Биология пәнін оқытудағы
тиімді әдіс-тәсілдер
Қазіргі кезде еліміздің орта
білім беру саласында жаратылыстану пәндері бойынша жаңартылған
бағдарламалар енгізіліп,оқушыға берілетін білім, іскерлік және
дағдылар жүйесіне қатысты көзқарастар түбегейлі өзгерістерге ұшырап
отыр.Осыған сәйкес,оқушылардың білімін бағалауда критериалды
бағалау жүйесін қолдану және оқу мақсаттарына толыққанды жетуде
белсенді оқыту стратегияларын пайдалану негізгі міндеттердің біріне
айналып отыр.
-білімді шығармашылық тұрғыда
қолдана білу қабілеті;
-ғылыми-зерттеу
дағдылары
-қарым -қатынас
дағдылары
-жеке және топпен жұмыс істей
білу қабілеті;
-ақпаратты алу және оны талдай
білу қабілеті;
-шығармашылық және сын
тұрғысынан ойлау;
-қарым-қатынас жасау
қабілеті;
«Биология » пәні бойынша
жаңартылған оқу бағдарламасы жоғарыда аталған үдерістің құрамдас
бөлігі болып табылады.
Жаңартылған білім беру
жүйесіне көшу жағдайында , оқушының өз бетімен білімге ие болу
барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне
қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.Бұл тәсілдеме
пәндік білімді,әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана
емес,сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын
сезінуге,сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық
қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.Мұғаліммен бірлесіп
шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің
қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа
ие болады және оқушылардың логикалық ойлауы мен зерттей білу
дағдылары алдыңғы қатарға шығады.Білімін тұрақты көтеріп
отыру-мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері,білім беру жүйесінің
тұрақты дамуының кепілі,мемлекеттің дамуының құралы болып
табылады.Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы -оның жан-жақты білімінен
ұстаздық шеберлігімен,оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен
өлшенеді.Сабақтың әрбір кезеңдерін өткен сайын оқушылар тапсырмаға
тез,дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа
тәрбиеленеді,белсенділіктері,қызығушылықтары артады.Сабақ бойы
оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетеді.Мұндай
бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс,топтық жұмыс,ой
қозғау,топтастыру,рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана
аламыз.Осы әдістерді қолдана отырып оқушылардың оқуға деген
ынтасының,қызығушылығының арта түскенін байқауға болады.Жетістік
баспалдағы рефлексиясы арқылы оқушылардың сұрақ қою дағдылары
қалыптасады.Ашық және жабық сұрақтардың айырмашылығын ажырата
алады.Сонымен қатар оқушылар жаңа білім алып шығумен қатар,өзінің
де белгісіз бір қырларын танытуы тиіс,сонда сабақ мақсатына
жетеді.
Мұғалім оқушы жауаптарына
шүйлігіп,оқушыларды сұрақтар астына алу керек: «Неліктен олай
ойлайсыздар? Бұл айтқандарыңызды қалайша дәлелдейсіздер? Не үшін
бұлай жасадыңыздар?Қалайша деп ойлайсыз?» деп қадалған жерінен қан
алмай,оқушыларды орнына тыныш отырғызбауы керек.Сонда оқушылар
шынайы,толыққанды рефлексиясын нақты дәлелдерден құрап,талдау
түрінде келтірлері мүмкін:
-«Маған сабақ
ұнады,өйткені,біріншіден....,екіншіден.....,үшішіден....,»
-«Мен көп нәрсені
білдім.Мысалы,біріншіден....,екіншіден.....,үшіншіден...,»
-«Сабақ қызық өтті,өйткені
біріншіден...,екіншіден...,үшіншіден...,»
-«Мен сабақта құнды деректер
алдым,мәселен,біріншіден....,екіншіден...,үшіншіден...»
- «Мен бүгін өзімді мынау үшін
мақтар едім ......»
-«Осы сабақтан кейін мен өз
білімімді мына тұрғыда жақсартуым
керек:.....»
-«Осындай сабақтар көп болса
екен,өйткені,біріншіден...,екіншіден...,»
Осылайша оқушылар ештеңе
білдіртпейтін пікір мен тілек айтпай,дәлелдерге негізделген талдау
жасауға ,өз ой пікірлерін дәйектеуге,тұжырымдауға үйренеді.Яғни,әр
сабақта әр оқушының рефлексиясын тудыру-мұғалімнің негізгі
міндеттерінің бірі.