Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
БИОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ "LESSON STUDY"- ЖОБАСЫН ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БИОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ "LESSON STUDY"- ЖОБАСЫН ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ
Бүгінгі таңда Lesson study мұғалімдердің мектепте өзара әрекеттесу, даму және кәсіби қоғамдастығын қалыптастырудың ең жақсы тәсілдерінің бірі болып табылады. Мұғалім бақылаушылармен кері байланыс арқылы жетіледі, ал бақылаушылар сабақ нәтижелерін талқылау арқылы сыни талдау дағдыларын дамыта алады.
Сабақты зерттеу, оқуды жақсартуға ықпал етеді, яғни мынандай сұрақтарға сұрақтарға жауап береді:
-
НЕГЕ біз оқыту әдістерін қарастыруымыз керек?
-
ҚАЛАЙ жасаймыз?
-
Сыныпта НЕ істеуіміз керек?
Ол келесі кезеңдерден тұрады: ЖОСПАРЛАУ – БАҚЫЛАУ – ТАЛДАУ.
Зерттеу барысында біз келесі кезеңдерден өттік:
-
Топ құру
-
Оқу мақсаттарын әзірлеу
-
Сабақты жоспарлау
-
Бақылау нәтижелерін талқылау
-
Сабақты бақылау
-
Оқуды жоспарлау
-
Түзетулер енгізу
-
Құжаттама
-
Болашақта тарату.
Less study процесі құрамына кіретін шығармашылық топты құрудан басталды. Шығырмашылық топ құрамы: Молшылыкбаева Б.К.- химия пәнінің мұғалімі, Самылтырова А.У. –география пәнінің мұғалімі, Байгазинов Б.К. –физика пәнінің мұғалімі, Шаймұқашева Н.Н. –биология пәнінің мұғалімі.
Процестің басынан бастап топтағы жұмыс атмосферасы қолайлы болды, өйткені фокус-топқа қатысушылар арасында өзара түсіністік пен сенім орнады.
Алғашқы кәсіби әңгіме процестің құрылымымен, ұйымдастыру жұмыстарының негізгі міндеттерімен және ережелерімен танысудан басталды. Зерттелетін нысан 7 «Ә» сыныбы анықталды.
Зерттеу тақырыбы: «7 «Ә» сыныбында жаратылыстану пәндері сабағында оқушының өзін-өзі талдай отырып бағалау дағдысын дамыту».
Зерттеу мәселесі (фокус): 7 «Ә» сыныбында жаратылыстану пәндері сабағында оқушының өзін-өзі талдай отырып бағалау дағдысын дамытуға қандай әдістер мен тәсілдер ықпал етеді?
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін арттыру және дифференциацияланған тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың өз жұмысын талдаудағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже.
Оқытушы үшін:
-
оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігінің өсуі, сабақтың тиімділігін арттыру
-
оқу процесін белсендіру
-
мектеп тәжірибесін жетілдіру
-
оқу әрекетін арттыру жұмыстарына оқушыларды тарту
-
жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін қолайлы оқу-танымдық орта құру.
Оқушы үшін:
-
қолайлы орта мен жағымды көңіл-күй қалыптасу;
-
сабаққа деген ынтасының артуы
-
оқу процесіне белсенді қатысу
-
өзін-өзі бағалай алу
-
жан-жақты даму
Бұл сыныптың білім деңгейі орташа, мұнда «күшті» де, «әлсіз» де бар. Сыныптағы 20 оқушының оқу деңгейі : 2 оқушы – жоғары; 8 оқушы – орташа; қалған 10-ы орташадан төмен.
Сыныпты зерттей келе күшті және әлсіз жақтары айқындалды, проблемалық аспектілері және оқу-тәрбие үдерісіндегі сыныптың топтық жұмысқа қарағанда жеке жұмысты жақсы жасайтындығы анықталды.
Сыныптың күшті жақтары:
|
Сыныптың әлсіз жақтары:
|
Біз үшін оқушыларды білім деңгейіне қарай әртүрлі бағытта қалай жұмыс істейтінін бақылау қызықты болды. Әртүрлі топтарда қарым-қатынас қалай дамиды, АВС тобының оқушылары өздерін қалай көрсетеді?
А оқушысы - барлық пәндер бойынша үлгерімі жоғары. Танымдық қабілеттері тұрақты, білімге деген қызығушылықтары жоғары.
Жетістік критерийлері: оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту
В оқушысы - барлық пәндер бойынша үлгерімі жақсы, бірақ көбінесе ол тапсырманы өзі орындауға тырысады. Жалпы интеллектуалдық қабілеттердің дамуының орташа деңгейін көрсетеді.
Жетістік критерийлері: мұғалім сұраған кезде белсенділік танытып қана қоймай, өз жұмысына талдау, анализ жасай алу дағдысын көтеру.
С оқушысы- оқу қабілеттері орташа, танымдық қызығушылық деңгейі орташа, оқуға көп қызығушылық танытпайды. Сұрақтарға жауап бергенде мұғалімге қаттылық көрсетеді, сұрақтарға жауап беруден тартынады.
Жетістік критерийлері: мұғалім берген тапсырманы бірлесіп орындау процесіне қатыстыру.
Топ мүшелерінің арасында кім қай оқушыны бақылайтыны анықталды. Топтың әрбір мүшесінде сабақ басында сабақты бақылау парағы, оқушыны бақылау парағы, қысқа мерзімді жоспар көшірмесі болуы керек.
Бірінші сабақты жоспарлауда біз сабақ бойына сараланған әдіс-тәсілдерді таңдадық. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін мультимедиялық презентация, бейнематериал пайдаланылды. Сабақта оқытудың келесі әдістері қолданылды: сабақтың тақырыбын ашу үшін «4 сурет бір сөз», сабақ барысында диалог, кесте толтыру, ішінара іздену және саралау. Бүкіл сыныпты білім деңгейіне қарай үш топқа бөлді, әр топқа шешуі қажет сәйкес тапсырмалар ұсынылды, содан кейін жеке жұмыс үшін балаларға деңгейлік тапсырма ұсынылды, олар кестені толтырды. Оқушыларға орындаған тапсырмаларын бағалау ұсынылғанда, А,В оқушылары критерий бойынша талдап өзін-өзі бағалай алды. С оқушысы өзін – өзі бағалауды қаламады.
Бірінші сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерді талқылай келе, олардың тиімділігіне қарай, сабақта оқушылардың тапсырмаларды орындаудағы белсенділігіне қарай, АВС оқушыларына екінші сабақта көмектесетін басқа әдіс-тәсілдерді қолдану қажет деген қорытындыға келдік. Сонымен, екінші сабақта келесі әдіс-тәсілдер қолданылды: Миға шабуыл, дөңгелек үстел, 4 сурет бір сөз, оқы –жұптас-бөліс, шығу парағы.
Білімді пысықтау кезеңінде «оқы –жұптас-бөліс» әдістемесі сыныптың барлық оқушыларына қатты ұнады. Олар тапсырманы орындады, барлық формулаларды жинады, ең бастысы, дұрыс! Бұл әдіс оқушыларға интерактивтілігі мен орындаудың мобильді сипатына байланысты ұнады. Бұл оқушылардың ынтасын арттырудың тиімді жолы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың пән бойынша білім сапасын арттырудың құралы.
Сондай-ақ «Дөңгелек үстел» әдісі қолданылды. Бұл тапсырмада оқушылар сағат тілімен ауысып, есепті бір –біріне түсіндіреді. Одан әрі сабақтың ортасында «Қатені тап» әдісін қолдандық. Оқушылардың зейінін белсендіретін әмбебап әдістеме. Ақпаратты талдау қабілетін қалыптастырады; білімді стандартты емес жағдайда қолдану; алынған ақпаратты сыни бағалау. Дәл осы кезеңде күрделілік деңгейіне қарай сараланған тапсырмалар берілді, бірақ бұл сабақта біз оларға тапсырмаларды шешу алгоритмдерін беруді ұйғардық, бұл оқушылардың тек осы тапсырмаларды ғана емес, сонымен қатар басқа тапсырмаларды да өз бетінше орындауға әкелді.
Сонымен, сабақтағы табысты жұмыс критерийлері физика сабағында келесі параметрлер болды:
– Топтық жұмысқа толық тартылу дәрежесі
- Тақырыпты меңгеру
– Шығармашылықтың артуы
-
Сыни ойлаудың артуы
– Ынтымақтастық қалыптасуы
Less study тізбегіндегі үшінші сабақтың жоспарын жоспарлау алдыңғы екі сабаққа қарағанда күрделірек болды. Себебі А оқушысының шығармашылық қабілетін арттыру және С оқушысының қызығушылығын ояту үшін әдіс-тәсілдеріміз жоғары дегейде болуы керек. Алдыңғы сабақтарда В деңгейіндегі оқушы А деңгейіндегі оқушының тапсырмасын жеңіл орындай алды. Сол себепті А деңгейіндегі оқушыға күрделірек тапсырма ұсынуды жөн көрдік.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы үшінші сабағымызда АКТ –ны кеңінен қолдандық. Сабақта оқытудың келесі әдістері қолданылды: WordWall, Google classroom, Study stak, домино, сәйкестендіру тесті. Сабақта қолданылған әдістер АВС оқушыларына ерекше ұнады. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың шығармашылыған, ізденімпаздығын, сыни ойлауын арттырғаны байқалып тұрды. Бұрынғыдай емес оқушылар арасында ынтымақтастық нығая түскен. АВ оқушыларында көшбасшылық қабілеттері арта түсті. С деңгейіндегі оқушы өз ойын еркін айтып, назарын сабаққа аударатын болды. Келесі сабақта нені өзгерткің келеді? деген сұраққа « Ештеңе, тек қызықты, ойын түрінде, бейнебаянмен болса екен. Осылай оқыған ұнайды. Мен суретпен, бейнебаян көрсем тез түсінемін» деп жауап берді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасының артқанын көру біз үшін де қуаныш. Мұғалімнің ең басты мақсаты оқушының өз деңгейінде білім мен тәрбие алғаны.
Тізбектелген сабақтар топтамасын талдай келе, мұғалімдермен бірге оқушыларымыздың сабақтағы белсенді жұмысы, олардың сәтті немесе сәтсіз болуы ең алдымен мұғалімге байланысты деген қорытындыға келдік. Әрбір мұғалім өз сабағында жасампаз екенін сезінсе, әдіс-тәсілдердің бай арсеналын пайдаланса, ол сабақты әр оқушыға бағыттайды, әр санаттағы оқушыларға жеке тапсырмалар таңдайды. Жұмысқа әлсіз оқушыны міндетті түрде тарта алады. Бұл процеске қатысу бәріміз үшін өте қызықты болды. Бүкіл сыныпты емес, белгілі бір оқушыларды бақылау ерекше болды. Сабақта әлсіз оқушыға көбірек көңіл бөлсеңіз, оған қолдау көрсетсеңіз, ол сабақта жұмыс істейтінін тәжірибе арқылы дәлелдедік. Өйткені, біз бүкіл сабақта назарымызды «мықты немесе орташа оқушыға» аударуға дағдыланғанбыз. Нашар оқушы өзі талпынып шыққанша дұрыс деңгейде көңіл бөлмегендігімізді түсіндік. Бұл сәтті анықтау бақылау барысында білдік. Барлық балалардың сабақта жұмыс істеуге деген құштарлығын қалай ояту керек? Оларды шешуге, пайымдауға біз әлі үлгерген жоқпыз. Зерттеу жұмысын жалғастыра келе бұл сұрақтардың жауабын табамыз деген ойдамын.
1-ші Lesson Study циклінің нәтижесінде зерттелетін оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтары артқанын атап өтуге болады: оқушылардың белсенділігі арта түсті, бірінші сабақтан кейін балалар жаңа, әдеттен тыс нәрсені күтумен келді. Рефлексия негізінде сабақта ұсынылып отырған жұмыс формалары, әдіс-тәсілдері оң баға беретінін, қолданылған стратегиялардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға жемісті әсер ететінін, талдауға үйрететінін, коммуникативті дағдыларын дамытатынын атап өтуге болады.
Дәстүрлі формадан дамып келе жатқан формаға көшу арқылы оқушылардың ынтасын арттыруға болады деген қорытындыға келдік. Ал біз, ұстаздар, өзіміз ынтымақтастықта жұмыс істеп, бір-бірімізді жаңа идеялармен байытып, қателіктерден сабақ алып, жаңа әдіс-тәсілдерді іздеуіміз керек. Бұл өте қиын – тек өз пәнін оқытып қана қоймай, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, өзін-өзі білім алу және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту, әр сабақта оқушылардың ынтасын дамытуға жұмыс жасау.
Less study тәжірибелі мұғалімдерге де, жаңадан бастаған мұғалімдерге де ізденуге, шығармашылығын арттыруға, оқушымен ара қатынасты жақсартуға көмектеседі. Себебі, бірлескен жоспарлау, бірлесіп бақылау, бірлесіп талдау нәтижесінде мұғалімдердің оқу туралы ортақ ойы қалыптасады. Бұл жағдайда оқыту аспектілері тек біздің жеке көзқарасымызбен ғана емес, сонымен қатар Lesson Study дайындалып жатқан әріптестердің көзімен де қарастырылады. Бұл бізді әдетте мән бермейтін нәрселер туралы білуге итермелейді, өйткені олар біз арқылы «шегерілген» немесе болжамды білім ретінде сақталған. Осының негізінде оқушыларымыз өзін-өзі реттейтін оқуға алғашқы қадамдар жасады деп қорытынды жасауға болады.