулеріне еліміздің 200 білім беру ұйымы қатысқан болатын. Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстандық 15 жастағы білім алушылардың нәтижесі: оқу сауаттылығынан 59-орын, математикалық сауаттылығынан 53-орын, ғылыми жаратылыстану сауаттылығынан - 58 орында тұр. «Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми-жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешім қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттіліктерімен бағаланады [2].

Әлемдегі жаратылыстану білімінің жетекші мамандарының пікірі бойынша Қазақстандық оқушылардың деңгейінің төмендігімен негізгі талаптарға сай келмейтіндігі анықталған. Оқушылардың ғылыми жаратылыстану білімдері шектелген. Олар таныс жағдайларды және өте қарапайым жаратылыстану ұғымдарын ғана бере алады. Мектепте алған білімін күнделікті өмірдегі нақты жағдайларды түсіндіру, алынған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, болжамдар ұсыну, айтқан көзқарасын нақтылау, дәлелдеу үшін негізгі ғылыми жаратылыстану ұғымдарын қолдануда қиындық туғызатыны айқындалған. Яғни, олар экологиялық проблемалар, салауатты өмір салтын қалыптастыру, саламатты өмір сүру бағытындағы өзекті мәселелерде оң шешімді ой тұжырымдай алмайтындығы аңғарылған. [3]

Бұл жағдайдан химия және биология пәнінің мәні, оқу материалының өмірден алыстап кеткенін, теорияның өмірлік практикамен байланыспағандығынан оқушылардың пәнге деген қызығушылығының төмендегенін байқауға болады.

Ол үшін не істеу керек? Оның шешімі бар ма? Яғни, жан-жақты, өзіндік ой-пікірі бар құзырлы тұлға қалыптастыру үшін не істеу керек?

Жалпы химия мен биологияны ұштастыратын кіріктірілген тапсырмаларды жасақтау арқылы теориялық білімді практикамен әбден байланыстыруға болады. Химия, биология, экология, валеология курстарының материалдарын кіріктіре отырып, осы бағыттағы тапсырмаларды жүйелеп берсек, оқушылар тек есептің шешімін тауып немесе бір сарынды сабақ айтумен шектелмей, химия мен биологияның күнделікті өмірмен тығыз байланыстылығын, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын, күнделікті өмірде адам ағзасына макро және микроэлементтердің физиологиялық қажетілігін айқындайды, әрі денсаулықты сақтау үшін заттың құрамын толыққанды білу және адам ағзасында, айналасында, табиғатта жүріп жатқан биологиялық процестер мен химиялық реакцияларды танып біледі.

«Баланың ынтасын арттыру үшін, оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек» деп ұлы педагог, ағартушы Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ барысында проблемалық ситуациялар құрып, оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білім мен білікке, ғылыми ізденіске ынталандыруға болады. Ситуация тудырудағы басты мақсат – дәстүрлі білім жүйесін жаңарту, берілген тапсырманың астарын түсіне білу болып табылады. Мұнда жаңа білім, яғни түсінік баланың бүгінгі өміріне қатысты факт-сұрақ, тапсырма, ситуация ретінде алдына қойылады. Сонда ғана оқушыларды ситуация арқылы өмірге араластыру, тығырыққа тіреу, олардың өзінше ойлануына, өзін-өзі жүзеге асыруына, өзіндік ой –пікірін ой таразысынан өткізіп, ғылыми тілмен жеткізуге жасалған жағдай болып саналады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі