Материалдар / Дипломдық жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дипломдық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге арналған дипломдық жұмыс. Тақырыбы «ТАҢҒАЖАЙЫП ДҮНИЕ» РОМАНЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНІҢ СУРЕТТЕЛУІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2021
533
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ

Әдебиетіміздің классик жазушылары: Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтердің ізін баса талантты жазушылардың бір шоғыры өткен ғасырдың 60-шы жылдарында қатарға келді. Солардың арасынан өзінің алған тақырыбымен де, жеке өмірбаянымен де оқшау көрінгені - Қабдеш Жұмаділов еді. Қабдеш Жұмаділов шығармашылығының қазіргі қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Күні бүгінге дейін жазушы қаламынан көптеген романдар мен повестер, әңгімелер туған екен. Кеңестік өмір шындығынан талай сәтті шығармалар жазды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жазушының есейіп, ер жету кезеңдері қазақы салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған ортасы – Шыңжаң қазақтарының арасында өткені белгілі. Олай болса, Қабдеш Жұмаділов – екі бірдей алып қоғамды да (Кеңестік қоғам мен Қытай), Кеңес Одағының ыдырауын да өз көзімен көрген, қазақ елінің азаттық алған таңын тағатсыз күткен көне көз жазушылардың бірі. Сол себепті де жазушыға Кеңес қоғамы туралы алғашқы әсерін, өз пікірін білдіру, көзқарасын таныту – басқа қазақ жазушыларына қарағанда әлдеқайда жеңіл еді. Өйткені ол бұған дейін Қытай елінің саяси-қыспағын көрген, сол қоғамдағы аз қазақтан келген, Кеңес өмірімен таныс емес, тұңғыш әдебиетші еді. Осылайша, Кеңестік қоғамның артықшылығын, не кемшілігін айқын көру қабілетіне ие болды. Жазушы - сол кезеңде қоғамда болып жатқан, Кеңес Одағында өмір сүрген қатардағы адамдардың еті үйренген құбылыстарға жаңаша, кеңестік санадан тыс көзқараспен қарады. Кеңес адамдары елемеген құбылыстар жазушыға жаңалық, алғашқы әсер болып қалыптасты.

Әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан Кеңестік империя құлап, қазақ елі тәуелсіздіктің көк байрағын көтерді. Егемендікке қол жеткізген күн - тарихта қазақ халқы үшін ең елеулі әрі негізгі күн. Дегенмен, ұзақ жылдар бойы саяси қыспақты көріп келген ұлттық ой-сана тың серпінге бірден ие бола алды ма? Жоқ, жетпіс жыл үстемдік еткен үкіметтің бойға сіңірген құлдық мінезінен арылу оңай болмады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін өткенді жаңаша көзқараспен байыптауға бет бұрған «тәуелсіз ұрпақ» бұрмаланған тарихты қайта жазуға, сол арқылы ұлт санасын оятуға зәру болды. Олар тарихтың қойнауында қала бастаған, бір кезде қоғам күшімен айтылмай келген, жазылмай жүрген шындықтарды жариялауға саналы түрде белсене кірісті. Өз тарихын енді-енді танып келе жатқан халықты шатастырып, өз руын мадақтаған шығармалар да, тарихи фактілерді қасақана бұрмалаушылар да көп болды. Десе де жаңа қоғам мүшелері ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлы оқиғалардың қайсысының шын, қайсысының жалған екенін қайта талдауға кірісті. Оларды ұлттық сана, халықтық мүдде, тәуелсіз ой тұрғысынан зейінді түрде зерделеу мүмкіндігіне ие болды. Міне, осы тектес мәселелер жазушының «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романында жан-жақты суреттелген. Жазушы романында Кеңес қоғамы туралы алғашқы түсінігінің қалыптасу уақыты, Кеңес өмірімен танысқан кездегі алғашқы әсері, артықшылығы немесе қоғамға тән кемшіліктер, тәуелсіздік идеясы, азаттық жолындағы ізденістер, тебіреністер мен толғаныстар кеңінен көрініс тауып отырады. Ғұмырнамалық романды тек жазушының өмірбаянының тізбесі деп қарау қате түсінік болар еді. «Таңғажайып дүние» - Қабдеш Жұмаділовтың өмірге, сол кездегі қоғамға, империялық құрылымға деген өзіндік көзқарасын, бүкіл заман көрінісін, халық келбетін айқын көрсететін, Шыңжаң қазақтарының шерменді тағдырын, Кеңес адамдарының сан қилы өмірін суреттеген, Кеңес Одағының ыдырау сәтін талқылаған, екі мемлекеттегі бодан халықтың психологиясынан сыр шертетін бірден-бір туынды. Жазушының ғұмырнамалық романының тағы бір ерекшелігі – шығармашылық лабораториясының көрініс табуы.

«Тәуелсіздік идеясы - халықтың, өзінің елдік санасының өсуімен өмірге келетін, ұлттық өмір сүру факторлары арқылы айқындалатын, тарихи тәжірибесі мен таным-талғамына қатысты жаңғырып-жаңаланып отыратын, халықтың тарихи талап-тілектерінің, әлеуметтік мұрат мүдделерінің жалпы мәнін жинақтаған тарихи категория», – екені шындық [1, 3]. Шығыс Түркістан қазақтарының тәуелсіздік жолындағы ой-арман бірлігінің көрінісі де, мақсат-мұратының айнасы да жазушының «Таңғажайып дүние» романы бола білді. Кеңестік қоғам мен тәуелсіздік идеясының романдағы көрінісі - автордың танымын, көзқарасын танытады. Ғұмырнамалық романдағы тәуелсіздік идеясы оқырманын екі алып империяның бодандығын көрген көшпенді халық пен, бостандық жолындағы ұлт-азаттық күрестердің бір мақсат негізінде – тәуелсіздік жолында жүзеге асқандығымен таныстырады. Екі империяның да мақсаты, тілегі – қазақ халқын мәңгілік бодан ету, тәуелді ету болғаны өтірік емес. Басты назар аудартқан мәселе роман кейіпкерлері (Кеңестік Қазақстан мен Қытай) өз қоғамының табиғатына орай ойлайды, тұжырымдайды, өз қоғам ықпалына қарап жауап қатады. Жазушы кейіпкерлердің бір-бірімен қақтығысын суреттеу арқылы өзі өмір кешкен екі қоғамның да мінезін аша білді. Шығармада баяндалған оқиғалардың нақтылығы да, әсерлілігі де жазушының шынайы өмірде өзі көріп білген жайларын, әр түрлі адамдардың әрекетін баяндауынан деп санаймыз. Ғұмырнамалық романның тұтастығын дәнекерлеп тұрған негізгі арна – халықтың екі отаршыл мемлекеттің зорлығына қарсы күресі. Романда жазушы адам және қоғам арақатынасы қандай, оның қатардағы қарапайым халық өміріне ықпалы бар ма, саясаттың адамды бақытты не бақытсыз қылу мүмкіншілігі бар ма, осы сияқты сауалдарды ой елегінен өткізеді. Ғұмырнамалық роман болғандықтан, өзі дүниеге келген қоғам (Қытай), жазушы болып қалыптасқан қоғам (Кеңестік Қазақстан), және соңғы бүгінгі күнгі егемен қоғамдағы (Қазақстан) Кеңес үкіметі туралы азат ой-көзқарастарын келтірген.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қабдеш Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романындағы жат елде туып өсіп, атамекеніне жетіп, тағы бір империяның қилы кезеңін көрген бас кейіпкердің көкірек көзімен талай оқиға көрінісі, халық тағдыры, көрген қиыншылықтары мен әлеуметтік қарым-қатынастар кеңінен суреттелген. Жазушы романындағы Кеңестік қоғам мен тәуелсіздік идеясының көрініс табуын қарастыру әдеби тіл мен тарихи деректердің байланысын терең зерделеуге мүмкіндік туғызбақ. Сондықтан, біз өз зерттеуімізде төмендегідей мәселелерге басты назар аударып, мақсат-міндеттер қойдық:

  • Ғұмырнамалық романда шеттегі қазақтардың Кеңестік Қазақстан туралы алғашқы түсініктерінің пайда болу алғы шарттарын анықтау;

  • 1932-1960 жылдар аралығындағы шеттегі қазақтардың Кеңестік Қазақстан туралы түсінігін саралау;

  • Ғұмырнамалық романдағы Кеңестік Қазақстан суреттемесі автор тілімен қалай баяндалғанын анықтау;

  • Кеңестік Қазақстан өмірімен танысқаннан кейінгі автор көзқарасының көркем шығармада бейнеленуіне назар аудару;

  • Жазушының Кеңестік қоғам мен тәуелсіздік идеясы туралы жазған шығармаларының тууына себепші болған оқиғаларды автор ғұмырнамалық романында қалай келтіргенін саралау;

  • Жазушының бодан ел әдебиетінің тәуелсіз ел әдебиетіне ұласу үдерісіндегі ізденістерін анықтау;

  • Ғұмырнамалық романдағы қоғам және адам арақатынасын ашу;

  • Тәуелсіздік идеясының романдағы басты ұстанымға айналу үрдістерін анықтау;

  • Тәуелсіздік идеясының қоғамдық-әлеуметтік жағдаймен тығыз байланысын қарастыру;

  • Романдағы тәуелсіздікке ұмтылған күрескер бейнені анықтау;

Зерттеудің әдістемелік-теориялық негіздері: Қабдеш Жұмаділов сынды екі қоғамды бірдей өз көзімен көрген, Кеңестік қалыптан тыс шығармалар жазған жазушы шығармаларын арнайы зерттеу нысанына алған зерттеушілер санаулы ғана. Соның ішінде Н. Жұмаділованың Қабдеш Жұмаділов шығармаларын зерттеудегі жан-жақты ізденістері ескерерлік [3], [4], [5], [6]. Қабдеш Жұмаділов туралы баспасөз бетінде жарияланған бірқатар әдеби-сын мақалалар да назардан тыс қалмады. Солардың ішінен: Ш.Елеукеновтың «Тарих пен тағдыр» [7], «Тәуелсіздік жаршысы» [8], Н. Ақыштың «Қазақ елінің қаһармандық кезеңі» [9], Ж. Ахмадидің «Тағдыр және жазушы» [10], А.Егеубаевтың «Ұлттық тарихи сана әліпесі» [11], Х. Әдібаевтің «Тағдыр мен талант» [12], С. Әшімбаевтың «Роман арқауы – әлеуметтік шындық» [13], Ә.Таразидің «Суреткер жолы» [14] атты мақалаларын атап өткен орынды. Қара сөзге құйындай жазушының шығармаларына қатысты басқа да ірілі-ұсақты зерттеу мақалалар, қаламгерлер сыны, оқырмандар көзқарасын толығымен дерлік саралап шықтық. Атап айтқанда: А. Азизованың [15], [16], [17], Л.Байболаттың [18], А. Жүсіпованың [19], Р. Зайкенованың [20], [21], Ж.Қазбектің [22], Ш. Тұрлыбектің [23] тағы басқа авторлардың зерттеу мақалаларында жазушы шығармашылығының біраз қырларына қатысты қадау-қадау пікірлер келтірілген.

C. Қирабаев [24], А. Айталы [25], Р. Бердібаев [26], [27] сынды сыншы-зерттеуші ғалымдарымыздың ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы Қабдеш Жұмаділов шығармалары дүниеге келіп жатқан кезеңдердегі қазақ әдебиетінің даму үдерісін, шынайы болмысын зерттеген мақалаларын да сырт қалдырмадық. Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің сол кезеңде жазған қоғамдық өмірдің айнасы іспеттес мақалаларын да қарастырдық [28-37]. Сонымен қатар, жазушы романында сынға алған шығармаларды да назардан тыс қалдырмадық [38], [39], [40]. Жазушы ғұмырнамалық романында жан-жақты талдап көрсеткен тарихи оқиғаларды С. Салқынұлының [41], Ж. Сәмитұлының [42], Н.Алдабектің [43], Т. Тұрлығұлдың [44], Т. Жұртбайдың [45], [46], Қ.Оралтайдың [47], М. Қойгелдиевтің [48], М. Мағауиннің [49], М.Қозыбаевтың [50] зерттеулерімен салыстыруды назарға алдық. Кеңестік идеология және тәуелсіздік идеясын З. Бисенғалидің [51], Н. Қадырбаевтың [52], және басқа да [53], [54], [55] еңбектермен астастыра қарастырдық. Романдағы Кеңестік Қазақстан және тәуелсіздік идеясы тақырыбының толық зерттелуі үшін Қазақстан Үкіметінің және Қазақстан Компартиясының бірінші басшысы болған Д. Қонаевтың [60], және бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың [59] еңбектерін негізге алдық. Сонымен қатар, сол Кеңес дәуірінде жазылған энциклопедияларды да [61], [62] жазушы келтірген деректермен салыстыру мақсатында пайдаландық.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысында зерттеушілердің көзқарастарын, тұжырымдарын, құнды пікірлерін ескере отырып талдау, баяндау, саралау, жүйелеу, топтастыру, салыстыру, қорыту әдіс-тәсілдері қолданылды.

Зерттеу бағытының теориялық-тәжірибелік мәні: Зерттеу нәтижелерін педагогикалық жоғарғы оқу орындарының жалпы курсында; орта мектепте, 11 сыныптың факультатив сабақтарында тікелей оқу үрдісінде пайдалануға болады. Қабдеш Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романындағы Кеңестік қоғам және тәуелсіздік идеясы алғаш рет арнайы зерттеу объектісіне айналып, жан-жақты ізденістермен толықтырылды.

Диплом жұмысының құрылысы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.












1. «ТАҢҒАЖАЙЫП ДҮНИЕ» РОМАНЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНІҢ СУРЕТТЕЛУІ


1.1 Романдағы 1932-1960 жылдар аралығындағы шеттегі қазақтардың Кеңестік Қазақстан туралы түсінігі


«Адам пендесі дүниеге келгенде, болашақ ата-анасын таңдай алмайтыны секілді, туатын мерзімін, тұратын мекен-жайы мен қарасты мемлекетін де таңдап жатпайды. Ол жағы – тағдырдың ісі», - деп жазушы өзінің ғұмырнамалық романға арқау болған ерекше өмірбаяны 1936-жылы Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі, Қытайға қарайтын Шәуешек шаһарындағы Малдыбай бұлағынан бастау алғанын баяндайды [2, 7]. Өзінің дүниеге келіп, ес кірген сәтінен бастап, туған ел, туған жер түсініктерін Кеңес Одағы, Қазақстан туралы түсініктермен бала қиялынша қалай салыстырғанын да тәптіштеп жазады.

Өткен ғасырдың бастапқы кезеңінде, дәлірек айтқанда, 1917-жылы исі қазақтың ту тіккен ордасы Қазақстан Кеңес өкіметінің құрамында «Қазан төңкерісі» деген дәуірді бастан кешіргенін бүгінгі ұрпақ біздер кітаптардан оқу арқылы түсінік аламыз. Бұл кезең ел тәуелсіздік алғанға дейінгі 70-тей жылды қамтығаны белгілі. Осы аралықта Кеңес елінде қандай оқиғалар болып жатқаны жайлы шеттегі қазақтар арасында неше түрлі алып-қашпа әңгімелер етек алды. Романда Қазақстаннан ХХ ғасырдың отызыншы жылдары шекара асып Қытайға келіп қоныстанған қазақтардың бейнесі ұтымды жасалған. Бұл кейіпкерлер шығарма композициясында түрлі оқиғалар кезінде көрініс тауып отырады. Жазушы авторлық шегініс арқылы халық тағдырын үлкен тарихи ауқымда алып қарастырады. Қазақстаннан бас сауғалап қашқан адамдар, ел ішін жайлаған ашаршылық, шекара төңірегінде қашып өтіп жатқан адамдардың тоналуы, әр қилы адамдар тағдыры, тағы басқа көріністерді ұлттық тарихтың қаралы беттері деп бағалайды. Кеңестік қоғам туралы түсініктің көшпелі өркениетті сақтап отырған Қытай қазақтарына ең алғаш осы ауып келген босқындар арқылы санаға тарағанын, үрей мен қорқыныш ұялатқанын жазушы жасырмайды. Оған себеп, отызыншы жылдары Қазақстаннан ауып келген босқындардың өз бастарынан кешкен қиыншылықтарын жыр қылып айтатыны еді. Бала қиялына Кеңес өкіметі бірде ғажайып ел, жерұйық, мекен болып елестесе, бірде жеті басты жалмауыз немесе араны толмас аждаһа түрінде елестейді. Автор: «...«Балшабек», «кәмпеске», «колхоз», «жер аудару», «Ит жеккенге айдау» деген сөздерді көп еститініміз сонша, өзіміз де соны бастан кешкендей болушы едік», - дейді [2, 27]. Жазушы сол кездегі босқындар «Тарбағатайдың теріскейіндегі Ақсуат, Ақжар, Маңырақтан, батыс жақтағы Аягөз, Үржар, Мұқаншыдан жаяу-жалпы шұбырған аш-аламан жұрт осы жаққа қарай ағылыпты», - деп Шыңжаңдағы қазақтың тең жарымын құраған халық жайын баян етеді [2, 24]. Шеттегі қазақтар 1932-жылғы Қазақстандағы ақсүйек жұт, сұмдық аштық апаты жайлы осылайша, өз көзімен көріп келген адамдар арқылы хабардар болған. Арғы беттен ауып келген көкіректері шерлі ағайындармен мұңдас болады. «Балшабек», «көменес», «белсенді» дегендер осы оқиғаға себепші болған басты кінәлілер екенін білді. Жазушы адамдардың жеке тағдырларын бейнелей отырып, халық басындағы күрделі кезеңнен мол хабар берген.

Кеңес өкіметін шеттегі елге құбыжық етіп көрсеткен тағы бір үлкен оқиға – Кеңес өкіметі мен шекарадағы орыс солдаттарының 1933-жылғы рахымсыз дүлейлігі. Оқиға Бөкенбай жайлауының бір топ малын өрісте жайылған жерінен Кеңес шекарашы әскерлерінің еш себепсіз айдай жөнелгенінен бастау алған. Артынан екі қора малды қайтаруға аттанған мал иелеріне шекарашылардың тап беруі, аңғал қазақтарды себепсізден-себепсіз қырып салғаны, жұрттың көрші елге деген күмәнін қалыңдата түскен. Сол қырғында он үш адам қаза болып, бір адамды шекарашы әскерлер тірідей ұстап әкеткен көрінеді. Бұл оқиғаның соңы автор баяндауынша, сол қанды қырғыннан кейін шекарашылар екі қора қойды қайтарып тастаған көрінеді. Бірге кеткен қойшылардың айтуына қарағанда, әскер бастығы бұл елге қате ұрынғанын, шекарашылардың бұл адамдарды қателесіп Қыдырмолда қажы деп ойлап қалғандығын айтыпты. Осылайша бейкүнә халықты қырып тастап, бұл әрекеттерінен еш ағаттық көремеген үкімет сақшыларына қарапайым халық сескене қарайды. Осы тектес азапты көп тартқан жанкештілер балшабектер көсемі Ленин мен Сталинді жақсы көрмейді. Зар жылаған халық талай боздақтың түбіне жеткен өкіметті жазықсыз төгілген қанның жібермесіне риясыз сенеді.

Қоғамының қыспағын көріп, шекара ауып келген босқындардың көшпелі халыққа жыр етіп баяндаған шерлі әңгімелері бойынша Кеңестік Қазақстан суреттемесі жазушы қиялына да түрліше әсер береді. Жазушыға «шекараның арғы беті – адам қызығарлық ештеңе жоқ, кілең бір атыс-шабыстың, ашаршылық пен жұттың ұясы тәрізді елестейтін. Әлгі адам баласына аяушылық жасамайтын балшабектер де сонда», - деп босқындардың құлаққа құйған әңгімесінен өз қорытындысын жасайды [2, 61]. Ашаршылықтан құтылуға тырысқан халық осылайша Алтай жеріне қоныс тепкен. Жазушының жоғарыдағы үзінділерін «Қазақстан тарихы» атты оқулықтағы мәліметтермен салыстырып көрейік: «1930-1933 жылдары осы ашаршылықтан қазақ халқы жаппай босқынға айналып, 1 млн 300 мың адам сыртқа оралса, 616 мыңы шет елдерде мүлде қалып қойған. 200 мыңдай қазақтар Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран жерінде біржола қалып қойған», - делінген [44, 141]. Сөйтіп, жазушы романдағы шеттегі қазақтардың Кеңестік Қазақстанды көзімен көріп келген жанкештілер әңгімелері арқылы түсінік қалыптастырып, үкімет ұстанған саясат төңірегінде топтасқан пікірлері үрейлі болуының себебі де дәлелденді.

Жазушы 1941 жылы Германия Кеңестер Одағына шабуыл жасағанда, босқындар Герман дегенің балшабектің қасында өнерлі жұрт қой деп, Кеңес өкіметінің құлауына тілектес болғанын да баяндайды. Десе де, қай ел жауласа да қазақты жарылқай қоймасын, қазақты қазақ ғана көгертетінін тұспалдайды, әрине. Бірақ босқындардың арманы бұл жолы орындала қоймайды. Бұның себебін жазушы: «Большевиктердің тасы тағы да өрге домалап, он миллиондаған адамның қанымен өз үстемдігін қорғап қалды», - деп түсіндіреді [2, 31].

1945-жылы қазақтар тұратын Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарында Гоминдаң үстемдігі құлап, оның орнына Шығыс Түркістан Республикасы құрылады. Үш аймақтағы қарулы қозғалыстың жеңіске жетуіне іргедегі Кеңес Одағының көмегі аз болмағанын автор жасырмайды. Қалай дейсіз ғой, ол кезде Ұлы Отан соғысының тағдыры шешілген, Кеңес Одағы соғыстан босаған. Олжаға түскен жеңіл қарудың біразын көрші елдің көтерілісшілеріне әкеліп бере салған. Бірақ, қулығын ішке сақтаған өкімет өз саясатын ұстана білді. Жомарт кейіптегі Кеңес Одағы көмек қолын тым ерте тартып алады. Бұл кезең Кеңес Одағының көмегімен құрылған Шығыс Түркістан Республикасы өз алдына мемлекет болып тұрған кезі еді.

Кеңес өкіметінің өз ұлты үшін басын беретін, құрбандыққа шалынудан да тайынбайтын талай ерлерді атып-асып, былайғы көпшілікті қорқынышта ұстауға дағдыланған саясаты - адамдарға тура айтудан тайсалатын құлдық мінез, жеке басын күйттейтін кіріптарлық, бодандықты сіңіргенін жазушы өкінішпен еске алады. «Кеңестік қызыл империя о баста көтерілісшілерге қол ұшын бергенде, осындағы аз ұлттарға жаны ашығандықтан емес, Шығысқа қарай біртабан болса да ілгерілеуді, Жапония мен Гоминдаңға қарсы қалқан тұрғызуды көздепті ғой. Кейін ондай қалқан қажет болмай қалды. Жапония жеңілді, Гоминдаңды өз ішінен коммунистер тықсырып келе жатты. Міне, осындай жағдайда Сталин шығыстан мұсылман дініндегі тағы бір түрік мемлекетін құрып қайтсін», - деп жазушы Кеңес Одағының аяқ-асты жомарт мінез танытуының астарын, түпкі жоспарын аша баяндайды [2, 68]. Осындай мақсаттары орындалмай қалған Кеңес үкіметі 1949-жылы өзіне арқа сүйеген Шығыс Түркістан Республикасының басшыларын ұшақ апатына ұшыратып, басынан айырылып, қол-аяғы кесілген елді шығыстағы көршісі Қытай құрамына жомарттықпен сыйға тартқаны тарихи шындық еді.

Осынау аласапыран оқиға он-он бес жылға жалғасып, 1955-жылдың көктемінде солтүcтік Шыңжаң жұртшылығын дүр сілкіндірген елеулі оқиға болады. Қолында Кеңес Одағының төлқұжаты бар адамдар өз Отанына қайтуына мүмкіндік туындап, әр жылдары қыспақтан қашып паналаған азаматтар ерікті түрде кері көше бастайды. Аттанып бара жатқан бақытты жандарды жазушы: «ата жұртқа, социализмнің гүлденген жеріне барамыз деп өздерін көңілді ұстауға тырысқанмен, алда не күтіп тұрғанын көз алдарына айқын елестете алмай, қобалжитын сияқты», - дейді [2, 147]. Қазақтың ата жұрты – Қазақстанға қайтқандар бақытты сезіліп, қалып бара жатқандар жұртта қалғандай күй кешеді. Осы жағдайды автор: «Сол елдің артықшылығын әйгілегісі келгендей, көшетін елдің жүгін тиеп, адамын мінгізуге арғы беттен кілең бір су жаңа машиналар мен жұмсақ орындықты ақ шағала автобустар келеді. Соларды көргенде тіпті есіміз кетеді. Біздің әкелеріміздің кезінде паспорт алмағанына өкінеміз», - деп суреттейді [2, 147].

Бірақ, араға жылдар салып, жазушыға мәлім болған жағдай сол жолы Шыңжаңнан көшіп өткен мыңдаған шаңырақты қазақ жеріне тоқтатпай, Қырғызстанға апарып тастаған екен. Бұның сырын жазушы шебер ашып, түп себебін анықтап береді: «Мәскеудің бұйрығы бойынша, қатаң күзетпен зорлап апарған. Сірә, сырттан келген қазақтарды мұндағы қандастарына қоспай, бірден қырғызға сіңіріп жіберуді ойласа керек. Әйтпесе, Қазақстанда тың жер игеруге жұмыс қолы жетпей, Ресей мен Украинадан адам тасып жатқанда, өз адамдарының бұлай жер аударылуын немен түсіндіруге болады? Нәтижеде, көр көкірек, таяз ойдан туған бұл қате саясат мемлекеттің өзіне қыруар шығынға түсіпті» [2, 191]. Жазушының баяндауында бұл оқиғаның жалғасы екі-үш ай ес жиып алған сорлы қазақтың, бәрібір алған бетінен қайтпай, Қазақстан қайдасың деп қайтадан үш ай бойы көшіп отырып, Семей өңіріне жетіп, сонда қоныстануымен аяқталыпты. Туған жерін бетке ұстаған қазаққа саясат та, жер алыстығы да тоқтау қоя алмаған көрінеді.

1956-жылы Шыңжаң өлкесінен Кеңес Одағына 50 оқушы оқуға баратын шешім қабылданады. Солардың құрамына автор өзінің ілігуін тағдырдың сыйы деп біледі. Өзі армандаған жазушы болып қалыптасуына зор мүмкіндік беретін Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне қабылдану арқылы автордың өмірінде үлкен өзгерістер болады. Жазушы қазақ жеріне аттап басқан сәтінен бастап, алған әсерлерін мейлінше қызықты етіп баяндайды. «Біз үшін мұндағы дүниенің бәрі таңсық, бәрі жаңалық. Құлағымызға құйылған саяси сабақ бойынша, Кеңес Одағы – социализмді әлдеқашан құрып болып, енді коммунизмге қарай беттеп келе жатқан ел. Сондықтан мұндағы дүниенің бәрі өзгеше болу керек деп ойлаймыз», - деп саяси сабақтан басқа бұл ел туралы оқыған әдеби кітаптар мен көрген кино фильмдердің де осындай ойға жетелейтінін баяндайды [2, 182]. Кеңес шекарасын басып өткеннен кейін де, елу оқушының жол-жөнекей көргендерін сол қиялдағы дүниелерімен ойша салыстырып келе жатқандарын да жасырмайды. «Әсіресе, Шыңжаңда сирек кездесетін нәрселерге: ерсілі-қарсылы жүйткіген машиналар мен астықты өзі орып, өзі бастырып жатқан комбаиндарға қызыға қараймыз. Бірақ неге бұлай деп таңданбаймыз. Өйткені социализмнің гүлденген отанында осындай болмағанда қайтуші еді?!», - деп автор алғашқы пікірін жалғайды. Оларға уақыт та, кеңістік те, жылдамдық та басқаша көрінеді. «Осы жаңа ғана шекара сызығын кесіп өтіп қана қоймай, тұтас бір ғасырды аттап өткен сияқтымыз», - дейді жазушы [2, 182].

Жазушы және оның сапарластарын алғашқы уақытта таң-тамаша қалдырып, біраз дау-талас тудырған Кеңес Одағының жетістіктері емес, мүлде басқа жағдай еді. Онысы - Жаркенттің тұсынан өтіп келе жатып, есекке мінген біреулерді көздері шалып, таң-тамаша болуы. Коммунизм құрып жатқан елдің шекарасын аттаған шетелдіктер есек мінген адамды көріп, есек пен коммунизмді бір қазанға сыйдыра алмай әлек болады. Олардың ойынша, коммунизм орнаған елде есектің болуы мүлде мүмкін емес, бұл бір қашып кірген есек, немесе қателік деп ойлайды.

1956-жылдың 25-тамызы Шыңжаңнан шыққан 50 оқушы Алматыға келген алғашқы күн. Жазушы алғашқы күндері қиялындағы Алматы мен көз алдындағы Алматыны салыстырумен болады. Ә дегенде жазушы көңіл аударған мәселе: «бұл елде көшелер мен парктердің, оқу орындарының тарихи жеке тұлғалар атымен аталуы біз үшін мүлде жаңалық еді. Атақты адамдарды мәңгі есте қалдырудың бұл да бір амалы шығар деп, оны дұрыс қабылдадым. Тек солардың: Горький, Панфилов, Киров, Калинин, Виноградов сияқты біріңғай орысша аталуы ғана менің ақылыма сыймады», - деп автор өз таңданысын жасырмайды [2, 186]. Жазушының әсіресе оғаш деп танығаны - қазақтың маңдайына басқан жалғыз университетіне Киров есімінің тағылуы артық жамаудай көрінген.

Қазақ астанасының кей жері қиялдан асып түсіп жатса, енді бір көріністер жазушы көңіліне кірбің ұялатады. Осы жайлы: «А дегенде жүрегімізді зырқ еткізген бір нәрсе: қала көшелерінде шолақ қол, шолақ аяқ мүгедектер көп екен. Балдақпен жүргендері ештеңе емес-ау, кейде екі қара санынан қиылған, түбіртек мұқылдар да ұшырасып қалады», - дей келе жазушы осыдан он жыл бұрын жүріп өткен сұрапыл соғыстың зардабын жан-жүрегімен сезінеді [2, 187].

Ал мына бір ақылға сыймайтын көрініске көз үйрету тіпті мүмкін емес дейді. Автор суреттеуіндегі көрініс: қазақ астанасында орыстардың қаптап жүруі, ал қазақтардың тіптен сирек кездесетіндігі. Алматыдағы қазақтың саны автордың дерегі бойынша, ол кезеңде он пайызға әрең ілінген көрінеді. 1932-жылы Республика қолдан ұйымдастырған ашаршылықтан қырғын тапқан қазақтың сол кезеңдегі мөлшері отыз пайыздан аспайтындығы шынында да қасірет еді.

Келген қонақтар Қазақстанды Шыңжаңмен, Алматыны Үрімжімен салыстырумен болады. 400 мың ғана халқы бар Алматының жасыл желегі мол, ауасы да бұзылмаған, тап-тұйнақтай таза қаланың артықшылықтарын айқын көре бастайды. «Алматының бір бағытта тартылған, түп-түзу көшелері, тал-теректер саясының молдығы, Үрімжі мен Құлжада атымен ұшыраспайтын автобус, троллейбус, трамвайлардың ағылып жатқаны қонақтарға қатты әсер етті», - деп өз сезімін жасыра алмайды [2, 188].

Ұйымдастырушылар Шыңжаңнан келген елу адамға Алматыны көрсетіп жүріп, мұражайға да апарады. Қолына таяқша ұстаған мұражай қызметкерінің қонақтарға әр алуан экспонатттарды таныстырып жүріп, бір бөлмедегі кілең марксизм-ленинизм классиктерінің портреттерін таныстыру кезегі келеді. Марксті таныстырып болып, енді жанындағы Энгельсті таныстырғалы жатқанда манадан бері зорға шыдап тұрған елу адам мұражайды басына көтеріп ду күлген көрінеді. Бұның себебін автор: «Біздің жеті атамыздан бұрын осы көсемдерді жаттап өскенімізді қайдан білсін», - деп түсіндіреді [2, 194]. Осы мұражайға қарап жазушы: «Сырты орыс шіркеуінің шапанын жамылып, іші қазақ тарихын баяндайтын бұл мұражай да – сол кездегі Қазақстан жағдайының нақты көрінісі тәрізді», - деген ой түйеді [2, 186].

Жазушы алғашқы айларда жергілікті жастар мен «Қытайдан келген студенттер» арасында әртүрлі керағарлық та болмай қалған жоқтығын баяндайды. Ол керағарлықтың көбісі халықтың Қытайда қазақ бар екенін естімегендігінен туындаған. Қытайдан келген студенттерді таза қытай екен деп ойлағандығы былай тұрсын, «Ол жақта мал бар ма? Астық өсе ме? Машина бола ма?» деген сықылды неше алуан қитұрқы сұрақтар қойған көрінеді. «Қытайда нан бола ма?» деген кезекті сұраққа Төлеубек атты кейіпкердің:

«- Жоға, Қытайда қайдағы нан?! Ол жақтың адамдары құм қуырып, тас шайнайды!», - деген жауабы сол кезеңдегі қоғамның алыста бытырап жүрген бауырларын алапестей жасырып, құпияда ұстап келуінен туған салдарының бір ғана көрінісі еді. «Кеңес Одағынан басқа жерде тіршілік жоқ» деген Коммунистік үгітінің зардабы. Онымен қоймай, жазушы кейбір адамдардың: «Қытайдағы қазақтарды Кеңес өкіметіне бағынбай қашып кеткен, кілең баскесер басмашы, жабайы бандылар деп естіпті. Бізді көргенде олар хайуанаттар паркіне қойылған әлдебір аңды тамашалағандай үймелесіп, ақыры біздің де кәдімгі адам екенімізге көз жеткізгендей болады», - деп кейиді жаузшы [2, 195]. Адамдардың бұндай сөлекет, оғаш қылықтары да жазушы көзіне шалынбай қалған жоқ. Бұның бәріне қазақ ұлтының екі мемлекеттің қол астына қарап, екі жаққа бодан болып кеткен қасіретті тарихы кінәлі.

1956 - жылдың күзінде республиканың экономикасы мен рухани өмірінде ірі-ірі өзгерістер, елеулі бетбұрыстар болады. Бұл кез «Хрущевтың күншуағы» аталып кеткен жылымық саясаттың басталған кезі екенін автор баяндайды. Сталиннің жеке басына табыну қатаң сынға алынып, 1937-жылы қуғын-сүргінге ұшырағандар біртіндеп ақтала бастайды. Сәкен, Ілияс, Бейімбет шығармалары қайтадан ауызға алынады. Сонымен қатар, 1952-жылы Қазақ зиялы қауымының қаймағын сыпыруға арналған тағы бір науқанда Кенесары қозғалысы мен әдебиет тарихын зерттеуге байланысты айыпталған Ермұхан Бекмахановтың, Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, Бек Сүлейменов секілді ғалымдар да түрмеден босайды. Сондай кінәмен кезінде орнынан алынған Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев өз қызметіне орнықса, басына екіталай күн туғанда Мәскеуге барып паналаған Мұхтар Әуезов те еліне қайта оралады. Бұл кезеңді жазушы «тоталитарлық жүйенің мұз көбесінің сөгіліп, сірескен сеңнің қозғалғандығы» - ның нышаны ретінде суреттейді [2, 201]. Алматы жұртшылығы Ұлы жазушының Қазақ университетіне қайта оралып, лекция оқитын сәтін асыға күтіп жүреді екен. Автор Әуезов шығармасымен тұңғыш 1949-жылы ауылда жүргенде танысқандығын былай баяндайды: «Молдалардың айтуынша, құран текті мұндай қалың кітаптар көктен түссе керек еді. Жер басып жүрген екі аяқты пенденің де кітап жазатынын, әр кітаптың авторы болатынын бірінші рет біліп сұмдық таңқалғаным есімде», - дейді [2, 203]. Мұхтар Әуезов Университетте Абайтанудан тек үшінші курстарға ғана сабақ береді екен. Бірақ Мұхаң лекция оқығанда, оған сол курстың ғана емес басқа да аспиранттар мен мұғалімдер, тіпті басқа жерден келген әдебиетші-журналистер де келіп қатыса беретін көрінеді. Әуезов ұғатын құлақ, ұйыған көңіл болса, мендегі білім бәріңе жетеді дегендей студенттерді тізім бойынша түгендеп жатпайды екен.

Жазушы Алматыға келген алғашқы айларда іргетасы енді ғана қаланып келе жатқан Шыңжаңдағы жас, балаң әдебиет пен Қазақстандағы өскелең өнердің деңгейі бірдей еместігін байқайды: «Мұнда жалпы ойлау жүйесі, көркемдік тәсілдер, сөз қолданысы, тіпті өлеңнің жазылу техникасы да көп алға кеткен», - деген қорытындыға келеді [2, 211].

Бірінші курсты ойдағыдай аяқтап, жазғы демалысты еліне барып өткізуге жиналып жүргенде, жазушыға Мәскеуде өтетін жастар мен студенттердің дүние жүзілік алтыншы фетиваліне қатысуға мүмкіндік туады. Бұл автор үшін күтпеген жаңалық еді. Себебі де түсінікті, өйткені Мәскеу сол кездегі бүкіл социалистік лагерьдің Меккесіне айналып тұрған кез. 1957-жылдың 28-шілдесі мен 13-тамызы аралығында өтетін фестивальға қатысатын Қазақстан делегациясында әнші-биші өнерпаздар, әр облыстан келген жас еңбек озаттары, студенттердің өзі бірнеше жүз екен. Алматы мен Мәскеу арасында жүрдек пойыз төрт тәулік жүреді. Жазушыға соның үш тәулігі Еділге дейін созылатын қазақ жерінде өтіп, қалған бір ғана тәулікте орыс орманын басып өткені көкірегіне мақтаныш сезімін тудырмай қойған жоқ. Автор суреттеуінде Мәскеу фестивалі – қазақтың «ақ түйенің қарыны жарылған күні» тектес, адам пендесі басынан бір-ақ рет кешетін ұмытылмас күндердің бірі. «Бұл форумнан Кеңес Одағы ештеңесін аяп қалған жоқ. Кремльде отырғандар бұл фестивальға айрықша саяси мән беріп, Қазан төңкерісінің 40 жылдығы қарсаңында әлем жастарына социализмнің артықшылығын бір көрсетуді көздеген», - деп жазушы бұрын ішінара дипломаттар, туристер ғана болмаса капиталистерді аттап бастырмаған К

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!