Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 55 материал
Қазақстан Президентінің сайлауы-2022: Жаңа Қазақстан – біздің болашағымыз!
770 ₸
Бегалиева Маржан
770 ₸
19 Қараша 2022
286
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауы өткен болатын. Жолдауда Қазақстанды дамытуға бағытталған реформалардың негізгі бағыттары белгіленді. Қазіргі таңда болып жатқан геосаяси жағдайда мемлекетіміз мықты, болашағымыз айғақ болу үшін реформалар мен мемлекетті дамыту бағдарламаларын нық ұстануымыз керектігіне баса назар аударды. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет екендігі айтылып, көптеген дамыған, озық мемлекеттер секілді президент өкілеттігі мерзімдерінің саны мен ұзақтығы қайта қаралды. Осылайша президент мандатының ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу ұсынылған болатын.
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
“Өкпенің қатерлі ісігі ( рак)”
770 ₸
Айдана Утепбергенова
770 ₸
21 Қазан 2022
278
0
Денсаулық- зор байлық демекші, әлем бойынша ең қауіпті ауырулардың бірі- Өкпенің қатерлі ісігі ( Рак) Өкпенің қатерлі ісігі бүкіл әлемде ерлер мен әйелдердің ең көп таралған қатерлі ісіктерінің бірі болып табылады.
Барлық пәндер
Мақала
Басқа
Сөре және мәре
770 ₸
Жарқынай Баккумек
770 ₸
18 Қазан 2022
1475
0
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолдана­ды. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Барлық пәндер
Мақала
Басқа
Болашағын бағдарлай білген ұтады
770 ₸
Жарқынай Баккумек
770 ₸
18 Қазан 2022
181
0
Әрбір адам өз болашағы үшін жауапты. Демек жас жеткіншектің алдағы өмірі ата-ана тәрбиесіне тікелей байланысты. Баланы кішкентай кезінен бастап алға ұмтылдырып, белгілі бір мақсатқа талпындыра білу керек деп ойлаймын. Адамзат баласы үшін өмірде қызық өте көп. Бірақ соның ішінде аса маңыздысы – ұрпақ, бала, болашақ. Ұлы Абай атамыз әрнәрсенің шынайы, нақты бағасын бере білген. Сондықтан адамның бар қызығы демейді, «бір қызығы» дейді. Қызығынан үмітті ақынның « баланы оқытуды жек көрмедім » дейтіні де содан.
Барлық пәндер
Мақала
Басқа
Журналистиканың жаңа толқыны
770 ₸
Сымбат Саясатқызы
770 ₸
05 Шілде 2022
283
0
Міне, журналист ұғымы толық бір кітап болса, оның салалары кітаптың жайқалған парақтары іспетті. Осылардың ішінде нақты тоқталғым келіп отырған бөлік-CMM журналист (Social Media Marketing in Journalism). Аталған бұл қызмет иелері интернетке арнайы бағытталып, оқырмандарды және белгілі бір парақшаны зерттеумен айналысады. Жаңалықтарды түптеп, оны мақсатты аудиторияға бейтараптықты ұстай отыра хабарлап, айқын жеткізетін мамандық саласы деуге саяды.
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
Өмірге алғысы шексіз
770 ₸
Амина Суимбай
770 ₸
03 Шілде 2022
321
1
Өмірде түрлі оқиғаларды бастан өткерген Ник Вуйчич. Ол 1982 жылы 4 желтоқсан Австралияда туып өскен. Туғаннан бері оның қолдары мен аяқтары жоқ ол өте тәуелсіз, екі жоғары білімі бар, компьютерге минутына қырық үш сөз тереді, гольф ойнайды, балық аулауды ұнатады, жүзеді. Ник миллиондаған адамдарды шабыттандырып, қолдау көрсету үшін әлемді көп аралайды. Ол өмірде шектеу жоқ екенін көрсетті. Ата-анасы басында ұлдарын қабылдағысы келмеді. Оның жақсы өмір-сүруіне сенімсіздік танытты. Балалық шағы басқа балалар сияқты қызықты өтпеді. Өйткені, өз бетінше өмір-сүру ол үшін қиын әрі басқа балалар сияқты ойнап күлу мүмкін емес нәрсе еді. Оны қатыгез балалар мазақтап, шеттетті.
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
Түркияға қалай ГРАНТҚА қалай түсуге болады?
770 ₸
Дина Мұрат
770 ₸
02 Шілде 2022
343
0
Қазір шетелде оқудың жолдары өте көп. Мектеп бітірген кез келген түлектің шетелді бағындыруы әп-сәтте. Оған мүмкіндік беретін бағдарламалар саны жетерлік. Сондай бағдарламаның бірі - “Türkiye bursları” (түрік шәкіртақысы) . Әсем мәдениетке бай түрік еліне грантқа апаратын бірден-бір жол. Бұл студентті тегін оқумен толық қамтамасыз ететін әлемдегі жалғыз бағдарлама. 11- сыныпты, жоғары оқу орнын тәмәмдаған әрбір талапкер өтінім жіберуге құқылы. Қаңтар-ақпан айларында дедлайн ашылады. Және мамыр айында 1 этаптың жауабы шығады. Бағдарлама екі этаптан тұрады. Сауалнама толтыру және сұхбаттасу. Егер документтеріңіз критерийлерге сай болса, сұхбаттасуға шақырту аласыз. Сұхбаттасуда комиссия мүшелері сізді лайық көрсе, грантқа түсу мүмкіндігіңіз жоғары деген сөз. Сауалнама толтырған кезде, 12 университет таңдауға мүмкіндігіңіз бар. Сізді қай университетке жіберетіні деңгейіңізге қарап бағаланады.
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
Күнделікті кітап оқуға 5 себеп
770 ₸
Назерке Каиратовна
770 ₸
02 Шілде 2022
224
0
Мен-рухани байлыққа толы,адамның жан дүниесін тазартумен қоса,білім мен тәрбиеге жетелейтін маңызды құралмын.Қазіргі кезде мені әсіресе жастар сирек оқитын болды.Күн сайын өзін дамытып,таңым көкжиегін кеңейтіп,білімге деген ұмтылысын арттырудың орнына керісінше істеп жатады.
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
Баланы таяқпен тәрбиелеген дұрыс па?
770 ₸
Асылай Ерболова
770 ₸
02 Шілде 2022
246
0
«Балалы үй-базар, баласыз үй –қу мазар» деп жатамыз. Кез келген отбасының мәні мен сәні-бала. Бала-өміріңнің жалғасы, өзеніңнің арнасы. Оның әр риясыз қылығы жаныңа жұбаныш,көңіліңе қуаныш сыйлайды.Әр ата-ана бағып-қағып отырған перзентінің келешекте салиқалы, елінің бетке ұстар азаматы болғанын қалайды. Ол үшін ең алдымен балаға дұрыс тәрбие бере білу керек. Себебі, ұрпақ тәрбиесі-қай кезде де маңызды мәселе. Алайда баланы таяқпен тәрбиелейтін отбасылар қаншама. Өкінішке қарай, әке-шешелердің басым көпшілігі зорлық-зомбылықты тәртіпке салумен шатастырып жатады. Халықаралық ЮНИСЕФ мәліметінше, елімізде ересектердің шамамен 75%-ы отбасыдағы балалардың жүріс-тұрысын бақылау үшін физикалық күш көрсетуді құптаса,ата-аналардың 67%-ы балаларды тәрбиелеуде зорлық-зомбылық түрлерін қолданады екен. Елімізде балаларды ұрып-соғу фактісі жиі тіркелетіні жасырын емес.
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
83-ім жүрегім!
770 ₸
Дариға Досанова
770 ₸
28 Маусым 2022
390
0
Мектеп оқушыға этиканы, өмірдің неше түрлі аспектілерін және принциптерін білуге көмектеседі. Мен өз мектебімді жердегі жұмақ деп санаймын. Өзі сондай кең болса, берер біліміде және үйретеріде дәл сол секілді. Менің мектебім Алматы қаласы,Түрксіб ауданында орналасқан. 83 гимназия. Жалпы өзім өз мектебімді өнер мектебі депте санаймын. Себебі, менің мектебімде бүкіл аспаптың үйірмелері, өнердің барлық үйірмесі бар. Қай түріне қатысамын десеңіз, сол таңдаған өнеріңіздің дипломын қолыңызға ұстап шығасыз. Өзім 10 жыл бимен сол алтын ұя мектебімде айналысқанмын. Қазіргі таңда кәсіби бишімін. Мектебімде оқушы ретінде жүруіме 1 жыл ғана уақыт қалды. Енді уақытты бағалауды екі есе арттырамын.
Алгебра
Мақала
11 сынып
Отандық шоу-бизнестің тағдыры…
770 ₸
Нурай Сагатова
770 ₸
28 Маусым 2022
168
0
Өнер сүйер қауым үшін шоу-бизнес әрдайым құпия мен сырға толы әлем болып келеді. Көрерменге өнер адамдарының тек көгілдір экрандағы жарқыраған бейнелері, ақиқат не жалғандығы белгісіз берген сұхбаттары мәлім. Расында, бізге экраннан сахна, образ, ән, қойылым-барлығы дерлік дайын кейіпте көрсетілгендіктен, ешбір мін байқамай, бәрі оңай сияқты қабылдап жатамыз. Осы бір «мінсіз» көріністің артында қандай үлкен еңбектің жатқаны, қанша қаражаттың салынғаны біз үшін жұмбақ. Алайда, отандық шоу-бизнестің пайда болғанына талай жыл өтіп, қанша қаражат салынса да, бір орыннан ілгері қозғалар түрі көрінбейді. Дәл осы мәселе қазақ өнеріне жаны ашитын әрбір жанды алаңдататыны анық.
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
Меруерт Сапа
770 ₸
Меруерт Сапа
770 ₸
28 Маусым 2022
346
0
Абай біздің өлшемнен биік тұрады. Адамзаттың асылына айналған ақынның артынан 176 өлең, 3 поэма, 45 қара сөз қалған десе еді. Бірақ, санмен саналған еңбекті санасына түгел сіңірген адам кем де кем, тіпті болмаса, жоқ... Абай сынаған қазақтан арылу үшін қайтпек керек?! Кеңестік насихатта дәріптелген Абайды түгел ұғындыру үшін қазіргі заманға алып шығып, тамырынан таныту керек. Абайды тану-адам бойындағы кеселді қылықтарды тану, оны жою. Абай қажет кезде сынайтын, қажет болса дем бере алатын ұстазыңа айнала алады. Алайда, Абай біз көрмейтін биікте!
Алгебра
Мақала
11 сынып
«Мақсатым - тiл ұстартып, өнер шашпақ...»
770 ₸
Назым Мерекеқызы
770 ₸
28 Маусым 2022
200
0
Қазақтың әдебие­тіне жан берген: сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнен өрнек шығарған Абай еді. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай қазақтың шыққан философ. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз», – деген екен Абайды ең алғаш білгірлікпен танып, бағасын беруге талап қылған Жүсіпбек Аймауытов. Бұл сөзімде жалған жоқ Айтылмай сөзім қалған жоқ, – дейді Абайдың өзі. Оның кешегі айтқаны біз­дің ХХІ ғасырдағы бүгінгі өмірімізбен сон­­шалықты үйлесім табуда. Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек. Берекеңді қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол, – деп тү­йін­­д­ейді Абай. Немесе: Көп шуылдақ не табар Билемесе бір кемел, – дейді тағы.
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
Баба ізін таба алмаған ұрпақ
770 ₸
Аружан Мұсаева
770 ₸
28 Маусым 2022
179
0
Ұлы Отан соғысы-қазақ жұртына да,өзге елге де қайғы-қасіретін молынан шашқан қақтығыс.Естен кетпес бұл кезең-қазақтың әр ұл-қызының жүрегінен сызып өткен жарасын жасбас,сірә.Замананың күндері өтіп,бейбітшілік туы қаншама жылдар бұрын тігілсе де,бұл қақтығыстың қанжары әлі де ылғал.Айтқым келгені,ерлеріміздің тарихы ескіргенмен,ол күннің ызғарын көрген ата-баба еңбегін-ұлтым дейтін нағыз ұрпақ еш уақытта ұмытпас! Өңешімді ыстық пышақтай қырып бара жатқан бұл тақырыпты,елеусіз қалдыру мен үшін мүмкін болмады.
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
Жүрегімнің түбіне терең бойла….
770 ₸
Нұрай Тұрахан
770 ₸
28 Маусым 2022
199
0
әлемдік ойдың иесі. Хакім Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, уақыт өткен сайын маңызын жоғалтпайтын тың дүние. Сөз бен әуенді тоғыстыра біліп, одан өзіне рухани азық алып, күллі әлемді тәнті еткен тұтас бір халықтың темірқазығы десек қателеспеспіз. Қазақ әдебиеті саласында талай жарқын ақындарымыз өзіндік өлмес туындыларын тарту етсе де, Абай жұлдызының биік тұратындығы неліктен?!
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
Жетім көрсең жебей жүр!
770 ₸
Камила Капкадерова
770 ₸
28 Маусым 2022
265
0
Туған жерің топырағың бұйырмады, — деген өлең жолдарын оқи отырып, жетімдіктің қасіреті мен қайғысын сезінесің. Өзінің кім екенін, әке-шешесінің әсіресе, жеті атасын білмей өмір сүру қандай қиын? Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңірген өскен халық. Алайда соңғы уақытта іштен шыққан баласын далаға тастап, ана атанып жүргендер қаншама? Дана халқымыз сан ғасырдан
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
Тіл мәртебесі – ел мерейі
770 ₸
Камила Капкадерова
770 ₸
28 Маусым 2022
265
0
Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
Уақытты тиімді пайдалану жолдары мен тәсілдері
770 ₸
Меруерт Берікбай
770 ₸
27 Маусым 2022
437
0
Уақытты тиімді пайдалану жолдары мен тәсілдері Адам баласына берілген ен керемет силық, ол уақыт.Сол алтын уақытты дұрыс тиімді пайдаланбай жүреміз,оның үлкен бірден-бір себебі бүгінгі істі ертен жасай салам деген сылтаулардың кесірінен кешегі күнімізге зәру болып жүреміз. Уақытқа мынандай мысал келтірер ем, ол тура көлік сияқты меңзеген жеріңе тез жеткізіп салады,уақытта көзді ашып жұмғанша тез өте шығуы. Біздің әр күніміздің өзі бізге берілген силық, ол силық уақыт ал уақытты қалай қызықты әрі болашақта тарих боп қалатындай қалай өткізуіміз керек?
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып
Волонтерлікті дамытудың өзекті мәселелері.
770 ₸
Маржан Санатқызы
770 ₸
27 Маусым 2022
289
0
Волонтер-ерікті, еркін адам. Волонтерлер, менің білуімше, халыққа көмектесуші, жауапкершіліктері мол адамдар. Көбіне бұл қатарда студенттер мен еліміздің белсенді жастары болады. Олардың басты қызметі: кез келген істі, жұмысты жұмыла көтеру, қол ұшын созу. Волонтер - адамның қалауы бойынша өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласуы. Еріктілер - өзінің атқарған ісі үшін ешкімнен төлемақы күтпейді, себебі бұл іс - еріктілердің жүрек қалауымен атқарған істері. Еріктілер қоғам үшін атқаратын қызметтерін азаматтық борышы деп санайды. Өзгенің жағдайын жасау, көңілін табу, жәрдем ету - ақысыз, жан рахаты үшін атқарылады деп санайды. Жалпы, елімізде волонтерлік қызметке қатысты халықтың арасында айқын түсінік қалыптаспаған. Волонтерлік термин ретінде көп адамға таныс болғанымен, оның мән-мағынасы, қоғамға пайдасы жайлы толық түсінік жоқ. Менің ойымша, еліміздегі, яғни, Қазақстандағы волонтерлік істі әлі дамыту қажет.
Барлық пәндер
Мақала
12 сынып
Ұстазға құрмет
770 ₸
Перизат Мизан
770 ₸
27 Маусым 2022
1202
0
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Барлық пәндер
Мақала
11 сынып