Болашағын бағдарлай білген ұтады

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болашағын бағдарлай білген ұтады

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір адам өз болашағы үшін жауапты. Демек жас жеткіншектің алдағы өмірі ата-ана тәрбиесіне тікелей байланысты. Баланы кішкентай кезінен бастап алға ұмтылдырып, белгілі бір мақсатқа талпындыра білу керек деп ойлаймын. Адамзат баласы үшін өмірде қызық өте көп. Бірақ соның ішінде аса маңыздысы – ұрпақ, бала, болашақ. Ұлы Абай атамыз әрнәрсенің шынайы, нақты бағасын бере білген. Сондықтан адамның бар қызығы демейді, «бір қызығы» дейді. Қызығынан үмітті ақынның « баланы оқытуды жек көрмедім » дейтіні де содан.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болашағын бағдарлай білген ұтады

Әрбір адам өз болашағы үшін жауапты. Демек жас жеткіншектің алдағы өмірі ата-ана тәрбиесіне тікелей байланысты. Баланы кішкентай кезінен бастап алға ұмтылдырып, белгілі бір мақсатқа талпындыра білу керек деп ойлаймын. Адамзат баласы үшін өмірде қызық өте көп. Бірақ соның ішінде аса маңыздысы – ұрпақ, бала, болашақ. Ұлы Абай атамыз әрнәрсенің шынайы, нақты бағасын бере білген. Сондықтан адамның бар қызығы демейді, «бір қызығы» дейді. Қызығынан үмітті ақынның « баланы оқытуды жек көрмедім » дейтіні де содан.

Әрбір әке өз баласына сыншы. Менің сыншы деп отырғаным сынау емес әрине, баланың ішкі жан дүниесін танып, түсіне білу туралы екені айдан анық. Ата–ана өз баласының бейімін танымай, спортқа жақын баланы өнерге беріп қинап, оның келешекке ұмтылысын жоғалтып алуы әбден мүмкін. Уақытын тиімді жоспарлап үйренген адам әр күнін пайдалы өткізуге, бүгін нақты істеу керек нәрсені ертеңге қалдырмауға тырысады. Ынтасы бар болса әйтеуір бір амал, ынтасы жоқ болса әйтеуір бір сылтау табады. « Мен бүгін газет,оқимын керек нәрсеме жаратамын, себебі ертең мамандығыма керек болады», – деген сөздің өзі мақсаттың бар екендігіне дәлел.

Болашаққа жоспар құру нақты мақсат қоюдан басталады. Кеше армандадым, бүгін мақсат қойдым, әркет етудемін. Ал ертең арманыма жетемін. Міне, осы қағидамен жүрген адам көп нәрсеге қол жеткізеді. Ынта, ықылас, еңбексүйгіштік барлығы өзара үндестік тапқан жағдайда ғана адам сөзсіз мақсатына жетеді. Ол үшін дәл қазіргі сәттен бастап әркет жасау керек.

Досым! Саған айтарым дәл қазір орныңнан тұр да, болашаққа деген жоспарыңды қағаз бетіне түсір. Өзіңе – өзің сұрақ қой, есеп бер. Болашақ неден басталады,оны неден бастаймын деп бір сәтке ойланып көрші. Болашағың өз қолыңда екенін естен шығарма! Болашақ жастарда, болашақ бізде! Өмірге құлшынысы, маманыққа талпынысы бар адамдар, жоғарыда айтылғандардың ешқайсысын естен шығармағаны жөн. Болашағың үшін әркет жаса мен саған сенемін!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2022
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі