Ұзақ мерзімді жоспар
бөлімі: Спорттық ойындарды меңгеру
үшін қозғалыс ойындар
Ортақ
тақырып: Менің отбасым және
достарым
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің
аты-жөні:
|
Сынып: 2
|
Қатысқандар
саны:
|
Қатыспағандар
саны:
|
Сабақ
тақырыбы:
|
Доппен қозғалыс
ойындары
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
2.2.3.1 Әділ ойында тактика
мен стратегия элементтерін түсіну
2.1.3.1 Дене қасиеттерін
дамытуға қарапайым жаттығуларды орындау және
түсіну
|
Сабақ
мақсаттары
|
Қарапайым жаттығуларды орындау
және қозғалыс ойындар
арқылы тактика мен стратегия
элементтерін қолданып, кеңінен
пайдалану.
|
Бағалау
критерийлері
|
Қарапайым
қозғалыс
ойындарында тактика мен стратегияны
пайдаланады және дене қасиеттерін дамытуға арналған
жаттығулардың маңыздылығын анықтайды.
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылар:
қозғалу ойындарының қозғалу
дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және
көрсету
Пән лексикасы және
терминология
-
қозғалу
дағдылары
-
әділ ойын, ереже, сайыс,
ынтымақтастық, қажеттілікті және басқа адамдардың мүмкіншілігін
түсіну
Талқылауға арналған
сұрақтар:
-
Ойындарда неліктен қауіпсіз
орындарды мұқият таңдауымыз қажеттігін айта аласыз
ба?
-
Біздің ойындарымызда неліктен
ережелер бар?
-
Ережелерді ұстанудың және
топтық ойындарды әділ ойнаудың неліктен маңызды екені туралы айта
аласыз ба?
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Салауатты өмір салты маңызынан хабардарлық
(дене, ой, қатынас);
Жеке, жұпта және командада
жұмыс істеу қабілеті;
|
Мектеп миссиясын,
пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге
асыру
|
Салауатты өмір салтына сай
қағидаларды енгізе отырып, оқушыларды болашақтың тірегі
болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп
тәрбиелеу.
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Қазақ тілі, дүние
тану, жас өспірімдер физиологиясы
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
АКТ (әсіресе ғаламторды)
байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек
сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде
қолдану.
|
Бастапқы
білім
|
Бөлімнің басында
оқушылар қозғалыс дағдылары спектрін дамытатын қозғалыс ойындарын
ойнайды. Допты пайдалану дағдысын дамытатын доппен қозғалыс
ойындарын ойнайды. Бөлімнің екінші бөлігінде кеңістіктегі
қозғалысты, жұппен және топпен ынтымақтастық пен қарым-қатынасты
дамыту бойынша ойындар ойнатылады
|
Жоспарлардағы
әрекеттер
|
Б
= барлық
сынып ЖЖ
= жұптық
жұмыс Тәж = оқушы
тәжірибесі
ф
= формативтік бағалауды
қолдайды Т
= топтық
жұмыс
Ж = жеке
жұмыс К
= оқытушы
көрсетеді
|
Сабақ
барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
15 минут
|
Уақытты
жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15
мин.
Спорттық киімдеріне назар
аудару. Сәлемдесу.
Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу
барысымен таныстыру. Қатардағы
жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі
орындау.
Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс
пайдалану. Жүрістегі жаттығулар.
Жаттығуларды біркелкі, дұрыс
орындау. Жүрістегі жаттығулардан
жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру.
Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру.
Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап
жүріске көшу. Кең тыныс алу.
Комплекстік жаттығу
№16-18 рет .
|
Үлкен, бос ойын
кеңістігі.
Мұғалімге ысқырық,
секундомер,
тексеру
журналы.
|
Сабақтың
ортасы
|
Доппен қозғалыс
ойындары
К) Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Мұғалім әрбір
шеңберге 2-3 доптан бір-бірлеп домалатып жібереді. Доптардың
тоқтамауы және шеңберден шықпауы керек, оларды тек қана аяқпен және
қолмен итеруге болады. Оқушылар ойын шартын сәтті орындайтын болса,
мұғалім қосымша доп санын домалатып жібереді. Доп ортада тоқтап
қалатын болса, мұғалім оны алып тастайды. Шеңбердегі доптар саны
бойынша рекордты орнатуға әрекет жасау керек.
Қалыптастырушы бағалау
тапсырмасы.
(К)
Оқушылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай, жылдам көршісіне
беруге әрекет жасайды. Бір-біріне допты өте жоғары мәнерде
лақтыруға немесе шеңберге арқасымен қарап және қолдарын артқа ұстап
тұрып беруге болады. Балалардан көздерін жұмып ойнау немесе ойында
бір уақытта бірнеше допты пайдалану арқылы жаттығуды қиындатуға
болады.
(К) Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Жетекші шеңбердің ортасына
тұрады және допты мына сөздермен жоғарыға лақтырады: «Допты
аспанға!». Басқалары осы уақытта шеңбер ортасынан мүмкіндігінше әрі
қарай жүгіруге тырысады. Жүргізуші допты қағып алып, «Тоқта!» деп
айқайлайды Басқаларының барлығы тоқтайды, ал жүргізуші орнынан
түспей, өзіне ең жақын орналасқан адамға допты лақтырады.
«Тигізілген» жеткізушіге айналады. Жеткізуші мүлт кетсе, онда ол
шеңбер ортасына қайтадан барады, допты жоғарыға лақтырады, ойын
жалғасады.
Мұғалімге
нұсқаулық:
Ойын арқылы қозғалыстың
дәлдігі, реакцияның жылдамдығы
жетілдіріледі.
Сұрақ:
Дәл қозғалыс, зейін қою,
жылдам реакция, назар дамытылады.
Сұрақтар : Допты лақтыру
динамикасын өзгерте аласыз ба? Жылдамырақ, орташа, дереу,
байсалды.
Реакцияның жылдамдығы, жүгіру
жылдамдығы, қозғалыс дәлдігі және көзбен өлшеу дағдылары
дамытылады.
Ойыннан бұрын ойнаушылардан осы орында қандай
қауіптердің болуы мүмкін екендігін сұраңыз. Сұрақ: осы қауіптерді
олар қалай азайта алады? Қауіптердің сырғанау, жүгіру кезінде басқа
ойыншылармен қақтығыс әрекеттерін қамтуы мүмкін. Қатысушыларға ара
- қашықтықты сақтау және басын жүгіру кезінде көтеріп ұстау
қажеттігі туралы кеңес беріңіз. Қатысушылардан осы ойында
пайдаланған негізгі қозғалыс дағдыларын сипаттап беруін сұраңыз.
Қатысушы жақсы жүгірдім деп ойласа, бас бармағын жоғары қаратуын
сұраңыз. Сенімді болмаса, бір-біріне қарайтын саусақтар. Олар
жүгірісін жақсарту керек деп ойласа, саусақтарын төмен
қаратыңыз.
|
Әрбір әрекет түріне арналған
үлкен, бос кеңістік. Диаметрі шағын доптар 3-10
дана.
Әрбір әрекет түріне арналған
үлкен, бос кеңістік. Диаметрі шағын доптар 1-3
дана.
Әрбір әрекет түріне арналған
үлкен, бос кеңістік. Диаметрі орташа доп.
.
|
Сабақтың
соңы 5
минут
|
Рефлексия. Кері
байланыс. Сабақ соңында оқушылар
рефлексия жүргізіледі:
Оқушылардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар
екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.
Сұрақтар: Допты барлық уақытта жерде қалатын етіп
домалатуға болады ма? Допты сол жағыңыздан және оң жағыңыздан
домалата аласыз ба? Сүйікті және сүйкімсіз қолыңыз қандай?
Неліктен? Кейбір доптардың неліктен әртүрлі домалайтынын айта
аласыз ба? (мысалы, жылдамырақ, баяуырақ,
әрірек).
Оқушылар таңдаған тірек - қимыл дағдыларын
бақылау.
|
Саралау – оқушыларға қалай
көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға
қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау –
оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді
жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы.
.
|
Қозғалмалы
ойындарындағы тапсырмаларды, жүйелі
жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша
біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен ойындарда
тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын анықтау.
Қабілеті жоғары
оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз
бетінше көрсету.
|
Оқушылардың өз бетінше
тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу.
Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру.
Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы
бағалаулар.
|
Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс
орналасуына көңіл бөлу.
Дене қуатын
үнемдеу шарттары.
Дұрыс тыныс
алу.
Сабақ барысында техника
қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
Сабақ бойынша
рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу
мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді
ме?
Жеткізбесе,
неліктен?
Сабақта саралау дұрыс
жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері
сақталды ма?
Сабақ жоспарынан
қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ
туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз
туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап
беріңіз.
|
Сабақ мақсаты негізгі
бөлімдегі іс-қимылдардың орындалуына байланысты
қойылған.
Оқу мақсаты оқушыларға
түсінікті, белсенді түрде ынталанып қол жеткізді.
Әр тапсырмаға бөлінген
уақыт толығымен жеткілікті болды.
Әр түрлі деңгейдегі
тапсырмалардың орындалу сапасын бақылау, саралау.
Жоспарланған
іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен
меңгерілді.
Жекелеген оқушыларға дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар
берілді, қарастырылды.
|
Жалпы
баға
Сабақтың жақсы өткен екі
аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
Жекелей, топтық тапсырмалардың
орындалу сапасы.
2:
Жаттығулардың орындалу ретінің
сақталуы. Өзін-өзі бағалау.
Сабақты жақсартуға не ықпал
ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
Саралап тапсырмалар
беру.
2: Тапсырмалардың орындалуына
ықпал ететін факторлар. Тапсырманың мағынасын
ашу.
Сабақ барысында сынып
туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы
нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?
Сыныптың ішкі
жағдайына, оқушылардың үнін есту, жекелеген оқушыларға әр түрлі
деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін
қарастыру. Тапсырманың орындалуына
байланысты сұрақтар қою. Тапсырманы бірнеше рет қайталап көрсетуге
мүмкіндік беру.
|