Материалдар / Білімнің кілті-тәрбие
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білімнің кілті-тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Білімнің кілті - тәрбие» республикалық ғылыми-педагогикалық конференция
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2021
724
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» КММ









Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған

«Білімнің кілті - тәрбие»

республикалық ғылыми-педагогикалық конференция



Баяндама тақырыбы: «Білімнің кілті - тәрбие»

Бағыты: «Тәрбие»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Разакова Айгуль Кумисбековна




















БІЛІМНІҢ КІЛТІ -ТӘРБИЕ


Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі- қазақ халқы. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір – қасиеті тек жеке басының жақсылығы емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығымен де өлшеген.

Ата – бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай . Тарих қойнауына үңіліп,ұлттық тәрбие салаларына тоқталып отырғанымыз да тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытта да естен шығармауымыз керек.

Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін » деген екен. Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы, жасаған рухани және материалдық байлығы,осының бәрі сананың жемісі. Ендеше біз адамды адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек. Сана арқылы адамның дүние танымы, өмірге көз қарасы, рухани мәдениеті қалыптасуда. Адамның ғұмыры жан мен тәнге негізделген. Яғни адам жан мен тәннен тұрады. Жан жайбарақат үшін тәннің жайбарақат болуы шарт. Олай болса, адам бақытты болу үшін жаны мен тәнін бірге тәрбиелеу керек. Ал тәрбие беруде ұлы ғұламалардың шығармаларына үнілу маңызды роль атқарады деп сенемін.

Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл араб-парсы мəдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты əлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – бəрімізге танымал ұлы Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген Əбу Насыр əл-Фараби. Əбу Насыр Әл-Фараби еңбектері шартарапқа тараған соң есімі дүниеге əйгілі болады. Уақыт өте келе оны білім иелері мойындап, өз заманының бірегей ғұламасына, біртуар дара тұлғасына айналады.

Ол жаратылыстану, философия, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия, əдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мəлім.

Бір қызығы, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш — 160, ал тəжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді .

Ол өз дəуірінің материалдық жəне рухани мəдениет жетістіктерін жинақтаумен қатар, озық философиялық жүйені жасады. Сол арқылы əлеуметтік-философиялық, этика-эстетикалық, жаратылыстану-ғылыми ой қазыналарына бағалы үлес қосты.Əбу Насыр əл-Фараби өзінің барлық жұмыстарын адамға арнады. Арабтілді философтар шешкен басты мəселелер – білім, таным, дүниедегі Ақиқатты іздеу мəселелері болды.

Əбу Насыр əл-Фарабидің өзінен: Сіз қандай ғылымдар саласында еңбек еттіңіз? — деп сұрай қалсақ, ол не дер еді? Біздің ойымызша, ол былай дер еді: Менің айналысқаным бір-ақ түрлі ғылым, оның аты — «Табиғат пен адамзат» деп аталады.

Əл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» деген еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларында «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді.Осы трактатында «Қайрат», «Ақыл» жəне «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп:«Жүрек — басты мүше, мұны тəннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес» — деп жүрекке шешуші мəн береді.Əл-Фарабидің «қайрат», «ақыл» жəне «жүрек» жайындағы философиялық ой-пікірлерін Абай өзінің «Əсемпаз болма əрнеге»... атты өлеңінде де əрі ойшыл-кемеңгер, əрі аса дарынды сөз зергері ретінде оқырманға зор шеберлікпен жеткізген

Абай ақыл мен қайраттың иесі болған адамды «жарты адам» дейді. Өйткені ондай адам тек «суық ақыл» мен «жүгенсіз қайраттың» ғана өкілі болып табылады. Ал бойына осы екі қасиетпен қоса қабат əділет-шапқат (жүрек) біткен адам ғана «толық адам», яғни ол енді «нұрлы ақылдың» өкілі деп танылады.

Əл-Фараби өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», «актуалды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», «əрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Əл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллекттің өзі жүре келе, есітіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді.

Ғұламаның интеллект жөніндегі философиялық ой-тұжырымын араға тоғыз ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында Абай Құнанбайұлы зор білгірлікпен жалғастыра түскен .

Фарабидің философиялық еңбегін талдау деген сөз — оның барлық ғылыми табыстарының қорытындысын шығару деген сөз. Ол өзінің еңбектерінің бəрін де философиялық тұрғыдан қарайды. Кейбір табиғи құбылыстарды талдаған қағидаларында оның табиғат зерттеуші ғалымдығы мен ойшыл философтығы арасын айыру өте қиын.

Фарабидің пайымдауы бойынша оқу — философия негіздерін, теориялық білімдерді игеру, ал тәрбие — ол мұғалімнің, тәлімгердің, адамға белгілі бір адамгершілік, кұлық қалыптарын және практикалық өнерді игеру дағдыларын қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеті, ол шәкірттерге белгілі бір оң қасиетті, сапаны дарыту үшін қалай болса солай емес, белгілі бір мақсатты көздеген, саналы тәрбие жұмысына басты мән береді. Ғұлама тәрбие кезінде тәрбиеленушінің ерекшелігін ескеріп, әрбіріне жеке әдіспен дара қатынас жасауды талап етеді.

Адамдардың, әсіресе, жастарды тәрбиелеу жүйесінде Фараби бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл болатын мінез-құлық тәрбиесін қояды.Кең мағынада алып қарасақ ғұлама бұл тәрбие ауқымына еңбек, эстетика, дене, гуманистік, патриоттық т.б. тәрбиелер түрлерін енгізіп қараған сияқты.

Философия жөнінен алғанда Фарабиді Аристотельдің шəкірті дейді. Оның шындығына біз де таласпаймыз. Фараби Аристотельді (Арстулаизды) аса жоғары бағалаған. Əсіресе, оның логикасын жақсы көріп: «Бұл кітапты жүз мəртебе оқыдым, тағы оқысам деген ойым бар» деп жазады ол.

Түйіндеп айтқанда, ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фарабидің философиялық, логикалық-гноселогиялық, әлеуметтік пікірлерімен, эстетикалық, теориялық, жаратылыстану ғылымдары салаларындағы пікірлерімен, ғылыми тұжырымдарымен жете танысу, оның дәуірін терең түсінуге мүмкіндік береді. Оның ғылыми ой-пікірлері өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық этикалық ой-пікірін және өнердің дамуына, жалпы рухани құндылықтардың дамуына әсер етіп, үлкен ықпалын тигізіп отыр. Ұлы өркениет философы Әбу-Насыр әл-Фараби рухани әлемі адамзат өркениеті мен рухани құндылықтарының биік шыңы.

Әл-Фараби әрдайым пәни дүниелік пендешілік қасиеттерден қалыс қылуын сұрап шынайы түрде Алла Тағалаға жалбарынатын, күндіз-түні дұға қылатын. Жаратқаннан күнә-қателіктерден тазартып, айқындыққа бастайтын таза ақыл нәсіп етуін сұрады. Тегінде тылсым дүниенің құпия-сырларын білуге деген зор ынтықтық оны түрлі білімдерге жетеледі, даналық пен хикметтің саф бұлағынан сақи сусындауға апарды. Осылайша әл-Фараби адамның әу бастағы жаратылыс материясы – топырақ пен төмен деңгейлерден бойын аулақ ұстап, рухтық рахатқа, ақыли биік дәрежелерге жетті.

Ұлтымыздың ұлы мұраттарын жүзеге асыруда ,Егеменді ел мүддесі тұрғысына сай жаңа адамды қалыптастыруға жалпы бастау болар тәрбиенің көзі Әл-Фараби табылады. Расында да Әл-Фараби қазақ халқының ғана емес, жалпы мұсылман үмметіне, барша адамзатқа ортақ тұлға, ортақ мақтаныш.

Оның қара ормандай халқына қалдырып кеткен шұрайлы шығармалары ұрпақтан ұрпаққа аманат болып, қымбат рухани қазыналарымыздың қатарында саф алтындай жарқырап тұра беретін болады.








Пайдаланған әдебиеттер


Пайдаланған әдебиеттер

Əдебиеттер тізімі

  1. Шолақова Р. Əл-Фараби — Шығыстың ғұлама ғалымы // Қазақ тарихы. — 2012. — № 5 (116).

  2. Қойлыш Ж. Бала Мұхаммедтен ғұлама ғалым, «Екінші ұстаз», Əбу Насыр əл-Фарабиге дейін (870–950) // Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2011. — № 17 (29).

  3. Дербісəлиев Ə. Қазақ даласының жұлдыздары (тарихи-филологиялық зерттеу). — Алматы: Рауан, 1995.

  4. Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі əдеби жəдігерліктері. — Алматы: Раритет, 2011.

  5. Қасымжанов А., Əлінов А. Əл-Фараби // Қазақ: Оқу құралы. — Алматы: Білім, 1994. — 176 б.

  6. Қасымжан А. Əл-Фарабидің рөлін ұмытушылық — тарихи əділетсіздік // Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2011. —№ 17 (29). — 39-б.

  7. Бейсенбай Б. Əбу Насыр əл-Фараби өмірбаянына жаңа қисын // Ана тілі. — — № 25 (1073). — 23–29 маус.— 6, 7-б.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!