Материалдар / Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар✔
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар✔

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының дәстүрлері, жоғалып ұмыт болып бара жатқан дәстүрлер туралы.Жоғалып кеткен бірнеше дәстүрлерді атап жазып шықтық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Сәуір 2024
118
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті,

Баспа ісі” мамандығының 102-топ студенттері

Жетекші: PhD, аға оқытушы Әлтаева Н.С.

www.kaznu.kz


Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар


Қазақ халқы тектіліктен, ерліктен, батырлықтан, бойына тазалық пен ұлтының танымдық қасиеттерін сіңіріп, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп,сан ғасырлар бойы сақтап келген ұлы халық. Қазақ дәстүрінің шығу тегі сонау түркілер заманында Тәңірге табынушылық наным-сенімінен бастау алып, күні бүгінге дейін сақталған. Уақыт өте келе, XVIII ғасыр мен XX ғасыр аралығында Ресей әкімшілігі мен құрылған экспедициялық топ,оның бір қатар өкілдері осы жайында жазып қалдырған болатын. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар үй ішіндегі отбасылық, және өзге де топтар арасырда қарым-қатынас құруда,үлкен рөл атқарды.

Уақыт өз еншісін алып, сан ғасырлар бойы ата-бабамыздан бойымызға, қанымыздан сіңірілген кейбір дәстүрлерімізде бүгінде ұмыт болып бара жатыр. Бұл дүниеге адамдар аса назар аудармай барады. Жаңа заман адамдары “Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар” деседі. Бүгін біз сол ұмтылған тозығы бар дәстүрлер жайында әңгіме айтпақпыз. Ұмыт болған дәстүрлеріміздің бірнеше тізімін дайындадық. Мәселен қазақта “Жарыс Қазан” деген салт болған білесіз бе? Білмесеңіз айтайын.

Жарыс қазан– екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым.

Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Осы ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан.

Ай-күні жеткен жүкті әйел қатты толғатып, толғақ жилей бастағанда, сол ауылдағы пысық әйел отқа, ошаққа жарыс қазан асады да, қуырдақ қуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жилейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны. Егер әйел босана алмай одан ары қиналса, жарыс қазан асып отырған әйел қолына қара пышақты алып «қара қазан бұрын пісі мі, қара қатын бұрын туа ма?» деп, қолындағы пышақты қазанға жанып-жанып зіркілдейді. Қазақ мұны «жарыс қазан» деп атайды.

Аушадияр

Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Жәй өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Аушадияр деп аталатын бұл жырдың үлгілерін шетелдегі қазақтар арқылы, бізге жетіп отыр.. Қазір елімізде аушадияр айтылмайды.

Қарапайым, тұрмыстық сөздерге құралғандықтан, ол тез жатталады.

Бәсіре

Шаңырақта ұл бала дүниеге келген кезде сол күндер аралығында туған құлынды немесе ботаны атасы не болмаса әкесі өзінің өрісінен «нәрестенің бәсіресі» деп атау салты болған. Қазақ ұғымында дүниеге келген баланың алдағы болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты деп саналған. Сондықтан оны мінбейді де ,сатпайды да, соймайды да.Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға болғаны дұрыс деп есептеледі. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Қазақ халқы бәсіресі бар баланың да есейе келе малға деген ықыласы, пейілі түзу болады деп пайымдаған. Бәсіре — өсіп келе жатқан жеткіншекті болашаққа, жақсы күндерге апаратын көлігі, жан жолдасы,қанаты болсын дейтін жақсылыққа бағытталған ырымы.

Босаға майлау

Отау тігіп, шаңырақ көтерген екі жасқа жасалар жөн-жоралғы да айтылар тілек те мол. Осындай салттың бірі- босаға майлау. Бұл дәстүрді көреген әжелер мен ақ жаулықты аналар жасайды. Екі жастың үйіне шашуын шашып, ақ ниетін білдіріп келеді. Үлкендер «Жас отаудың босағасы майлы болсын, қазаны оттан кетпесін, еліне қалаулы болсын» деп тілек айтқан. Мұндағы тілек келіннің қазаны оттан түспесін, елге майдай жұғымды, көп түсетін үй болсын деген ырыммен жасалады. Жас келін бір үйдің ұрпағын көбейтуші жан. Яки, сол үйге бақ-береке қонсын, майдай жұғымды болсын деген ниетпен барады. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

Түйе мұрындық - салт. Қазақ салтында қалыптасқан бір кәде «түйе мұрындық» деп аталады. Қызы ұзатылып көшіп келе жатқан көш көрші ауылдың тұсынан өткенде, көрші ауылдың әйелдері, көш алдынан арқан керіп тосады да, алдыңғы түйенің бұйдасынан, мұрындығынан мықтап ұстап алады, оны жүргізбей «түйе мұрындық» деген атпен кәде сұрайды. Көш бастап келе жатқан кексе әйел оған жол өтеп, көйлек беріп құтылады. Оны қазақ кадесінде «түйе мұрындық» деп атайды. Сый алғандар батасын беріп, ризашылығын білдіріп тарасады. Ауыл ардагерлерінің айтуынша, «Түйемұрындық» бергенде қыздың төркіні құдаларға қызды ғана емес, түйені де береді. Ал ботасын өздері алып қалады екен. Араға жылдар салып, қызы күйеу баламен бірге үйіне баласын көтеріп келгенде, ботаны немересіне бәсіре ретінде беріп жіберетін болған

Есік көрсету, есік ашар — жаңа түскен келінді күйеу жігіттің туған-туысқандары мен дос-жарандарының өз үйлерімен таныстыру мақсатымен қонаққа шақыру рәсімі. Келін келген жеріндегі үлкен-кіші, ағайын жұртымен осылайша жақындасып, араласа бастайды. Осы рәсім арқылы келіннің үлкен кісілерді, кімнің кім екенін танып-біліп, оларға құрмет көрсетуіне жол ашылады. Есік көрсету рәсімі арқылы келіннің елмен таныс-білістігі артады, туыстарының жай-жапсарын толық ұғады. Кіммен қалай қарым-қатынас жасау керектігінің жөн-жосығын аңғарады.

Сірге мөлдірету

Күздігүні бие ағытардағы ақырғы қымызға көрші-қолаңды шақыру кәдесі. Бие ағытар күні берілген қымызды "сірге мөлдіретер" дейді. Бұл дәстүрді өткізу үшін ауылдың ақсақалдары және аналары шақырылады. Ал олар риза болып, алғыс айтады, бата береді. Кейбір аймақтарда бұл дәстүрді басқаша "сірге жияр" деп те атайды

Бала беру

Тағы бір дәстүр, қазақтар өз баласын туған-туыстарына тәрбиелеуге берген. Әдетте, балалары көп болған отбасылар балалары жоқ туыстарына өзінің кіші баласын береді. Және бала бөтен отбасында өз баласы ретінде тәрбиеленді.


«Көгентүп»-жақын туыстарының баласына қозы,тай,бота,лақ,құлын түріндегі сый. Әдетте бұл жануарлардың бірі, бірінші рет қонаққа келген балаға беріледі. Үй табалдырығын алғаш аттаған отбасының жаңа мүшесінің болашағы сәтті болуына деген үмітпен жасалған тілектің бір түрі болып саналды. Бала үшін мұндай сыйлық үлкен қуанышқа себеп болса, ата-анасы үшін бұл оларға көрсетілген ерекше құрметтің көрінісі болып табылады. «Көгентүп»-бір жағынан балаларға туысқандық сезімін сыйлайтын салт.

Деңгене….

Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлерде болған екен.Солардың бірі –"Деңгене" дәстүрі.

Көрші ауылдан келген үш-төрт жігіт алдымен түсетін үйін таңдап алып, сол үйдің жанына барып "

Деңгене,Деңгене жеуге келдік деп айғайлайды. Ал үй иесі бұл сөзді естіген соң, семіз бір қойды сойып, етін түгел қазанға салдыртады. Деңгене дәстүрі бойынша келген жігіттер сол қойдың етін түгелімен жеп, сорпасын ішуі керек. Тауыса алмаса, бір қойды екі қой қылып қайтаруға мәжбүр болған.Міне осындай керемет дәстүрде болған!

Қалжа

Жас, жаңадан босанған әйелге арнаулы болған малды сойып берілетін тамақ - «қалжа» деп аталады. Жақын адамдарыда «қалжа» әкеледі.Бұл -әрі сыйластық, құрмет , әрі босанған әйелдің белін тез бекітіп,сауығып кетсін , денсаулығы берік болсын деген тәрбиелік мақсаттан туған елдің дәстүр, ғұрпы болып саналады.

Қорытындылай келе қазақтың бұдан басқа да салт-дәстүрі, ырымдары жетіп жатыр. Бұлардың көпшілігін білмейтін, мүлде сақтамайтын болдық. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпсыз ел әдепсіздік пен берекетсіздікке салынады. Сондықтан ел абыройын бір сүйемге жоғарылататын, дәуірін мейіріне қандыратын, барлық дерттен тазартатын шипалы ем секілді пайдалы, озық салт-дәстүрлерді сақтауда әр адам енжарлық таныспауы тиіс. Ал осы ғасырдың талаптарына сай келмейтін ырым-тыйымдардың жойылуы жүрекке шаншудай қадалса да, бұл өсиеттер «ұмытылуға тиіс дәстүрлер» кемесіне мініп, «тарих» теңізінде жүзе береді. Әрине, бұл сөзімізге көпшілік «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп ақталуы мүмкін. Десе де, қазақы қалпынан айырылып, батыстық той үлгілерімен мейман күту орынсыз, қалай десек те. Сондықтан да ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, ұлықтағанымыз жөн болар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!