-
Алуа сені марапатынмен
құттықтаймын! Байқаудан алған әсерінмен
бөліссен?
-
Енді тамаша, бұрын соңды
болмаған елді көріп келу, жаңа достар табу, олармен өткізген
ұмытылмас уақыттар. Осының бәрі мен үшін ерекше әсерін
тигізді.
-
Ендеше, «Созвездие»
олимпиадасы жайлы кішігірім шолу жасап
кетсен.
-
«Созвездие» ғылыми жобалық
олимпиадасы ғылыми-техникалық шығармашылық саласындағы дарынды
балаларды аңықтау және қолдау, балалар мен жастардың
инженерлік-техникалық зерттеу мамандықтарына қызығушылықты арттыру
мақсатында ұйымдастырылады.
-
Бұл байқауға қатысуға саған
не түрткі болды?
-
Осы олимпиадаға қатысуымның
себебі орын алған жағдайда бұл жоғары оқу орнына түсу үшін жеңілдік
болады. Онымен қоса, әлбетте тәжірибе жинау үшін бағымызды сынап
көргенбіз.
-
Енді, жалпы осы ғылыми жоба
бойынша сұрастырсақ. Білуімше, биология пәнінен «Адам-Жер-Ғарыш»
тақырыбы бойынша қазіргі таңдағы қоршаған ортаның өзекті
мәселелерін қозғадын.
-
Иә, Бердебаев Сардор екеуіміз
осы тақырып төңірегінде жобаны қорғаған болатынбыз. Негізі, байқау
бірнеше бағыт бойынша бағаланған, біздің бағыт «Флора және Фауна»
деп аталған. Біз жобамызда сұңғыла деген паразит өсімдіктің пайдасы
және оны қолданысқа енгізу түрлерін
ұсынғанбыз.
-
Қорғау қиындыққа соқпады
ма? Қазылар алқасы сендер жайлы ойы қандай
болды?
-
Қорғауда қиындықтарға
кезікпедік, себебін ғылыми жоба қорғауға әбден бейімделгендіктен
деп білем. Ал, қазылар алқасы болса бізді жақсылап тұрып сынады
десемде болады. Бірақ, соған қарамастанда біз әрбір сұрақтарына
жақсы жауап бердік деп ойлаймын.
-
Өзге елден келген
қарсыластарын оқ бойы озуға кедергі жасамады ма? Олармен сайысу
жеңіл болмаған шығар..
-
Шыны керек, барлығы жақсы
қорғап шықты. Әрқайсысы өз тақырыптарына сай өзекті мәселелерді сөз
етті. Мен үшін осындай дарынды балалармен кездесу, тәжірибе алмасу
үлкен мәртебе.
-
Жобанда қорғаған сұңғыла
паразитіне қайта оралсақ. Неге таңдауын бұл тақырыпқа
түсті?
-
Айтқанымдай, бұл өсімдік
Қазақстанда кең тараған бірақ паразит болғандықтан қолданысқа
әзірге енгізілмеген. Ол зәр-шығару, тірек-қимыл, қан айналу
жүйелеріне пайдасы мол болғандықтан неге зерттеп көрмеске деп
шештік.
-
Бұл тақырыпты көтеру арқылы
елімізге қандай пайда әкелуге болады?
-
Медицинада бұл өсімдік тек
Батыста және Қытай елдерінде жақсы айналымда, сол үшінде біз
елімізде сұңғыланы өңдеп, өз өнімімізді жасасақ, экономикамызға
сүбелі үлесімізді қосуымызға болады.
-
Сұңғыланы өңдедік делік,
экономикаға қаншалықты үлкен үлесі бар? Осы жағын ашып
айтсан.
-
Әзірге жобамызды қолданысқа
енгізбегендіктен жауап беру қиын. Былай алып қарасақ, осы өнімді
тек елімізде ғана емес, ТМД елдерінде де қолданысқа яғни
экспорттауға болатын еді деген ойдаймын. Демек, экономикамызға тие
алатын пайдасы жеткілікті дей аламын.
-
Сен басқа да оқушыларға осы
байқауға қатысуға кеңес бересін бе?
-
Менің ойымша, егер мүмкіндік
туып жатса, әрине, неге қатыспасқа. Көп тәжірибе жинап, естелік
жасап, ел көріп және өз күшін сынап келгенінің зияны
болмас.
-
Байқау аяқталғаннан кейін,
елімізді Ресей халқына жан-жағынан таныстырған
көріңесіңдер.