Материалдар / Доппен топтық тапсырмалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Доппен топтық тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Волейбол ойыны кезінде допты қабылдау және беру дағдыларын қалыптастырады және ойын кезінде ойыншыларды бір бірімен байланыстырады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2020
1113
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!

2-бөлім - Командалық ойынның қозғалыс дағдысы

Мектеп: № 66 «Қазығұрт» ЖОББМ КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Тойлыбай Бекзат Әзімханұлы


Күні:


Сыныбы: 10


Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Доппен топтық тапсырмалар.

Меңгеру мақсаттары

10.1.2.2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану

Сабақ мақсаттары

Волейбол ойынында допты қабылдау және беру дағдылары қалыптасады

Ойын кезінде ойншылармен байланысты көрсетеді

Бағалау критерийлері

Допты төменнен қабылдайды

Допты жоғардан қабылдайды

Ойын кезінде ойыншылармен байланыс көрсетеді

Бағыттаушы сұрақтар

Волейбол ойынында техника деген не?

Доппен топтық тапсырмалар арқылы техниканы қалай дамытуға болады?

Доппен топтық тапсырмалар жаттығу кезінде пайдалану неге маңызды?

Миссия, пайымдау, құндылықтар


МИССИЯ


-Шығармашылықты нығайту

-Әлемдік білім беруді түсіну

ПАЙЫМДАУ

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

ҚҰНДЫЛЫҚТАР


-Құрмет

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларыды доппен топтық жаттығуларды сипаттап, талқылап, құрастырып және көрсете алады

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • қабылдау, беру

  • лақтыру, пас, шабуыл соққысы

  • шабуыл, қорғаныс, нақтылық

  • тәсіл, стратегия, мәселе, шешім

  • қауіпсіздік, ереже, ойын

Талқылау үшін сұрақ:

  • Жақсы ойнау үшін ойын комбинациясында нені жақсарту қажет?

Пән аралық байланыс

Биология, физика, тарих пәндерімен байланыстырылады.

Бастапқы білім:

Оқушылар алдағы сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында алынған, сондай-ақ мектептен тыс қызметте игерген спорт ойындарындағы техниканың, тәсілдер мен стратегияның білімдері мен дағдыларын меңгереді.












Жоспар


Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:






3 мин.






3 мин.






2 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттер. Сұрақ-жауап арқылы волейбол ойыны техникасы, тактикасы және волейбол ойыны шығу тарихы туралы ақпарат анықталады.

Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттарымен таныстырады. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға тартады. Сұрақтарға жауап береді. Сыныптың алдына сұрақ қояды:

  • Жақсы ойнау үшін ойын комбинациясында нені жақсарту қажет?

  • Сендердін ойын комбинациясын жақсарту үшін қандай ұсыныстарың бар?

Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады.

Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды. Сыныппен бірге сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды, мұғалімнің бағыттаушы сұрағына жауап іздейді.

Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, бір орындағы ЖДЖ-ын орындайды).

Бағалау: Мұғалім ауызша кері байланыс береді. Ерекшеленген сұрақтар мен жауаптарды атап өтеді.


Әрбір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік.

Сабақтың ортасы:








5 мин.


















20 мин.

















Доппен топтық тапсырмалар.

Мақсаты: Доппен жүптық және топтық тапсырмалар орындау арқылы қозғалыс дағдыларын жетілдіру, волейбол ойынына керек негізгі қозғалыс дағдыларын спецификалық жаттығулар арқылы дамыту, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: Мұғалімнің көрсетуі және бейнебаян қарау арқылы, доппен орындалатын арнайы қозғалыс әрекеттері тәжірибеленеді.

Мұғалім әрекеті:

Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады;

Оқушыларға снарядтарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын ескертеді;

Арнайы қозғалыс әрекеттерін және жалпы дене дайындық кешенін ұйымдастырады;

Оқушыларға « Волейболға үйрету. Екі доппен жұптық жұмыс» бейнебаянын көрсетеді.

Оқушыларға доппен орындалатын жаттығуларды көрсетеді. Төмендегі сүрақ арқылы білімдерін бекітеді:

- Бүл көрсетілген жаттығулар ойын кезінде сендерге қалай септігін тигізеді?

Оқушы әрекеті:

Доппен топтық тапсырмалар.(К, Т, Ф)

Екі допен жұптық жұмыс.

  1. Допты үстінен беру, серіктес екінші допты астынан, еденмен домалатады.

  2. Допты астынан беру, серіктес екінші допты астынан, еденмен домалатады.

  3. Допты астынан қабылдайды, серіктес допты көтеріп береді, шабуыл соққы, екінші допты жаттығулар жасаған кезде серікткс еденмен домалатып береді.

  4. Екі доппен алмакезек допты үстінен беру.

  5. Екі доппен алмакезек допты астынан беру.


Ереже бойынша екі жақты ойын.


Дескриптор:

Допты үстінен қабылдау

-Дене түзеу, аяқ сәл бүгулі

-Қабылдау кезінде қолдары жоғарға қарайды, саусқтарымыз бір біріне қарайды

-Ойнга қосу допты қабылдағанда саусақтарымызды қатты ұстаймыз

-Допты итеру кезінде шынтақтарымызды, аяқтарымызды жазамыз, допты саусақтарымызбен итереміз

Допты астынын қабылдау

-Допты астынын қабылдаған кезде қолдың басын білезік тұсынан төмен түсіреді, шынтақты бүкпей допты екі білекке бірдей тигізіп береді.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтайды.



Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік. Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік. Жаттығуды орындауға қажетті жабдықтар.





Сабақтың соңы:

7 мин.


«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар «жетістік сатысын» толтырады, оздәрі қай сатыда орналасқандарын.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «жетістік сатысын» толтыртады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді.«Жетістік сатысын» толтырады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік бағалау арқылы білім бекітеді.

Бос кеңістік.


Қосымша ақпарат

Саралау:


Бағалау:


Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды.

Дене дайндығына қолдау керек оқушылар бір доппен жаттығуларды жасайды.

АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, сыныптастарының нәтижелерін тіркеп отырады, өзіндік бағалауды жүргізеді.

Теориялық білімді тексеру.

Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді.

Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтап, бөліседі.


Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау